Мұғалімнің аты-жөні:
|
|
Пән/Сынып:
|
Физика, 9 сынып
|
Қай аптаның нешінші сабағы
|
5 АПТА 9 САБАҚ
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
3-тарау Динамика негіздері
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Денелердiң ауырлық күшiнiң әрекетiнен қозғалуы
|
Оқу мақсаты:
|
9.2.2.8 тартылыс өрісіндегі дененің қозғалысын сипаттайтын шамаларды анықтау;
|
Бағалау критерийі:
|
тартылыс өрісіндегі дененің қозғалысын сипаттайтын шамалармен танысады;
тартылыс өрісіндегі дененің қозғалысын сипаттайтын шамаларды есептер шығаруда қолданады;
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
«Денелердiң ауырлық күшiнiң әрекетiнен қозғалуы» тақырыбын меңгеру
|
Бірлескен жұмыс
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы орындауы
|
Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Тапсырма
|
Тапсырманың мақсаты
|
Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
1 минут
|
Ұйымдастыру
|
Тақырып, мақсаттарымен таныстыру
|
Не меңгеретінін білу үшін
|
Мұғалім оқушылардың мақсатпен танысқанын бақылайды
|
|
Презентация № 1
|
7-8 минут
|
Өткен тақырыпты қайталау
|
Өткен тақырыпты цифрлық ресурстар арқылы еске түсіру
|
Өткен тақырыпты сұрақ-жауап арқылы еске түсіру
|
Оқушылардың өткен тақырыпты цифрлық ресурстар арқылы игергендерін бақылайды
|
|
Презентация № 2
|
8 минут
|
Жаңа сабақ
|
Жаңа тақырыпты цифрлық ресурстар арқылы түсіндіру
|
Оқу мақсаты бойынша тапсырмаларды орынду
|
Оқушылардың жаңа сабақты практикалық жұмыс жасау арқылы меңгергендерін бақылайды
|
Бағалау критерийлерін ұсыну
|
Презентация № 3-10
|
3 минут
|
Бекіту
|
Жеке тапсырма ұсыну
|
Тақырыпты меңгергенін анықтау
|
Жаңа сабақты меңгерудегі кедергілерді анықтау, түзету жұмыстарын жүргізу
|
Бағалау критерийлерін ұсыну
|
Презентация № 11-12
|
Ұжымдық жұмыс
«Денелердiң ауырлық күшiнiң әрекетiнен қозғалуы» жаңа тақырыпты меңгеру.
|
Бірлескен жұмыс
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы тексеру.
|
Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы
|
Дененің еркін түсу үдеуімен вертикаль қозғалысы
Горизонталь лақтырылған дененің қозғалысы
Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы
|
Тапсырмалар:
№ 1
Дене вертикаль жоғары қарай 10 м/с бастапқы жылдамдықпен лақтырылған. Дененің көтерілу биіктігін анықтаңдар. Қандай уақыттан кейін дене жерге түседі?
№2
Көкжиекке 450 бұрышпен лаұтырылған диск ең жоғары 10 м биіктікке көтерілді. Дискінің ұшу алыстығы қандай?
№ 3
Бала допты 20 м биіктіктегі терезеден горизонталь бағытпен лақтырды. Егер доп үйдің іргесінен 6 м қашықтыққа түссе, доп жерге дейін қанша уақыт ұшқан және қандай жылдамдықпен лақтырылған?
|
Тест жұмысы:
Дене белгілі биіктіктен құлайды. Жерге түсер алдындағы дененің жылдамдығы 30 м/с. Дене қандай биіктіктен құлаған? (g=10 м/с2)
А. 180 м
В. 90 м
С. 45 м
Д. 30 м
Е. 22,5 м
20 м бастапқы жылдамдықпен тік жоғары лақтырылған доп 2 с ішінде қандай биіктікке көтеріледі? (g=10 м/с2)
А. 60 м
В. 20 м
С. 40 м
Д. 10 м
Е. 0 м
Доп 18 м/с жылдамдықпен вертикаль лақтырылды. Оның 3 с-тағы орын ауыстыруы
А. 8 м
В. 6 м
С. 7 м
Д. 9 м
Е. 10 м
Тыныштық күйінен құлай бастаған дененің 4,9 м жолды жүріп өтетін уақыты
А. 2 с
В. 4 с
С. 3 с
Д. 1 с
Е. 5 с
5 м/с жылдамдықпен бірқалыпты көтеріліп келе жатқан аэростаттан 100 м биіктікте тас құлайды. Тастың жерге түсу уақытын тап.
А. 5 с
В. 9 с
С. 4 с
Д. 3 с
Е. 7 с
Жауаптары:
С
В
Д
Д
А
|