Ерік туралы үғым



Дата27.10.2022
өлшемі14,14 Kb.
#155283
Байланысты:
Ерік темперамент Улбала

Қабылдаған: Ғұмырзақ Акмарал


Орындаған:Есенгелді Баян


Ерік туралы үғым
Адамның қиындықтарды жеңуді талап ететін мақсатты әрекеттер мен қылықтарды жүзеге асыру қабілетінен кәрінетін сананың реттегіштік жағы — ерік. Ерік адамның практикалық және танымдық әрекетін ретке келтіруден көрінеді, соларды жүзеге асырудан тұрады. Ерік таныммен байланысты қарастырылады. Сонымен бірге, ерік босатқыш және тежегіш механизм.
[Ерік сапаларының ішіндегі ең негізгілері: 1) өз бетінше шешім қабылдай білу — ешкімге аландамай, өзінің сана-сезіміне, білім деңгейіне, ақыл-ойына сәйкес шешім қабылдау. Оған қарама-қарсы біреудің сөзіне ергіштік; 2) батылдық – шешімді тез, еш толқусыз қабылдай білу -қарама-қарсы батылсыздық; 3) табандылық – мақсатқа жетуде, кедергілерді жеңіп, әрта жолда тоқтамау. Бірбеткейлікпен шатыстыруға болмайды — көптеген объективті себептерге қарамай, ескермей өз пікірін өзгерте алмау; 4) өзін-өзі игере білу — жалқаулық, қорқынышқа қарамастан алға қойылған мқсатты орындай білу әр түрлі ашу-ыза, қорқыныш, күйзелуді көрсетпеу.
Мінез – өз алдына дараланған тұлғалық болмысты құрастырушы
Әрекет- қылықтардың сеп-түрткілері мен әдістерінің тұрақтанған
Жүйесі : Элементтер – бітістер, қасиеттер, сапалар және т.б.
Мінез бітістері – бұл жеке адам ерекшеліктерінің даралықты
Көрсеткіш, белгілері. Бітістерді зерттеуде аса маңызды келетіні олар арасында нақты адам бойындағы жетекші бітісті таба білу. Осы талапқа Орай Н.Д.Левитов барша мінез бітістерін екі топқа бөледі:
Бағыт-бағдар бітістері және ерік бітістері.
Мінездің негізгі сапалары: табандылығы, жігерлілігі, ұстамдылығы мен байсалдылығы – тұлғаның еріктік болмысына байланысты келеді.
Мінез табандылығы – әрқилы жағдайлардағы бағыт-бағдар және Көзқарастар тұрақтылығы, сөз бен әрекет-қылық үйлесімділігі.
Темперамент деп психикалық процестер ағысының жылдам, не баяулығы, қимыл-қозғалыстар мен көңіл күйдің түрлі деңгейіне адамның жүйке саласының тыстан берілетін ерекшеліктерінің жиынтығын айтады. Холерик темпераменті. Бұл типтің өкілі аса қозғыштығымен, соған орай мінез-құлқының ұшқалақтығымен көзге түседі. Холерик қарым-қатыста – күйгелек, бір беткей, шабуылға жаны құмар, іс-әрекетте – пысық. Сангвиник темпераменті. Бұл темпераменттің өкілін И.П.Павлов қызу қанды, іскер адам деп санайды. Ол адамдармен тез тіл тауып, шүйіркелесе кетеді, жұртты жатырқамайды. Флегматик темпераменті. И.П. Павловтың сипаттауынша, бұл барлық уақытта да байсалды, ұстамды бір қалыпты, табанды және төзімді, еңбекқор адам. Меланхолик темпераменті – бұл типтің өкілдері аса сезімтал соның салдарынан жаны тез жараланғыш келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет