Гидрофобтық— заттың (материалдың) суға шыланбайтын қасиеті. Бұлардың қатарына көптеген металдар, майлар, балауыздар, кейбір полимерлер жатады. Мұндай қасиеті бар материалдармен көптеген заттардың (металл, маталар, қайыстар, ағаштар және т.б.) бетін қаптау арқылы ылғалды атмосфера әсерінен сақтайды.
Зольдер - коллоидты жүйедегі дисперсті фаза бөлшектері қатты күйде, ал орта сұйық күйде болатын ерітінділер.
Гидрофобты гидрозоль пайда болу кезінде өсетін ядро кұрылысы, адсорбцияланған иондардың қабатынан туындайтын стабилизатор (тұрақтандырғыш) деп аталатын заттардың әсерінен тоқтап калуы мүмкін, яғни ядро кұрылысын мысалы, төрт не одан да көп сатыдан тұрады десек, онда әлгі тұрақтандырғыш көмегімен кез келген сатыдағы ядро бөлігі кездесуі мүмкін. Ал коллоидты мицелла ядросының айналасындағы ионды сфера адсорбциялық және диффузиялық екі қабаттан немесе екі сферадан тұрады;
Адсорбциялық қабаттың (сфераның) өзі ядро бетіне адсорбцияланған және оған өз зарядының атауын беретін потенциал анықтаушы иондар қабаты мен электр статистикалық тартылыс күшімен берік байланысқан жылжымалы АВ жазықтығының сыртындағы кері иондар бөлігінен тұрады. Осындағы ядро мен оның айналасындағы ионды атмосфера бірігіп, гранула деп аталатын катион немесе анион түріндегі көп зарядты ион құрайды. Жыл-жымалы АВ жазықтығынын, сыртындағы диффузиялық қабаттың адсорбциялықтағыдай жанасу шегі, анық дисперсиялық фазасы болмайды. Бұл қабат адсорбциялық кабатқа орналасқан кері иондар мен потенциал анықтаушы иондар санының орташа айырымына теңелетін кері иондардан тұрады.
Гранула диффузиялық кері иондар қабатымен бірігіп, коллоидты бөлшек — мицелланы құрайды. Мицелла әр кезде де электр бейтарап. Сондай-ақ ол ерітіндіде реакцияға қатысса да, қатыспаса да, тіпті қоспа ретінде болса да әйтеуір кездесе беретін электролит иондары кері ион құрай береді.
Коллоидты жүйелер - дисперсті фаза бөлшектерінің мөлшері 10-7 – 10-5 см. болатын жүйелер. Оларға тән қасиеттер: мөлдір, жартылай өткізгіштен өтпейді, микро гетерогенді, яғни өте ұсақ, әр текті көп фазалы жүйе.
Коллоидты ерітінділерді тазарту әдістері. Коллоидты ерітінділерді тазартудың неғұрлым көп таралған әдістеріне диализ және ультрафилтрация жатады.
Гидрофобты дисперсті жүйелердің(суспензиялар, күлдер, оның ішінде аэрозольдер, эмульсиялар) синтезі дисперсия және конденсация әдістерімен жүзеге асырылады. Таңдалған ортадағы қатты және сұйық заттардың дисперсиясы шарлы және коллоидты діріл диірмендерінде, ультрадыбыстық қондырғыларда және т.б. жүзеге асырылады. Конденсация әдістері атомдардың немесе молекулалардың физикалық немесе химиялық конденсациясына негізделген, содан кейін орта көлемінде (газ тәрізді, сұйық немесе қатты) бөлінген дисперсті бөлшектер түрінде жаңа Фаза түзіледі.
Физикалық конденсация әдісімен күл, түтін, дисперсті металдар алынады. Химиялық конденсация кезінде жаңа фазалық бөлшектер химиялық реакция жүйесінде аз еритін қосылыстар түзу арқылы түзіледі.
Гидрофобты дисперсті жүйелер термодинамикалық тұрғыдан тұрақсыз, өйткені дисперсті фазалық бөлшектер агрегацияға бейім. Олардың термодинамикалық агрегативті тұрақсыздығы шамадан тыс
Қорытынды Коллоидты ерітінділерді тазарту әдістері. Коллоидты ерітінділерді тазартудың неғұрлым көп таралған әдістеріне диализ және ультрафилтрация жатады.
1) Диализ. Жартылай өтізгіш мембранадан өткізу арқылы коллоидты бөлшектерді ұстап қалу қасиетіне негізделген коллоидты ерітінділерді иондар мен молекулалар қоспаларынан тазарту әдісін диализ деп атайды. Қолданылатын аспап диализатор деп аталады. Қарапайым диализатордағы диализ көп уақытты алады. Кейінгі кезде коллоидтарды электролиттерден жылдам әрі толығымен тазартатын электродиализ әдісі қолданылуда. Бұл тұрақты токты қолдана отырып электродиализаторда (екі мембрана арқылы үш бөлікке бөлінген ыдыс) жүргізіледі. 2)Ультрафильтрация. Коллоидты ерітінділерді жартылай өткізгіш мембрана арқылы фильтрлеу жолымен дисперстік фазаны дисперстік ортадан бөлу процесін ультрафильтрация деп атайды. Ультрафильтрация кезінде коллоидты бқлшектер фильтрде (мембранада) қалады, ал құрамында электролиттері бар фильтрат еріткішке өтеді.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!