Физика пәнінің мұғалімдеріне арналған «Шебер мұғалім» байқауының ережесі



Дата05.07.2018
өлшемі24,57 Kb.
#47247

СОГЛАСОВАНО

Зам. директора УМЦ РО по ДО и ОСО

Абдикерова Б.Х.________________

«___» _____________2014г


УТВЕРЖДАЮ

Директор УМЦ РО

Кожахметова Г.Ш._____________

«___» _____________2014




Физика пәнінің мұғалімдеріне арналған «Шебер мұғалім» байқауының

ЕРЕЖЕСІ
Физика пәні мұғалімдерінің облыстық форумы шеңберінде өткізілетін физика пәні мұғалімдерінің облыстық байқауы.


1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

1.1. Осы Ереже Қарағанды облысындағы (әрі қарай – Байқау) физика пәні мұғалімдерінің шығармашылық байқауының ұйымдастырылу және өткізілу тәртібін, оның ұйымдастырылуының әдістемелік қамтамасыз етілуін, Байқауға қатысу тәртібін және жеңімпаздарын анықтайды.

1.2. Байқауды ұйымдастырушы Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы болып табылады.
2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері


    1. Байқаудың мақсаты:

  • мұғалімдердің шығармашылық потенциалын дамыту;

  • Педагогикалық іс- тәжірибені тарату, мұғалімдердің өзара бірлесіп қызмет ету және кәсіби қарым-қатынас жасау алаңын кеңейту

2.2 Байқаудың міндеттері:

  • Алдыңғы қатарлы физика пәні мұғалімдерінің педагогикалық іс-тәжірибесін тарату және насихаттау;

  • мұғалімдерді біліктілік деңгейін арттыруға ынталандыру;

  • бәсекеге қабілетті, мобильді, жоғары білімді маман ретінде заманауй мұғалімнің бейнесін қалыптастыру;

  • физикадан есеп шығару кезінде педагогтардың білімін арттыру.

3. Байқауға қатысушылар

3.1.Байқауға жалпы білім беретін мекемелердегі барлық физика пәнінің мұғалімдері қатыса алады.



4. Байқаудың мазмұны:

4.1. Байқау барысында білім беру мекемелеріндегі жоғары кәсіби рейтингке ие, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер анықталады.

4.2 Байқау кезеңдерінде қазылар алқасы мұғалімдерді келесі көрсеткіштері бойынша бағалайды:


  • Байқауға қатысушылардың материалдары және сұраныстары (электрондық және қағаз түрінде файлдық папкада) 2014 жылдың 20 қарашасынан 2015 жылдың 10 ақпан аралығында қабылданады.

Қабылдау мекен- жайы: Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, Қарағанды қаласы, Сәкен Сейфуллин көшесі 8/2, №415 кабинет .

  • Бірінші тур – сырттай. Байқауға жіберілген жұмыстарды рецензиялау 2015 жылдың 16 ақпанынан 2015 жылдың 27 ақпанына дейін.

  • Шығармашылық өзін-өзі таныстыру(презентация PowerPoint) – педагогикалық іс-тәжірибесін баяндау;

  • Байқауға қатысушы 5 сабақтың сабақ жоспарын электрондық және қағаз түрінде (қосымша флипчарттар жіберуге болады) тапсырады.




  • Екінші тур – іштей. Олимпиадалық есептерді шығару 2015 жылдың 9 наурызынан 20 наурызына дейін өткізіледі. Өткізілу мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Сәкен Сейфуллин көшесі 8/2, №206 кабинет .

    • Байқауға қатысушы өзімен бірге жеке бас куәлігін алып келуі тиіс.

    • Байқауға катысушыларға оқу-әдістемелік әдебиеттерді және өзінің жазба кітапшасын пайдалануға болмайды.


Педагогикалық іс-тәжірибені баяндау келесі міндеттерді жүктейді:

  • Мұғалімнің іс- тәжірибесінің тақырыбын анықтау, оның мақсатын және міндетін белгілеу, өзектілігін негіздеп, талдау жасау.

  • Психология-педагогикалық негіздеме. Білім беру философиясын және негізгі педагогикалық принцип пен идеяларын анықтау ;

  • Іс- тәжірибесінің мазмұны. Іс- тәжірибесін тарату, педагогикалық технологияларды пайдалану және сабақты ұйымдастыру формаларын сипаттау. Білім берудің мектепішілік жүйесімен қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ету.

  • Оқушылардың білімін дамытуда мұғалім іс- тәжірибесінің нәтижелілігі, тиімділігі және табыстылығы(мұғалім жетістігі және оқушы жетістігі);

  • қосымша : сабақ жоспарлары (5-ден кем болмауы керек).



5. Байқауды өткізу

5.1. Байқауға жалпы жетекшілікті ұйымдастыру комитеті атқарады.

5.2. Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:


  • Конкурстық жұмыстарды және сұранысты қабылдауды ұйымдастыру;

  • Қарағанды облысы ББД ОӘО сайтына Байқаудың өткізілетіндігі туралы мәлімет беру;

  • Тәуелсіз сарапшылардың құрамын сайлау;

  • Жіберілген жұмыстарды бағалаудың критериін анықтау;

  • Байқауды өткізу тәжірибесін жалпылау және талдау.


6. Байқауды өткізу мерзімі

6.1. Үміткерлердің байқау материалдары мен сұраныстары (электрондық және қағаз түрінде файлдық папкада) 2014 жылдың 20 қарашасынан 2015 жылдың 10 ақпанына дейін Қарағанды қаласы, Сәкен Сейфуллин 8/2 көшесі, Қарағанды облысы ББД ОӘО, №415 кабинет мекен жайы бойынша қабылданады.

6.2..Байқауға қатысу үшін сұраныс 1 Қосымшаға сәйкес толтырылады.

Қосымша 1



Қатысушының аты-жөні




Жұмыс орны




Аудан, қала




Физика пәнінің мұғалімі ретінде еңбек өтілі




Телефоны, электрондық адресі



6.2. Эксперттердің жұмысы – 2015 жылдың 16 ақпаннан 23 наурызға дейін жүргізіледі.


7. Қорытындылау, марапаттау

7.1. Байқаудың қорытындысы эксперттер шешімінің хаттамасы негізінде шығарылады. Ерекшеленген жұмыстар эксперттер қойған ұпайлардың қосындысы негізінде автоматты түрде анықталады.



7.2. Байқаудың нәтижесі 2015 жылдың 20 наурызынан кейін Қарағанды облысы ББД ОӘО сайтында жарияланады және Қарағанды облысы физика пәні мұғалімдерінің Форумында марапатталады.

7.3.Байқаудың жеңімпаздары және номинанттары ұйымдастырушы комитетінің грамоталарымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет