Д ріс та ырыбы Ес Жоспары Ес туралы жалпы ым Есті сапасы ме



Дата24.10.2021
өлшемі14,3 Kb.
#121552
Байланысты:
Д ріс та ырыбы Ес Жоспары Ес туралы жалпы ым Есті сапасы ме


Дәріс тақырыбы: Ес
Жоспары:
1.Ес туралы жалпы ұғым
2.Естің сапасы мен түрлері
3.Естің процесстері. Ұмыту және оның түрлері

Ес дегеніміз- сыртқы дүние заттарымен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс. Ес-күрделі психикалық процестердің бірі. Ес есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану, ұмыту секілді процесстерден тұрады. Естің физиологиялық негіздерін бір кезде И. П. Павловтың нерв жүйесінің пластикалық қасиеті туралы іліммен түсіндіретін. Нерв жүйесінің пластикалығы дегеніміз түрлі қозулардан қалған әсерлердің қайтадан уақытша байланысқа түсе алу қабілеті. Уақытша байланыстардың тікелей тітіркендіргіштер әсер етпеген жағдайда да мида жасалынуы онда бұрынғы байланыстардан із қалып отыратындығын көрсетеді. Бірақ бұл жалпы долбар. Өйткені адам есінің мимен қалайша байланысты екендігі жөнінде ғылымда әлі нақтылы деректер жоқ. Мәселен, ес құбылысының табиғатын зерттеуші ғалымдардың бір тобы оны мидағы электр құбылыстарымен байланыстырса, енді бір зерттеушілер есті мидың нейрохимиясына қарай түсіндіргісі келеді.


Соңғы бағыттың өкілдері мидың кейбір клеткаларын бір сыдырғы зерттегенмен естің бүкіл ми массасынан алатын орнын әлі анықтай алмай келеді.
Бір нәрсені еске сақтау-оны байланыстыру деген сөз. Ес процесінің негізі болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация деп атайды. Егер бұрын бірнеше обьектіні бір мезгілде немесе бірінен соң бірін елестетсек, не ойласақ, бұлардың арасында байланыс пайда болады. Кейін обьектінің біреуін ғана елестетсек миымызда оның қалған бөлігін тудыруға себеп болады. Ассоциациялық принципті алғаш рет ойлап тапқан ежелгі грек ойшылы Аристотель болды.
Естің сапасы мен түрлері
Ойда қалдырылатын не қайта жаңғыртылатын нәрсенің сипатына қарай ес төртке бөлінеді. Олар:
қозғалысты есі деп, ойын, еңбек әрекетіне байланысты туып отыратын қимыл- қозғалыстарды еске қалдыру мен қайта жаңғыртып отыруды айтады. Мәселен, коньки тебу, жазу, оқу, машинкада қағаз басу.
Заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақтылы бейнесін ойда қалдыруда, қайта жаңғыртуда көрініп отыруын образдық ес дейміз. Мәселен, суретшілермен архитекторлардың, музыканттар мен актерлердің есі көбінесе нақты, кқрнекті болып келеді.
Адам ойының түрлі формаларын (ұғым, пікір, ой қорытындылары) еске қалдыра алу қабілеті сөз-логикалық ес деп аталады. Сөз жүйесін есте сақтау –ойлау жұмысына байланысты. Естің бұл түрі философтармен математиктерде жиі кездеседі.
Сезімдерді еске қалдырып отыруды эмоциялық ес дейді. Мәселен, жас кезімізде тұрған бір жерге келсек, сол кезде бізге ерекше әсер қалдырған нәрселердің бәрі есімізге оп-оңай түседі. Өткендегі оқиға бір қуанышқа байланысты болса, ол өмір бойы естен кетпейді.
Соңғы кездегі ғылыми зерттеулер адамда естің басқа түрлеріде болатындығын көрсетіп отыр. Мәселен, адамның материалды қанша мерзімге сақтай алатындығына байланысты ес қысқа және ұзақ уақыттық болып екіге бөлінеді.
Қысқа уақыттық естің әректтің нақтылы міндеттерін орындауға байланысты көрінетін түрін оперативтік ес деп атайды.
Оқушы тексті көшіріп жазғанда, мұны түрліше жолдарме (жеке әріптер, буындар, сөздер, сөз тіркестерін көшіру) орындайтын болса, бұл оның оперативтік есі болып табылады.
Естің процестері. Ұмыту және оның түрлері.
Ес өте күрделі процесс, оның өзі бірнеше жеке процестерден тұрады. Бұлардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту. Ол арнайы есте қалдыру және еріксіз есте қалдыру болып екіге бөлінеді. Еріксіз есте қалдыру адам алдына арнаулы мақсат қоймайды, есте қалдырудың арнаулы тәсілдерін пайдаланбайды, ал арнаулы есте қалдыру тәсілдерді қажет етеді, оны тудыратын тиісті мотивтер болады. Қайта жаңғырту еріксіз және арнайы қайта жаңғырту деп екіге бөлінеді. Еріксіз қайта жаңғыртуда адам алдына мақсат қоймайды. Мұны іс-әрекеттің барысы туғызып отырады. Арнайы қайта жаңғырту мақсат қоюмен, ерік күшін жұмсаумен, арнаулы әдіс , тәсілдер қолданумен жүзеге асады. Арнайы қайта жаңғырту әдейлеп еске түсіру,ойлаумен тығыз байланысты өте белсенді процесс.
Ұмыту процесі- есте қалдыру процесіне қарама-қарсы процесс. Өмірге қажет емес нәрселерді ұмытып отыру-адамның рухани дамуына көп көмегін тигізеді. Егер адам қабылдаған нәрсенің барлығын есінде сақтай беретін болса, онда кез келген ұсақ-түйектер мидың бір қалыпты жұмысын қиындатар еді.Ұмыту түрліше жағдайларда көріну мүмкін. Бірде ұмыту обьектіні әдейлеп еске түсіруге не тануға мүмкіншіліктің жоқтығынан пайда болса, енді бірде обьектіні қате тану, не әдейлеп еске түсіре алмаудан болады. Материалды оқыған бойда оны бірден қайта жаңғырту кейде қиынға түсіп, мазмұны толық берілмей қалатын кездер болады. Бірақ бұлар екі үш күннен кейін тым тәуір қайта жаңғыртылуы мүмкін. Осындай кешігіп еске түсіруді психологияда реминисценция құбылысы деп атайды. Ұмыту процесінде байқалатын екінші бір құбылыс төмендегіше сипатталады: өткен материалға ұқсас екінші бір материал оқылса, бұл қайта жаңғыртудың сапасының өмендеуіне әсер етеді. Осындай құбылыс ретроактивтік тежелу деп аталса, бұрын есте сақталған материалдың екіншісіне бөгет жсасуы проактивтік тежелу деп аталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет