Саяси даму және модернизация



Дата10.12.2023
өлшемі41,78 Kb.
#196196
Байланысты:
Ару


Саяси даму және модернизация.

Саяси модернизация теориясы, басқаша айтқанда, саяси даму теориясы саясатты талдаудың дербес бағыты ретінде өткен ғасырдың 50-жылдарында ғана айналысқа енді. Ол дәстүрлі саяси жүйенің жаңа заманға, жаңа жағдайларға бейімделу үрдістерін, мемлекеттік жүйе мен қоғамды өзгертуге себеп болатын саяси өзгерістердің ішкі механизмдерін зерттеді. Әртурлі қоғамдық бағыттылық пен әлеуметтік және саяси лектегі жүйеге негізделген оқиғаларды қандай да бір концептуалды әдістемелік сызбалар немесе себеп-салдарлық баланы денгейінде қарастырып түсіндіру мүмкін емес.


Саяси модернизация - аумақты кеңейту және әкімгершілік-саяси шекараны реттеу ұлттық немесе федеративтік мемлекеттердің құрылуы, орталық биліктің күшеюі, сонымен бірге билік бөлінісі; екіншіден, мемлекеттің қоғамның ішкі бірлігін және тұрақтыларын сақтай отырып экономика, саясат жене әлеуметтік салалардағы құрылымдық өзгерістерге дайындығы; үшіншіден, саяси үрдіске тұрғындардың кеңінен қосылуы; төртіншіден, саяси демократияның орнауы немесе билікті заңдастыру тәсілдерін өзгерту. Саяси модернизация теориялары - XX ғасырдың 50-60 жж. модернизация теориясы қоғамдық- тарихи даму теорияларынын бір бағыты ретінде қалыптасты. Бұл теорияның басты белгісі - универсалдық, яғни, қоғам дамуын барлық елдер мен халықтар үшін ортақ заңдылықтары мен кезеңдері бар жалпы процесс ретінде қарастыру. Модернизация теориясындағы либералдык бағыт.
Либералдық бағытты зерттеушілер саяси модернизацияның мақсатын үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік және саяси талаптармен жұмыс істей алатын институттардың қалыптасуынан көреді. Билік өкілдері мен турғындар арасындағы диалогтың орнауы. Мұндай диалогты ұйымдастыру ашық әлеуметтік және саяси жуйені орнатуды білдіреді. Бұл жағдайда әлеуметтік топтар арасындағы айырмашылық жойылып, әлеуметтік белсенділік өседі, ал саяси салада әкімгершілік жане саяси топтар мен институттар арасындаты қарым-қатынас тиімді реттеледі. Либералдық бағыт үшін саяси модернизацияның негізгі белгісі - азаматтардың саяси араласуынын денгейі мен әртурлі топтардың, саяси жетекшілердің ашық саяси бесекелесуінің алғышарты. Модернизация теориясындаты консервативтік бағыт. Консервативтік бағыт өкілдері модернизацияның негізгі кезі деп саяси өмірге араласатын бұхара халық күресін үнемі өзгертіп отыратын әлеуметтік мақсаттар кепілдігін қамтамасыз ете алатын саяси институттардын беріктігі мен уйымшылдығын айтты. Қатаң тәртіп қана нарық пен ұлттық бірлікке етуді қамтамасыз ете алады. Сондықтан да модернизация жоғары орталықтандырылған саяси институттарды талап етеді, яғни, қоғамдык өзгерістер үшін ұйымдық қуралдарды институттандыру қажет. Модернизациянын мәні неде? Ол дәстүрлі саяси жүйенің жаңа заманға, жаңа жағдайларға бейімделу үрдістерін, мемлекеттік жүйе мен қоғамды өзгертуге себеп болатын саяси өзгерістердің ішкі механизмдерін жүзеге асыруда.
Орындаған;АбдухашимАружанММ23-1

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет