Экономика- материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар. КӘсіпкер



Дата06.06.2020
өлшемі24,13 Kb.
#72496
Байланысты:
когам


ЭКОномика- материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.
КӘСІПкеркәсіпкерлік қызметпен айналысатын, кәсіпорын құру үшін қаражат іздеп табатын және сол тапқан қаражатымен кәсіпкерлік тәуекелдікке бас тігетін адам.
ПАЙда- тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатудан түскен табыстың осы тауарларды өндіру мен сатуға немесе қызмет көрсетуге жұмсалған шығыннан асып түсуі.
САУда- материалдық және рухани игіліктерді иеліктен шығару және иемдену түріндегі сатып алу-сату әрекеті барысында меншіктенушінің ауысуы нысаны;
ЖАРнама- тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама;
МЕМлект- белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
ӨНЕРкәсіп- ұлттық экономиканың шикізатотын, энергия өндірумен, ағаш өнімдерін дайындаумен, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық шикізатын өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарына өңдеумен) айналысатын кәсіпорындарды біріктіретін аса маңызды саласы.
КОМпаниязаңды тұлға статусына ие сауда, өндіріскөліксақтандыру және т.б. кәсіпкерлердің бірлестіктері. Мұндай бірлестік қатысушыларының жалпылай белгіленуі (хаттағы қысқартылған К°) фирманың ресми басшысының атына қосылады.
ИНФляция- бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.
ВАЛюта-  тауарлар құнының шамасын өлшеу үшін пайдаланылатын ақша өлшемі
ТАуар- қоғамда айырбастау, сатып алу-сату жолымен бөлінетін, құны бар еңбек өнімі, яғни материалдық-заттық пішіндегі өндірістік-экономикалық қызметтің кез келген өнімі,

 

ТҰТЫнушы-  қандайда болсын тауарларды өнімді бұйымды, көрсетілетін қызметті тұтынатын сатып алатын тұлға
БИЗнес- пайда табуға бағытталған әрекеттің, экономикалық қызметтің бір түрі; жеке кәсіпкердің не фирманың іскерлік қызметі.
ӨНДІРіс- өзінің өміріне қажетті материалдық жағдайларды жасау мақсатымен адамның табиғатты белсенді жаңғырту үрдісі.
БӘСЕке- бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. 

МОНОплия- бір тұлғаның немесе тұлғалар тобының, мемлекеттің белгілі бір затқа (мысалы, жерге), белгілі бір затты өндіруге немесе сатып алуға, белгілі бір тауарлармен сауда жасауға айрықша құқығы

Құнды қағаздар, бағалы қағаздар — мүліктік құқықты куәландыратын, дивиденд және пайыз түрінде белгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжат. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне 15.1. 2001 сәйкес құнды қағаздардарға “облигация, коносамент, акция және заң актілерінде немесе соларда белгіленген тәртіппен құнды қағаз қатарына жатқызылған басқа да құжаттар” жатады (130-бап). құнды қағазға өтімділік, кірістілік бағамының өзгеріп отыратындығы, сенімділік, дербес айналымдылық сияқты жалпы экономикалық сипаттамалар тән.

Құнды қағаз ұсынбалы мүліктік құқықтар құнды қағазды тапсыру жолымен басқа біреуге беріледі, ордерлік құнды қағаз мүліктік құқықтардың берілгенін куәландыратын жазба жолмен табысталады және атаулы мүліктік құқықтар құнды қағазда аталған адамға беріледі болуы мүмкін. Құнды қағазда заңда белгіленген деректемелер болуға тиіс және құнды қағаздағы мүліктік құқықтар осы құнды қағаз көрсетілгенде ғана іске асырылады, сондай-ақ құнды қағаздың эмиссиясы және айналысы заңмен белгіленген ережелер мен нормаларға бағындырылады. Құнды қағаз реттеушілік, ақпараттық міндеттер атқарады, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларын, соның ішінде нақты экономика мен қаржы саласын байланыстыру тетігі ретінде қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет