Сабақтың тақырыбы Дыбыс және әріп Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата04.06.2022
өлшемі20,39 Kb.
#145938
түріСабақ
Байланысты:
Документ Microsoft Word


Бөлім:

Демалыс мәдениеті

Мұғалімнің аты-жөні




Күні:




Сынып: 3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Дыбыс және әріп

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу
3.4.1.1* э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады, сөздерді сауатты жаза алады.
Көптеген оқушылар: сұрақтарға жауап беріп, шығарма мазмұнын талқылай алады.
Кейбір оқушылар: сөз таптарының біріне мысалдар жаза алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру,
өзін –
өзі тексеру
2 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.
-Бүгінгі сабақта бақылау диктантын жазатын боламыз.

  1. Жаттығу жасайды.






Жаңа білім
40 мин

1 мин


(Д) 1-тапсырма бақылау диктантын жазу:
Көктем келді.
Көктем де келді. Ауылдың ортасынан қақ жарып ағып жатқан өзен таси бастады. Қар еріп, сай – саланы су алды. Өзен жағасына жақын тұрған үйдің адамдары түнімен ұйықтамай шығады. Ауыл қариялары қолдарын көлегейлеп ұшқан құсқа жиі қарайды. Өйткені тырна келген соң, жер жыртуға болады. Олар сол сәтті тосады. Тырналар ұшып келді. Жұрттың бәрі тыраулаған тырналардың соңынан ұзақ қарап тұрды. ( 56 сөз )
Грамматикалық тапсырма:
1- тапсырма:
Сөйлемді сөйлем мүшесіне талдап, үстіне сөз таптарын жазып көрсет.
1 – нұсқа: Өзен жағасына жақын тұрған үйдің адамдары түнімен ұйықтамай шығады.
2 – нұсқа: Жұрттың бәрі тыраулаған тырналардың соңынан ұзақ қарап тұрды.
2 – тапсырма: 
Зат есімді жекеше, көпше түрде тәуелде.
1 – нұсқа: Тырна деген сөзді. 
2 – нұсқа: Өзен деген сөзді.


Сергіту сәтінде қазақ күйін тыңдату.



-Диктант мәтінін жазады.



Дескриптор:
-Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі, сауатты жазады, грамматикалық тапсырманы дұрыс орындайды -10балл.



Оқулық, дәптер


Кері байланыс
2 мин

Кері байланысты «Менің сөзім» әдісі арқылы береді.

Кері байланыс жасайды.

ҚБ қойылады.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет