Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім Министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті
«Тарих және Педагогика» факультеті
Эссе
Тақырыбы: Әлеуметтану кіріспе
Орындаған: Батырхан Ардақ.
Тобы: ТП-19-9К1.
Қабылдаған: Ақбота Бегімқызы.
Шымкент-2021ж.
Әлеуметтану – қоғамдық жүйелерді, олардың дамуын мен қалыптасуын зерттейтін теоретикалық және эмпирикалық пән. Әлеуметтану қоғамдық өмірді қатынастар жүйесі ретінде зерттейді. Өйткені адам бір уақытта бірнеше салаларда — еңбектік, құқықтық, нормативтік, эстетикалық және т.б. әрекет етеді. Берілген жағдайда әлеуметтану нақты қызмет ететін барлық салаларда әлеуметтік өзара әрекеттерді қарастырады.
Әлеуметтанудың қоғамтану және гуманитарлық ғылымдар жүйесінде алатын орны, ең алдымен, әлеуметтанудың қоғам жөніндегі ғылым ретінде айқындалуы, яғни барлық басқа қоғамтану және гуманитарлық ғылымдардың әдістемесі мен қағидасы негізін атқарады. Адам және оның әрекетін зерттеу техникасы мен әдістемесі, әлеуметтанумен құрастырылған, әлеуметтік өлшем әдістері барлық басқа гуманитарлық ғылымдармен қолданылады. Әлеуметтану білім жүйесі ретінде басқа ғылымдармен байланыс жүргізбей дамып, қызметін атқара алмайды. Адам әлемімен байланысты, қоғамтану ғылымдар арасында әлеуметтану жетекші қызмет атқарады. Егер тарих әлеуметтік үрдістердің пайда болуын зерттесе, әлеуметтану уақыт пен кеңістікте қайталанатын, яғни барлық әлеуметтік-мәдени құбылыстарға — барлық соғыстарға, барлық ұлттар мен діндерге және т.б. ортақ келіп, жалпы қоғам қасиеттерін зерттейді
Әлеуметтану — қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.