Сабақтың барысы: Сабақтың кезені/ уақыт Педагогтың әрекеті Оқушының әрекеті



Дата12.12.2023
өлшемі117,01 Kb.
#196693
түріСабақ
Байланысты:
2 5425138036717399185





Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні: 01.09.2023




Сынып: 9

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ» табысты ұлт»

Құндылық

Ұлттық мүдде

Мақсаттары

Оқушыларға адам бойындағы адалдық, адалдық сезімдерін ұғындыру.





Сабақтың барысы:



Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті



Ресурстар




«Адалдық»
Адалдық өміріңе керек нәрсе,
Ол да гүлдеп нұрланар көңіл бөлсе.
Халыққа өз пайдасын тигізе алмай,
Адам боп, өзін – өзі меңгермесе.
Әңгімелесу.
• Адал дос дегенді қалай түсінесіңдер?
• Әділ болуға ұмтылу адамға не үшін қажет?
• Адал болу кез келген адамның қолынан келе ме?
• Неліктен?
Видеоролик көрсетіледі
«Адал бала” корей ертегісі
Мәтінді талдау
Ой бөлісейік:
• Бала неліктен алтын, күміс балталардан бас тартты?
• Оларды бірден алса, не болар еді?
• Баланың ісін адал деп айтуға бола ма? Неліктен?
Тренинг
(Оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет
шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды. )
Дәйексөзбен жұмыс
«Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді»
«Алдау – зұлымдық, Алдану - ақымақтық»
«Әділ сөйлеп, адал жүр».
Жағдаяттарды талдау (5 мин 7 слайд)
1 – жағдаят 
Ажар мен Алмагүл сабақтан келе жатыр еді. Ажар жарнамадан жаңа фильмнің басталғанын көріп: - Менің қалтамда апам “Самса алып жерсің” деп берген ақша бар. Кеттік, кино көрейік, - деді.
Алмагүл:
- Үйден сұранып шыққан жоқпыз, іздеп қалады ғой - деп, іркіліп қалды.
- Ештеңе етпес, “мектепте болдық”деп айта саламыз.
* Ажардың ұсынысына сен қалай жауап берер едің?
2 - жағдаят
Менің ең жақын досым мектепте бір баламен достасқан, ол күнделікті кешке қарай мені өзімен бірге серуендеп жүруге шақырады. Ол: “Менің анам сенімен бірге жүргенімді білсе қарсы болмайды”, - дейді. Досыма үйінде ата - анасы ұрыспауы үшін мен бірнеше рет телефон арқылы оларға өтірік айттым. Басында мен қиналмастан оларды жасырып жүрдім, ал қазір олар мені пайдаланып жүр, ал мен күнде өтірік айтуды ұнатпайтын болдым. Мен досымнан ажырағым келмейді. Сонда менің не істеуім керек.
* Сендер баланың сұрағына қалай жауап берер едіңдер?
Рефлексия
Сабақтан не түсіндік?
Не ұнады?
Сабақтан қандай әсер алдыңдар?
Адалдық — адам мінезіндегі бағалы қасиет; АДАЛДЫҚ - адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана - сезімі мен ар - ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық - этикалық жиынтығы.
Қазақтың адалдық жайында өзіндік пайым - түсінігі туралы Ұлы Абай: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол», - дейді. Адамгершілік ұжымдық ортада бойына сіңірген тәрбиесіне, біліміне, адал еңбектенуге байланысты қалыптасып, адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды.

3. Әрекет жетістікке жету жолы.


Сіздердің назарларыңызға келесі видео ролик ұсынылады: «Мен адалдыққа жету үшін....»Талдау:
Өз ойларыңызбен бөліссеңіз бұл бейнебаян сізге қандай әсер қалдырды?
Бұдан қандай қорытынды жасауға болады?
Өз арманына жету үшін не істеуге болады деп ойлайсыздар?
Белгілі педагог Ушинский айтқандай «Өз бетінше жұмыс- жетістікке жеткізудің бірден бір жолы» яғни өз бетімізше ізденіп, арман, мақсаттарыма қол жеткізуіміз керек екен.
Белгілі тұлға Павлов «Мақсатқа ұмтылған, бір мақсаттан соң, екінші мақсат қойып отырған адамның өмірі қызықты өтеді, және әрқашан мақсатына жету үшін талпынып, өмірлік ізденісте болады» деген.
Абай атамыз айтқандай
Сенбе жұртқа тұрсада қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар
Еңбегің мен ақылың екі жақтап. Балалар әрқашан өз еңбектеріңізге сеніңіздер сонда ғана жетістікке жетесіздер!!!
Білімге 3-жол алып барады.
Ойлау, оқу жолы- бұл ең парасатты жол.
Еліктеу, ұқсау жолы- бұл ең оңай жолы.
Басы тасқа тиіп, тағдырдан сабақ алу жолы- бұл ең ащы жол. Оқушылар, Еңбек етіңдер, сонда мақсаттарыңа міндетті түрде жетесіңдер. Жүректен жүрекке (2 мин)
Адалдық — адам мінезіндегі бағалы қасиет; АДАЛДЫҚ - адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана - сезімі мен ар - ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық - этикалық жиынтығы.
Қазақтың адалдық жайында өзіндік пайым - түсінігі туралы Ұлы Абай: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол», - дейді. Адамгершілік ұжымдық ортада бойына сіңірген тәрбиесіне, біліміне, адал еңбектенуге байланысты қалыптасып, адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды.
Жүректен - жүрекке шеңберімен аяқталады. Оқушылар бір біріне жүрек жарды тілектерін айтып тақтаға жазады.
Рефлексия: «Сенім ағашы!» (5 мин)


1. Сіздер қалай ойлайсыздар өмірдегі басты адалдық не?
2. Мектепке келудегі мақсаттарың қандай? Сіздерді не үшін оқытып жатыр?
3. Өмірде қандай жетістіктерге қол жеткізгіңіз келеді?
4. Дәл қазіргі кезде қандай мақсатты көздер отырсыз?
Дұрыс айтасыңдар өмірде білімсіз есеюдің, өсудің қажеті жоқ екенін және де қазіргі кезде білімімізді жетілдірудің түрлі жолдары өте көп.
Ол үшін алдымызға мақсат, міндет, оған жету жолдарын қоюымыз керек.
Бүгінгі сабағымызда келесі ұғымдардың мағынасын ашу үшін жұмыс жасаймыз.
1. Мақсат
2. Адалдық (түрткі)
3. Әрекет жетістікке жету жолы.
4. Әділдік жолы
1. «Мақсат»
Мақсат – белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.
Мақсат түрлері: 1) нақтылы мақсат – іс-әрекеттің тікелей нәтижесі, заттың бейнесі; 2) абстрактілі мақсат — талаптану, яғни жалпыға бірдей игілікті көксеу және соған жету үшін қызмет ету. Мақсат ежелгі гректердің табиғат философиясында әлемдік ақыл-ой заңдылығы жөніндегі ілімге байланысты зерттелді. Олар мақсатты адамдардың іс-әрекетін бейнелейтін ұғым ретінде қарастырылып, өзара күрделі қатынаста болатын бірнеше түрін анықтады. Ал енді сіздердің назарларыңа келесі видео роликті қарауды ұсынамын.
III-тапсырма: Видео «Мақсатыңа жет!»
Талдау:
Өз ойларыңызбен бөліссеңіз бұл бейнебаян сізге қандай әсер қалдырды?
Бұдан қандай қорытынды жасауға болады?







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет