Эссе Мұнайдың пайда болу гипотезалары



Дата07.02.2022
өлшемі15,48 Kb.
#91196
Байланысты:
Эссе Ахмет.Е


Эссе
Мұнайдың пайда болу гипотезалары
Қазіргі кезде мұнай пайда болуының екі негізгі теориясы бар. Олар биогендік (органикалық гипотеза) ж/е абиогендік (бейорганикалық гипотеза).
Органикалық гипотеза - мұнай пайда болуының тұнбалы миграциондық гипотезасы ең бірінші АҚШ-та пайда болды және бұл теория КСРО-да кеңінен таралды. Бұл гипотезаның қарапайымдылығынан ғылыми ортада, сонымен қатар дүние- жүзінің көптеген геолог- практиктері қолданған және әлі де қолданып жүр.
Органикалық теория негізінде мынадай тұжырым бар: органикалық көмірлі зат тұнбамен бірге көмілген, және ол геологиялық дамудың ұзақ тарихында диагенез бен катагенез дің барлық сатыларынан өтеді, сөйтіп абиогендік синтездің нәтижесінде мұнайға айналады. Бұл жерде мұнай деп субаквальді бөлігінде көмілген кәдімгі фоссилизация процесінде жеке фазаға бөлінетін неғұрлым тұрақты сұйық гидрофобты өнімдерді айтып отыр.
Органикалық теориямен келіссек, мұнай бұлай пайда болады: өсімдіктер мен жануарлардың өлгеннен кейінгі қалдығы жердің түбіне түседі, сөйтіп бұл қалдықтардан қалың қабат түзіледі және осы кезде биохимиялық сатылар жүре бастайды. Микроорганизмдер ауа жетіспеген кезде ақуыз бен көмірсуларды өңдеп шығады. Сонымен қатар көмірқышқыл газ, су, метан, көмірсулар түзіліп, ары қарай тұнба тығыздалады және қысым мен температураның әсерінен бұл заттарда химиялық реакциялар жүре бастайды. Күрделі заттар жай заттарға айналады.

Ал енді ғалымдардың жүргізген зерттеулеріне көз жүгіртейік.


1888 жылы немістің ғалымдары Г.Гефер мен К.Энглер 400*С температура мен 1МПа қысымда балықтың майын айдап (перегонка), тәжірибе жүргізді. Олар осы зерттеуден кейін құрамына алкен, нафтен және арен кіретін майлайтын май, парафин және көмірсутектер алды
Сәл кешірек, 1919 жылы, академик Н.Д.Зелинский ұқсас тәжірибе жүргізді, бірақ оның бастапқы материалы- Балхаш көлінен алынған, өсімдік тектес органикалық тұнба – сапропель болды. Ол сапропельді қайта өңдеу арқылы бензин, керосин, ауыр майлар,сонымен қатар метанды да алды. Осындай тәжірибелер арқылы мұнайдың пайда болуының органикалық теориясы дәлелденді.

1866 жылы француз химигі М.Бертло мұнай жер қойнауындағы минералдық заттардан пайда болады деген болжам жасады. Ол өзінің теориясын растау үшін бейорганикалық заттардан көмірсутектерді жасанды синтездеп, көптеген тәжірибе жүргізді.


10 жыл өткеннен кейін, 1876 жылдың 15 қазанында орыстың химиялық қоғамының отырысында Д.И.Менделеев өзінің докладымен ортаға шықты. Ол өзінің мұнайдың пайда болуы туралы гипотезасын мазмұндады. Ол: тау түзілу процесі кезінде жердің қабығындағы опырылған жарылған жерлерінен, түбінен су кіре бастайды. Қабыққа сіңу арқылы су аяғында бәрібір темірдің карбидімен кездесіп, айналасындағы қысым мен температураның әсерінен олармен реакцияға түсе бастайды, соның нәтижесінде темір оксиді және көмірсутектер, мысалы этан түзіледі. Алынған заттар жаңағы жарылған жерлермен жердің қабығының беткі қабатына көтеріледі және кеуектерді қанықтырады. Осылай газдық және мұнай кен орындары пайда болады
Шындығына келсек, “нағыз химик” Менделеевтің идеясы бірінші кезде геологтарда ешқандай жетістікке жеткен жоқ, өйткені геологтар лабороторияда келтірілген тәжірибелер табиғатта болатын процестерден әлдеқайда өзгеше болады деп айтты.

Дегенмен, ойламаған жерден карбидтік немесе мұнай пайда болуының абиогендік теориясы астрофизиктерден жаңа дәлелдемелер алды. Аспан денелерінің спектрлерін зерттегенде Юпитер және басқа да үлкен планеталардың атмосферасында, сонымен қатар каметалардың газды қабықшаларында көміртек пен сутектің қосылысы бар екені туралы айтқан. Егер де көмірсутектер космоста кең таралған болса, ол дегеніміз табиғатта әлі де бейорганикадан органикалық заттарды синтездеу процесі жүріп жатыр деген сөз. Менделеевтің теориясы да осыған негізделген болғаны ғой.

Мұнайдың пайда болуының бейорганикалық теориясы тек Менделеев өзінің мұнайдың карбидтен пайда болады деген теориясын ұсынғаннан кейін ғана қалыптаса бастады, содан кейін ғана бейорганиктер едәуір мәліметтер мен пікірлер жинақтады. Және келесі жылдардан бастап олардың қатарына жаңа мәліметтер қосып отырды.
Бейорганикалық гипотеза туралы әңгімені танымал геолог-мұнайшы Кудрявцевтің еңбегінсіз толық деп санауға болмайды. Ол 50-ші жылдары бүкіл әлемнің мұнай және газ кен орындары туралы геологиялық материал жинақтап ұсынды.
Кудрявцев ең бірінші көптеген мұнай және кен орындарының жердің қабығының терең жарық опырылған жерінен табылып жатқанына назар аударды.

Мұнай мен газдың пайда болу мәселесін табиғаттың түрлі себеп- салдарлы байланыстар мен құбылыстардың көпфакторлы болуы қиындатады.


Бірақ дегенмен де көптеген ғалымдар биогендік теорияны ұстанады, бұл даудың жаңғырығы әлі басылған жоқ. Бұл жағдайда шындықтың бағасы өте жоғары екені белгілі. Егер де биогендік теорияны жақтаушылардікі рас болса, онда ертеде пайда болған мұнай қорының таусылатыны туралы қауіптенудің де рас болғаны ғой. Егер де олардың қарсыластарының айтқаны шындық болса, онда, мүмкін, бұл қауіптенудің бекер болғаны. Өйткені жер сілкіну қазірдің өзінде жердің қабығының бұзылуына әкеледі, ал су планетамызда көп, ал жердің ядросы кейбір мәліметтер бойынша таза темірден тұрады...Бір сөзбен айтқанда мұнайдың бүгіннің өзінде жердің қабығында түзіліп жатқанын, ертеңгі күні таусылып қалады деп қауіпсізденуге еш негіз жоқ екенін айтады

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет