Мақсаты: Әліппеден алған білімдерін тексеру, оқушылардың сөздік қорын, тіл
байлығын дамыту, ана тілі пәніне деген сүйіспеншілігін арттыру,
ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Іс-шара жоспары:
Мұғалімнің құттықтау сөзі:
Музыка қосылып тұрады. (Асылбек Енсепов.)
-Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар! Балаларыңыздың білім шыңына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! «Әліппе бітіру» мерекесіне арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
- Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндеріміз өміріне өшпес із қалдырған әліппемен қоштасқалы отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса, бүгінгі той иелерін ортаға шақырайық!
(Балалар музыка толқынымен ортаға шығады)
Ясмина:
Шашу, шашу шашайық!
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық!
1-оқушы: Жасулан
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
2 оқушы Ерасыл
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар!
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.
3 оқушы: Гүлнұр
Құрметті ұстаздар мен ата-аналар,
Кез келді сіздерден ақ бата алар
Ұл-қыздарың көрсетпекші өнерлерін
Бар қауым таңдана таңдай қағар.
Ардақ:
Өтті оқу сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достаспақ
Әліппемен қоштаспақ,
Өсті білім, ойымыз,
Құтты болсын тойымыз. Хормен: Құтты болсын тойымыз!
І бөлім. Осы біздер қандаймыз?
2 – о: Мың бұралған бишіміз
3 – о: Біз қызықпыз, қызықпыз, Сәл еркелеу бұзықпыз.
4-0: Біз шеберміз, Ақылдымыз
6-0: Үлкенге ізеттіміз, Кішіге қамқоршымыз.
7-0: Көп оқимыз, Терең оқимыз
8-о: Өнерліміз
9-о: Жанып тұрған шырақпыз, Толқынды су бұлақпыз
10-о: Елімізді өркендетіп , Қазақ тілін көркемдететін
11-о: Бабаларға тағзым ететін, Аналарға бас иетін.
12-о: Елтаңбасымен еңселі, Туымен тұғырлы, Әнұранмен айбатты.
Хормен: «Біз қазақ елінің болашағымыз!»
-Балалар, мен сендерге сұрақ қоямын:
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Оқушылар хормен:
Болашаққа жол ашар,
Ол -сүйікті Әліппе!
Мұғалім: - Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық!
Хормен: Әліппе,Әліппе,Әліппе !!!
Әліппе ортаға шығады:
-Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйретіп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!
Мұғалім: -Балалар, өнер-білімнің барлығы да мектептен басталады. Біз әліппенің арқасында көп нәрсені оқып-үйрендік. Жүрекке жылы тиетін: «Отан. Ата-ана, Мектеп, Әліппе» сөздерімен таныстық
-Біздің білім алатын ордамыз- мектеп.
-«Мектеп-кеме, білім-теңіз
Барар жерге тез жетеміз
Адаспаймыз Ұлы жолда
Ұстаз берген білім қолда!».
Мектеп –екінші үйіміз, себебі, біздің бір күніміздің жартысы мектепте өтеді, бір аптаның алты күні мектепте өтеді.
-Біз мектепке не үшін келеміз?
-Оқумен қоса ән-би үйренеміз, ойын ойнаймыз
-МЕКТЕП сөзіне арналған тақпақтар тыңдайық:
Гульсана
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.
Марал
Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
Дильназ
Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Жан:
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!
ӘН: «Мектебім, аяулы мектебім!» (хормен)
Әліппе сөйлейді:
-Әліппеде тізілген 42 әріп бар,
Тізілген соң ізімен, Өз кезінде танып қал.
Ерасыл
Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,
Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен.
Ризамыз бәрімізді таныстырған
Сөз бен дыбыс әртүрлі әріптермен.
Арайлым:
Әліппем, менің Әліппем
Сені қолға алып мен,
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Тоғжан:
Таныстырған 42 әріппен
Қош бол, менің сүйікті Әліппем,
Сенің арқаң оқи жаза білгенім
Сауатты адам қатарына кіргенім
Жан:
Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріпте
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны Әліппе.
Сабина:
Енді біз жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке
Риза боп саған жүреміз
Сүйікті біздің Әліппе.
Марал:
Әліппе сенің сырласың
Әліппе досың болады
Әріптердің шұғыласы
Дәптеріңе қонады.
Жасулан:
Бар кітапқа бас болған
Әліппе-ғылым анасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Гулназ:
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес, ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
Жасмин:
Жақсы кітап-Әліппе
Үйретеді әріпке
Қуыршақпен қоштастық
Әліппемен достастық.
Дильназ:
Әріптерді жаттаймыз,
Есте мықты сақтаймыз.
Ұмытпаймыз бәрін де
Атын,затын,түрінде.
Тоғжан:
Бәрімізді сүйіп өткен,
Балаларға үйреткен
Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз құрметпен.
Әбсаттар:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға «Ана тілін» аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Гульсана:
Барлық әріп бағалы
Айтсақ әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды.
Аяулым:
Әліппе сауатыңмен санамды аштың,
Достарыммен теңдес араластым.
Үйреніп, әріптер мен әңгімені,
Күн сайын алға қарай қадам бастым.
Кунсулу:
Әліппе жарты жылдай жолдас болдым,
Ана тілге әкеліп жалғастырдың.
Әр әріпті қостырып, сөзін құрап,
Хат танытып, алғаш сен көзімді аштың.
Ясмина:
Қош болып тұр, әліппе, анамдайсың,
Жақсы бол деп, біздерге алаңдайсың.
Мен үйреткен әріптің құдіретімен,
Дейсің бізге кірпіш болып қаланғайсың.
Әмина:
Орындаймыз әліппе ақылыңды,
Жарысқанда жазамын тақымымды.
Қандай қиын жұмбақты шешу үшін,
Арттырамын ғылымға құштарлықты.
Мұғалім:
-Балалар, біз әліппеден әріп, дыбыс, буын, сөз, сөйлем деген ұғымдармен таныстық
-Әріп пен дыбысты қалай ажыратамыз?
-Әріпті-көреміз, жазамыз;
дыбысты-айтамыз, естиміз
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі
-Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз?
-Шаңғы,шана тебеміз.
-Рахмет, балалар!
Ал, енді алфавиттегі алғашқы үш әріпті атайықшы
-А, Ә, Б.
Ардақ
Алфавиттің А тұрады басында,
Әрқашанда Ә тұрады қасында.
Байқадың ба Б тұрады үшінші,
Ал, осының сыры неде түсінші?
Нұрайым
А деген ол-аналар ғой ардақты,
Ә деген ол-әкелер ғой салмақты.
Б деген ол-балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі
Алшақ кетпей сондықтан да расында,
Тұрады олар алфавиттің басында.
Міне, сендер Әліппені оқып үйрендіңдер.Әріптердің барлығын танып білдіңдер! Оқу- жазуды білесіңдер.Сонымен қатар математиканы да жақсы оқып үлгеріп жүрсіңдер деп сенеміз.енді қазір мен сендерге жұмбақ есеп айтамын, жүйріктерің соны шешіңдер!
Табақта 5 алма,
Қолымда 2 алма.
Қосқанда барлығы,
Болады неше алма? (7)
Өте жақсы, рахмет сендерге. Әрдайым осындай білімді, тапқыр болыңдар!
16- оқушы:
«1» деген ол жаман баға,
Алады оны жаман бала.
17- оқушы:
«2» деген нашар баға,
Інішегім нашарлама.
18- оқушы:
«3» дегенім орта баға,
Сапасы да орта ғана.
19- оқушы:
«4» дегенім жақсы баға,
Алады оны жақсы бала.
20- оқушы:
«5» дегенім үздік баға, Оқитын бол үздік қана.
Мұғалім: Міне, балалар,өздерің айтқандай үнемі «4» пен «5»- ке оқуға тырысыңдар. -Балалар, сендер 4 ай ішінде көп нәрсені үйрендіңдер
-Осының бәрін үйреткен кімдер?
Оқушылар (хормен):
-МЕКТЕП!
- ӘЛІППЕ!
- МҰҒАЛІМ!
- АТА-АНА!
Мұғалім:
-Рахмет, шәкірттерім!
-Міне, білімнің кілті - Әліппемен қоштасар уақыт та жақындады.
-Қане, әліппеге Қош айтайық!
Әліппе әнін орындайық
«Рахмет саған Әліппе!»әні
Әліппе сөйлейді:
Білімнің көп қой саласы,
Әліппе соған жолбасшы.
Ғылымның қиын жалғасын,
Басқа кітаптан табарсың!
-Қош болыңдар, балалар!
Балалар хормен:
-Жақсы кітап - ӘЛІППЕ!
-Қош бол құтты ӘЛІППЕ!
Мұғалім:
-Балалар, әрі қарай бізге Әліппенің орнына АНА ТІЛІ келеді.
-Қарсы алайық, танысайық
Ана тілі сөйлейді:
Туған елдің тілімін,
Ақылы мен танымымын.
Түсіндірер бәріне,
Ана тілі пәнімін.
Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
-Балалар, енді сендер мені оқитын боласыңдар, ынтамен оқысаңдар, көп нәрсені үйренесіңдер.
-Мен сендерге жұмбақтар айтайын, сендер шешіңдер:
1. Қабат-қабат қаттама , ақылың болса аттама (кітап)
2. Тақтада жазып, жалықпаған, Жаза-жаза арықтаған (бор)
3. Үйреткен білімді, 42 білімді (алфавит)
4. Алты түрлі түсі бар, Сурет салар ісі бар (қарындаш)
-Рахмет, балалар, жарайсыңдар!
Мұғалім:Ана тілі отырып балалардың өнерін тамашалаңыз.
Нұрайым - Әріптерді үйретіп, Жақын болған кім бізге?
Хор: Ол мұғалім
Гүлнұр - Жамандықтан жиреніп, Ақыл болған кім бізге?
Хор: Ол мұғалім.
Әмина
Ең алғаш алғанымда әліппені,
Қызығып қарай бердім әліппені.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін ашып берді
Әсем:
Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып , мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
Барлығы хормен:
-Рахмет, ұстаз алғашқы!
Ән «Ұстазым»
Жасулан: -Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата-аналарымыздың үлесі бар. Ата-анамызға ризашылығымызды білдіреміз:
Мұғалім:
-Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң-қуанып, ренжісең-жұбататын асыл адам – Ана!
-Ана- біз үшін ең ардақты адам.
Ананы сыйлау-біздің парызымыз.
Ендеше, АНА сөзіне байланысты өлең шумақтарын тыңдаңыздар:
А: Сабина (сахна ортасына шығып, өлеңін айтады).
Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!
(өлеңін айтып, аналарға бас иеді).
Н: Әбсаттар
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем, еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін! ...
А-оқушы: Арайлым
Ата-анаға еркелеп,
Ортасында өстік біз.
Жақсы оқып, қуантып,
Бестік күнде алдық біз....
Балалар хормен:
-Ата-анаға мың рахмет!
Құрметті ата-аналар оқушылардың өнерін тамашаладыңыздар,
сіздердің білімдеріңізді тексерейік.
Ананың көңілі балада, Ананың сүті – бал,
Баланың көңілі далада. Баланың тілі бал.
Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
Еңбектің наны тәтті
Жалқаудың жаны тәтті.
Ұлдың ұяты әкеге, Қыздың ұяты шешеге
Жұмбақ шешу.
Бір үйге көзсіз боп басың сұғасың,
Бұл үйден көреген болып шығасың. (Мектеп)
Бетін адам ашады
Білім нұрын шашады .(Кітап)
Маған да, саған да,
Жақын туыс – бес адам.
Үш әріптен тұратын,
Оңға оқы, солға оқы,
Өзгермейді еш одан,
Бәрі де өз жұратың,
Айтады кәне: кім атын?(Ата; Ана;Апа; Аға; Іні)
Құстан аумайды,
Көкте заулайды. (Ұшақ)
Ата-ана музыка қосылады.
Ата-аналар балаларымен билейді.
-Қымбатты оқушылар, сендерді мектептегі алғашқы жетістіктеріңмен құттықтаймын! Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!
Құттықтау сөз мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі: Тусупбаева З.К. беріледі.
Мақтау қағазымен марапаттау ата-аналарына.
«Сағындым әже»әні, Арайлым, Аяулымның орындауында.
|