2-қадам. «Таблицы/запросы» (Кестелер/сұраулар) тізімінен Студент кестесін таңдап, оның өрістерінен таңдау батырмасы арқылы Фамилиясы, Аты, Әкесінің аты өрістерін таңдаймыз. Одан кейін Емтихан кестесін таңдап, оның өрістерінен Емтихан аты, Бағасы өрістерін таңдаймыз. «Далее» батырмасын басамыз.
Сурет-2 (Кестелерден өрістер таңдау терезесі)
3-қадам. Сұрау атын Сұрау деп беріп, «Готово» батырмасын басамыз. Экран бетіне сұрау қорытындысы шығады, әзірше бұлар тек емтихан тапсырған студенттер. Ал емтихан тапсырмаған студенттер сұрау терезесіне түспейді. Студент аты-жөнінің қайталануынан қорықпай-ақ қойыңыз, ол солай болуы керек.
Сурет-3 (Сұрау терезесін беретін қорытынды)
4-қадам.Іздеу жасау тиімді, бірақ экран бетіне тек қажетті мәліметті шығаруға жарамайды. Осы жағдайды жүзеге асыратын құрал-ол «Фильтр». Бізге экран бетіне Азырбай фамилиясын шығару керек болсын делік. - Сұрауды ашамыз (егер сіз оны жауып салсаңыз), саймандар тақтасынан «изменить фильтр» батырмасын немесе мәзір бөлімінен «Запись» → «Фильтр» → «Изменить фильтр» таңдаймыз. Сұрау бланкасы тазаланады және әр өріс бойында фильтр үшін мәнді таңдау мүмкіндігі пайда болады. Фамилия өрісіне шерту арқылы қажетті фамилияны таңдаймыз.