Әлеуметтік философия. Қоғам және табиғат. Мақсаттары мен міндеттері



Дата09.04.2020
өлшемі23,8 Kb.
#62038
Байланысты:
Әлеуметтік философия.

Әлеуметтік философия.

Қоғам және табиғат.

Мақсаттары мен міндеттері: Әлеуметтік философияның негізгі концепцияларын анализдеу, олардың адам баласының қазiргi глобалдi мәселелерiнiң ұғынуындағы қоғам тіршілігінің табиғи шарттарының жиынтығы мәселесін қарастыру

 

Жоспар:

1. Әлеуметтік философияның түсінігі мен негізгі принциптері.

2. Қоғам өмірінің салалары. Қоғамның әлеуметтік құрылымы.

3. Философиялық ұғынудағы қоғам және табиғат. Биосфера және ноосфера түсінігі.

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Иманқұл Н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.

2. Иманқұл Н.Н., Бөрібаев Т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.

3. Әбішев Қ.Ә. Философия. Алматы, 2000ж.

4. Ғ. Есім. Фалсафа тарихы. Алматы, 2004.

Философия природы: коэволюционная стратегия. М., 1995.

Концепция самоорганизации. М., 1994.

Хесле В. Философия и экология. М., 1994.

Моисеев Н.Н. Человек и ноосфера. М., 1990

Вернадский В.И. Философские мысли натуралиста. М., 1988.

Кохановский В.П. Основы философии. М. 2005.



Дәрістің қысқаша мазмұны:

Әлеуметтік сфера– еңбек бөлінісіне, өндіріс жабдықтарының меншігіне және ұлттық факторға негізделген қоғамның ішкі құрылысының жүйесі. Қоғамның әлеуметтік құрылымның негізгі элементтері:

· таптар;

· страттар;

· қауымдастықтар;

· қала мен ауыл тұрғындары;

· дене және ой еңбегі өкілдері;

· әлеуметтік-демографиялық топтар (ерлер, әйелдер, қарттар, жастар);

· ұлттар.



Әлеуметтік институт– ұжымдардың, әлеуметтік нормалардың, мәдени жәдігерліктердің белгілі жиынтығы және оларға сәйкес тәртіп жүйесі.

Экономикалық-әлеуметтік институттар– еңбек бөлісі, меншік, еңбек ақысы, т.т.

Әлеуметтік стратификация(жіктеу), белгілері бойынша – білім, біліктілік, жұмысбастылық, кіріс, тұрмыстық шарты, өмір сүру стилі мен әдісі.

Питирим Сорокиннің страттары:

· биоәлеуметтік – а) нәсілдік, ә) жыныстық, б) жас шамасына қарай;

· мәдениәлеуметтік – а) шығу тегі, ә) территориясы, б) тіл, этникалық және ұлттық топтар, в) кәсіби, г) экономикалық, д) діни, е) саяси;

· әлеуметтік мобильдік(жинақылық) – адамдардың бір әлеуметтік топтан өзге әлеуметтік топқа өту мүмкіндігі (шаруаның – жұмысшы, жұмысшының – интеллигенцияға, интеллигенцияның – кәсіпкерге және т.б.).

Әлеуметтік мобильдік – қоғамның қалыпты өмір сүру бейнесі, оның нақты көрсеткіші. Қоғам неғұрлым дамыған, демократиялық болса, соғұрлым әлеуметтік мобильдік жоғары болады.

Батыстың әлеуметтік мобильдік қоғам түрлері:

· мобильдіктің жоғары деңгейіндегі елдер – АҚШ, Италия, Жапония;

· мобильдіктің орташа деңгейіндегі елдер – Канада, Ұлыбритания;

· мобильдіктің төменгі деңгейіндегі елдер – Голландия, Швейцария, Дания.



Азаматтық қоғам- әлеуметтік топтар бірігуінің ең жоғары деңгейі.

