«Экономика» ұғымы



бет1/15
Дата19.02.2023
өлшемі47,39 Kb.
#169323
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Экономика және экономикалық жүйелердің типтері


Тақырып 21. Экономика және экономикалық жүйелердің типтері. Дәстүрлі (аграрлық) экономика


«Экономика» ұғымы. Жалпы, әдебиеттерде, сөздіктерде экономика терминінің алғашқы мағынасы үй шаруашылығын жүргізу өнері ретінде түсіндірілді.
Бүгінгі таңда экономика сөзі:

  • бағаның даму тенденциялары, өндіріс, жұмыссыздық және т.б.;

  • шектелген өндірістік ресурстарды (жер, еңбек құралдары, білім) пайдалану, өнімді өндіру және оны қоғам мүшелері арасында бөлу;

  • өнім өндіруді ұйымдастыру және тұтыну;

  • қаржы, ақша, капитал сияқты бірнеше мағына береді.

Экономика термині Ежелгі Грекиядан шыққан, oikos – үй және nomos – заң жүргізу тәртібі, яғни, «үйді жүргізу» немесе шаруашылық жүргізу тәртібі деген мағынаны білдіретін екі сөзден құралған.
Экономиканың даму теориясы. Экономика ғылымының бастауы ежелгі дүние ойшылдарының ілімінде көрініс тапты. Ежелгі үнділік «Ману заңдары» билік пен бағыныштылық қарым-қатынастың, қоғамдық еңбек бөлінісінің болғанын айтқан.
Ежелгі Грекия ойшылы Ксенофонт (б.з.б. 430-354 (356) және Аристотель (б.з.б. 384-322) шаруашылық жүргізу өнері дегенді білдіретін экономия терминін алғаш болып ғылымға енгізді. Аристотель экономика сөзін екі терминге, яғни «экономика» (өнім өндірумен байланысты табиғи шаруашылық қызмет) және «хремантистика» (байлық жинау өнері) деп бөліп көрсетті.
Ғылым ретінде экономикалық теория, ең алдымен, сауда саласында алғашқы капиталдың пайда болуынан бастап, капитализмнің бастапқы кезеңінде қалыптасты. Сауданың дамуы экономикалық саясаттағы алғашқы бағыт – меркантилизмнің пайда болуына ықпал етті.
Дәстүрлі (аграрлық) жүйеде шектеулі ресурстар салт-дәстүрлерге сәйкес бөлініп, пайдаланатын жалпы (қауымдық) меншікке, натуралды шаруашылыққа, ұсақ тауар өндірісіне негізделеді. Бұл жүйенің негізі егін шаруашылығын, мал шаруашылығын және балық шаруашылығын қамтитын ауылшаруашылығы болып табылады. Сондықтан дәстүрлі жүйе табиғат жағдайларына және шаруашылықтың географиялық орналасуы мен климатына тәуелді.
Осыдан дәстүрлі жүйенің бірнеше ерекшелігін бөліп көрсетуге болады:

  • экономика алғашқы қолөнер мен ауылшаруашылығының даму сатысында болды;

  • еңбек құралдарынан ең қарапайым қолданылды;

  • индустрия мүлдем болмады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет