С. А. Аррениус (1859-1927) процесс растворения электролитов сопровождается образованием заряженных частиц, способных проводить электрический ток Электролиттердің еру немесе балқу процессі электр тогын өткізе алатын зарядталған бөлшектер түзе жүретін процесс
С.Аррениус жұмыстары. Электролит ерітіндісі мен балқымалары арқылы әртүрлі зарядталған (оң және теріс) иондардың бар болуы салдарынан электр тоғы өтеді. Бүл қүбылысты ғылыми тұрғыдан негіздей түсіндіру үшін швед ғалымы Сванте Аррениус 1887 жылы электролиттік диссоциация теориясын (ЭДТ) ұсынды.
С.Аррениус жұмыстары. Электролит ерітіндісі мен балқымалары арқылы әртүрлі зарядталған (оң және теріс) иондардың бар болуы салдарынан электр тоғы өтеді. Бүл қүбылысты ғылыми тұрғыдан негіздей түсіндіру үшін швед ғалымы Сванте Аррениус 1887 жылы электролиттік диссоциация теориясын (ЭДТ) ұсынды.
Ерітінділері мен балқымалары электр тоғын өткізеді Заттар Электрөткізгіштік Электролиттер Бейэлектролиттер Ерітінділері мен балқымалары электр тоғын өткізбейді Иондық немесе ковалентті күшті полюсті байланыс
Электролиттер Бейэлектролиттер Электролиттік диссоциация деп электролитті ерітіп немесе балқытып және де солар аркылы электр тоғын өткізгенде оң және теріс зарядталған иондардың түзілуі айтылады.
Электролиттер- қышқылдар, негіздер және тұздар полярлы ертінділерде ерігенде иондарға ыдырайды.
Электролиттік диссоциация теориясының негізгі ережелері:
1. Электролиттер суда ерігенде оң зарядталған иондарға –катиондарға және теріс зарядталған иондарға –аниондарға ыдырайды.
СаСІ2 ↔ Са+2 + 2СI-
Электролит катион анион
Мұндағы "ион" атауының өзі грек тілінен аударғанда "кезбе" дегенді білдіреді. Ерітіндідегі иондар әртүрлі бағытта ретсіз қозғалады.
2. Иондар атом құрылысы мен қасиеті бойынша өзгеше келеді:
11 Nа0 1s22s22р6
ион натрий электрондық формуласы
Натрий иондары Nа+ электронды бермейді, ауада тотыға алмайды, сумен әрекеттеспейді.
.
3. Ерітінді мен балқымадағы иондардың қозғалысы ретсіз, ал электролиттің ерітіндісі немесе балқымасы арқылы тұрақты ток өткізгенде катиондар катодқа (-), ал аниондар - анодқа (+) бағыттала қозғалады.
4. Электролиттік диссоциация процесі барлық жагдайда да қайтымды болып қалады. Сондықтан дисоциация теңдеуін жазғанда теңдік белгісінің ронына қарама-қарсы бағытталған стрелкалар қояды:
КА К++А-
Сулы ерітіндідегі сірке қышқылының молекуласы келесідей диссоциацияланады:
диссоциация
CH3COOH ↔ Н+ + СН3СОО
ассоциация
Тура реакцияны электролиттің диссоциациясы немесе ионизациясы (шартты түрдегі ыдырауы), ал кері реакцияны - иондардан молекуланың түзілу процесі - ассоциациясы немесе молекулалануы (жинақтала бірігуі) дейді.
Электролиттік диссоциация еріген зат пен еріткіштің молекулаларының әрекеттесуі нәтижесінде жүреді. Диссоциация жүру үшін еріген зат пен еріткіш молекулаларындағы химиялық байланыс типтерінің маңызы зор.
Электролиттердің табиғатына әрі олардың молекулаларындағы атомдар арасындағы байланыстың беріктігіне байланысты электролиттер әртүрлі дәрежеде иондарға ыдырайды.