Фармацевтикалық қызмет еңбек және жұмыс істеу жағдай сипатына ерекше көңіл бөлу керек, өйткені олар әртүрлі өндірістік ортада әртүрлі жағымсыз факторлармен кездесіп отырады, оның ішінде жүйке-эмоционалдық күйзеліс, еріксіз жұмыс істеу позасы, жағымсыз микроклимат, жұмыс орындарында жарықтың жетіспеушілігі, зиянды химиялық заттар, ультрадыбыс, иондану және т.б. Елімізде медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерде мамандық ауруы өсуде, 5 жылда (1995ж.-1999ж.дейін) 60% көп мамандық ауруы тіркелген. Соңғы жылдарда мамандық ауруының құрылымында тыныс алу жолдарының туберкулезі, сары сулы гепатит, бронх астмасы, дерматиттер, дәрілік-медикаментті аллергия, экзема көбейген. Аурудың негізгі массасы созылмалы түрге ауысады. Орташа, аурудың 80% әйелдерде тіркелген. Мамандық ауруының пайда болуына әкелетін негізгі белгілер болып табылады: қауіпсіздік техника бұзылысы, жұмыс орындарының жетілдірілмегендігі, жеке бас қорғау заттарының жоқтығы немесе қолданылмайтындығы, еңбек тәртібінің бұзылысы, техниканың жетілдірілмегендігі, т.б. Жалпы еңбек қорғау ережелері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2004 жылғы 9 маусымдағы Депутат Ш.Оразалинов әзірлеген Еңбек кодексінің жобасы бойынша қарастырылады.
Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және медициналық техникаларды бөлшек сауда арқылы босатуға келесі жағдайларда тиым салынады:
Қазақстан Республикасында тиісті түрдегі өндірістік тәжірибе жағдайындағы өндірілген дәрілік субстанциялардан басқа мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды;
Қазақстан Республикасы Заңнамаларына сәйкес сапасы сертификаттермен расталмаған дәрілік заттарды;
Қазақстан Республикасы Заңнамаларына талаптарына сәйкес келмейтін дәрілік заттарды;
аудан орталықтарынан шалғай орналасқан дәріхана жоқ еләді мекендердегі бірінші медициналық-санитарлық көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарынан басқа медициналық қызметкерлермен дәрілік заттардың бөлшек сауда арқылы босатылуына;
дәрілік заттарды, басқа да фармацевтикалық тауарларды уақытша сақтайтын дәріханалық қоймалар арқылы тауарларды бөлшек сауда арқылы босатуға.