Елді мекендерді қатты және сұйық қалдықтардан санитарлық тазарту бір-біріне ұқсас кезеңдерден тұрады: қалдықтарды жинау, шығарып тастау, залалсыздандыру және өндеп, қайта пайдалану.
Елді мекендерді қатты және сұйық қалдықтардан санитарлық тазарту бір-біріне ұқсас кезеңдерден тұрады: қалдықтарды жинау, шығарып тастау, залалсыздандыру және өндеп, қайта пайдалану.
Қатты қалдықтардан тазарту. Қатты қалдықтарды (қоқысты) жинау және уақытша сақтау жоспарлы-аулалық және жоспарлы-пәтерлік жүйелер бойынша жүзеге асырылады.
Жоспарлы-аулалық жүйеде тұрғындар қоқысты ауладағы қоқыс жинайтын жерлерге шығарады, ол жерден қоқыс тасымалдаушылар қоқысты әрбір 2-3 күн сайын залалсыздандырылатын және өндеп, қайда пайдаланылатын орындарға шығарады. Жоспарлы-пәтерлік жүйеде пәтерлердегі қоқыс шелектерінде жиналған қоқысты тұрғындар белгілі бір уақытта үйдің жанына келетін қоқыс тасушы көлікке аударып салады.
Қолданылатын залалсыздандыру технологиясына байланысты қатты қалдықтарды залалсыздандыру әдістерінің келесі топтарын ажыратады:
Биотермиялық (компостау, биотермиялық камералар, биотермиялық қайта өңдеу зауыттары, жетілдірілген қоқыс төгетін жерлер);
Термиялық (қоқыс өртеу зауыттары, пиролиз);
Химиялық (гидролиз);
Механикалық (қалдықтарды құрамына қарай бөлу, әр қарай қайта пайдаға асыру, құрылыс блоктарын престеу).
Сұйық қалдықтардан тазарту. Сұйық қалдықтарды жинау, сақтау және жою үшін екі жүйе пайдаланылады: тасып әкететін (ассенизациялық) және канализациялық (ағызып жіберетін).
Канализация деп, ағынды суларды жинау, оларды құбырлар арқылы елді мекеннен тыс жерге шығару, залалсыздандыру мен суаттарға немесе жер учаскелеріне ағызуды қамтамасыз ететін құрылыстар мен санитарлық шаралар жүйесін түсінеді.