Африка елдері



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі22,3 Kb.
#84986
түріҚұрамы
  1   2
Байланысты:
лекция 12 каз


Африка елдері

Африканың қазіргі кездегі халқының саны 700 млн-нан асталды. Материк халқының нәсілдік, тілдік және ұлттық құрамы өте күрделі. Африка жер шарындағы негізгі үш нәсілдің де өкілдері кездеседі (нәсілдерге тән басты белгілерді естеріңе түсіріңдер).


Африканың байырғы халқын саны жағынан басым экваторлық нәсілдің өкілдері құрайды. Материктің көп бөлігінде Сахарадан оңтүстікке қарай тараған негірлер мекендейді. Негірлердің көшпелілігіне тән белгілері -өңінің қара, ал шашатарының қалың, бұрай болуы. Бұл қасиеттер олардың денесін шыжыған ыстықтан қорғайды. Негр тектес халықтардың ортақ белгілерімен қатар, бас және бет пішінінде, дене бітімі мен бойының ұзындығында үлкен айырмашылықтар байқалады. Солтүстік Африка саваналарында материктің ең бойшаң адамдары –тутси мен химилер тұрады. Олар ерекше сымбатты, шымыр болды, бойларының орташа ұзындығы 180-200 см-ге жетеді. Ал экваторлық ормандарда бойлары өте аласа пигмейлер тұрады, олардың бойының ұзындығы 150 см-ден аспайды. Пигмейлердің өңі ақшылдау, кең танаулы, еріндері жұқа, денелері шомбал болып келеді. Ніл өзенінің жоғары және орта ағысында, шығыстағы көлдер маңында нилоттар тұрады. Олардың өңі қап-қара, қыр мұрынды, бойшаң болады. Калахари шөлін бушмендер мен готтентоттар қоныстанған. Олардың өңі сары, беті жалпақ, моңғол тектестерге ұқсастау болып келеді.
Эфиопия таулы қыратын мекендейтін эфиоптар еуропалықтар мен негр тектестердің арасынан шыққан өтпелі нәсілге жатады. Олардың өңдері нағыз негрлерге қарағанда ақшылдау болғанымен, шаштары бұйыра, еріндері түріктеу болып келеді.
Ал Мадагаскар аралында туратын малагасийлер негрлер мен моңғол тектес нәсілдердің араласуынан қалыптасқан.
Еуропалық тектес нәсілге нәсілге жататын халықтарға Африканың солтүстігі мен оңтүстігінде тұрады. Осы нәсілге Солтүстік Африканы мекендейтін араб және бербер халықтары. Жерорта теңізі жағалауында тұратын француздар жатады. Ал Оңтүстік Африкада Нидерландыдан көшіп барғандардың ұрпақтары – африканерлер(бурлар) және ағылшындар тұрады.
Әр халық тобына өзіндік тіл тән, жалпы алғанда Африкада 700-ге жуық жергілікті тіл бар. Солтүстіктегі негр тектес халықтар судан тілінде, Орталық, Оңтүстік Африка мен Шығыс Африканың кейбір халықтары банту тілінде сөйлейді. Солтүстік Африканы мекендейтін халықтары негізінен араб тілінде сөйлейді, ал француз тілі өзара қарым-қатынас құралы болып табылады. Ал Оңтүстік Африкада ағалшын тілі жергілікті тілдермен қатар қолданылады.
Африкада материгінде халық әркелкі қоныстанған. Халықтың орташа тығыздығы 1 шаршы км жерге 22 адамнан келді. Сахара тәрізді шөлді аймақтарда халық өте сирек, ал кейбір аудандарда мүлде қоныстанбаған. Халықтың ең тығыз қоныстанған жерлері –Ніл өзенінің аңғары мен атырауы, Гвине шығанағы мен Жерорта негізінің жағалау. Африкада ұзақ уақыт бойы халықтың тұрмыс жағдайының төмен болуы, жұқпалы аурулардың кеңінен таралуы халық санының өсуі тежеп келді. Соңғы жылдары Халықаралық Денсаулық сақтау Қоғамының ұйымдастырылуымен жүргізілген жұмыстар нәтижесінде материк халқы жедел өсуде.
Жерорта теңізінің жағалауында ежелгі дүние бөліктері – Еуропа және Африкамен көршілес орналасқан Африкада ежелден-ақ ғылым мен мәдениеттің ошағы ретінде белгілі. Африка жеріндегі Египет, Эфиопия, Гана тәрізді мемлекеттерде қолөнер, сауда, құрылыс ісі өркендеп, дүниежүзілік мәдениеттің дамуына айтарлықтай үлес қосқан. Египеттегі ежелгі пирамидалар, александрия шам-шығары (маягі) «Әлемнің жеті кереметінің» қатарына жатады. Сондай-ақ, піл сүйегі мен ағаштан ойып жасалған айшықтан ойып жасалған айшықты ою-өрнектер, қоладан жасалған мүсіндер көптеп сақталған. Кейбір ғалымдар мәдениетінің дамуындағы алғашқы жетістіктері үшін адамзат ең алдымен Африкаға қарыздар деп есептейді. Бірақ кейінен жүргізілген құл саудасы мен отаршылдық саясаты Африкада елдерінің дамуын ұзақ уақытқа тежеді.
Африка материгіндегі елдер бірнеше ғасыр бойы еуропалық елдердің отары болып келді. 400 жылға созылған құл саудасы кезінде Африка халқы аяусыз қаналды, материктің көптеген аудандарының халқы едәуір азайды. Нәтижесінде 100 млн-ға жуық адам құл ретінде Америкаға әкетілді. XIX ғасырдың басында Еуропаның капиталистік елдері Африканы қайта бөліске салып, отарларды басқару үшін арнаулы адамдарды тағайындайды. Олар байрғы халықты жақсы жерлерден тұруына қолайсыз аудандарға ығыстырды, табиғат байлықтарын аяусыз тонап, өз елдеріне тасып әкетті. Ұзақ уақыт отаршылдық саясатының үтем болуы Африка елдерінің дамуын тежетеді. Байырғы халықтың көшпелігі сауатсыз және қайыршлық жағдайда өмір сүрді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін саяси ахуалдың өзгеруі Африка елдерінде ұлт-азаттық қозғалыстың басталуына себепші болды.
XX ғасырдың басында Африкада екі ғана тәуелсіз ел (Либерия мен Эфиопия) болса, қазір материктің барлық елі тәуелсіздік елі (Либерия мен Эфиопия) болса, қазір материктің барлық елі тәуелсіздік алған.Африканың егеменді елдеріне республикалық басқару кең таралған, тек Марокко, Свазиленд, Лесото елдерінде ғана монархиялық басқару (корольдік) сақталған. Олардың әрқайсысының таңдап алған өзіндік даму жолы бар. Саяси жағынан тәуелсіз алған елдердің шаруашылығы әлі де болса дамыған елдерге тәуелдіболып отыр.
Материктегі шаруашылығының даму дәрежесі ең жоғары мемлекет-Оңтүстік Африка Республикасы. Солтүстік Африкадағы мұнай мен табиғи газ өндіретін Либия, Алжир, Египет тәрізді елдер де қарқынды дамуды. Ал Мали, Нигер, Чад, Эфиопия, Сомалиелдерінің даму дәрежесі өте төмен, мешеу елдердің қатарына жатады. Африканың артта қалған елдерінде аштықты болдырмас үшін халықаралық ұйымдар бұл елдердің халқына ұдайы қайырымдылық көмек көрсетіп отырады. Материктің жер қойнауы қазба байлықтарға өте бай. Сол себепті елдердің болашақта басқа елдермен сауда, ғылыми-мәдени байланыстарды орнату нәтижесінде шаруашылығын дамытуына мүмкінділігі мол.
Африка елдері табиғат жағдайы мен халқының құрамына сәйкес рика, Батыс Африк, Орталық Африка, Шығыс Африка, Оңтүстік Африка.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет