Ежелгі ордалар мен Қазақ мемлекеті арасындағы тарихи сабақтастық



Дата02.07.2018
өлшемі30,63 Kb.
#45733
Ежелгі ордалар мен Қазақ мемлекеті арасындағы тарихи сабақтастық

Тулекова М.К.- Абай атындағы ҚазҰПУ,

Әлем тарихы кафедрасының

меңгерушісі,т.ғ.д.,профессор

Абай атындағы Қаз Ұ П У ,

Сорбона-Қазақстан институты,

«Халықаралық қатынастар » кафедрасы т. ғ. к., доцент Меңілбаев Ғ. А.

Қазақ халқының тарихы терең сырды қойнына бүгіп жатырған кең байтақ жері секілді. Бұл халықтың көне тарихы мен бүгінгі тарихы күні бүгінге дейін толық жазылып бітті деп айта алмаймыз. Жыл сайын халықымыздың тарихына байланысты тың деректер, жазбаша және заттай деректер табылып, археологиялық, этнографиялық, нумизматикалық ғылым салаларына қатысты деректермен толыға түсуде.Сол себепті,халқымыздың көне тарихы мен бүгінгі тарихын жазбас бұрын осы тарихи жәдігерлерді басшылыққа алғанымыз дұрыс. Қазақ халқының тарихы әлем халықтарының тарихының бір тармағы, онымен тығыз байланысты. Оны өзіміз күнделікті әлемдегі болып жатырған оқиғалардың қазақ халқының өмірінде де белгілі бір деңгейде орын алатынын айтсақ та жеткілікті. Сол себепті, халқымыздың тарихын жеке-дара бөліп алып жазуға болмайды. Қазақ халқының тарихын жазған кезде көрші мемлекеттермен ара дағы саяси, экономикалық, мәдени , этникалық, тілдік т.б. қарым- қатынастарын басшылыққа алып жазған дұрыс деп ойлаймын. Бұл салада тарих ғылымына тіл, әдебиет, география, музыка, өнер,т.б.тығыз байланыста болуы қажет. Осы жерде,енді тікелей өзіміз сөз еткелі отырған ежелгі ордалар мен қазақ мемлекеті арасындағы тарихи сабақтастыққа тоқталар болсақ нені байқаймыз ? Бірінші, қазақ мелекеттігі - өзінің көне бастауын ежелгі ордалардан алатындығын тарихтан белгілі. Яғни, біздің халқымыздың тарихына тікелей қатысты сөз деуге болады. X-XI ғғ. ғұмыр кешкен шығыстың ұлы ғұламасы Әбу Райхан Бируни (973-1048 жж.) « Ежелгі көшпелі ордалар » деген еңбегін жазып кеткен.Осы жерде Әбу Райхан Бирунидің өмір сүрген кезеңі мен еңбегінің жазылған уақытына көз жүгіртер болсақ, өзіміз сөз еткелі отырған ежелгі ордалардың шығу тарихының ежелден бар екендігін және олардың ертеректе өмір сүргендігін байқаймыз.[1,182] Былайша айтқанда, қазақ даласында белгілі уақыт аралығында пайда болып, уақыт өте келе әртүрлі тарихи оқиғаларға байланысты жойылып кеткен «Ордалар» тарихын көргендей боламыз. Олар кімдердің ордалары еді? « Ежелгі көшпелі ордалар » деген атауының өзі-ақ айтып тұрғандай,«Орда» сөзі тек қана көшпелі тіршілік кешетін, мал шаруашылығымен айналысатын халыққа тән атау болып тұр. Яғни, бұл атаудың шығу тарихынан біздің халқымыздың да көне тарихын іздеуге болады.Оған бірден-бір себеп, көшпелі ордалардың мекен еткен жерлерінде күні бүгінге дейін ұмытылмай сақталып келе жатырған жер-су атауларында «Орда», «Ордабасы», «Үлкен орда қонған », « Кіші орда қонған », т.б. мағынадағы тарихи топонимикалық атаулар күні бүгінге дейін өзінің мағынасын жойған жоқ. Оның сыры неде ? «Орда» сөзінің шығу тарихы немен байланысты ? Оның қазақ халқының рулары, тайпалары, мемлекеттік құрлымымен байланыс- тылығы қандай ? Мысалы, ежелгі замандағы ғұндар ордасы менАлаш ордасы арасындағы уақыт аралығында неліктен мән-мағынасы жойылмаған ? Сонымен бірге, осы күні де «Орда », «Ордабасы », «Ақ орда », «Алтын орда», т.б. мағынадағы елді-мекен, орталық, сауда орындары т.б. атауларда кездесетіндігін атап кетуге болады...Б.з.д.203-202 ж.ж.ғұн тайпалық одағының басына Мөде (Маодунь) хан болып келді.Мөде хан: Саян, Алтай, Жоғары Енисей, Хакасия т.б. жерлерді мекендеген ру-тайпаларды, халықтарды өзіне қаратып, оларды қатаң тәртіпке бағындырып, әскери күшті мемлекет (орда) құрды деуге болады. Мөде өзінің «орда»- ның шекарасын нығайтты. Б.з.д.200 жылы Мөде (Маодунь) хан Қытай мемлекетінің Хан патшалығын өзіне тәуелді қылып, олар 40 жыл бойы ғұн ордасына алым-салық төлеп тұрды.[2,58] Осы жерде, қытай патшаларының өздерінің шекараларында тыныштық сақтап тұру үшін ғұн ханзадаларына өздерінің қыздарын тұрмысқа бергендіктерін, жібек маталар, әшекей бұйымдар, күріш, шарап т.б. жіберіп тұрғандықтарын тарих беттері айғақтап отыр... Узнав о событиях в «орде» ( так называли гуны военный лагерь и княжескую ставку),правитель-дунху решил, что смута ославила гунов, и потребовал от Моде (Маодунь) уступить пограничную территорию.Многие старейшины, опасаясь войны советовали Маодуню отдать землю. Крайне разгневанный, Маодунь ответиль «Земля-основа государства, разве можно отдавать ее !!! ». Всем, советовавшим уступить землю,он отрубил головы. Затем Маодунь сел на коня, приказал рубить головы каждому, кто опоздает явиться, двинул на восток и внезапно напал на дунху... Он разгромил дунху на голову, убил их правителя, взял людей из народа и захватил домашный скот. Так описал Сыма-Цянь начало гунских завоеваний.[3,17]... Қазақтар әдетте «орда» деп аталатын үш бөлікке бөлінеді. Жалпы рулық аты « үйсін » деп аталатын « үлкен орда »- « ұлы жүз» (ұлы жүздік) шығыстық даланың оңтүстік бөлігін жайласа, басты рулары арғын, найман болып келетін «орта орда » - «орта жүз» (орта жүздік) шығыстық даланың солтүстігін, ал басты рулары алшын, жаппас болып келетін « кіші орда »- «кіші жүз » ( кіші жүздік ) даланың батысын жайлайды.[4,129-130] Бұл ордалар тайпаларға ,тайпалар руларға бөлінеді. Көшілес отырған үлкен бөліктердегі рулар жиналып біртұтас елді (орданы) құрайды. Міне, осыдан көріп отырғанымыздай, халқымыздың ежелгі тарихында « орда » сөзі бізге біршама жақындау және қазақ халқының мемлекет тарихының өткені мен бүгінгісін салыстыра қарастыруда алатын орны ерекше деуге болады. Яғни, біздің ұлт болып, халық болып қалыптасуымызда « орда » сөзі үлкен рөл атқарған. «Орда» - үлкен тарихи мәні бар, бір жүйеге бағындырылған, ұйымдасқан, тәртіпке негізделген, үлкен әскери күш деп айтуға болады. Жалпы, өте орнықты формада қалыптасқан, келешегі зор мемлекет түрі деп сипаттама беруге болады. Мұнда, ең бастысы, ерекше бір рудың немесе тайпаның, болмаса көсемнің ерекшеленіп шығуы және соның төңірегінде орташа деңгейдегі, болмаса әлсіз деңгейдегі ру-бірлестіктерінің шоғырлануы байқалады. Ең бастысы, олардың барлығы ортақ мүдде, ортақ идея, тәртіп, күш, билік т.б. бағынған.Б.з.Y-YIII ғғ. аралығында тарихта мәлім түрік текті тайпалық үлкен бірлестіктер: қыпшақ, тоғыз-оғыз,басмыл, қарлуқ, түргеш, отыз оғыз. Осы алтауы ғана.Осы алтауы-Түрік төрінің алтын бағанасы. Бұл алтауы бірлік- ынтымақта болса, қағанат айбарлы, қаһарлы. Алтауы араз болса, қағанат әлсіз. Түрік қағанатының көк туының астына жиналғанға дейін олардың өзді-өзінің қағанаты болған. « Алты тақ иегерлері » деп Білге қаған сондықтан да ерекше атап отыр. Осы алты хандықтың ордасы не деп аталған? Таңқаларлығы соншалық, « кіші ордалар»-ды М.Қашқари «алачу» ( аIaиu) деп жазыпты. XI ғасырға дейін халық санасында қалыптасып, XI ғасырдың басында жазылып хатқа түскен атау. «AIacu » - « кіші орда ». Бұл тарихи дерек... Алты үлкен тайпалар одағы алты кіші хандық құрып тұрған. Түріктер қағанат орталығын « орда » деп атаса, хандықтардың орталығын «алачу» (алаш) деп атаған. Олай болса байырғы түріктердің осы алты тайпасы кейін «Алты алаш» атанып, күні бүгінге дейін халық жадында сақталып қалған.Бұл атау еуразия құрлығындағы ұлы дала көшпелілерінің ұранына айналған, бүтін оғыз, қыпшақ, қарлуқ, басмыл, он-оқ түргештердің кейінгі ұрпағы - қазақ халқының ұранына айналған. «Алты алачу » көк түріктердің ұраны болуы да мүмкін. Ол заманда « Алты алачу »-деп ұран салып ту көтергенде, бүкіл түрік бір тудың астына жиналған да болар. Олай болса алты есірдің (тақ) Алты алашы көк түріктің аналогы болмақ. Біздің бұл ойымыз әлі де тереңірек зерттей түсуді, зерделей түсуді қажет етеді.... В польском « Horda » - « полчище ». Не «толпа кочевник- ов», а скорее « большое войско ». Многочисленное войско. Сигизмунд Гербер- штейн -« цесарский» посоль, побывавший в Москове в XVI веке и основавший интереснейшие «записки» свидетельствует, что на татарском языке «орда» означало «множество» либо «собрание». Академик Фоменко указывает при этом на латинское слова «ordo»,означающее «порядок», на немецкое « ordnung » « порядок ». В современном турецком языке слова «ordu» имеет значение , опять такие соответствующее словам «порядок», «образец». Одним словом, все значения слова «Орда» вертятся вокруг терминов «войско», «порядок» «законоустонавление»[5,166]. Осыдан көріп отырғанымыздай , орда сөзінің мән-мағнасы көптеген халықтарда бір ғана мағынаны білдіреді .Ол әскери күш, тәртіп, құқыққа (заңға) бағыну. Бұдан шығатын қорытынды, көшпелі халықтың өз уақытында үстемдігінің басым болғандығы, оның әлемдегі көптеген ірілі-ұсақты халықтарды , ұлттарды , т.б өзіне бағындырғандығы , өзінің қатаң тәртібіне мойынұсындырғандығын көреміз... X ғасырдағы географ Ал-Масудидың француз тіліне аударылған еңбегінде «...оғыздар үш ордаға бөліндіміс деген сөзді мысалға келтірген ». Осы жерде, оғыздардың астанасы болған Жанкент қаласының құлаған орны Қызылорда облысында орналасқандығы көп нәрседен хабар беріп тұрғандай күй кешесіз. Яғни, оғыздардың ордасы Қызылорда облысында жатыр деп нақты айта аламыз... Шыршық жазығына келіп орналасқан халықтарды «сырманақтар» деп атады. Бұл «сырманақтар» кейін нығая келе жалайыр« ордасы »-ның негізін қалайды[6,191]. Сол секілді, тарихта өзімізге белгілі « Алтын орда », « Ақ орда», « Көк орда » т.б. жөнінде де не айтуға болады? Бұл атауларға байланысты көптеген еңбектер жарық көріп , зерттеулер мен мақалалардың жарық көргені белгілі.Солардың ішінде В.А.Егоров « Алтын орда (Жошы ұлысының оң қанаты) әрқашанда Ақ орда деп аталған » деп жазды[7,35]. Ал,Муин-ад-дин Натанзий пікірінше: Орда Ежен мен оның ұрпақтарының иелігінде «Көк орда » атауына ие болған жерлер, ал « Ақ орда » деп Бату хан ұрпақтарының иелігіндегі жерлер, яғни « Алтын орда » аталған[8,46-47]. Алтын орданың ыдырауы және Ақ орданың әлсіреуі барысында Қазақстан территориясында пайда болған ірі мемлекеттік құрылымдардың бірі Ноғай ордасы болды.Ноғай ордасы XIII ғасыр дың екінші жартысында күшейе күшейе бастады, бұл процесс XIY ғасырда Әмір Едіге тұсында өзінің жалғасын тауып, оның баласы Нұрадин (1426-1440 жж.) тұсында аяқталды.Ноғай ордасындағы үстем тайпа маңғыттар болды. «Ноғай», «Ноғайлықтар», «Ноғай ордасы» деген атаулар алғаш рет әдебиетте тек XYI ғасырдың басында ғана пайда болды[9,188-189].Алтын орданың қираған бөлшектерінен құрылған басқа да көшпелі ордалар мен бірлестіктер тәрізді Ноғай ордасы да этникалық құрылым емес, көбіне саяси құрылым болды. Ноғай ордасын мекендеген тайпалар қазақ халқының және ордасының қалыптасуының этникалық процесіне тікелей қатысты. Ноғай ордасы мен қазақтардың жақындығы, жақын туысқандығы туралы Ш.Ш.Уәлиханов айтқан болатын.Ол алғашқы қазақ ханы Жәнібек тұсындағы достық қатынаста өмір сүрген ноғайлар мен қазақтар туралы « екі туысқан ордалар » деп сипаттама берген. Ал енді «қазақ ордасы» деген сөзді 1595 жылы орыс мемлекетінің патшасы Феодор Ивановтың қазақтарды Москва мемлекетінің қол астына алу туралы Тәуекел ханға берген грамотасынан көруге болады(6 құжат ) ... Құдайдың алғысымен ұлы мемлекет патшасы және ұлы мәртебелі Феодор Ивановичтен қазақ ордасының патшасы Тәуекелге біздің патшалық жарлығы- мыз... Сізді және сізге қарасты қазақ ордасы мен қалмақ ордасын патшаның қол астына алуға ризалық бердік[10,57].Осы жерден көріп отырғанымыздай, Тәуекел ханның қол астында қазақ және қалмақ жұрты (халқы)оның құрған ордасының төңірегінде шоғырланғандығын байқаймыз. «Орда» сөзі патшалық Ресейдің құжаттарында жиі-жиі ұшырасады, солардың ішінде «орда» сөзін қазаққа қимай басқа мағынада айтқан сөйлемдер де кездеседі(24 құжат) ...1722 жылы қазақтарды Ресей мемлекетінің қол астына қарату жөнінде I Петр патшаның сөздеріндегі орда сөзіне назар аударып көрелік... Персия жорығынан қайтып оралғаннан кейін... Ұлы Петр ерте заманнан бері айтылып келе жатқан қырғыз- қайсақтардың ұшы-қиыры жоқ « кен ордасын » (қазақ жері мағынасында, яғни қазақ ордасы деп айтуға болады-М.Ғ.) Ресей қол астына алу империялық Ресей отанына пайдалы болатыны жөнінде ниет білдірді ... Өйткені, Ұлы Петр 1722 жылы Персия жорығында жүрген кезде және Астраханда болған уақытында «орда» туралы көп адамдардан қызығарлық лақап естіді. Ол қырғыз-қайсақ деген атпен жүрген қазақ ордасы еді. Бұл «орда бүкіл азиялық елдердің кілті мен қақпасы». Міне, сол себепті ол орданы Ресейдің протекциясына(қол астына) алу қажет, сөйтіп, орда арқылы бүкіл Азия елдеріне жол қатынасын ашып, олардан Ресей еліне пайдалы және қолайлы болғандардың бәрін ала білуімізқажет.Біздердің осы құжаттардан көріп отырғанымыздай, қазақ халқына «хандықтан» гөрі «орда» сөзі біртабан жақын, оның ғасырлар бойы «орда» атауымен келгенді гін көзі ашық, көкірегі ояу зерттеушілердің барлығы да байқаған.Мысалы, Кіші орданың ханы деп жүрген Әбілхайырды қырғыз-қайсақ ордасының ханы деген сөйлемді ең алғаш рет Левшиннің еңбегінен кездестіреміз, сондай мағынадағы сөзді ғалым Телжан Шонанұлының еңбегінде «...Қайсақ ордасының бастығы»[11,50].Мұхамеджан Тынышбайұлы «... Әбілхайыр қырғыз-қайсақ ордасының ханы » деп аталады. Орта орданың сұлтаны Абылайдың 1740 жылы Ресей мемлекетіне берген антының мазмұнында да «орда» сөзі кездеседі... Я, киргиз-кайсацкого народа нижеподписавшейся солтан обещаюсь и клянусь всемогущим богом, что хочу и должен со всем моим родом и со всей ордою всепресветлейшей самодержавнейшей государыни и императрице и самодержаце всероссиской и пр.верным, добрым и послушным подданным быть[12,37]...1733 жылы Үлкен орданың сұлтандары мен билері Ресей мемлекетінің қол астына алуды сұрап әйел патша (императрица) Анна-ға жазған хаты: ...От дальней стороны близким сердцем киргиз-кайсайкой большой орды князья, беки Вам, великой государыне императрице и белой царице, в подданстве пришли, а именно: Кодар би, Тюля би, Сатай батыр, Кангельди батыр, Булек батыр, а также всей орды беги в подданство пришли. [13,4-5] Осыдан көріп тұрғанымыздай, 3 хатта да «хандық» деген сөйлемді кездестірмейміз, оның орнына «орда» деген сөзді жиі кездестірдік. Бұдан шығатын қортынды, қазақ халқына тән мемлекет атауы көп жағдайда «орда» деген ұғымба деп ойлаймыз. Қазақ халқының тарихында «орда» ұғымының тарихи құжаттарда мағынасын жоғалтпай кездесуі, Ресей мемлекетінің патшасы Алексей I-дің 11 наурыз 1801 жылғы жарлығы бойынша Бөкей хан өзіне қарасты 5 мың жанұямен (кіші жүздің ру-тайпаларынан құралған),оның ішінде басым көпшілігі 12 ата байұлы тармағынан қарасты ру-тайпалармен Орал өзенінің ішкі аймағына қоныстанды. 1812 жылы мамыр айында өзіне қарасты ру-тайпалар көсемдері, халқының сайлауымен Ішкі Орда ханы болды. Ал, 1812 жылы 7 шілде күні арнайы дәстүр бойынша, ата-бабалар салты негізінде хан болып бекітілді. Бөкей хан құрған Ішкі Орданы, біз көпшілік жағдайда Бөкей ордасы деп атап жүрміз. [14,88] Осы жерде біз мына бір жағдайға көңіл аударғанымыз дұрыс секілді. «Орда» атауының қауіптілігін, тарихи құдыретін, маңызын патша өкіметі де жақсы түсінген секілді. Сол себепті, «орда» сөзінің орнына өзге атауды қолдану, яғни қазақ халқының көне тарихын бұрмалау немесе қасақана жоққа шығару секілді іс-шаралардың қолға алына бастағанындығын байқаймыз. Осы секілді құбылыс бүгінгі таңда да қазақ халқының көне тарихына байланысты мәселелер қозғалғанда қылаң беріп қалады... Казачья орда. Термин «орда», применявшийся в старых русских источниках в обьединений казахских племен, ныне не употребляется, вместе него принят казахский термин «жуз».[15,471] Бұл қазақ халқының тарихындағы Ежелгі ордалар мен Қазақ мемлекеті арасындағы тарихи сабақтастық болып табылады.Ал «жүз» деген сөздің өзі қайдан шыққан, қандай мағына береді?-деген сұрақ жөнінде зерттеушілерде тағы да ортақ пікір жоқ. Дегенмен де, «жүз»сөзінің анықтамасының өзі оның мағынасын түсінуге жол асып, бағыт сілтеп тұр емес пе? Жүз-тайпалар одағы, не ру-тайпалар бірлестігі болса, олар біріккен тұтастықты көрсетпей ме? Қазақ халқының бір бөлігі белгілі бір территориядағы тайпалар одағын құраған болса, онда «жүз » сөзі-«бөлік», «бұтақ», «бөлшек» деген мағынаны да көрсетеді. Біздің болжамымызша, «жүздер» тегінде XYI ғасырдың соңына XYIII ғасыр басына қарай біртіндеп қалыптасқан мүлдем жаңа этно-саяси, шаруашылық- тық-әкімшілік құрылымы дегеніміз біртабан шындыққа жақын болар. Өйткені, уақыт өте келе «ұлыс», «орда» атаулары сынға шыдамай күйреп кетті. Өйткені олар төменгі рулар мүдделерін ескермеген жоғарыдан күшпен құрылған саяси-мемлекеттік құрлымдар еді. Олардың құрамына әрі моңғол, әрі түрік тайпалары әкімшілік жолмен бірікті.Мұнда этникалық мүдде бірінші орынға қойылған жоқ.Сондықтан өзбек ұлысында өзбек халқын, Моғолстанда моғол халқын қалыптастыруға күш салынды. Ал «жүздер» мәселесіне келсек жағдай басқаша.Мұнда жергілікті рулар мен тайпалардың ең алдымен этникалық, онан соң территориялық, көшпелі шаруашылықтық мүдделері алғашқы орынға қойы- лып, жергілікті жерлердегі қазақ билері осыны ескере отырып,өздерінің шаруа- шылықтық-әкімшілік мүдделеріне сәйкес келетін жаңа «жүздер» деп аталатын құрылымдар жасап алуға қол жеткізді.Алайда қазақ хандары мұнда да биліктен кете қойған жоқ. .. Ақ орда тұсында әлі «қазақ» этнонимінің өзі тарих сахнасы- на шыға қоймаған еді. Сондықтан да мемлекет әлі моңғолдық дәстүрмен Қазақ хандығы емес, Ақ орда деп аталды.Бірақ, Ақ Орда болашақ қазақ мемлекетінің құрайтын басты тайпалар «Алты сан Алаш» деген атаумен ұйыса бастады. Сол себепті, қазақ жүздерінің пайда болуының тамырларын «ұлыстар», «ордалар» және «Алаш мыңы» түсініктерінен емес, қазақ этнонимінің шығуынан және Қазақ хандығының құрылу тарихынан іздестіруге тиіспіз деп ойлаймыз. Егер осыны мойындасақ, оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан аймағындағы тайпалардың неліктен «Ұлы жүз» атанғанын да түсінуге қол жеткіземіз.Біздің ойымызша мұның мәнісі былай: Қазақтың алғашқы хандары Жәнібек пен Керейден кейін «Ұлы жүз» ру-тайпалары атанған дулат, жалайыр,шапырашты, ошақты және т.б. арасына көшіп келгені даусыз нәрсе. Осында Шу мен Талас арасында бұрынғы « Алты Алашқа» енген рулар мен тайпалардың біразын ерте келген олар алғаш «өзбек- қазақ», кейінірек « қазақ» атанды...Қорыта келгенде айтарамыз,қазақ қоғамында біршама ұзақ мерзімге орын алған жүздік құрылым біздің этникалық тарихымызға тән өзіндік ерекшелік болып табылады. Саяси-әкімшілік жағынан қазақтарды жіктей тұрса да, бұл жүйе қазақ халқының біртұтас ұлт болып ұйысуына, үлкен аймақты сақтап қалуға өзіндік жағымды үлесін қосты, бұл бөліктер бытыраңқы көшпелі тайпаларды өзара жақындасуға, бірігуге, туыстасуға баулыды.Сондықтан да жүздік құрылым тұсындағы қазақ тарихына түсіністікпен қарағанымыз жөн. Бұған шығатын қортынды, яғни «Орда» сөзінің қазақтың ру-тайпалар бастарын біріктіруші, бір жерге топтасты- рушы,әскери күш, қатаң тәртіпке бағынушы,оны мойындаушылардың мемлекет бірлестігі екендігіне шүбә келтіруге болмайды. «Орда» сөзінің құдіретін XIX ға- сырдың екінші жартысында дүниеге келіп,халқымыздың бас бостандығы,тәуел- сіздігі, дербес мемлекет болып өз алдына өмір сүруін армандаған, сол жолда үлкен жұмыс істеп, күрес жүргізген қазақтың зиялы қауым өкілдері- А.Байтұр- сынов, Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедов, М.Тынышбаев, М.Шоқай, С.Қожанов, С.Лапин, Т.Рысқұлов т.б. болды. 1924 жылы 17 желтоқсан күнгі « Ақжол» газетінің бетінде Сұлтанбек Қожанов «... Қазақ халқының астанасы орыстың туы тігілген қалада емес,қаласы жоқтықтан киіз ауылында болса да, қазақ жұртшылығына жуық болуы керек » деп жазды. 1925 жылы 15 сәуірде Ақмешіт қаласында Бүкіл Қазақ еңбекшілері өкілдерінің басын қосқан Қазақ АССР-і Кеңесінің Y- сьезі салтанатпен ашылды.Осы сьезде «... бұдан былайғы жерде «киргиз» деген атау «қазақ» деп аталсын деген қаулы қабылданды.Сонымен бірге «...Киргиз республикасы деген атаудың орнына Қазақ республикасы деп атау,оның астанасы Ақмешіт ( Перовскі) қаласын Қызыл орда деп атауға қаулы қабылдады...[16,47] 1991 жылы 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы » Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қабылданды. Тәуелсіздік туралы Конституциялық Заңның 1-бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет деп жариялан- ды. Республика өз аумағында өкімет билігін толық иемденуге, әрі ішкі және сыртқы саясатын дербес жүргізуге құзырлы болды. Н.Ә.Назарбаев 1992 жылы 4 маусымда « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», « Қазақ- стан Республикасының елтаңбасы туралы», және « Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» Заңға қол қойды. 1994 жылғы 6 шілде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі астананы Ақмола қаласына ауыстыру туралы қаулы шығарды.1997 жылы 10 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының астанасы Алматыдан Ақмолаға көшірілді.1998 жылы 6 мамыр « Ақмола қаласын Астана қаласы деп қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы шықты. 2004 жылы 24 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа резиденциясы-«Ақ Орда » салтанатты түрде ресми ашылды [17,407] .

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Ә.Қоңыратбаев. Көне мәдениет жазбалары.- Алматы. Қазақ университеті,1991 ж. 182 б.

2.С.Г.Кляшторный, Т.И.Султанов. Казахстан.Летопись трех тысячелетий.- Алматы. Рауан, 1992. С.,58. 3.Василий Радлов(Фридрих Вильгельм).- Алматы. Ана тілі, 1993. 17 б., 4.Алексей Бушков. Россия который не было (загадки, версии, гипотезы).- М.,1997.С.,129-130.

5.С.Волин. Материалы по истории туркмен и туркмений.- М.,- Л.,1939. Т.1. С.,166.

6.Қойшығара Салғарин. Қазақтың қилы тарихы.- Алматы. Жалын,1992. 191 б.

7.Егоров В.Л. Государственное и админстративное усторойство Золотой орды./ Вопросы истории.- 1972. №2. С.,35. 8.Федоров-Давыдов Г.А. « Аноним Искандера » и термины « Ак орды »,



« Кок орды ». –М., 1960. С.,46-47. 9.Қазақ ССР тарихы. 2-том. - Алма-Ата 1983. 188-189 бб. 10.Бекмаханова Н.Е. Қазақ ССР тарихы.8-9 класс.- Алма-Ата 1991. 57 б., 11.Телжан Шонанұлы. Қазақ жері мәселесінің тарихы. Қызылорда 1926.С.,50. 12.Казахско-русские отношения в XYI-XYIII веках. - Алма-Ата 1961.С.,37. 13. Тынышбайұлы М.Ақтабан шұбырынды. Ана тілі 1990.№7. 4-5 бб.

14. Культура и история Центральной Азии и Казахстана./ проблемы и перспективы исследования .- Алматы 1996. С., 88. 15.А.И.Левшин. Описание киргиз-казахских или киргиз-кайсацких орд и степей. -Алматы 1996. –С.,471. 16.Меңілбаев Ғ.А. Қазақ халқының тарихында « Орда » және « Жылан » ұғымдарының алатын орны.- Алматы 2001. С.,47 17.Б.Ғ.Аяған, Х.М.Әбжанов, Д.А.Махат. Қазіргі Қазақстан тарихы.- Алматы 2010. 407 б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет