Оқу курсының типі: «6B06301-Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығы бойынша бакалавриат білім беру бағдарламасы бойынша «Математика» оқу курсы теориялық негізгі курс болып табылады.
Курстың мақсаты: математикалық есептерді модельдеуге, талдауға, шешуге мүмкіндік беретін математиканың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру, студенттерге маман ретінде болашақ кәсібімен байланысты әртүрлі құбылыстар пен процесстерді оқып талдауға мүмкіндік беретін математикалық әдістерді меңгеруге көмектесу. Сонымен қатар, пәнді оқытудағы мақсатқа студенттің математикалық интуициясын, логикалық және алгоритмдік ойлауын қалыптастыруда жатады.
Пәнді оқудың нәтижесінде студенттер қабілетті болуы керек: Студенттер жоғары математиканың алгебра және геометрия, математикалық талдау курстарын меңгеруге, емтиханға дайындалуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға мүмкіндік алады. Атап айтқанда, Матрица, кері матрица, матрицаның рангі және анықтауыш ұғымдары мен табу әдістерін, сызықтық теңдеулер жүйесін шешу әдістерін үйренеді. Векторлық алгебра элементтерін, түзудегі, жазықтықтағы және кеңістіктегі аналитикалық геометрияларын толығымен меңгереді. Сандық тізбектер, шектер, үзіліссіздік, туынды және дифференциал тақырыптары, функцияларды жалпы зерттеу, туындылардың әртүрлі қолданулары мен Тейлор формуласы, оны практикада қалай пайдалану шеберліктерін шыңдайды. Одан әрі анықталмаған, анықталған интегралдар және олардың физикалық, геометриялық есептер шығаруда пайдалану әдістерін игереді. Сонымен қоса, бұл курс математикалық есептерге келтірілетін қолданбалы есептерді шығаруда, машықтандыру есептері шешімдерінің тиімді әдістерін анықтау дағдыларының қалыптасуына зор ықпалын тигізеді.
Студенттер нақтылы математикалық ұғымдарды, қойылған есептерді зерттеу әдістері мен шығару жолдарын түсінеді, қолданыстарын ұғынады.
Пререквизиттер
мектеп көлеміндегі математика мазмұны, физика, информатика негіздері.