Әл-Фараби атындағы мектеп гимназиясы 2 сынып ұжымына психологиялық-педагогикалық мінездеме



Дата09.03.2023
өлшемі14,8 Kb.
#171533
түріСабақ
Байланысты:
сыныпқа мінездеме2



Әл-Фараби атындағы мектеп гимназиясы 2 сынып ұжымына психологиялық-педагогикалық мінездеме

Мендегі іс-тәжірибе жүргізілген сыныпта 26 оқушы бар. Олардың 14-қыз бала 12-ұл балалар. Сынып оқушыларының құжаттары түгел, психологиялық, физиологиялық дамуы жақсы дені сау, ұйымшыл, тәртібі талапқа сай. Барлық сабаққа белсенді қатысады, мұғалімдермен қарым-қатынасы коммуникативті. Мұғалімдердің берілген тапсырмасын аса қызығушылықпен орындайды. Сыныпта топ басшысы өте тәртіпті үлгілі оқушы. Тазалық секторы сыныптың тазалығына жауап береді және спорт секторы,еңбек секторы,оқу секторы, сыныпта мерекелік жиындар, диспуттар, атаулы күндердің өтуіне атсалысып отырады.Оқушылар оқу-тәрбие процессінде кемшіліктер дер кезінде ескеріліп, шара қолданылып отырады. Көшеде жүру тәртібі, техникалық кауіпсіздікті дұрыс пайдалана береді. Мектепте өткізілетін іс-шараларға, тәрбие сағаттарына түгел қатысады.
Бұл сыныпта мектеп психологының психодиагностикалық зерттеу жүргізген мәліметі бойынша сыныпта 14 оқушы холерик, 10 оқушы сангвиник, 2 оқушы флегматик темперамент типтері анықталған. Психикалық процестеріне зерттеу жүргізіліп оқушылардың ойлау зейін, қабылдау, ес, түрлері қалыпты деңгейде. Сабақтан кешікпейді, берілген тапсырмаларды ұқыпты уақытында орныдайды. Сабақ үлгерімдері жақсы, әсіресе математика, ана тілі пәндеріне қызығушылығы жоғары. Борыштық және жауапкершілікті сезіне біледі, сыртқы келбетіне, оқуға және оқулықтарға, мектеп мүлкіне жауапкершілікпен қарайды. Жалпы сынып ұжымы бір –бірімен тату тіл табыса біледі, үлкендерді сыйлайды, ұқыпты оқушылар. Алдағы оқу-жылын ойдағыдай аяқтап тәртіпті, саналы, жан-жақты жеке тұлға болады деген сенім бар.

Мінездеме беруші: практикант психолог Базарбаева Г.А

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет