Геометрияның негізгі ұғымдары



Дата30.05.2022
өлшемі3,72 Kb.
#145505
Байланысты:
Геометрияның негізгі ұғымдары-engime.org


Геометрияның негізгі ұғымдары

Геометрияның негізгі ұғымдары

Геометрия-заттардың формасын, өлшемін және де өзара ара-қатынастарын зерттейтін ғылым саласы.


  • Геометрия-заттардың формасын, өлшемін және де өзара ара-қатынастарын зерттейтін ғылым саласы.

Геометрияның қолданысы

Көптеген өмірлік есептердің шешімін табу;

Қоршаған ортаны тану;

Логикалық ойлау қабілетін дамыту

Көптеген маңызды мамандықтардың негізі

(Архитектор, құрылыс инженері, скульптор т.б.)

Геометрияның салалары

Геометрия


Планиметрия
Стереометрия

Планиметрия


  • Планиметрияда бір жазықтық бойында жататын, көлемсіз геометриялық фигуралар зерттеледі. Оларға: нүкте, кесінді, сәуле, үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер және т,б фигуралар жатады.

шеңбер
төртбұрыш


сызық

Стереометрия

Стереометрияда белгілі бір 3D көлемі бар геометриялық фигуралар зерттеледі. Оларға:

Пирамида, конус, шар, цилиндр және т,б фигуралар жатады.

Пирамида


Шар

Цилиндр

Анықтама

Жаңа ұғымдардың мағынасын бұрыннан белгілі ұғымдар арқылы түсіндіретін сөйлемді анықтама деп атаймыз.

Төртбұрышты анықтау үшін нүкте, кесінді

секілді бұрыннан белгілі ұғымдарды

пайдаланамыз. Себебі төртбұрыш нүкте

мен кесінділерден құралады.

Негізгі ұғымдар

Анықтамасыз қабылданатын ұғымдар негізгі ұғымдар деп аталады.

Негізгі ұғымдардан бұрын анықталған ұғымдар болмағандықтан, бұл ұғымдарға анықтама жоқ.

Мысалы:

нүкте
түзү

жазықтық


Дәлелдеу


  • Берілген тұжырымдаманы ретімен талдау арқылы ақиқаттығына көз жеткізу оны дәлелдеу деп аталады.

Аксиома


  • Ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылдана-тын сөйлем аксиома деп аталады.


http://engime.org

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет