Фармацевтика өнеркәсібінде биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар



Дата22.11.2023
өлшемі20,79 Kb.
#193069
Байланысты:
Фармацевтика өнеркәсібінде биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар


"Фармацевтика өнеркәсібінде биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар"тақырыбы бойынша СОӨЖ орындауға арналған тапсырма

  1. белгілі бір лауазымға, орындалатын жұмысқа қойылатын біліктілік талаптарын белгілеу (білімі, жұмыс тәжірибесі, арнайы дайындықтың болуы және т. б.);

5. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты биологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау жөніндегі комиссияның қорытындысы негізінде биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган береді.
6. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және (немесе) рұқсаттарға қосымшаларды беру, бас тарту, олардың қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау, қайта ресімдеу, одан айыру (кері қайтарып алу) қағидаларын "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңға сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді..
7. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жүзеге асырылатын әрбір объектіге (стационарлық немесе мобильді) патогенділік тобын және қауіптілік дәрежесін ескере отырып беріледі.
8. Аса қауіпті инфекциялық ауруларды тудыратын патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі не Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік кәсіпорындар ғана жүзеге асыруға құқылы.

2)қызметкердің лауазымдық міндеттерін анықтау (міндеттер шеңбері, жұмыс көлемі, қызметкер жауап беретін учаскелер және т. б.);


15-бап. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру
1. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптарды сақтауға міндетті.
2. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі субъектілер:
1) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат алуға;
2) биологиялық тәуекелдің деңгейіне қарай патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде жеке қорғаныш және профилактика құралдарымен қамтамасыз етілуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген биологиялық қауіпсіздікке қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттеу рәсімінен өту;
4) таралуы шектеулі ақпаратпен жұмыс істеу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;
5) құзыреті шегінде уәкілетті органдар белгілеген тәртіппен статистикалық, есепке алу және есептік құжаттаманы (ақпаратты) ұсынуға;
6) биологиялық тәуекелдер деңгейін ескере отырып, әлеуетті қауіпті биологиялық объектілердің биологиялық қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге;
7) патогенді биологиялық агенттердің айналысының барлық сатыларында олардың қауіпсіз айналысына бақылауды қамтамасыз етуге;
8) патогенді биологиялық агенттердің айналымына байланысты тәуекелдерді болдырмау немесе азайту мәселелері бойынша уәкілетті органдарға жәрдемдесуге;
9) биологиялық қауіпсіздік, ветеринария, өсімдіктер карантині және қорғау, авариялар (төтенше жағдайдың туындауы), патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу процесінде қызметкерлердің инфекциялық ауруларды жұқтыру фактілері туралы ғылым саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелерін дереу хабардар етуге;
10) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мамандар мен қызметкерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде жазатайым оқиғалардан міндетті әлеуметтік сақтандыруды және сақтандыруды жүзеге асыруға;
11) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын қызметкерлерді мерзімді медициналық қарап-тексеруден және зерттеп-қараудан өткізуді, олардың биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша оқытуды, нұсқау беруді, білімдерін тексеруді ұйымдастыруға;
12) экспорттық бақылауға жататын патогенді биологиялық агенттерді Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әкелу (әкету) не транзиттеу кезінде Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
3. Патогендіктің I-II топтарындағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттерден басқа:
1) қызметті жүзеге асыру кезінде қолданылатын ақпараттық жүйелерді биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйемен интеграциялауға;
2) патогендіктің I-II топтарындағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын даярланған мамандардың болуын қамтамасыз етуге және тиісті тізілімге енгізу үшін олар бойынша денсаулық сақтау, ветеринария, өсімдіктер карантині және ғылымы саласындағы уәкілетті органдарға ақпарат беруге міндетті.
4. Меншік нысанына қарамастан, патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілер патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат алуға міндетті
3) қызметкердің жауапкершілік шектерін сипаттау;
4) қызметкер өз қызметінде басшылыққа алуға тиіс нормативтік құжаттардың тізбесін тізімдеуге міндетті;
5) барлық бөлімдермен (Жалпы ережелер, негізгі міндеттер мен функциялар, міндеттер, құқықтар, жауапкершілік, қатынастар және т.б.) лауазымдық нұсқаулықты тиісті түрде ұсыну.
Лауазымдық нұсқаулықтың бірінші беті титулдық парақ болуы тиіс, онда жоғарыдан біздің университеттің дұрыс атауы көрсетілген колонтитул, "лауазымдық нұсқаулық" деген тіркес, тақырыптың атауы (ортасында), эссе орындаған адамның аты-жөні, тобы, жұмысын тексерген оқытушының аты-жөні, лауазымы, ғылыми дәрежесі (оң жақта), Алматы қаласының орталығында төменгі 2023.
Құжаттың соңында пайдаланылған әдеби дереккөздердің тізімін келтіріңіз.
Көлемі: 3-7 с.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет