Ес психикалық процестер құрылымының ядросы. Тақырып бойынша қаралатын мәселелер: Ес туралы жалпы түсінік. Естің түрлері. Естің физиологиялық механизмдері
Факультеті: «Химия және химиялық технология» Тобы: 201К-Хи
СӨЖ Тақырыбы: “ Ес психикалық процестер құрылымының ядросы». (Тақырып бойынша қаралатын мәселелер: Ес туралы жалпы түсінік. Естің түрлері. Естің физиологиялық механизмдері. Ес процестері”
Алматы 2022ж Ес дегеніміз- адам тәжірибесін есте тұту, сақтау және қайта жаңғырту.
Ес теориялары – Генетика және молекулярлық физиологияның, сонымен қатар кибернетиканың дамуына байланысты соңғы бірнеше онжылдықта естің биологиялық негіздері мен физиологиялық амалдарын зерттеу өзіне ерекше назар аударды. Бұл зерттеулердің бір бөлігі нейрондық деңгейде, демек, жекелеген жүйкежасушаларының жұмысын зерттеу деңгейінде және олардың кешендері еске сақтау үрдісінде жүргізілді. Бірақ ақпараттың есте қалдыру]және қайта жаңғыру үрдістерінде мидың әртүрлі жасушаларының рөлі туралы, сонымен қатар молекулярлық деңгейде іске асып жатқан өзгерістердің ес үшін маңызы туралы сұрақтарғатолықтай біржақты, сендіретіндей жауаптарәзірше алынған емес. Сондықтан да жоғарыдағы айтылған ойларды тек қызықты жорамал ретінде қарастыруға болады. Осыған байланысты ес жұмысының заңдарын түсіну үшін ерекше пайдалы және оны басқарудың тәсілдерін талдау естің психологиялық теориялары болып табылады.
Ес туралы соңғы кезде әртүрлі теориялар қалыптасты: олардың ішінде естің зерттеу амалдары мен заңдылықтарын зерттейтін психологиялық, физиологиялық, биохимиялық, кибернетикалық теорияларды ерекше атауға болады. Психологиялық деңгейде ес механизмдерін зерттеу хронологиялық тұрғыдан басқа теориялардан ертерек қалыптасқан, әрі кеңінен тараған. Алғашқы ес теорияларының бірі, өз мәнін қазіргі кезге дейін жоймаған, ХVII ғасырда пайда болған. Ассоциативті психологиялық теория болды. Бұл теория негізінен Англияда кеңінен тарады. Оның негізіне ассоциация – жекелеген психикалық үрдістердің арасындағы байланыс, сонымен қатар қоршаған дүниедегіқұбылыстар мен заттардың арасындағы байланысы айтылады. Бұл теория бойынша ес қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді өте күрделі жүйе ретінде түсіндірілді. Ассоциациялардың өзі бірнеше түрге бөлінеді: ұқсастық ассоциациясы, көршілестік ассоциациясы, қарама-қарсылық (контраст) ассоциациясы, адамның қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді есіне жататын уақыт пен кеңістікке жақындық ассоциациясы.
Осы теорияның арқасында естің қызмет істеуі мен амалының көптеген заңдылықтары ашылып және зерттелді (мысалы, Г.Эббингауз заңы). Уақыт өте бұл теория көптеген шешілмейтін проблемаларға кездесті, ол проблеманың негізі – адам есінің таңдамалылығын түсіндіру, естің ассоциациялық табиғатының негізінде түсіндіру мүмкін болмады. Дейтұрғанмен, естің ассоциативті теориясының оны тану үшін пайдасы көп болды. ХІХ ғасырдың аяқ кезінде естің ассоциативтік теориясының орнына кезекке гештальттеория келді. Теорияның негізгі ұғымы мен басты қағидасы алғашқы элементтедің ассоциациясы емес, ал оның тұтас ұғымы – гештальт болып табылады. Гетальтизм теориясы естің ассоциативтік теориясын қатты сынға алды (гештальт – неміссөзі, қазақшалағанда бейне, тұтас құрылымдеген мағынада қолданылады). Гештальтизм теориясының негізгі ұғымы – генетальт ұғымы – тұтас ұйымды, құрылымды білдіреді. Сонымен, ассоциативтік теорияның заттар мен құбылыстарға қарапайым элементарлық көзқарасына гештальтизм ең алдымен элементтер синтезі, тұтастық қағиданы қарсы ұсынды. Гештальтизм теориясының жақтаушылары адамның практикалық іс-әрекетіне естің тәуелділігі туралы сұраққа жауап бермеді және өз шешімін таппады. Сондықтан да естің генезисі туралы мәселе күн тәртібінен аланып тасталды. Осы сұраққа психологиялық зерттеулердің басқа да екі бағытының өкілдері жауап бермеді – бихевиоризм және психоталдау. Бихевиоризмді жақтаушылардың көзқарастары ес проблемасына ассоциативтік теория өкілдерінің көзқарастарына жақын болды. Олардың арасындағы бірден-бір мәнді жалғыз айырмашылық – бихевиористер материалдыеске сақтауда бекітудің рөлін бағалады, үйрету үрдістеріндегі естің қалай жұмыс істейтіндігін зерттеуге ерекше мән берді. З.Фрейд және оның жақтаушыларының еңбегі адам есін зерттеуде еске сақтау мен ұмытудың мнемикалық үрдістерінде жағымды және жағымсыз эмоциялардың рөлін анықтауға ерекше мән берді. Психоталдау теориясының арқасында адамның түрткілер саласыменбайланысты ұмытудың көптеген қызықты психологиялық амалдарын анықтады және суреттеді. Кибернетиканың ғылым ретінде дамуының басталуымен есептеу техникасымен математикалық программалаудың білімніңбұл салаларында пайда болуы психологиядан тәуелсіз ес үрдістерін моделдеу басталған болатын, дәлірек айтқанда, еске сақтаудың амалдары, еске сақтаудың тәсілдері және ақпаратты қайта жаңғырту электронды-техникалық құрылымның және электрондыесептеу машиналары үшін бағдарламалардыңкөмегімен іске асырылды. Соңғы онжылдықта осындай зерттеулердің нәтижесінде бай материал жинақталды, адам өзінің қызмет істеу заңдарын түсіну үшін оның пайдасы орасан зор болды. Өз кезегімен бұл ғылымдарөкілдерінің естің өзіндік психолoгиялық зерттеулеріне деген қызығушылығы арта түсті, себебі олар үшін алгоритмдер мен машиналардың есін жетілдіру үшін мүмкіншіліктер ашып отыр. Осындай өзара қызығушылық психологияда соңғы жылдары ақпараттық-кибернетикалық деп аталатын естің жаңа теориясының қалыптасуына алып келді. Қазір ол алғашқы адам есін түсіну жолында көп үміт күттіретін қадамдар жасай бастады.
Естің іс-әрекеттік теориясына сәйкес әртүрлі елестетулердің арасында байланыстар – ассоциациялар ұйымдастыру, сонымен қатар материалды есте қалдыру, есте сақтау және қайта жаңғырту былай түсіндіріледі: адам есте сақтайтын материалмен жұмыс арaсында не істейді, сонымен қатар мнемикалық үрдістер іс-әрекеттің тұтас құрылымында қандай орын алатындығына байланысты. Есте қалдыру амалының ерекшеліктерін ашып көрсететін әртүрлі қызықты деректерді А.А.Смирнов өзінің зерттеулерінде атап көрсеткен болатынды.