Қоғамның саяси сферасы- әлеуметтік топтардың мүддесін қорғайтын, қоғамды басқаратын ұжымдар мен ұйымдар жиынтығы.

Қоғамның саяси жүйесінің элементтері:

· мемлекет пен мемлекеттік органдар (армия, сот, прокуратура, т.т.);

· саяси партиялар;

· қоғамдық ұйымдар;

· кәсіподақ;

· өзге институттар.

Саяси өмірдің негізгі мәселесі – билік;

Мемлекеттің негізгі функциялары:

· өкілеттілік;

· реттегіштік;

· қорғау;

· сыртқы саясат;

· интеграциялық.

Қоғамның рухани өмірініңнегізгі элементтері:

· рухани қызмет;

· рухани құндылықтар;

· адамдардың рухани сұраныс, қажеттілігі;

· рухани тұтыну;

· жеке сана;

· қоғамдық сана.

Қоғамдық сана элементтері:

· әдеттегі және теориялық сана;

· қоғамдық идеология және психология;

· қоғамдық сана формалары.

Қоғамдық сана формалары:

· саясат;

· құқық;


· мораль;

· ғылым;


· дін.

Қоғамның басты құрамдас бөлігі(Ферсман, Плотников):

· антропосфера – биологиялық организм тұрғысындағы адами сфера;

· социосфера – күрделі қоғамдық қатынастар сферасы;

· биотехносфера – адам мен адамзатқа техниканың әсер ету сферасы.

Қоғам мен табиғат ара қатынасындағы негізгі мәселе:

· антропогендік әсер;

· техногендік әсер.



Табиғат– адам мен қоғамның табиғи тіршілік ету шарттарының жиынтығы.

Табиғат – кең мағынада алғанда, - адам жасамаған, қолы тимеген материя бөлігі немесе өзінің шексіз, алуан түрлі көріністерімен құбылатын универсум, бүкіл дүние, мәнділік.

Табиғат – тар мағынада алғанда, - таным, зерттеу объекті немесе жаратылыстану объектінің бірлігі;



Табиғи табиғаттық орта- өзінің дамуы мен тіршілік әрекеті процесіндегі қоғамның өзара әрекеттесетін табиғат бөлігі;

Жасанды табиғаттық орта– тарихи даму процесіндегі адам жасаған қоршаған орта бөлігі;

Жағрапиялық орта– адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын қоршаған ортаның сыртқы табиғат бөлігі;

«Жағрапиялық детерминизм»(XVIII ғ. француз ағартушылары, Ш.Монтескье, Г.Бокли, Э.Реклю) – қоғам даму заңдылықтары, адам баласының өмір сүру бейнесі жер бетінің сипатына, топыраққа, әсіресе климатқа байланысты; климат билігі – барлық биліктерден күшті деп қарастыратын көзқарас;

Карл Маркс: «Сыртқы табиғат жағдайлары экономикалық екі үлкен топқа бөлінеді:

- өмір сүру тәсілдерінің табиғи байлығы, демек, топырақ құнарлығы, балыққа бай өзендер мен көлдер, т.т. және

- еңбек ету тәсілдерінің табиғи байлығы: су құламасы, кеме жүретін сулар, орман, металл, көмір және т.б. (К.Маркс. Шығ., т.23, 521-б.).

Қоғам дамуының алғашқы кезеңдерінде табиғат байлықтарының бірінші тобы үлкен рөл ойнайды, ал XVIII ғ. бастап – екінші топ табиғат байлығы.



Күн– орта шамадағы жұлдыз, оның радиусы 700 мың км. Күнге – бес млрд. жыл. Күн 220 км\сек жылдамдықпен Галактика орталығын айналады, ал оны 250 млн. жылда бір айналып, орап шығады – бұл кезең галактикалық жыл деп аталады. Күннің жарығы миллиардтар жыл бойы өзгерген жоқ.

Барлық планеталар (Жер де) 4,6 млрд. жыл бұрын бір уақытта пайда болған. Планеталардың қалыптасуы 105 – 108жыл аралығын қамтиды. Жалпы Күн жүйесінің құрылуы жөнінде қанағаттанарлық теория жоқ.

Геологиялық дәуірлер:

· катархей (4,6 -3,5 млрд. жыл бұрын);

· архей (3,5 млрд – 2,6 млрд жыл бұрын);

· протерозой (2,6 млрд – 570 млн жыл бұрын);

· палеозой (570 млн – 230 млн жыл бұрын);

· мезозой (230 млн – 67 млн жыл бұрын);

· кайнозой (67 млн – қазірге дейін).

Жердің құрамдас бөліктері:

· литосфера (грек., «тас қабығы») – Жер шарының жоғарғы қатты қабығы;

· атмосфера – Жердің газ-булық қабығы; Жерді ашық ғарыштан қорғайды; Жердің қызуы мен сууын бір қалыпты ұстайды; 80% - азот және 20% оттегі;

· гидросфера – литосфера мен атмосфера аралығындағы жердің су қабаты, ол Жер бетінің 70% алып жатыр.

· биосфера (грек., биос – «өмір») – «өмірмен толған Жер қабаты», организмдер мен тірі мәнділіктерден тұратын планеталық қабат, қабық. Ол барлық тіршілік иелері қызметінің нәтижесі. Терминді 1875 жылы австриялық ғалымЭ.Зюсс қолданды. Биосфера атмосфера, литосфера, гидросфераның жоғарғы бөлігін қамтиды. Биосфераның жоғарғы шекарасы Жер бетінен 30 км, ал төменгі шекарасы – Жер бетінен 10 м төменде. Кейбір организмдер 11 км тереңдікте табылған. Жалпы өмір мына температуралық интервалда - 252°С → + 180 °С – болады.

Қазіргі таңда 500 мың өсімдік түрі, 1,5 млн жануарлар түрі белгілі.

Ноосфера(грек., нус – ақыл, парасат) – табиғат пен қоғамның өзара әрекеттесу сферасы, яғни адамның ақыл-ой қызметінің ортасы, сферасы.

Бұл терминді ғылымға 1927 жылы француз ғалымы Э.Леруа енгізді.



Пьер Тейяр де Шарден – ноосфера – «мақсатталған сана»-адам ақылы мен жігері, бүкіл планетаны қамтитын трансформация – деді.

В.И. Вернадский, А.Л. Чижевский – ноосфера деп тек Жер бетіндегі емес, сонымен бірге ғарыштық құбылысты айтты. Адам – ноосфера бөлшегі ретінде – ғарыштық пенде. Ноосфера – тірінің, парасаттың және ғарыштықтың бірлігі.

§4. Экология(грек., ойкос – тұрақ, мекен, үй, логос – ілім) – адамның қоршаған ортамен байланысы және оның барлық тіршілік иелерінің алдындағы моральдік парызы туралы ілім. Бұл терминді 1886 жылы неміс биологыЭ.Геккель пайдаланды.



К.Маркс: «... егер мәдениет саналы түрде дамымай, стихиялы дамыса, онда ол соңында шөл даланы қалдырады» (Шығ., т.32, 45-б.).

Ф.Энгельс: «... біз табиғаттағы жеңістерімізге қуана бермеуіміз керек. Біздің әрбір жеңісімізден табиғат кегін алып отырады» (Шығ., т.20, 495-б.).

Экологиялық мәселер:

· ауа бассейіні мен мұхиттарды ластау;

· орманды кесу нәтижесінде топырақ эрозиясы;

· хайуанат дүниесін қырып-жою;

· ауыз су, көптеген шикі зат қорының тапшылығы;

· адамның физикалық және психикалық денсаулығы мен тұқым қуалауына әсер ету;

· «адам - табиғат» экожүйесін сақтау;



· озонды сақтау, ол стратосферада – 10-50 км теңіз деңгейінен жоғары-табиғи фильтр функциясын орындайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет