Ә.Қоңыратбаев. «Киіктің айласы»



Дата25.12.2016
өлшемі50 Kb.
#4579
Ә.Қоңыратбаев. «Киіктің айласы»








Бастауыш сынып мұғалімі: Амирова Актоты Мырзакуловна

ОҚО Мақтарал ауданы,

Асықата кенті,

«Қайнар»мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Сабақтың мақсаты: 
Әңгімені жүргізіп, түсініп оқуға дағдыландыру. Кейіпкерге мінездеме беру. Әңгіменің негізгі идеясын ашу, талдауға үйрету. Мәтінмен жұмыс жүргізуге баулу. Табиғатты сүюге, аялауға, аң-құстарға қамқорлық жасап, күтуге тәрбиелеу. 
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, киік суреті, Ә.Қоңыратбаев суреті және интербелсенді тақта, гүлдер. 
Сабақтың түрі: Аралас сабақ. 
Сабақтың әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, баяндау, топпен жұмыс. 
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар назарын сабаққа аудару.

1.Сәлемдесу.Әр елдің сәлемдесуі

2.Психологиялық дайындық.

Ана тілі –бар әлемнің бастауы, . Ана тілі өмірімнің асқары . Ана тілі –Абай тілі,ұлы тіл, . Намысты бол қазағымның жастары.

3. Оқушыларды үш топқа бөлу. 
- Балалар, қазір қай мезгіл? 
- Көктем. 
- Көктемде ең алғаш қандай гүлдер ашылады? 
- Бәйшешек, Жауқазын, Қызғалдақ. 
- Олай болса, мен сендерді осы гүлдер арқылы үш топқа бөлемін. Әркім өзіне ұнаған гүлді алып, өз топтарымен отырады. 

І-топ «Бәйшешек», ІІ-топ «Жауқазын», ІІІ-топ «Қызғалдақ». 


4.Топ ережесін еске түсіру
5.Бағалау парақшасы
6.Үй тапсырмасын сұрау. 

Ағаш егу әдісі арқылы үй тапсырмасын қорытындылау

1.Әңгіме кейіпкерлерін ата

2.Мектептен келе жатып,Мұхтар қандай оқиғаға тап болды?

3.Мұхтар қандай іс-әрекет жасады?

4.Мұхтардың орнында өзің болсаң қайтер едің?

5.Әңгіменың «Қайырымдылық» деп аталу себебі не?

6.Мәтіндегі күшік ненің баласы?

Осылай бес-алты оқушыдан үй тапсырмасын сұрап, оларға қосымша с

ұрақтар қоя отырып бағалаймын. 


Ойын. «Сөз ойла, тез тап». 


Мұнда әр топқа жеке-жеке суреттер беріледі. Сол сурет бойынша нақты,

тартымды шағын әңгіме құруы тиіс. Үш топқа берілген суреттер дерлік

қайырымдылық жайында беріледі. Ол суреттер үлкенді сыйлау, кішіге

қамқор болу, қайырымды іс жасау жайында болады. Топпен ойласа отырып,

тез жауап беруі тиіс. 

 Сергіту сәті.

Қайырымдылық, мейірімділік жайында мақал-мәтелдер.

 
- Өте жақсы. Біз қандай тарауды оқып жатырмыз? 


- Табиғат менің өз үйім. 


Табиғатты қорғау дегеніміз не? 


-Жануарларды қандай топқа бөлеміз?

-

Үй жануарлары және жабайы жануарлар.



-Олардың айырмашылығы қандай?

-Үй жануарларын адамдар бағып өсіреді.Ал жабайы жануарлар өз бетінше

табиғатта өседі.Табиғаттағы тіршілік мүшелерінің бәріне қайырымдылық жасау керек.

-Балалар,қайырымдылықты тағы нелерге жасау керек?

Үй хайуанаттары

Құстарға Ағаштарға Жануарларға

Біз табиғаттағы жануарлардың бәріне көмек бере алмаймыз.Олар өз

жауларынан өздері қорғанады.

-Бүгінгі сабағымызда қандай жануар әңгіме болатынын жұмбақ арқылы

табайық.
Зырлап- жүйрік,

Қарғып биік.

Жосып жортар,

Бұл қай жануар?(Киік)

Жаңа сабақ. Ә.Қоңыратбаев. Киіктің айласы. 


Ә.Қоңыратбаев суреті тақтадан көрініп тұрады. Ол 1905 жылы Қызылорда

облысы, Шиелі ауданында туған. Балалар үйінде тәрбиеленген. Ол жазушы,

ғалым, ұстаз болған. Ол өз елінің табиғатын, тауларын, құстарын,

жануарларын шексіз сүйген. Оларды сүйіп, қорғай білуге арналған «Сұр

көжек», «Киіктің айласы», «Балуан» т.б. әңгімелері бар. Ә.Қоңыратбаев 1986

жылы 81 жасында қайтыс болды. 

Киік суреті. Киік – жұптұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын,

тұлғасы ірі, қойға ұқсас, күйіс қайыратын түз жануары. Олардың басты жауы

– қасқыр. Ал, жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар шабуыл

жасайды. Оның мүйізінен дәрі алынады. Киікті қазақ халқы киелі жануар деп

есептейді. Суға төзімді келеді. Киіктің лағын құралай деп атайды. 2006 жылы

«Қызыл кітапқа» енген.

Жаңа сабақты 3 топқа бөліп, оқытып, түсініктер сұралады. Әр топ бір-біріне

төмендегі сұрақтарды береді. 

І топ: 

1. Киік туралы не білеміз? 

2. Киіктің қаруы не? 


3. Киіктер қайда келді? 


ІІ топ: 

1. Аш қасқырлар не істеп отыр еді? 

2. Теке қандай айла жасады? 


3. Аш бөрілерге не болды? 


ІІІ топ: 

1. Киік шын мәнінде ақсақ па еді? 


2. Киіктің қандай пайдасы бар? 


3. Қызыл кітапқа не үшін енгізілді?


Сөздікпен жұмыс. 


аяқ сілтем жер – жақын 
Діңкесі құрыған – шаршаған, қалжыраған. 

Дәптермен жұмыс. 


Топтық тапсырма.  «Дөңгелек үстел» әдісі.

І топ: Киік туралы не білеміз? Мұнда оқушылар киік туралы өз білгенін

жазады. Мысалы: Киік киелі жануар т.б. 

ІІ топ: Қасқыр туралы не білеміз?

ІІІ топ:Автор Ә.Қоңыратбаев туралы не білеміз?

Болжамдарға шолу. Слайд

«Ақсақ киік» күйі. Күйді тыңдаған кездегі әсерлерін әңгімелету

Бағалау. 


Оқушыларды жалпы жинаған ұпай саны арқылы бағалау.

Алтайдың ең үстінде Ақтау биік, 

Бойына бұлт жете алмай тартқан күйік. 


Аңдары бұғы, марал ойын салып


Секірген қиясына өршіл киік. 


Үйге тапсырма.



Кері байланыс.Стикерге өз ойларын жазады.


Мәтінді оқу, киік суретін салып келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет