Әрбір адам үшін қоршаған ортаның көзқарасында қалай көрнектілігі маңызды., осы проблемамен имиджеология деп аталатын ғылым білімнің саласы айналысады. Имиджеология (ағылшын тілінде image- образ, бейне) – тұлғаның сыртқы ерекшелігі, қорытындылығы деген мағына береді. Көптеген дербес, дара тұлғалар табиғатында тартымды имиджді ерекшеліктермен ерекшеленеді. Ереже бойынша адамдардың, тұлғаның сипатын, яғни бейнелік ерекшеліктенуге енуі өзіндік көрсетілу, ұсынылу арқылы іске асырылады. Онсыз ірі жетістіктерге жету, одан көңілін қуанышқа бөлеу мүмкін емес. Имиджді құруда араласа, қатынаса білу үлкен рөл атқарады.
Араласу дегеніміз- қоғамдық субьектілердің өзара әрекеттесу процесі: яғни, әлеуметтік топтар, қауымдастық немесе тұлғалық, өзара ақпараттарменен, тәжірибелермен, іс-әрекеттердің нәтижелік көрсеткіштермен алмасу.
Іскерлік араласудың ерекшелігі-оның белгілі бір қызмет түріне негізінде пайда болып қандай да бір өндірістік өнімнің өндірісімен немесе іскерлік тиімділіәктермен байланыстылығында. Іскерлік араласу, қатынасу ол- өзара әрекеттесу, байланысу процесі болып табылады. Ол процесте іс- әрекеттермен , ақпараттармен, іс-тәжірибелермен алмасу жүйелері орындалады. Белгілі бір нәтижелік көрсеткіштерге жету, нақты проблемаларды шешу, немесе анықталған мақсатты іс-жүзеге асыру. Сұлу, көркем адамдарға ешқандай күмәнсіз тұлғаның тартымдылықты, тиімділікті құра білу жеңіл. Көп жағдайда алғашқы ой-көңіл сыртқы деректерге байланысты пайда болады. Алайда тартымды сыртқы деректер, ерекшеліктердің болмауы тиімді имидж құру жолын жаба алмайды, тосқауыл бола алмайды. Сонымен қатар әрбір дара тұлғада адамдарға ұнай білу ерекшеліктері бар.Зерттеулердің көрсетілулері бойынша, адамдарға ұнай білу мүмкіншілігіне аса көңіл бөлсе бастаған сайын, соғырлым тұлғаның зерделік, көркемдік және ақпараттық ерекшеліктері, сипаттары айқындала түседі.
Тартымды, ерекше болу үшін- өз-өзін үздіксіз жұмыстардың орындалуын талап етеді. Жеңілістер, сәтсіздік кезеңдер де болады, алайда ондай жағдайлардың барлығы жүйелі түрде өткізе білу қажет. Өткен кезеңде және осы уақытта дерек адамдар тартымдылық жүйесін меңгере, игере, түсіне алған.
Тартымдылық, әсемдік-ол тұлғаның тек қана сыртқы бейнесі ерекшелігі ғана, немесе сонымен қатар адамдарға, қоршаған ортаға деген рухани жүйеленуі, енуі,түсінуі болып табылады.Өкінішке орай,өнерде адамдар тұлғалық ерекшелік, мән-мазмұнға түсінбей өздерін батыр, көшбасшы тұрғысында көрсеткісі келіп жатады. Міне, сондықтан да біздің көңілімізді қандай адамгершілікті сапалық және іс- әрекеттердің тарта білетінін бағалай білу қажет.
Жоғарғы рухани таза ерекшеліктерге ие болу сапасы имиджді құруға үздіксіз шарт ретінде қызмет етеді. Имидж проблемасын нақты түрде шеше алатын басымды сапалықтың 3 тобын шартты түрде бөліп қарастырады.
Бірінші топқа мынадай табиғи сапалықтар енеді.
Коммуникабельділік- ( адамдармен жеңіл тілтабыса, үйренісі білу)
Эмпотичность-( ортақтаса білу ерекшеліктері)
Рефлективтілік-( басқа, өзге адамды қандай екенін білу ерекшелігі), шыдамсыздық ( сөзбене әсер ету, араласып кету ерекшелігі), осы аталған сапалықтар табиғи дарындылықтың жинақты көрсеткіштерін құрайды. Осы аталған деректі ерекшеліктермен тұрақты жаттығып оны меңгере білу- тұлғалық имиджді нәтижелі құра білудің кепілі бола алады.
Екінші топқа- тұлғалықтың жүйелену, білімділік және тәрбиелену ерекшеліктері енеді.
Оларға адамгершілікті, рухани құндылықтар, психикалық денсаулықтар және тұлға аралық араласу, қатынасу мүмкіншіліктері жатады.
Үшінші топқа –тұлғаның өңірлік және кәсіби іс-тәжірибелерімен байланысты ерекшеліктер жатады. Осындай іс-тәжірибелер араласу-қатынасу жағдайында сезімталдылық жүйесін дамыта білсе ерекше құнды болады.
Қандай да бір өзіне сенушілік және стерео типті мінез-құлықтар адамдардың тұлғаны қабылдауына келеңсіз теріс әсер етеді. Көптеген жағдайларда имидж- нақтылы жағдайға епті икемделудің нәтижесі болап табылады. Сондықтан өзіндік мінез-құлық моделін дұрыс талдай білу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |