Баяндама: ″Жас ұрпақты тәрбиелеу″ Елімізде білім берудің бүгінгі жайы қоғамдық өмірдің барлық салаларына түбегейлі өзгертуде маңызды мәнге және оның дамуы жалпы мемлекеттік саясаттың басты буыны ретінде қарастырып отыр. Өйткені экономикалық қоғамдық жаңартудың қазіргі аяқ алысында білім беру жүйесінің алдында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруге негізгі тірек болатын білімді азаматтар тәрбиелеп шығару міндеті тұр. Бұл үшін білім беру саласы халықаралық деңгейдегі сатыға көтерілуі тиіс. Міне, осы талап тұрғысынан қарасақ бала тәрбиесі отбасынан басталады. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі- дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамуын қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру-әрбір ата-ананың қасиетті борышы. Отбасында баланың тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар болады. Мәселен, отбасы мүшесінің мәдени деңгейі баланың түрлі әлеуметтік құндылықтарды игеруіне игі әсерін тигізеді. Отбасы тәрбиесінде балаларды білімді, ізгілікті, жан-жақты жетілген, өз өмірінің құндылығын жете түсінетін етіп тәрбиелеуді қажет етеді. Ата-ана баланың мүмкіндіктерін барынша дамытып, оны өмірге қолдана білуге, еңбек етуге, еңбектің қандай түрі болса да атқаруға психологиялық даяр болуға, әрдайым өзінің білімін жетілдіріп отыруға тәрбиелеу керек. Жас ұрпақтың тәрбиелік қасиеттерінің қалыптасуына ата-ананың балаға деген мейрімділігі мен махаббаты қажет. Бала отбасында жақсыны да, жаманды да бойыңа сіңіреді.Сондықтан халқымыз « Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп текке айтпаған. Сіз тәрбиені сөз арқылы немесе үйрету, бұйрық арқылы іске асырамын деп ойламаңыз. Тәрбие өмірдің әр сәтінде тіпті сіз үйде болмаған кезде де іске асады. Тәрбие сіздің қалай киінетініңіз, өзгелермен қалай сөйлесетініңіз, олар туралы не ойлайтыныңыз, сіздің дос-дұшпандарыңызбен қалай қарым-қатынас жасайтыныңыз, қалай күлгеніңіз, қалай газет,журнал оқығаныңыз, теледидар қарағаныңыз осы әрекеттеріңіздің бәрі де балаңыз үшін маңызды. Тіпті дауыс екпінінің өзгеруін де бала сезеді, сіздің барлық ойыңыз баланың көкейіне беймәлім жолмен жетіп жатады, сіз оны байқамайсыз да. Дегенмен де, ересектер мен балалардың өмірі тек өнегелі іс-қылықтардан тұрмайтыны белгілі, кейде олар шалыс басады, ол кезде тіпті, кейбіреулері қылмысқа да барады. Сондықтан есею жолындағы басты нәрсе баланы парасатты іске, адал қылыққа үйрету, жақсы іс атқару, одан қуаныш сезіміне бөлену, өзгені, ата-ананы, мұғалімді, достары мен таныстарын, бейтаныс адамдарды қуанта білуге тәрбиелеу.
Тәрбие тал бесіктен басталады.
Сіз балаңыздың бос уақытын дұрыс ұйымдастыруына көңіл бөлдіңіз бе? Бала бос уақытында қайда барады, кімдермен араласады, немен шұғылданады? Бір сәт ойланып көріңіз.
Жанұя- бала өмірінің айнасы. Баланың бос уақытын ұйымдастыруда ата –ананың ықпалы зор. Бос уақытын орынды және түрлі тәрбие жұмыстар арқылы пайдалану, сабақтан тыс уақытта жүзеге асырылады. Бала 24 сағаттың 5-ақ сағатын мектепте өткізеді. Мектепте білім берумен қатар тәрбие жұмысы жүргізіледі.Сондай-ақ әр сабақта, әр сынып сағаттарында, үзіліс кезінде де үнемі бала тәрбиесіне көңіл бөлініп тұрады. Бұл аз. Кейбір ата-аналар баланың бос уақытын пайдалануына көңіл бөлмейді, теледидар көруден бас алмайды. Оның бала көретіні, бала көрмейтіні болады. Оған ата-анасы тыйым салмайды. Қазір телесериалдың балаға деген тәрбиелік мәні жоқ. Өңкей жанжал, атыс-шабыс, ұрыс-керіс. Бұл баланы тәрбиелеуге кері әсер етеді. Баланың бос уақытын дұрыс ұйымдастырудың мәні зор. Сондықтан да балаңызға көмекке келіңіз.
Балаңыз сізге сене ме?
Сіз балаңыздың сеніміне ие болу үшін балаңыздың жасына, өзіңіздің қатты шаршап отырғаныңызға қарамай, балаңыздың және өз жұмыстарыңыз туралы әңгімелесіңіз. Сіз бала үшін ең басты тұлғасыз. Балаға оны жақсы көретіңізді айту керексіз. Әңгіме кезінде балаңызды тым болмаса маңдайынан, қолынан сипап өтуге тырысыңыз, бірақ жиі- жиі аялау қажет емес, ол баланың ашу- ызасын туғызуы мүмкін. Егер сіз балаға бірнеше рет өтірік айтқан болсаңыз, ол да міндетті түрде сізге, достарына, мұғалімге және өзгелерге де өтірік айтады.Аз ғана өтіріктен үлкен өтірік туады. Баланы тәртіпке келтіру кезінде ешқашан сіздің балаңыз басқаның баласына қарағанда жаман, ұқыпсыз, ақылсыз, тәртіпсіз, жарамсыз екенін айтпау, өзге баламен салыстырмау керек. Әрбір бала тегін білім алуға құқылы. Баланы киіндіруге, дұрыс тамақтандыруға, мектепті бітіруге, партаға отырғызуға, мектепке күнделікті сабаққа даярлықпен келуге, сабақтан қалмауына, кешікпеуіне, баланың бос уақытын ұйымдастыруына, денсаулығына жауап беруге ата-ана МІНДЕТТІ.