Ежелгі Шығыстағы саяси ой Мысыр Қосөзен Үнді Қытай



Дата03.10.2022
өлшемі2,19 Mb.
#151458
түріПрезентация
Байланысты:
28 vip А Т Ж Н


Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті
Орындағандар : Бөрібек Тоқжан
Орынбасар Жансая
Әлібек Аружан
Полат Нарқыз
1. Саяси ойлар тарихындағы барлық кезеңдердегі басқарудың түрлерін бойынша презентация дайындау 2. "Саясаттың негізгі түсініктемелеріне салыстырмалы талдау" тақырыбына кесте құрастыру 3-4 студен топқа бөлініп 1 тақырыпқа презентация жасау. топтық жұмыс
Саяси ойлар тарихы адамзат өмірінде ерекше орын алатын сөзсіз қажетті ғылыми, мәдени мұра болып табылады. Ғасырлар бойы жинақталған зерттелген, қоғамның пайда болуы мен дамуы олардың саяси жүйелерінің қызметтері туралы мол мағлұматтар береді.
Б.э. дейінгі (І-ІІ мың жылдықты) ежелгі Египеттіктердің қытайлықтардың, үнділердің, гректердің, римдіктердің әлеуметтік саяси түсініктері діни-аңызға негізделген сипатта болды. Олардағы өкімет билігі, басқару тәртіптері көбінесе құдаймен байланыстырылды.
.э.д. VIII -VI ғасырларда сол кездегі өмірде, тіршілікте адамдар арасындағы қатынастарда оның ішінде мемлекет, билік, құқық, ұғымдары, бұрын беймәлім болып келген өзге де жаңа пікірлер айтыла бастады
Саяси ойлаудың негізгі кезеңдері 2 .Ал тұлғаларын жеке жеке қарастырар болсаң кезеңнің құрылымы өзгереді,

Ежелгі Шығыстағы саяси ой Мысыр Қосөзен Үнді Қытай

Антикалық саями ой Ежелгі Грекия Ежелгі Рим

Конфуций : «Лунь Юй» «Ману заңдары» «Каутилья» «Артхашстра»
Алға қойды:
Жеке адам билігін нығайту және толықтай ақтап шығу
-Басқарушыларддың даму тарихын сонау құдіретпен байланыстру
-Мемлекеттің орталықтануы
-Тап төменгілері бащыларға бағынуы
- Азаматтық қоғам деген нәрсе мүлде болмауы

Платон: «Мемлекет»
Аристотель: «Саясат» «Афинылық полития»
Полибий : «Тарих»
Цицерон: «Мемлекет туралы»
«Заңдар туралы»
Алға қойды : Басқарудың мінсіз формаларын іздеу
-Полистік орталықтанбаған демократияны ақтап шығу
-Адамзаттық қасиеттерге баулу.
Республикалық идея және азаматтық құқық

Өзімііз кестеде атап өткендей Шығыс саяси идеясынан бастау алады. Ендеше өкілдерімен таныстыра отырып сол заманның саяси ойын ашайық.
Қытайдағы саяси ілім тарихында конфуцизм ілімі маңызды роль атқарады. Оның негізін қалаған б.з.д. 551-479 жылдары өмір сүрген ұлы Қытай ойшылы Конфуций болды.
Өзіміз жоғары да айтып өткен еңбегі Лунь Юй -Бұл кітап ғасырлар бойы Қытай халқының өмірі көзқарасына, тәлім-тәрбиесіне едәуір ықпал етті. Оның даналық туралы өсиеттері әлі күнге дейін мәнін жоғалтқан жоқ. Ол «даналыққа біз үш түрлі жолмен жетеміз, ең ізгі жол – санамен саралау, ең оңай жол – еліктеу, ең қиын жол – тәжірибеден тәлім алу» деді.
Конфуций өз дәуірінде дәстүрлі көзқарас ұстанған. Мемлекеттің патрияхарлы патерналисттік концепциясын жасаған адам. Патшаның қол астындағыларға билігі әкенің балаға билігі ретінде көрсетіледі. Патшаның билігі отбасындағы жасы кішілердің ересектерге бағыныштылығымен теңестіріледі. Конфуций суреттеген әлеуметтік-саяси жүйедегі адамдар теңсіздігі, «қараңғы адамдар», «төменгі адамдар», «құрметті адамдар», «жоғары шенді адамдар», «лауазымды адамдар» ретінде көрсетіледі.
«Шөп жел соққан жаққа қисаяды»
Конфуций заманындағы басқару
Әлеуметтік теңсіздікті қалыпты жағдай ретінде қарастырған Конфуций аристократиялық билік концепциясын, яғни ақсүйектер тобының билігін жақтады. Биліктің зорлықсыз тәсілін жақтаған Конфуций билеушілерді өз бағыныштыларына қайырымды болуға шақырады. Билеуші қайырымды болса, төменгі адам да қайырымды болады. Биліктің осы ережесін ұстанған Конфуцийден «Шөп жел соққан жаққа қисаяды» деген нақыл сөз қалған. Ішкі және сыртқы соғыстарға қарсы болған Конфуций Қытай жерінен алыс тұратын басқа халықтарды білімділікпен және ақылмен жаулап алуды ұсынады
Келесі бағытты басқаратын ұлы тұлға Платон. Оның шығармалараынан ақ саяси басқару жүйесі қандай болға білуге болады.Ендеше талдайық
Бұл шығарманың тақырыбы әділеттік және оның бір ұғымы этика болып табылады. Бірақ осы сұрақтарды қарастырғанда Платон философияның негізгі сұрақтарының бәрін қарастырып өтеді. Бұл шығарманы құрастырғанда Платон табиғат туралы, адамдардың қарым қатынасы туралы, мемлекттің құрылуы және оның адамдарының сословиелер туралы және осы мемлектті қалай басқару керектігі, азаматтардың тәрбиеленуі және оларға білім беру қарастырады. Бұл шығарманың атауы өзіне сай келмейтін сияқты, бірақ ол түсінікті, ол кезде қазіргі кездегі жүйе деген мағынадағы термин болған жоқ.
Мемлекет» өзінің көлемі мен мазмұны, қолданылған материал мен ой тереңдігі мен көпжақтығы, зерттеліп жатқан тақырыбы жағынан Платон шығармаларындағы ерекше роль алады. Сократ жанындағы адамдарға айтқысы келген «мұрат» (идеал) туралы ойлары, адам өмірінің барлық жағын қарастырады; адамның өзін, жануясын, тұратын еліннің барлық этникалық, эстетикалық жақтарынна қарастырады. Ол кітаптың бірінші бөлігі болып табылады, одан кейін «Тимей» космостағы идеалды құру, «Критий» идеаль қоғам құру мен оны іске асыру туралы жазды.«
Платонның айтуы бойынша, адамдарды дұрыс тәрбиелеу дегеніміз адамдық жаман қасиеттерден арылту.
Платон бойынша, жетілмеген елдердің өзінің түрі және формасы бар.
Тимократия
Олигархия
Демократия
Тирания
Платонның ойынша жетілген мемлекет құрылысындағы ең ізгі қасиеттер
даналық (мудрость)
ерлік (мужество)
талдай алатын (расудительный)
әділеттік
Платонның айтуы бойынша бір класс ішіндегі адамның бір жұмысты,
екіншісіне ауыстырғаны ештеңе емес. Егер бір байыған төменгі класс адамы
әскери адам болғысы келсе немесе әскери адам басшы-философ немесе оның кеңесшісі болғысы келсе, ол мемлекеттің құлауына әкеліп соғуы мүмкін.
Келесі Аристотельдің «Саясат» еңбегіндегі саяси көзқарасын қарастырсақ:
Аристотель (б.ғ.д. 384-322 жж.) –ұлы ғұлама, саяси ғылымдардың методологиялық негізін салушы, Платонның шәкірті. Оның саяси көзқарастары “Саясат”, “Афина политксы”, “Этика және риторика” деген еңбектерінде көрсетілген. Оның көптеген ғылымдардың, соның ішінде логика ғылымының негізін қалаушы К.Маркс „ерте заманның ұлы ойшылы” грек философиясының Александр Македонский деп атады. Ол Фракиядағы Стагир қаласында туған. Афина қаласында оқып, білімін жетілдіреді. Он жеті жасында Платон академиясына түсіп, Платон қайтыс болғанға дейін 20 жыл бойы сонда ғылым мен шұғылданады. Б.з.б. 343ж Македония патшасы-Филипп Аристотельді баласы Александрдың ұстазы болуға шақырады. Александр патша болғаннан кейін Аристотель алдымен Стагирда болады.
Аристотель «Саясат» мемлекеттің, семьяның шығуын тереңірек зерттейді. Оның пікірінше, мемлекеттің пайда болуына, ең алдымен, адамдардың бірігіп тұрмыс құрып,өз ара-қатынас жасауға ұмтылуы себеп болды. Яғни Аристотель мемлекеттің шығуын табиғи дамудың нәтижесі деп түсінеді. Саяси іс-әрекеттерге ерекше мән беріп, саясаттан тысқары қалған адамдар адамшылығынан айырылып, тағы айуандарға ұқсап кетеді дейді.Аристотель «Саясат» атты еңбегінде «Мейірбандық пен зұлымдық әділеттілік пен әділетсіздікң тағы басқа семья мен мемлекеттің негізін қалайтын ғылымдарды сезім тұрғысынан қабылдау адамның ғана қолынан келеді» дейді.
Цицерон Марк Туллий (б.з.б. 3.1.106, Арпинум — 7.12.43, Кайета маңы) — Ежелгі Римнің саяси қайраткері, шешен, жазушы.
Б.з.б. 51-50 жылдары Киликия мен Кіші Азияда проконсул қызметін атқарған кезде, бірнеше таулық тайпаларды жеңгеннен кейін Цицеронның беделі әскердің арасында айтарлықтай өсті. Солдаттар оны император деп жариялады. Ол б.з.б. 50 жылдың аяғында Римге келген соң Цезарь мен Помпейдің арасындағы текетіресте Помпей жағына шықты. Бірақ б.з.б. 48 жылы Фарсель түбіндегі соғыста Помпей жеңіліс тауып, Египетке қашқаннан кейін Цицерон күрестен бас тартып, Цезарь билігіне мойынсұнуға мәжбүр болады. Ол енді бірыңғай шешендік өнермен айналысып, «Шешен» және «Брут» атты трактаттарын жазды. Ел билігі қолына тиген соң Цезарь абсолютизмге бой ұрды. Сенімі ақталмаған Цицерон шешендік өнерді тастап, философиямен айналысуды ұйғарды.
Әр заманның әр қоғамның өзіндік саяси ойларында басқарушылықтары болады,біздің келесі ұсынар зерттеуші заманынын қалай басқарылғанын байқайтын боласыз.Ендеше Полибий
Тирания
Аристокрия
Олигархия
Демократия
Охлократия
Монархия
Уақыт өте кезең жаңара отырып,қоғамда жаңарды,Байқауымызша саяси ойлар кезеңдерге қарап өсті. ЕндешеОрта ғасырлық саяси даму кезеңін қарастырып басқару ойын ашайық
Фома Аквинский (1225-1274) болды. Оның саяси көзқарастары «Билеушілердің басқаруы туралы», «Теологияның жиынтығы» деген еңбектерінде қаралды. Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімдегісі келді. Атап айтқанда, ол Аристотельдің адам қоғамдық және саяси тірі жәндік деген пікірін пайдаланды.
Саяси басқару жүйеде
Ол үшін феодалдық-сословиелік жіктелудің сақталуы шарт. Жоғарғы сословиеге бәрі бағынуы тиіс.Фоманың ойынша, билік құдайдың құдыретімен орнайды. Сондықтан патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы керек, оның түсіндіруінше, аспанда құдай жерде Рим папасы билеуі тиіс.
Фома Аквинский саясат жайлы
Билеушілерді басқару туралы
Теологиялық жиынтық
Саяси жүйенің басқару кезеңі реформация кезеңіне де келіп қалды.
Канттың саяси басқаруды суреттейтін шығармалары
Космополиттік көзқарас жөніндегі жалпы тарихтың идеялары
Өмірлік бейбітшілікке
Шығармасы
Біздің топтың зерттеу жұмыстарының нәтежиесі мынадай:
Кез келген дәуір,кезең өзінің елеулі оқиғаларымен есте қалады. Мысалы қарапайым адамның өмірі шақалақ шағы,балалық шағы,ер жетіп есейген ақылы толысып кемелденген шағы,қартайып өмірден түйгені секілді Саяси жүйенің де өзіндік қалыптасуы мен әжептәуір қалыптасып пісіп жетіліп өзіндік ғылым саласы болып қалуы да уақыттың еншісіне қалдырған жөн.Ойлайм да,біз егер Аристотель қалаған саяси жүйемен өмір сүрсек біздің өміріміз қандай бағытта болды екен деп?!Ол кісі табиғат пен адамды теңдей ана мен бала етіп көріп , бірін бірінен айырмаған. Сол секілді де саясатты қоғаммен адамнан алыстату ақымақтық. (С) Бөрібек Тоқжан Маратқызы
Саясат ол шыныменде кез келген адам көтеріп жүрер ауыр сөмке емес. Сол себепті ғалымдардың зерттеп ел арасында орнатқан биліктік басқару жүйесі саясаттың шыныменде Тоқжан айтпақшы пісіп жетілгенін біілдіреді. Қазір адамды саясатқа үйрету – шыныменде күлкілі.Себебі, өмірде саяси оқиғаларды жиі кездестіріп үйреніп қалған.Бұл саясат ,Бұл политика (С) Жансая Орынбасар Нұржанқызы
100 балл
Біздің топтың зерттеу нәтежиесі мынадай :
Саяси ілім саяси басқару билік жайлы айтқанда өткен заманның тұлғаларының еңбектері қызықтырушы еді. Тоқжан мен Жансаяның ойларына толықтай келісемін алып қосар аздаған ойым бар. Саясатты Конттан асып зерттеген кім бар деп айтушы еді Тоқжан. Расымен де Конттың зерттеулерін ақтарып қарасам саяси жүйеде жаңаша ой қалыптастыра аласың. Мен өзім елестетіп қарағанда ежелде саясатты білмегендерді өлтіреді не болмаса мемлекет аумағынан қуып шығады деп ойлағанмын Бірақ саяси жүйе мен ойлағандай ауыр емес екен. (С) Әлібек Аружан Ақжанқызы
Мен өімнің тобымның қыздарының зерттеу жұмыстарына толық қатыстым. Ғасырларды сөйлеттік.
Саяси оқиғаларды тізіп жазып бір бірінен алмастырып саясаттың шегінен шыққан соғыстардың себептерін зерттей келе саясаттың қоғамға әсерін блдік.Сатылып жазып, кесте құрдық .Әрине саясат терең құдықтай.Кірсең шығуың қиын.Біздің зерттеуде кезең-кезеңге бөліп саяси ғалымдардың еңбегінен ақ саясаттығы басқару ,биліктік басқарудың мәнісін ұқтық. (С) Полат Нарқыз Құрманәліқызы
Назарларыңызға рақмет

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет