Әлеуметтану теориясы



Pdf көрінісі
Дата10.11.2022
өлшемі209,15 Kb.
#157443
Байланысты:
leumettanu-teoriyasy 16 lecture



16-дәріс
ӘЛЕУМЕТТАНУ ТЕОРИЯСЫ
3-тарау. Қазіргі заманғы әлеуметтану 
теориясы: негізгі мектептер
Конфликт теориясы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 
АШЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ


Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Әлеуметтану теориясы
3. Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
16. Конфликт теориясы
2
Конфликт теориясын ішінара болса да құрылымдық функционализмге берілген жауап және 
бұған дейін талқыланған көптеген сын-пікірлердің негізінде дамыған ілім ретінде қарастыруға 
болады. Алайда конфликт теориясының басқа да тамырларын, атап айтқанда, Маркстің және 
Вебердің теориясы мен Зиммельдің әлеуметтік конфликт жөніндегі еңбегін атаған жөн. 1950 
және 1960 жылдары конфликт теориясы құрылымдық функционализмнің баламасы болды, 
бірақ содан соң көптеген неомарксистік теориялармен ауыстырылды. Шын мәнінде, конфликт 
теориясының ғылымға қосқан маңызды үлесі жайлы сөз қозғағанда, ең әуелі, оның әлеуметтік 
кең аудиторияны қамту үшін Маркстің өз еңбегіне анағұрлым әділ теориялық негіз қалағанын 
айта кеткен абзал. Конфликт теориясының негізгі кемшілігі – бұл оның өзін құрылымдық-
функционалистік тамырдан жеткілікті деңгейде ажырата алмауы. Бұл өзінің шығу тегі жөнінен 
қоғамның сыни теориясынан гөрі, кері төңкерілген құрылымдық функционализм болды.
Ральф Дарендорфтың еңбегі
Функционалистер сияқты, конфликт теорияшылары әлеуметтік құрылымдар мен инсти-
туттарды зерттеумен айналысты. Негізінен алғанда, бұл теория, әдетте функционалистік 
позицияға тікелей қарама-қарсы бірқатар тұжырымдарды білдіреді. Бұл қарама-қайшылық 
функционалдық теория мен конфликт принциптерді қарама-қарсы қоятын Ральф Дарен-
дорфтың еңбектерінде жақсы сипатталады. Функционалистер үшін қоғам статикалық немесе 
ең әрі кеткенде, қозғалмалы тепе-теңдік күйде. Бірақ Дарендорф және конфликт теорияшылары 
үшін әрбір қоғам әрбір ортада өзгерістер процесіне ұшырайды. Функционалистер қоғамнан 
тек тәртіптілікті ғана көрсетсе, конфликт теорияшылары даулар мен конфликтілерді әлеу-
меттік жүйенің әрбір нүктесінен көреді. Функционалистердің (немесе ішінара, ертеректегі 
функционалистер) тұжырымдауынша, қоғамның әрбір элементі тұрақтылыққа әсер етеді; 
конфликт теориясының өкілдері қоғам элементтерінің көпшілігін ыдырауға және өзгертуге 
ықпал ететін тетік ретінде қарастырады. Функционалистер қоғамды бейресми тәртіппен, құнды-
лықтармен және жалпы моральдың көмегімен қабылдауға дайын. Конфликт теорияшылары 
қоғамдағы әрбір тәртіпті жоғарыда тұрғандардың кейбір элементтерді күштеп көндіру арқылы 
болатын құбылыс ретінде қарастырады. Функционалистер жалпы қоғамдық құндылықтар 
арқылы жасалып отырған ынтымақтастыққа көңіл қойып жатқанда, конфликт теорияшылары 
қоғамдағы тәртіпті сақтаудағы биліктің рөлін бөліп көрсетеді.
Дарендорф (1959, 1968) қоғамның екі түрлі жағы (конфликт және консенсус) бар екені 
туралы позицияны ұстанып, әлеуметтану теориясын конфликт және консенсус теориясы деп 
екіге бөледі. Консенсус теорияшылары қоғамдағы құндылықтардың интеграциясын зерттеуі 
тиіс, ал конфликт теорияшылары мүдделер конфликтісін және қоғамды күйзеліс алдында 
еріксіз біріктіретін шарасыздықты қарастыруы керек. Дарендорфтың айтуынша, қоғам бір-
бірінің алғышарттары болып табылатын конфликтер мен консенсустарсыз өмір сүре алмайды. 
Осылайша, егер алдын ала келісім болмаса, конфликтінің болуы мүмкін емес. Мысалы, 
француздық үй шаруасындағы әйел Чилидің шахматшысымен дауға килікпейді. Өйткені 
олардың арасында конфликт негізі болатын алдын ала интеграцияға бағдарланған байланыс 
жоқ. Керісінше, конфликт консенсус пен интеграцияға алып келуі мүмкін. Мысал ретінде, Екінші 
дүниежүзілік соғыстан кейінгі Құрама Штаттар мен Жапония арасындағы одақты келтіруге 
болады. Консенсус пен конфликтінің арасындағы өзара байланысқа қарамастан, Дарендорф: 
«Бәлкім, Батыс философиясы қалыптасқаннан бастап ойшылдарды ойландырған теорияларды 
біріктіру мүмкін емес болар», – деп, екі процесті де қамтитын біртұтас әлеуметтану теориясын 
жасауға оптимистік пейіл білдірген жоқ.
Сингулярлық теорияны зерттей отырып, Дарендорф қоғамның конфликт теориясын 
жасауды ұйғарды. Оның бұл бағыттағы еңбегіне құрылымдық функционализмнің тигізген 
ықпалы өте зор болды. Оның айтуынша, функционалист үшін әлеуметтік жүйе еркін серіктестік, 
жалпы келісім немесе екеуі қосақталып та келеді. Алайда конфликт теорияшысы оны қоғамды 
біріктіретін «еріксіз шектеу» дейді. Осылайша, қоғамдағы кейбір позициялар билік және 
басқаларға билік ету сипатында көрініс табады. Қоғамдық өмірдің бұл дерегі Дарендорфты 
биліктің жіктелген түрде бөлінуі «жүйелі түрде әлеуметтік конфликтілерді анықтаушы фактор 
ретінде өзгеріссіз қалыптасады» деген ортақ тезиске алып келді.


3
Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Әлеуметтану теориясы
3. Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
16. Конфликт теориясы
Билік
Дарендорф ірі әлеуметтік құрылымдарға назар аударады. Оның баяндамасының негізінде 
қоғамдағы түрлі позициялар әртүрлі өкілеттілікке ие болады деген идея жатыр. Билік адам-
дарда емес, лауазымдарда болады. Ол бұл позициялардың құрылымына емес, олардың ара-
сындағы конфликтілерге қызығушылық білдіріп: «Мұндай конфликтілердің құрылымдық шығу 
жағдайларын үстемдік пен бағынуға негізделген әлеуметтік рөлдердің ұйымдастырылуынан 
іздеу қажет», – дейді.
Дарендорфтың айтуынша, конфликтілерді талдаудағы алғашқы міндет – қоғамдағы түрлі 
өкілеттіктерді анықтау. Биліктің рөлі сияқты ірі масштабтағы құрылымдарды қарастыруға 
қосымша түрде ол индивидуалдық деңгейге назар аударғандарға қарсы болды. Мысалы, 
лауазымды иеленген адамдардың психологиялық және мінез-құлықтық сипаттамаларына 
назар аударғандарды сынға алды. Тіпті «мұндай тәсілді басшылыққа алғандар әлеуметтанушы 
емес» деген пікірді де айтады.
Өкілеттіктерге бекітілген билік – Дарендорф талдауының негізгі элементі. Билік әрдайым 
басқаруды, сонымен қатар бағынуды білдіреді. Кім басқару өкілеттігіне ие болса, сол бағы-
нушыларды бақылап отырады; яғни олар өздерінің психологиялық ерекшеліктеріне емес, 
айналасындағылардың міндетіне қатысты басымдыққа ие болады. Бедел сияқты, бұл міндет 
адамның өзіне емес, лауазымдарға бекітілген. Билік жалпыланған әлеуметтік құбылыс 
емес; кімнің тексеруге жататыны, сонымен қатар тексерудің рұқсат етілген аялары қоғамда 
көрсетілген. Соңында, бедел заңды түрде болғандықтан, санкциялар оны орындамағандарға 
қатысты болады.
Дарендорфтың пайымынша, билік адамдарда емес, лауазымдарда болғандықтан тұрақ-
ты болмайды. Осылайша, бір жағдайда өкілеттікке ие адам, басқа жағдайда міндетті түрде 
өкілеттікке ие болуы міндетті емес. Дәл осылай бір топта бағынышты жағдайда отырған адам 
басқа жағдайда да бағынышты күйде болуы мүмкін. Мұны Дарендорфтың қоғам императивті 
үйлестірілген ассоциациялар деп аталатын бірқатар бірліктерден тұрады деген дәлелінен көруге 
болады.Олар билік қызметінің иерархиясы арқылы бақыланатын адамдардың ассоциациясы 
ретінде қарастырылады. Қоғам көптеген осындай ассоциациядан тұратындықтан, адам бір 
жағдайда билік лауазымын иеленіп, ал екінші жағдайда бағынышты болуы мүмкін.
Өкілеттік әрбір ассоциацияда дихотомиялық сипатқа ие болады; осылайша, екі, тек қана екі, 
жанжалдасу тобы әрбір ассоциацияның шегінде қалыптасуы мүмкін. Басшылық лауазымын 
иеленіп және бағыну жағдайын да бастан кешіріп отырған адам «мәні мен бағыты жағынан 
қарама-қайшы» белгілі бір мүдделерге ие болады. Бұл жерде Дарендорфтың конфликт – 
мүдделер теориясының негізгі ұғымдарымен танысуға болады. Жоғарғы және төменгі топтар 
ортақ мүдделерімен анықталады. Дарендорф өзінің тұжырымдарында, тіпті бұл мүдделер 
психологиялық болып көрінгенмен, негізінен алғанда, ірі масштабтағы құбылыстар екенін 
нақты айтады.
Әрбір ассоциацияда кім үстемдікке ие болса, өз мәртебесін сақтап қалуға тырысса, 
бағыныштылар өзгерістерді қалап отырады. Кез келген ассоциацияның ішінде мүдделер 
конфликтісі әрдайым жасырын, яғни биліктің заңдылығы әрқашан қатерлі. Әрекетке бағы-
натындар немесе бағындыратындар әрекет етуі үшін мүдделер конфликті саналы болмауы 
тиіс. Әрекетке бағынатындардың немесе бағындыратындардың мүдделері объективті түрде 
олардың лауазымдарына байланысты міндеттерде бейнеленеді. Адамдарға үйлесімді әрекет 
ету үшін бұл міндеттерді меңгеру де, тіпті сезіну де қажет емес. Егер олар лауазымдарды 
иеленсе, оны міндетке сай орындайды. Бағындыратындар мен бағыныштылар арасындағы 
конфликт жағдайларда адамдар өздерінің рөлдеріне қатысты «оңалады» және «бейімделеді». 
Дарендорф рөлдерді санасыз түрде күтуді латентті мүдделер деп атады.
Айқын мүдделер – саналы түрге айналған жасырын мүдделер. Дарендорф жасырын және 
айқын көрінген мүдделер арасындағы байланысты талдауды конфликт теориясының маңызды 
міндеті деп қарастырады. Соған қарамастан, үйлесімді әрекетке көшпес үшін акторлар өз 
мүдделерін сезінбеуі тиіс.


Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Әлеуметтану теориясы
3. Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
16. Конфликт теориясы
4
Топтар, конфликт және өзгеріс
Дарендорф топтардың үш типін көрсетті. Біріншісі – квазитоп немесе «Бірдей рөлдік 
мүдделері бар – мәртебелерге ие қызметкерлердің жиынтығы». Бұл – екінші типтегі мүдделі 
топтарға таңдау. Көптеген мүдделі топтардан конфликтілі топтарға немесе топтық кон-
фликтілерге шын мәнінде қатысатындар қалыптасады. Оның тұжырымдауынша, жасырын 
және айқын мүдделер, квазитоптар, мүдделі топтар және конфликтілі топтар әлеуметтік кон-
фликтілерді түсіндірудің негізін қалайды. Идеалды жағдайда басқа ешқандай айнымалылар 
қажет емес. Алайда жағдайлар ешқашан мінсіз болмайтындықтан, бұл процеске көптеген 
түрлі фактор араласады. Дарендорф техникалық жағдайларды, атап айтқанда, адекватты 
қызметкерлер, саяси жағдайларды, яғни жалпы саяси климат пен әлеуметтік жағдайларды, 
қысқасы, коммуникациялық байланыстардың болуын айтты. Адамдарды квазитоптарға 
топтау – Дарендорф үшін маңызы бар басқа әлеуметтік жағдай. Оның ойынша, егер топтау 
кенеттен болып және кездейсоқ жолмен анықталса, онда мүдделі топтар және ақырында 
конфликтілі топтардың пайда болуы екіталай. Дарендорф адамдардың кенеттен жиналуына 
байланысты ақыр соңында даулы топтарды қалыптастыратын люмпенпролетариатты 
сезінбеді. Квазитоптарға топтау құрылымдық тұрғыдан анықталғанда, бұл топтар мүдделілер 
тобын, ал кейбір жағдайларда даулы топтарды қалыптастыруға жақсы мүмкіндіктер жасайды. 
Оның конфликт теориясының соңғы аспектісі даулардың өзгерістерге қатынасын сипаттайды.
Мұнда Дарендорф статус-кво қолдануда конфликт функциясына басты көңіл аударған Льюис 
Козер еңбегінің маңызын мойындады. Алайда ол конфликтілердің консервативті қызметі 
әлеуметтік шындықтың бір бөлігі екенін сезінді; сонымен қатар конфликт өзгерістер мен дамуға 
алып келеді. Қысқаша айтқанда, Дарендорф конфликтілік топтардың пайда болған сәтінен 
әлеуметтік құрылымды өзгертуге алып келетін іс-шараларға қатысатынын тұжырымдады. 
Конфликтілер шиеленіскен жағдайда радикалды өзгерістерге әкеледі. Егер де ол зорлық-
зомбылық көрсетумен байланысты болса, құрылымдық өзгерістер күтпеген жерден туады. 
Тәуелсіз әлеуметтанушылар конфликтінің сипатына қатысты конфликтілер мен өзгерістерге, 
сонымен қатар конфликтілер мен статус-кво арасындағы қатынастарға көңіл аударуы тиіс.
Негізгі сын-пікірлер және оларға тойтарыс беру талпынысы
Конфликт теориясын бірқатар себепке байланысты тұтасымен сынайды. Мысалы, оны 
тәртіп пен тұрақтылыққа шабуыл жасайды деп айыптаса, құрылымдық функционализмді 
конфликтілер мен өзгерістерді елемегені үшін сынады. Бұл теорияны идеологиялық тұрғыдан 
радикалдығына байланысты сынайтын болса, функционализмді консервативтік идеология-
сы үшін сынға алды. Құрылымдық функционализммен салыстырғанда конфликт теориясы 
толық жетілмеген. Бұл оның функционализм сияқты күрделі емес, туынды теория болуына 
байланысты болуы мүмкін.
Дарендорфтың конфликт теориясы, ой-талдауларын қоса алғанда, сынға ұшырады. Бірін-
шіден, оның моделі, өзі айтқандай, марксистік идеялардың бейнесі ретінде өте анық емес. 
Екіншіден, бұған дейін айтылғандай, конфликт теориясының марксистік теориядан гөрі құры-
лымдық функционализммен ұқсас жақтары көбірек.
Дарендорфтың жүйе, лауазым және рөл сияқты нәрселерге көңіл аударуы оны құрылым-
дық функционализммен тікелей байланыстырады. Нәтижесінде, оның теориясы құрылымдық 
функционализм сияқты көптеген кемшіліктерден зардап шекті. Мысалы, конфликт заңды 
жүйелерде ұқсас түрде қалыптасады. Бұдан басқа конфликт теориясы құрылымдық функ-
ционализм сияқты көптеген концептуалды және логикалық қайшылықтардан ақсап жатты. 
Ақырында, құрылымдық функционализмге ұқсас конфликт теориясы да толық дерлік макро-
скопиялық сипатта болғандықтан, біздің түсінуімізге лайықты жеке ойлау мен іс-әрекетті 
ұсынуы тіпті мүмкін емес. Функционализм мен Дарендорфтың конфликт теориясы тұрақты 
емес, сондықтан да олардың әрқайсысы қоғамдық өмірдің тек қана жекелей бөліктерін 
түсіндіру үшін пайдалы. Әлеуметтану тәртіпті, сондай-ақ конфликті, құрылымды және өзгерісті 


5
Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Әлеуметтану теориясы
3. Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
16. Конфликт теориясы
анықтап түсіндіре алатындай әмбебап ілім болуы тиіс. Демек, конфликті және функционал-
дық теорияларды келісімге келтіру үшін біраз күш салу қажет деген сөз. Алайда олардың 
ешқайсысы толық қанағаттанарлық күйде болған жоқ. Бұл әрекеттер әлеуметтанушыларды 
ішінара қандай да бір бітімге келуге үндейтін, яғни консенсустың мәні мен келісімге келе 
алмаушылықтың себептерін түсіндіретіндей теория қажеттігін күн тәртібіне қойды. Конфликт 
және құрылымдық-функционалдық теориялар, сонымен бірге олардың әрқайсысына тән 
шектеулер сынға ұшырағандықтан, ақыры бұл екі теорияны интеграциялап немесе келісімге 
келу арқылы мәселелерді шешу үшін көп күш жұмсауға тура келді. Екі теорияның бірігуі біреуіне 
қарағанда екіншісінің күшеюінен болады деп болжанды. Сондай болжамның бірін Льюис Козер 
өзінің (1956) The Functions of Social Conflict («Әлеуметтік конфликт функциялары») атты әйгілі 
еңбегінде ұсынды (1956).
Әлеуметтік конфликтілердің функцияларын алғаш талдаған Георг Зиммель болатын, оны 
конфликт аз құрылымдалған топты бекітуге көмектеседі деген пікір арқылы Козер әрі қарай 
жалғастырды. Күйреуге ұшыраған қоғамның басқа қоғамдармен конфликтіге килігуі инте-
гративтік ядроны қалпына келтіруі мүмкін. Таяу Шығыстағы Араб елдерімен арадағы бұрыннан 
келе жатқан конфликтіге ішінара болса да Израиль еврейлері кінәлі.
Конфликтінің жойылуы Израиль қоғамындағы негізгі шиеленістерді күшейтуі ықтимал. 
Конфликт – қоғамды орнықтыру агенті, жоқ жерден жау табу немесе енжар қарсыласқа анта-
гонизмді қарсы қою сияқты әрекеттер насихатшыларға бұрыннан мәлім. Бір топпен конфликт 
ынтымақтастықты дамытып, басқа топтармен альянстар сериясын қалыптастырады. Мысалы, 
арабтармен конфликт Құрама Штаттар мен Израиль арасында одақтың қалыптасуына алып 
келді. Израиль-Араб конфликтісінің бәсеңдеуі Израиль мен Құрама Штаттар арасындағы 
байланыстың әлсіреуіне алып келеді. Қоғам ішіндегі конфликт жеке адамдардың белсенділігін 
дамытады. Вьетнам соғысына қарсылық көптеген жас адамдардың, бірінші рет Американың 
саяси өміріне белсенді түрде араласуына зор ықпал етті. Бұл конфликт аяқталған соң, 
америкалық жастар арасында енжар көңіл күй қайта қалыптаса бастады. Сонымен қатар 
конфликтілер байланыс қызметін де атқарады. Конфликтіге дейін топтар өзінің қарсыласының 
мүмкіндігіне сенімді болмауы мүмкін, бірақ конфликт нәтижесінде мүмкіндіктер мен топтар 
арасындағы шегара айқын бола бастайды. Осылайша, адамдар өзінің қарсыласына қатысты 
дұрыс іс-әрекет бағытын таңдай алады. Конфликт, сондай-ақ қарсылас тараптардың күшті 
жақтарын білуге және бейбіт, қатар өмір сүру немесе жақындасу ықтималдығын күшейтеді. 
Теориялық перспективада функционализм мен конфликт теориясы әлеуметтік конфликт 
функциясын бірге қарастыруы мүмкін. Сонымен бірге конфликтінің дисфункциялы екенін де 
ұмытпаған жөн. Бірқатар теорияшылар конфликт теориясы мен құрылымдық функционализмді 
жақындастыруға тырысса, басқалары конфликт теориясына қатысуға ынта танытпады. 
Мысалы, марксист Андре Гундер Фрэнк бұл теорияны қабылдамай, оны марксистік теорияның 
адекватты емес түрі деп бағалады. Конфликт теориясында бірқатар марксистік элементтер бар 
болғанмен, бәрібір Маркстің алғашқы теориясының ақиқат мұрагері бола алмайды.
Анағұрлым интегратив конфликт теориясы
Рэндалл Коллинздің конфликт теориясы Дарендорф пен басқалардың макроконфликт 
қатынастар теориясынан өзгеше микробағыттағы ізденістерге жол ашты. Өзінің ертеректегі 
жұмысында Коллинз былай дейді: «Конфликтілер теориясына енгізген менің өзіндік үлесім... 
макродеңгейдегі теорияларды микродеңгейлі теориямен толықтыру болды. Мен, негізінен 
алғанда, стратификация мен ұйымның күнделікті өмірдегі өзара әрекеттестікке негізделетінін 
түсіндіруге тырыстым».
Коллинз конфликтіге ден қоюда ешқандай идеологиялық мән болмайтынын түсіндіруге 
тырысты; яғни ол конфликтілерге жақсы немесе жаман деп саяси тұрғыдан баға бермеді. 
Керісінше, ол конфликтіге шындық пен бірлік ретінде қарап, оның қоғамдық өмірдегі басты 
процесс екенін тұжырымдады. Теориялық түп тамыры феноменологиямен этнометодология-
да жатқандықтан, Коллинз конфликтіге индивидуалдық тұрғыдан қарау арқылы қоғамдық 
деңгейде қалып отырған басқа зерттеушілерден анағұрлым ерекшеленді.


Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Әлеуметтану теориясы
3. Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
16. Конфликт теориясы
6
Индивидуалдық пен шағын масштабтағы теорияларға баса мән бергеніне қарамастан, 
Коллинз «Әлеуметтанудың тек қана макродеңгейде тиімді болмайтынын» білді; конфликт 
теориясын қоғамдық талдаусыз тұжырымдау мүмкін емес. Қалай болғанда да конфликтінің 
көптеген теорияшылары әлеуметтік құрылымды актордан тыс, сыртқы және еріксіз көндіретін 
күш дегендеріне қарамастан, әлеуметтік құрылымды өздерін жасау үшін әрекет етушілерден 
ажыратпай, олардың мінез-құлық модельдерін оның мәні ретінде қарады. Ол әлеуметтік құ-
рылымды сыртқы және мәжбүрлеуші күш емес, өзара әрекет модельдері ретінде қарастыруға 
ынта қойды. Бұдан басқа өз заманындағы конфликт теорияшыларының акторды сыртқы 
күшпен тежеу туралы айтқандарынан өзгеше, акторды әлеуметтік ұйымды үнемі ұйымдастырып 
әрі оны қайтадан құрып толассыз дамытып отырушы күш деп есептеді.
Коллинз марксистік теорияны конфликт теориясының «қайнар көзі» деп білді, алайда 
оның көзқарасы бойынша, мұның өзіндік кілтипаны бар. Біріншіден, ол (құрылымдық функ-
ционализм сияқты) өте идеологияшыл, сондықтан одан қашу керек. Екіншіден, Маркстің 
зерттеуі экономикалық саланы талдауға бағытталды, сондықтан Маркстің теориясын сынау 
негізсіз. Шын мәнінде, Коллинз Маркске жиі жүгінді және оның конфликт теориясынан аз да 
болса Маркстің ықпалын байқауға болады. Оның көзқарасына көбірек әсер еткен – Вебер, 
Дюркгейм және бәрінен бұрын феноменология мен этнометодология.
Әлеуметтік стратификация
Коллинз әлеуметтік стратификацияға көңіл аударуға тырысты, өйткені ол өмірдің салала-
рын барынша қамтитын институт, атап айтқанда: «байлық, саясат, мансап, отбасы, клубтар, 
қауымдастықтар, өмір сүру бейнесі». Оның көзқарасы бойынша, стратификацияның белгілі 
теориялары – «сәтсіздік». Ол марксистік теорияны «мультикаузальды әлемді монокаузальды 
түсіндіру» деп сынады. Вебер теориясын екі атақты теорияның ерекшеліктерін салыстыру үшін 
«жүйеге қарсы» деп қарағаннан да әлдеқайда маңызды деп бағалады. Вебердің талдаулары 
Коллинз үшін өте пайдалы болды, әйтсе де «феноменологиялық әлеуметтанудың барлық 
ұғымдарды өмірдің әр мезетінде бақыланатындай етіп негіздеуі» мейлінше маңыздырақ еді. Бұл 
оның зерттеуінде әлеуметтік стратификацияның ірі масштабты емес, шағын масштабты болып 
көрінуімен де байланысты. Оның пікірінше, әлеуметтік стратификация басқа да әлеуметтік 
құрылымдар сияқты күнделікті өмірде адамдардың бір-бірімен үлгі бойынша қақтығысуына 
негізделеді дегенге келіп тіреледі. Микроәлеуметтік стратификацияның тікелей жақтаушысы 
болғанына қарамастан, Коллинз өз жұмысында Маркс пен Вебердің кең ауқымды теорияларына 
сүйенді. Ол «белгілі бір өзгерістер арқылы стратификацияның конфликт теориясының негізін 
жасауға болады» деп тұжырымдай отырып, марксистік принциптерден нәр алады.
Біріншіден, Коллинздің айтуынша, Маркс материалдық жағдайларды қазіргі қоғамда өмір 
сүру үшін ақша табуға бағытталған, адамның тіршілік етуінің басты құралы деп есептейді. Өмір 
сүру үшін ақша табудың негізі – Маркс үшін адамның жекеменшікке қатынасы. Кімнің қолында 
жекеменшік бар немесе оған бақылау жүргізе алады, сол мұндай мүмкіндіктері жоқтармен 
және өзінің жұмыс уақытын өндіріс құралдарына қол жеткізу үшін сатуға мәжбүр болғандармен 
салыстырғанда, өз өміріне қанағаттанарлық жолмен көбірек ақша таба алады.
Екіншіден, Маркстің көзқарасы бойынша, материалдық жағдайлар адамдардың өз өміріне 
қажетті ақшаны қалай табатынына ғана емес, сонымен қатар түрлі таптардағы әлеуметтік 
топтардың табиғатына да әсер етеді. Үстемдік етуші әлеуметтік тап бағынышты әлеуметтік тап 
пен әлеуметтік топтардың дамуына ықпал жасайды. Ақырында, Коллинздің тұжырымдауынша, 
Маркс әлеуметтік таптардың арасында мәдени жүйеге қолжетімдігі жағынан да қалыптасқан 
символикалық және идеологиялық жүйелерді дамыта отырып, оларды төменгі әлеуметтік 
таптарға міндеттейді. Төменгі әлеуметтік таптар нашар дамыған символикалық жүйелерге ие, 
олардың көбі билік өкілдеріне жүктелуі мүмкін.
Коллинз Веберге Маркстің жіктелу теориясын әрі қарай дамытушы деп қарайды. Бір жағынан, 
айтылып жатқандай, Вебер көпқырлы стратификация жүйесіне алып келетін конфликтілердің 
әрқилы түрлерінің өміршеңдігін мойындайды. Екінші жағынан, Вебер жоғары деңгейдегі ұйым 
теориясын дамытты, мұны ол мүдделер конфликтісінің тағы бір алаңы деп есептеді. Вебердің 


7
Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Әлеуметтану теориясы
3. Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
16. Конфликт теориясы
мемлекетке зорлық құралын бақылаушы агенттік ретінде қарап, өзінің назарын экономикадағы 
конфликтілерден мемлекеттегі конфликтілерге аударуы Коллинз үшін маңызды жаңалықтың 
бірі болып көрінді. Ақырында, Вебердің әлеуметтік саланың эмоционалды жақтарын, әсіресе 
дінді терең түсінуі оған зор ықпал етті. Конфликт бұл алаңда міндетті түрде болуы ықтимал 
және ол эмоционалдық әрекет, басқа да әрекеттер сияқты әлеуметтік конфликтілерге құрал 
ретінде қолданылуы мүмкін.
Стратификацияның конфликт теориялары
Осы орайда, Коллинз марксистік және веберлік теорияларға қарағанда феноменологиялық 
және этнометодологиялық теориялармен ұқсастықтары көбірек жіктелу теориясын талдауда 
өзінің конфликт тәсіліне жүгінді. Коллинз бірқатар болжамдар жасады. Адамдар әлеуметтік 
қатынастарда ажырамастай көпшіл, сонымен қатар конфликтіге ерекше бейім болып келеді. 
Конфликт ықтимал түрде әлеуметтік қатынастарда туындап отырады, өйткені «күшпен 
көндіру» барлық уақытта бір адаммен немесе көп адаммен өзара әрекеттестікке түсу 
барысында қолданылады. Коллинздің пікірінше, адамдар өздерінің «субъективті мәртебесін» 
максималды етуге тырысады және мұны жасау олардың ресурстарына, сонымен қатар олар 
кіммен байланысса, солардың ресурстарына тәуелді. Ол адамдарды пайдакүнем көреді, 
осылайша, конфликт қалай да болуы тиіс құбылыс, өйткені мүдделер жиынтығы мәні жағынан 
антогонистік болып келеді.
Стратификациядағы бұл конфликт тәсілі үш негізгі принципке негізделеді. Біріншіден, 
Коллинз адамдарды өздері жасаған субъективті әлемде өмір сүреді деп есептеді. Екіншіден, 
басқа адамдар жеке адамның субъективті тәжірибесіне әсер ету немесе тіпті оны бақылау 
құқығына ие болады. Үшіншіден, басқа адамдар көбінесе өздеріне қарсы шығатын 
адамдарды бақылауға тырысады. Нәтижесінде тұлғааралық конфликтіге ұласуы ықтимал. 
Осы тәсіл негізінде Коллинз конфликтіні талдаудың бес принципін жасап, оларды әлеуметтік 
стратификацияға қолданды. Алайда оның көзқарасынша, бұларды қоғамдық өмірдің түрлі 
салаларында қолдануға болады. 
Біріншіден, Коллинз конфликт теориясы абстракті тұжырымдарға емес, шынайы өмірге 
көңіл аударуы тиіс деп есептейді. Бұл сенім, бәлкім, оның құрылымдық функционализмнің 
абстракциясымен салыстырғанда марксизмнің материалдық талдауына көбірек жүгінетінін 
бейнелейтін болар. Коллинз бізді адамдардың әрекетін, жануарлар секілді, қауіптен қашып, 
пайдаға ұмтылып, өз тілектерін қанағаттандыру үшін жасалатын түрлі айла-тәсіл деп бағалауға 
шақырады. Дегенмен айырбас және рационалды таңдау теорияшыларынан бір айырмашылығы 
– адамдарды толық рационалды деп есептеген жоқ, өйткені адам өзін қанағаттандыру 
барысында эмоцияға төтеп бере алмай, әлсіздік танытады.
Екіншіден, оның пікірінше, стратификацияның конфликт теориясы өзара әрекеттесуге әсер 
ететін материалдық механизмдерді зерттеуі тиіс. Қатысушыларға «физикалық орын, араласу 
тәсілдері, қаруды жеткізу, қоғамдық әсерді жеткізу үшін қондырғылар, құралдар, тауарлар» 
сияқты материалдық факторлардың әсер етуі мүмкін болғанмен, акторлардың бәрі бірдей 
бір қалыпты өзгеріске ұшырамайды. Негізгі айнымалы – түрлі акторларға тиесілі ресурстар. 
Көбірек материалдық ресурстарға ие акторлар қарсы шығуы немесе бұл материалдық 
шектеулерді өзгертуі мүмкін. Дәл осы уақытта кімде ресурс аз болса, олардың ойлары мен іс-
әрекеттері материалдық күйімен ерекшеленуі ықтимал.
Үшіншіден, Коллинздің тұжырымдауынша, топтардың теңсіздігі жағдайында ресурстарды 
бақылайтындар ресурсы жоқтарды пайдалануға тырысуы мүмкін. Осындай жағдайда пайда 
көретіндер саналы түрде есепті қажет етпейтінін көрсетіп, сақтық жасайды; дұрысы, қанау-
шылар тек өздерінің ойынша тиімді болатын мүдделерді көздейді. Процесс барысында олар 
ресурсы жоқтарды пайдалануы мүмкін.
Төртіншіден, Коллинз конфликт теорияшысының мүдделер, ресурстар және билік тұрғысы-
нан сенім және мұрат сияқты мәдени құбылыстарды қарастыруы дұрыс деп есептеді. Ресурс-
тары бар мұндай топтар, сәйкесінше, билікте өздерінің идея жүйелерін бүкіл қоғамға міндеттеп 
қоюы әбден мүмкін. Ресурстары жоқ адамдарда да өздеріне жүктелген идея жүйесі бар. 


Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Әлеуметтану теориясы
3. Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
16. Конфликт теориясы
8
Ақырында, Коллинз стратификацияны және әлеуметтік өмірдің басқа да аспектілерін ғылыми 
тұрғыдан зерттеуге ден қойды. Осылайша, ол бірқатар кеңестер берді: әлеуметтанушылар 
стратификацияны теорияшылыққа салынбай, эмпирикалық тұрғыдан, мүмкін болса, салыстыру 
арқылы зерттеуі қажет. Гипотезалар салыстырмалы зерттеулер арқылы эмпирикалық түрде 
тексеруден өткізіліп, тұжырымдалуы тиіс. Сонымен әлеуметтанушы әлеуметтік құбылыстардың 
себептерін, атап айтқанда, әлеуметтік мінез-құлықтың түрлі формаларын іздестіруі керек. 
Мұндай ғылыми міндеттеме Коллинзді конфликт пен қоғамдық өмірдің түрлі нақты аспектілері 
арасындағы өзара байланыс туралы кең көлемді ұсыныстар жасауға алып келді. Бұл жерде біз 
оның конфликт теориясымен оқырманды аз да болса таныстыру үшін кейбір тұжырымдарын 
ғана ұсынамыз.
1.0. Тәжірибе алмасу және тапсырыстарды қабылдау – жеке көзқарастар мен мінез-құ-
лықты анықтаушы негізгі факторлар.
1.1. Адам неғұрлым бұйрық берген сайын тәкаппар, өзіне сенімді бола түседі, ресми және 
ұйымдастыру мақсатындағы іс-әрекетін көбінесе бұйрық берумен шектейді.
1.2. Адам неғұрлым бұйрықтарды орындаған сайын бағынышты бола береді, көнбіс, 
ынтасыз, кіріптар, басқаларға сенбейді, марапат күтеді және әдепсіз.
Басқалармен салыстырғанда, бұл тұжырымдардың барлығы Коллинздің әлеуметтік кон-
фликтілердің шағын масштабтағы көріністерін айқындауда ғылыми-зерттеуге сүйенгендігін 
көрсетеді.
Басқа әлеуметтік салалар
Ол стратификация жүйесіндегі конфликтілерге көңілі толмай, оны басқа әлеуметтік сала-
ларға таратуға әрекеттенді. Мысалы, өзінің стратификацияны талдауын жыныстар арадағы, 
сонымен қатар жас ерекшеліктері әртүрлі топтар арасындағы қатынастарға қатысты кеңейтті. 
Оның ойынша, отбасы – бұл сексуалды конфликт аймағы, мұнда ер адамдар жеңімпаз 
болғанмен, ақырында, әйелдер ерлерден үстем бола бастайды, сөйтіп, кіріптарлық қатынастан 
түрлі конфликт туындайды. Дәл осылай ол жас ерекшеліктері әртүрлі топтардың арасындағы, 
сондай-ақ жастар мен қарт адамдар арасындағы өзара келіспеушілікті конфликтінің бір түрі 
деп білді. Бұл идея құрылымдық функционалистердің көзқарастарына қарсы келді, өйткені 
олар бұл қатынастар үйлесімді әлеуметтену мен интернализацияның негізі болады деп сенді.
Коллинз жас ерекшеліктері әртүрлі топтар иеленген ресурстарды қарастырды. 
Ересек адамдар тәжірибе, көлем, күш және жас адамдардың физикалық қажеттіліктерін 
қанағаттандыруы сияқты көптеген ресурстарға ие болады. Керісінше, ресурстардың ішіндегі 
ең азы – тек қана кішкене балаларда кездесетін физикалық әрекет. Бұл кішкене балалардың 
ересектердің билігіне бағынатынын көрсетеді. Алайда есейе келе балалар ресурстар жинап 
қарсыласа алады, нәтижесінде ұрпақтар арасындағы конфликт күшейеді. Сонымен қатар ол 
ресми ұйымдарға да конфликт тұрғысынан қарады. Оларды тұлғааралық әрекеттер желісі 
және мүдделер конфликтісі туындайтын алаң ретінде көреді. Қысқаша айтқанда, «Ұйымдар 
– бұл күрес алаңы». Коллинз өзінің дәлелін пропозициялық тұрғыда дәйектеді. Мысалы, 
ол: «Мәжбүрлеу мәжбүрленуден қашу үшін аса қатты күш жұмсауға алып келеді», – деп 
тұжырымдады. Керісінше, ол марапаттарға ұсынуды артықшылық стратегиясы деп санады: 
«Сыйлық беру тікелей ұнамды мінез-құлықпен байланысты болғандықтан, бұл дәстүрді сақтау 
материалдық марапаттар арқылы бақылау жүргізіп отыру үшін өте тиімді».
Осы және басқа да тұжырымдар Коллинздің конфликті ғылыми, маңызды микробағыттағы 
деңгейде зерттеуге зейін қойғанын көрсетеді. Қорыта айтқанда, Коллинз бірқатар себептерге 
байланысты, Дарендорф сияқты марксистік қақтығыс теориясының шынайы жаршысы бола 
алмады. Ол Марксті бастапқы нүкте ретінде пайдаланғанмен, Вебер, Дюркгейм және негізінен 
алғанда, этнометодология оның жұмысына айрықша ықпал етті. Оның кіші масштабты бағыты 
конфликтінің интегративті теориясын жасау үшін пайдалы бастама болды. Алайда көздеген 
мақсаты конфликтілердің неғұрлым интегративтік теориясын жасау болғанмен, өкінішке орай, 
бұл міндетті толық орындай алмады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет