Аппақ қар
Далада ақ мақтадай ақ мамық қар. Бұл қыс мезгілінің келіп жеткенің
білдіреді.Қыс – мезгіл ішіндегі ең пəк, ең ажарлы, ең сұлуы. Бұл мезгіл
өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен
ерекше.Кең даланы ақ көрпеге орап, ақ дүниенің кіршіксіз белгісі болып
жататын ақ қардың аңғалдығы, күн түссе еріп кететін нəзіктігін-ай!.
Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар
айналаға сəн бергендей.Басқан сайын табаныңа жабысып, қытырлаған
дауыс құлағынның құрышын қандырып, көңілің босап сала беретіні де
рас.
Қыс – балалық шақтың естелігі. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын
қызықты кездерде өз алдына бір бөлек əңгіме. Бірі сырғанақ тепсе бірі
аққала жасайды.Қолдарына шана сүйреген балалар жүзіндегі қуаныш,
қамсыз көңіл, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың
суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сəулесін тауып алғандай
қуанады.Табан астында – аппақ көрпе, төбеңізде – күн сəулесі. Сəулемен
шағылысып көздің жауын алатын қар ұшқыны бейне бір жақұт тəрізді.
Қолыңызға түссе еріп, бетіңізге тисе сусып сала беретін мамық қардың
сізге айтары бар секілді... Тазалық пен пəк көңілдің, тұнықтық пен тылсым
құбылыстың бейнесіндей .
Сондықтан болар қыстың үлпілдеген ақ ұлпа қарына ғашықпын,
сықырлаған сары аязына ғашықпын. Күн суытып, қар жауса да
жүректеріңіздегі көктем мен жылулық өшпесін.