1.Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары және оларды еңсеру жөніндегі шаралар: экономика дамуының кластерлік принципі, еңбек өнімділігі деңгейін арттыру, заманауи технологияларды енгізу, инвестициялық, салық, аграрлық-индустриалдық саясаты



бет1/3
Дата13.12.2021
өлшемі45,71 Kb.
#125134
  1   2   3
Байланысты:
Қазақстанды экономикалық қайта құрудың жасампаздық кезеңі және әлеуметтік даму мен этнодемографиялық үдерістер


 1.Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары және оларды еңсеру жөніндегі шаралар: экономика дамуының кластерлік принципі, еңбек өнімділігі деңгейін арттыру, заманауи технологияларды енгізу, инвестициялық, салық, аграрлық-индустриалдық саясаты, инфрақұрылым дамыту

Өтпелі кезең – КСРО ыдырағаннан кейін постсоциалистік мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуы төмендеп, экономикасының дағдарысқа ұшыраған кезеңі. Өтпелі кезеңді Қазақстан 1989-1996 жылдары бастан өткізді.Өтпелі кезеңнің басында экономиканың қаржылық және өндірістік жүйелерінде үлкен алшақтықтың пайда болуы, институтц. Дамудың жетілдірілмегендігі салдарынан дағдарыс үдерісі ушыға түсті.Қазақстанда ұлттық экономиканың түрлі салалары, атап айтқанда, 1991 жылы жеңіл және тамақ өнеркәсібі дағдарысты бастан кешірді. 1992 – 1993 жылдары машина жасау, әскери, құрылыс, энергетика кешендері дағдарысты бастан кешірді.


1994 – 1995 жылдары агроэнеркәсіп, металлургия, мұнай-газ кешендері дағдарысты бастан кешірді. Сонымен қатар әлеуметтік дағдарыс та күшейді. Тауар тапшылығы өсіп, бағаның күрт жоғарылауы халықтың тұрмыс деңгейін төмендетіп жіберді, еңбекақы, әлеуметтік төлемдеудің мөлшері тым азайып кетті, оларды уақытында алу үлкен мемл. мәселеге айналды. Жалпы Қазақстанда болған дағдарыс үлгісінің классик. үлгіге ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктері болды. Атап айтқанда, классик. үлгіде дағдарыс тауарды артық өндіруден болса, өтпелі кезеңде өндіріс нарықты тауарға толтыра алмағандықтан дағдарды. Бұл дағдарыс 1991 – 1995 жылдарды қамтып, тек 1997 жылдан бастап экономикалық өрлеуге бет бұрды.Өтпелі кезеңде экономиканың нарықтық бағыты айқындалып, ырықты экономиканы қалыптастыруға күш салынды. Нәтижесінде макроэкономиканы тұрақтандыру, экономиканы сауықтыру және оны дағдарыстан біртіндеп шығару, экономиканы реттеудің нарықтық қатынастар жүйесін, оның түрлі институттары мен инфрақұрылымдарын, тетіктерін қалыптастыру жүзеге асырылды. Сонымен қатар республикаға ауқымды инвестициялар тартылып, кәсіпкерлер тобы пайда болды. Олар сауда бизнесінің орнына өндіріс пен ауыл ш. салаларында кәсіпкерлікті дамытты. Өтпелі кезең тұсында Қазақстан ТМД елдерінің ішінде тұрақты экономика даму бағытын қалыптастыра білген бірден-бір мемлекет болды.

 2. ЭСПО-2017 өткізудің Қазақстан үшін маңызы. «Нұрлы жол» экономикалық даму жоспары

ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінің еліміздің Астанасында өтуінің өзі ұлттық беделді көтерері сөзсіз және бұл идеяның авторы елбасы Н.Назарбаев еді. 2012 жылы дауыс беру рәсімінен кейін 2017 жылғы көрмені өткізу мәртебесі Астанаға бұйырып, одан бері көптеген жұмыстар атқарылды: «Астана ЭСКПО-2017» ұлттық компаниясы құрылды, Тіркеу парағы бекітілді, ең үздік көрме кешені үшін халықаралық сәулет сайысында жеңімпаз анықталды, ЭКСПО-ны өткізу және ұйымдастыру туралы заң қабылданды. Көрменің болашағы шынымен де ұлттық жобаның бейнесін алды, оның сәтті өтуіне республиканың барлық аймақтары үлес қосуда. Көрмеге тақырып беру дәстүрі де сақталып, осы бағыт бойынша жұмыстар жүргізіледі. Биылғы көрме тақырыбы «Болашақтың қуат көзі».«ЭКСПО көрмесінде әлемнің барлық елдері өздерінің технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсете алады. Олар ғаламдық дамудың жаңа тәртібін қалыптастырады. Мұндай көрмелерді барлық континенттерден ондаған елдерден миллиондаған адамдар тамашалайды. Өткір бәсекелес күресте Астананың жеңіске жетуі кездейсоқ емес. Біріншіден, біздің астанамыздың әлемдік деңгейдегі шараларды өткізе алатындығын мойындау. Екіншіден, барлық Еуразия аумағы секілді Қазақстанның да жетістіктерін жоғары бағалау мен оның даму перспективасын айқындайды» – деп айтқан болатын Елбасы [1]. 

         Алғаш рет Қазақстан 2005 жылы Жапонияда «Табиғат даналығы» атты ЭКСПО көрмесіне қатысқан болатын. Кейін 2008 жылы Испанияда «Су және тұрақты даму» атты көрмесінде алғаш рет Н.Назарбаев осы шараның қазақ жерінде де өткізу туралы алғаш сөз қозғаған болатын [2].   Жаңа тапсырмаларды жедел шешу үшін 2012 жылдың 26 қарашасында Елбасының «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық және өткізу бойынша Мемлекеттік комиссия құру туралы» Жарлығы шықты. Көрме кешенін салуға әлемнің 50 ден аса сәулет компаниялары сайысқа түсіп, құрылысты салу мүмкіндігін американдық «Adrian Smith+Gordon Gill Architecture LLP» компаниясы алды.  Аталмыш компанияның тек көпжылдық тәжірибесі ғана емес, сонымен қатар «жасыл экономикаға» жақындығы да өз рөлін ойнады. «Қазақстан және біздің барлық аймақ үшін көрме кешені бір уақытта күннен, желден қуат алатын, сонымен қатар қоқыс өңдейтін жақсы үлгі болмақ. Негізінде бұл кешен өзіні өзі электр қуатымен қамтамасыз ете алады, ал жақсы күн мен жел болса тіпті барлық қалалық жүйеге де жібере алады. Бұл ерекше нәрсе және оны бірінші рет жасап жатырмыз» – деді Нұрсұлтан Назарбаев [3].  

         Бекітілген жоспар бойынша барлық құрылыс нысандары 2016 жылдың желтоқсан айында орналасуға беріле бастады. Барлығы жоба бойынша 38 құрылыс нысаны бой көтерді. Көрме кешенінің жалпы аудан 174 гектарды құрайды, оның ішінде сфера іспеттес ғимарат Қазақстанның Ұлттық Павильоны болып табылады, одан басқа халықаралық, тақырыптық және копоративті павильондар, сауда және ойын-сауық нысандары да бар [4].

         «Қонақ үйлер мақсатында салынған барлық ғимараттар кейін тұрғын үйлерге айналуы қажет. Бұл көрме ауданында орналасқан басқа да барлық нысандарға байланысты. Басқа елдердің көрмеден кейін пайдасыз қалған ғимараттары көп, сондай тәжірибелерді  қайталамау керекпіз. Бұл міндетті «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясына тапсырамын» деген болатын Елбасы компания басшысымен кездесуінде Шынымен де салынған құрылыс нысандары мен павильондар көрмеден кейін қайта пайдалануға берілмек. 

         Көрменің өтуін ұйымдастырушылар Қазақстанның туристік әлеуетін көтеруге пайдаланып қалмақ. Осы мақсатқа отандық және шетелдік туроператорлар мен агенттіктер тартылуда. Туристерге Байқоңыр ғашыр айлағына, Бурабайға, Шарын каньондарына, Шымбұлаққа, Алакөл көліне, сонымен қатар Ұлы Жібек Жолымен турлар ұйымдастырылмақ. Мұндай шаралар Қазқстанды Орта Азиядағы ірі туристік ауданға айналдырады деп күтілуде. Себебі, мамандардың пайымдауынша біз әлі күнге дейін көрікті жерлерімізді кең ауқымда пайдалана алмай отырмыз. Сондықтан көрмеге келеді деп күтілетін миллиондаған шетелдік азаматтардың туристік мекеніне айналатын Қазақстанның «ЭКСПО-2017» көрмесіне артар үміті зор.

         Жалпы Қазақстан барлығы құрылыс жұмыстары мен көрмені өткізуге 280 миллион евро ақша жұмсады. Оның барлығы демеушілер мен серіктестердің қолдауынан, сонымен қатар билеттердің сатылуынан (5 миллион адам көрмені көреді деп күтілуде) жүз пайыз қайтарылады деп қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Рапиль Жошыбаевтың айтуынша, «Қазақстан барлық әлемді алаңдатып отырған күрделі таққырыпты алды. Қуат көзінің мәселелеріне адамзат баласы әлі де бетпе-бет келеді. Сондықтан да Қазақстан қуат көзін алатын басқа да жолдарды, жобаларды ұсынуда. Сонымен қатар осы көрменің арқасында еліміз жаңа энергия мен жасыл технологияны тиімді пайдалана алады.        

         Өзінің баспасөзге берген сұхбатында Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Жошыбаев «ЭКСПО-2017 Қазақстан үшін жасыл технология мен жаңа қуат көзіне қол жеткізудің мүмкіндігі. Көрменің елімізде өтуі Қазақстанның имиджін көтеруге, экономиканы дамытуға және әлемдік қоғамды алаңдатып отырған, қуат көздерінің жаңа жолдарын табуға септігін тигізеді. Көрмені өткізуді түрлі деңгейлерде бағалауға болады. «ЭКСПО-2017» әлемдік энергетикада өз орнын алатын ерекше көрме болары сөзсіз. Шындығында, энергетика саласына жаңа өңделген және қолдануға болатын балама қуат көздерін ашады» деді.

         «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық барысында Президент отандық экономика ресурстарын, шағын және орта бизнес мүмкіндіктерін, ішкі өнеркәсіптерді пайдалануды тапсырды. Яғни, қоғамдық тамақтану, сауда-саттық, электронды коммерция, қонақүй және туристік бизнес, концерттер мен ойын-сауықтарды ұйымдастыруды тек отандық өндірістердің ғана жүзеге асыруын қадағалайтынын айтты.

     Қорытындылай келе, Елбасының: «Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Яғни Қазақстан үшінші жаңғыру кезеңін басынан өткеруде. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдару бар. Мен көзделген жұмыстарымыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз деген сөзімен аяқтағым келеді. 

 3. Әлеуметтік реформалар және әлеуметтік жаңару (кедейшілікті еңсеру, халықты еңбекпен қамту, жастарды, қолдау, зейнетақы мен жәрдемақыны арттыру реформасы, денсаулық сақтау мен спорт дамыту )

Әлеуметтік қорғау - бұл әлдебір жағдайларға (кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айрылуы) және өзге де заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын әрі лайықты ақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқаттың белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе.


      Қазақстан мүше болып табылатын Халықаралық еңбек ұйымының анықтауы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі мынадай шаралар кешенін қамтиды:
      тұрақты, ақылы еңбекке ынталандыру;
      негізгі әлеуметтік қатерлердің алдын алу, ал ол туындаған жағдайда әлеуметтік сақтандыру тәсілдері арқылы сол қатердің салдарынан айрылған табысының бір бөлігін қалпына келтіру;
      халықтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын әлсіз топтарына арналған әлеуметтік көмек тәсілдері;
      азаматтардың білім және медициналық көмек сияқты негізгі құқықтар мен қызметтерге қол жеткізуі.
      Әлеуметтік қорғау жүйесінің сандық көрсеткіштері экономикалық даму деңгейімен анықталса, ал адамдар арасындағы ынтымақтастық, мемлекеттік институттардың қатысу дәрежесі мен еңбекке ынталандыру деңгейі таңдалған әлеуметтік-экономикалық модельмен өзара байланыста болады.
      Даму деңгейі бірдей мемлекеттерді өзінде де тарихи, мәдени, саяси және өзге де факторларға байланысты, әлеуметтік қорғау жүйесінде ынтымақтастықтың және мемлекеттік институттардың қатысуының әртүрлі деңгейі орын алуда.
      Толық ынтымақтастыққа негізделген жүйеде жарна мен төлемнің арасында өзара байланыс болмайды. Және төлем алу құқығы қатерлі жағдай орын алған сәттен туындайды да, оның деңгейі адамның жүйеге қосқан үлесіне тәуелді болмайды. Қаржыландыру бүкіл салық төлеушілер мойнына түседі де, әлеуметтік қорғау жүйесінен төлем алу құқығына барлық азаматтар ие болады. Мұндай жүйеде табыстарды қайта бөлу тетігі және қаржыландырудың бірден бір көзі мемлекеттік бюджет болып табылады, ал реттеуші ретінде мемлекет әрекет етеді. Толық ынтымақтастыққа негізделген жүйеде барлық азаматтарға әлеуметтік қорғаудың бірдей, әдетте, ең төменгі деңгейін ұсынады.
      Шектеулі ынтымақтастыққа негізделген жүйеде төлемдерді алу құқығы адамның жарнасына байланысты болады. Әдетте, мұндай жүйе еңбеккерлер мен жұмыс берушілердің аударымдары есебінен қаржыландырылады, ал жарнасына қарай төлемдерді алу құқығына аударымдар жасаған (немесе олар үшін жұмыс беруші аударым жасаған) азаматтар ғана ие болады. Мұндай жүйелер, әдетте, халықтың белгілі бір тобын, мысалы, ресми жұмыс істейтін еңбеккерлерді немесе белгілі бір еңбек ұжымының еңбеккерлерін әлеуметтік қорғаудың қосымша көзі болып табылады.
      Бұдан басқа, ынтымақтастық белгісі жоқ, әр азамат өмірдегі қатер жағдайына қаражатты дербес жинайтын әлеуметтік қорғау жүйелері де бар.
      Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, әлеуметтік қорғаудың неғұрлым тиімді және кешенді жүйелері, әдетте: 1) мемлекеттік жәрдемақылар; 2) міндетті әлеуметтік сақтандыру; 3) жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру;
4) әлеуметтік көмек сияқты негізгі элементтерді қамтиды деген қорытынды жасауға болады.
      Мемлекеттік жәрдемақылар әлеуметтік қорғауға жататын жағдайлар туындаған кезде барлық азаматтарды кепілдікті төлемдермен белгілі бір деңгейде қамтамасыз етуге арналған.
      Жұмыс берушілер мен еңбеккерлер аударымдарының есебінен қаржыландырылатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі төленген жарна деңгейіне сай ресми жұмыс істейтін еңбеккерлерді қосымша қорғауға арналған.
      Жинақтаушы зейнетақы жүйесі әр азаматтың зейнетақы жинақтарын жасау процесін реттеуге арналған.
      Әлеуметтік көмек азаматтардың жекелеген санаттарын бюджеттің қаражаты есебінен қосымша қорғауға арналған.
      Бұдан басқа, азаматтың әлеуметтік қатерлерден өзін өзі ерікті сақтандыруға құқығы бар.
      Осындай аралас жүйе ынтымақтастыққа негізделген және дербестендірілген жүйелердің артықшылықтарын үйлестіруге мүмкіндік береді.
      Қазақстанда нарықтық экономикаға көшу аяқталып келеді. Әлеуметтік қорғаудың жүйесі өзгерген экономикалық қатынастарға сәйкес болуы қажет.
3. Денсаулық сақтау ұлтық жүйесін жаңарту. Туризм мен спортты дамыту
Денсаулық сақтау – қоғамның әлеуметтік өмірінің маңызды саласы. Бірнеше рет қайта құруларды басынан кешіріп,  алдағы  уақытта да дамытылуы жоспарланып отырған ұлт денсаулығы – еліміздің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласын жетілдіру үшін орасан зор қаржы бөлінуде, жеке меншік секторды қоса отырып қаржыландыру мен басқарудың жаңа әдістері енгізілуде, дәрігерлерді оқыту мен олардың қызығушылығын арттыру бойынша жаңа кадр саясаты қалыптасуда, осының бәрі қолданыстағызаңаясындаөзараүйлесімділікпен дамуда.Қазақстан тәуелсіздік алуымен бірге мұраға бұрынғы Кеңес Одағынан денсаулық сақтаудың орасан зор жүйесін де алды. Көптеген емханалар мен ауруханалар, сол кезде материалдық және кадрлық жағынан құнды болып табылып, бүгінге дейін қолданыста жүрген ескі техникаларды да иеленген еді.Денсаулық сақтау саласын басқару 1991 жылдан 1996 жылға дейінгі аралықтағы қаржы және білікті маман тапшылығы (ең мықты деген кадрлар эмиграцияға кетіп қалған) кезіндегі бала және ересектер арасындағы өлім-жітімнің өршіп тұрған қиын материалдық жағдайына қарамастан  тұрғындарға  медициналық  қызмет көрсетуге барынша тырысқан Денсаулық сақтау министрлігі деп аталған арнайы министрлікпен басқарылған еді.1996 жылы елде сақтандыру жүйесінде қайта құру басталып, ол өз кезегінде денсаулықсақтау саласын айналып кете алмады. 1996-1998 жылдар бюджеттік-сақтандыру жүйесіне өту кезеңімен белгілі. Қазақстан Республикасы Президентінің заңдық күші бар 1995 жылғы 15 маусымдағы №2329 Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы Жарлығы шықты. Ол жарлық бойынша міндетті медициналық сақтандыру Қоры арқылы тұрғындарды міндетті және ерікті сақтандыру ойластырылды.  Бұл Қор Денсаулық сақтау министрінде жасалған міндетті медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасын қалыптастырған мемлекеттік коммерциялық емес ұйым еді.
Бұл бағдарлама күйреп қалғанымен қазіргі кездегі медициналық сақтандырудың қаржы нарығында қаржылық тұрақтылық пен сақтандырудың жаңа қаржылық институттарының қалыптасуына жағдай жасады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет