Электрондық цифрлық қолтаңба



Дата13.11.2023
өлшемі0,89 Mb.
#191376
түріҚұрамы
Байланысты:
f624298548288a0


Электрондық цифрлық қолтаңба
Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) телеқатынас арналарымен тасымалданатын мәтіндерді аутентификациялау үшін пайдаланылады. Цифрлық қолтаңба - қол қойылатын мәтінмен бірге жіберілетін қосымша онша көп емес цифрлық ақпарат.
ЭЦҚ жүйесінің өз құрамында екі процедура бар: қолтаңба қою процедурасы және колтаңбаны тексеру процедурасы. Қолтаңба қою процедурасында хабар жіберушінің құпия кілті пайдаланылады, ал қолтаңбаны тексеру процедурасында - жіберушінің ашық кілті.
ЭЦҚ-ны қалыптастыру кезінде хабар жіберуші ең алдымен қол қойылатын М мәтіннің Һ(М) хэш-функциясын есептеп шығарады. Есептеп табылған Һ(М) хэш-функциясы бүкіл М мәтінін сипаттай алатын бір қысқа ғана акпараттардың m блогінен тұрады. Содан соң m саны жіберушінің құпия кілті арқылы шифрленеді. Осылайша алынған сандар жұбы берілген М мәтінінің ЭЦҚ-сы болып шығады.
ЭЦҚ-ны тексеру үшін хабар алушы М мәтінді қабылдаған кезде қайтадан m=һ(М) хэш-функциясын есептейді. Содан соң жіберушінің ашық кілті көмегімен хэш-функцияның есептеп табылған m мәнінің алынған қолтаңбаға сәйкестігі тексеріледі. ЭЦҚ жүйесінде пайдаланушының құпия кілтін білмей оның ЭЦҚ-сын қолдан (жалған) жасауға мүмкіндік жоқ екендігін атап кету керек.
Әр қолтаңбада мынадай ақпарат болады:
қол койылған дата; осы қолтаңба кілтінің жарайтын мерзімінің аяқталу уақыты;
файлға қол қойған адам туралы мәлімет (аты-жөні, қызметі, жұмыс орнының қысқаша аты);
қол коюшының ұқсастырғышы (ашық кілттің аты); цифрлық қолтанбаның өзі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет