Этил спиртін жергілікті қолданғанда пайда болатын әсерлерді белгілеңіз... Микробтарға қарсы әсер
Ұйқының құрамына аз ықпал ететін ұйықтататын дәріні белгілеңіз... Нитразепам
Ұйықтататын дәрілермен ауыр уланғанда адекватты тынысты қалыптастыру үшін қандай көмек шаралар жасау қажет екенін белгілеңіз... Өкпені жасанды вентиляциясын жасау
Дофаминергиялық әсерді күшейтететін паркинсонизмге қарсы дәріні белгілеңіз: Леводопа
Морфин бас мидың қандай орталықтарын қоздыратынын көрсетіңіз... Көз қимылдатқыш нервтің орталығы
Тыныс орталығын аз тежейтін наркотикалық аналгетикті (опиоидты) белгілеңіз... Промедол
Неліктен морфинді 3 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайтынын белгілеңіз... Тыныс орталығын тежейді
Наркотикалық аналгетиктердің жағымсыз әсерлерін белгілеңіз... Тыныс орталығының тежелуі, дәріге тәуелділік дамуы
Индометациннің жағымсыз әсерін белгілеңіз... Асқазанның кілегей қабатын тітіркендіреді
Салицилаттарды ұзақ қолданғанда болатын жағымсыз әсерді белгілеңіз... Асқазанның кілегей қабығының жарасы дамуы
Пиразолон туындылары – стероидты емес қабынуға қарсы препараттардың жағымсыз әсерлерін белгілеңіз... Лейкопения, агранулоцитоз
Қабынудың барлық фазасына әсер ететін қабынуға қарсы дәрілер тобын белгілеңіз... Глюкокортикоидтар
Анальгетикалық әсері бар апиынды емес препаратты белгілеңіз... Парацетамол
Әсер ету механизмі әртүрлі опиоидты анальгетикті (опиоидты және опиоидты емес) белгілеңіз... Трамадол
Ауыз қуысының этиологиясы туберкулезді зақымдануларда қолданылатын препараттардың тобын белгілеңіз… Изоникотин қышқылы гидразидінің туындысы (ГИНҚ)
Адсорбциялаушы дәрілердің әсер ету механизмін белгілеңіз... Сезімтал нерв ұштарын тітіркенуден қорғайды, өз бетіне химиялық заттарды адсорбциялау арқылы.
Тұтқыр дәрілердің әсер ету механизмін белгілеңіз... Кілегей қабықтың беткей қабатында белок коагуляциясы болуы
Цититонның әсер ету механизмін көрсетіңіз... Каротид шумақтарының Н-холинорецепторларын қоздырады
Лобелиннің әсер ету механизмін көрсетіңіз... Н-холинорецепторларды тежейді
Прозериннің әсер ету механизмін көрсетіңіз... Ацетилхолинэстеразаны тежейді
Антихолинэстеразалық дәрілердің әсер ету механизмін көрсетіңіз... М- және Н-холинорецепторларды жанама жолмен қоздырады
Платифиллиннің ерекшеліктерін белгілеңіз... Қан тамырларын кеңітіп, артериялық қысымды төмендетеді
Атропинді көзге тамызғанда байқалатын өзгерісті белгілеңіз... Көздің ішкі қысымы көтерілуі
Ганглиоблокаторларды қолданғанда артериялық қысымның төмендеуі немен байланысты екенін белгілеңіз... Симпатикалық ганглийдің тежелуі
Дитилинмен уланғанда көрсетілетін көмек шараларын белгілеңіз... Жаңа цитратты қан құю, жасанды дем алдыру
Бауыр шаншуы бар науқасқа препарат енгізілді. Ұстама жойылды, бірақ та жүрек соғуының жиілеуі, ауыз құрғауы пайда болды. Препаратты анықтаңыз... атропин
Нитразепамның әсерінен бас мида ГАМК-ергиялық процестердің күшеюінің механизмін белгілеңізеді... Бензодиазепин рецепторларымен байланысады
Ұйықтататын дәрілердің ұйқы құрылымын бұзуына әкелетінін жағымсыз әсерін белгілеңіз... «Кері соғу» феномені
Дифениннің эпилепсияға қарсы әсерінің механизмін белгілеңіз... Натрий каналдарын тежейді
Қандай препараттың ұйықтататын және эпилепсияға қарсы әсері бар, бауырдың микросом ферменттерінің белсенділігін күшейтеді, кумуляция тудырады.Препаратты наықтаңыз... Фенобарбитал
Леводопаның паркинсонизмге қарсы әсерінің механизмін белгілеңіз... Неостриатумда дофаминергиялық процестердің белсенуі
Паркинсонизммен ауыратын науқасқа сәйкес дәрі тағайындалды. Дәріні қабылдағаннан кейін аурудың белгілері азайды, бірақ науқас жүрек соғуының жиілеуіне, ауыз құрғауына, іш қатуына шағым жасады. Науқасқа қандай препарат берілді... Циклодол
Промедолдың морфиннен қандай айырмашылығы бар екенін көрсетіңіз... Тыныс алу орталығын морфинге қарағанда аз тежейді
Морфинге қарағанда аналгезиялық белсенділігі жоғары, тыныс орталығын қатты тежейді, әсерінің ұзақтығы қысқа, таламонал препаратының құрамына кіреді. Препаратты анықтаңыз... Фентанил
Салицилаттардың қызу түсіретін әсері неге байланысты екенін белгілеңіз... Простагландин синтезінің төмендеуімен
Салицилаттар мен пиразолондардың қабынуға қарсы әсері немен байланысты екенін көрсетіңіз... Циклооксигеназаның (ЦОГ) тежелуімен
Ибупрофеннің қабынуға қарсы әсерінің механизмін белгілеңіз... Циклооксигеназаның тежелуі
Салицилаттар мен пиразолон туындыларының қызу түсіретін әсері неге байланысты екенін көрсетіңіз... Простагландиндердің синтезін азайтуымен
Ибупрофеннің ауырсынуға қарсы әсерінің механизмін белгілеңіз... Циклооксигеназаны тежейді
Бутадионның (фенилбутазон) әсер ету механизмін белгілеңіз... Циклооксигеназаның және простагландиндердің синтезін тежейді
Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілердің ауырсынуды басатын әсерінің механизмін белгілеңіз... Простагландиндер синтезінің тежелуі
Парацетамолдың қызуды түсіретін әсерінің механизмін белгілеңіз... Жылу шығаруды көбейтеді
Целекоксибке тән қасиетті белгілеңіз... ЦОГ-2-ні таңдамалы тежейді
Индометациннің фармакологиялық әсерін белглеңіз... ЦОГ –тың тежелуіне байланысты простагландиндер синтезін төмендетеді
Салицилаттардың ульцерогенді әсері немен байланысты екенін белгілеңіз... Циклооксигеназа -1 белсенділігінің тежелуі мен тікелей асқазанның кілегей қабатының тітіркендіруші әсеріне байланысты
Қабынуға қарсы дәрілердің ульцерогенді әсері немен байланысты екенін белгілеңіз... Гастропротекторлық простагландиндердің түзілуін тежейді
Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілердің стероидты дәрілерден қандай айырмашылығы бар екенін көрсетіңіз... Стероидты қабынуға қарсы дәрілерге қарағанда төмен әсер етеді
Психостимулятор болып саналады, аденозин рецепторының антагонисті миокардқа тікелей қоздырушы әсер етеді, бас миы тамырларының тонусын жоғарылатады және қан тамырларын кеңейтеді, ойлау және дене еңбегінің қабілеттілігін жоғарылатады. Препаратты анықтаңыз...кофеин
Кетотифенге тән қасиетті белгілеңіз... Мес клеткаларының мембранасын тұрақтандырады және олардан спазмогенді заттардың (дегрануляция процесстері) бөлініп шығуына кедергі жасайды
Изадринге тән қасиетті көрсетіңіз... β 1 - β 2 адренорецепторларды қоздырады
Препаратты анықтаңыз: асқазан мен он екі елі ішектін жара ауруларында қолданылады асқазан сөліндегі хлорлы сутекті қышқылды бейтараптайды адсорбциялаушы қасиеті бар іш қатуды туғызуы мүмкін... Алюминий гидрототығы
Препаратты анықтаңыз: ОЖЖ-не жақсы өтеді орталық және шеткі дофамин рецепторларын тежейді кең спектрлі гастрокинетикалық және құсыққа қарсы дәрі ретінде қолданылады гиперпролактинамия мен паркинсонизм белгілерін туғызуы мүмкін... Метоклопрамид
Сана препараттарының іш жүргізетін әсерінің механизмін көрсетіңіз... Ішек флорасының әсерінен бөлінетін антрагликозидтердің әсерімен
Антацидті дәрілердің әсер ету принципі қандай... Асқазанда хлорлы сутекті қышқылды бейтараптайды
Гипертониялық кризді жою үшін қолданылады, сопақша мидағы вазомоторлық орталықтың тежегіш нейронындағы альфа2 – адренорецепторды қоздырады, жағымсыз әсерлері: ауыздың құрғауы, ұйқышылдық, ортостатикалық гипотония, берілу феномені. Препаратты анықтаңыз: Клофелин
Антигипертензивті, антиангиналды, аритмияға қарсы әсерлері бар, жүректің жұмысын баяулатады, бронхтың тонусын жоғарылатады. Препаратты анықтаңыз... Анаприлин
Ангиотензин алмастырушы ферментті және ангиотензин II синтезін тежейді, артериялық гипертензияда қолданылады, жағымсыз әерлеріне аллергиялық реакциялар, тахикардия, құрғақ жөтел жатады, бүйрек ауруының ауыр түрлерінде қолдануға болмайды. Препаратты анықтаңыз... Каптоприл
Миотропты спазмолитикалық әсер көрсетеді, гипертониялық кризді жою үшін көктамырға және бұлшықетке енгізіледі, ішуге қолданғанда іш және өт жүргізетін әсер көрсетеді. Препаратты анықтаңыз... Магний сульфаты
Миокардқа оттегінің келуін жақсартатын дәрілер тобына жатады, ауыз қуысының салқындатқыш рецепторларын тітіркендіреді және тәж қантамырларының рефлекторлы түрде кеңеюін туғызады, стенокардияның алғашқы ұстамасын жоюға, сондай-ақ оның жеңіл түрлерінде тағайындалады. Препаратты анықтаңыз... Валидол
Миокардтың оттегіге қажеттілігін азайтады және миокардқа оттегінің келуін жақсартады, эндотелиалды релаксациялаушы фактор тәрізді әсер етеді, барлық шеткі қантамырды кеңейтеді, тәж қантамырларының тарылуына кедергі жасайды. Препараттың тобын анықтаңыз... Органикалық нитраттар
Миокард инфарктысы кезіндегі ауырсынуды жою үшін қолданылады, тыныс орталығын тежейді, миоз туғызады, дәріге тәуелділікке әкеледі, наркотикалық анальгетиктер тобына жатады. Препаратты анықтаңыз... Морфин
Дихлотиазидтің негізгі антигипертензивті әсерінің механизмін көрсетіңіз... Экстрацеллюлярлы сұйықтықтың көлемін азайтады
Алтеплазаның әсер ету механизмін көрсетіңіз... Көбінесе тромбта профибринолизиннен фибринолизиннің алмасуын күшейтеді профибринолизиннен фибринолизиннің алмасуын күшейтеді
Варфариннің әсер ету механизмін көрсетіңіз... Бауырда протромбин және де қан ұюдың басқа плазмалық факторларының синтезін төмендетеді
Метаболизмді күшейтетін әсері бар тіндермен оттегінің жұмсалуын және негізгі алмасуды жоғарылатады... май, белок, көмірсулардың ыдырауын күшейтеді гипотиреоидизмде қолданылады... Препаратты анықтаңыз... L-тироксин
Жүктілік кезінде әйел дәрігердің тағайындауынсыз 2 апта бойына тетрациклин қабылдаған. Бала туғанда аяқ-қолдарының деформациясы байқалған. Тетрациклиннен болған әсерді қалай аталатынын белгілеңіз... Тератогендік
Препаратты анықтаңыз: Қанның ұюын in vitro және in vivo тежейді. Антагонисті протамин сульфаты болып саналады... гепарин
Бензилпенициллиннің әсер ету механизмін көрсетіңіз... Транспептидазаны тежеп, муреин синтезін бұзады
Ниаламидтің әсер ету механизмін көрсетіңіз... Моноаминоксидазаны (МАО) тежейді
Асқазанның жара ауруы бар науқасқа омепразол тағайындалды. Бұл препараттың әсер ету механизмін көрсетіңіз... Н+ К+-АТФ-азаны тежейді
Стенокардияның ұстамасын жою мақсатында науқасқа препарат тағайындалды. Дәріні ішкеннен кейін бастың қатты ауырсынуы, беттің қызаруы, тахикардия пайда болды. Қандай препарат осындай жағымсыз әсерлер туғызатын еді... Нитраттар
Ұсақ саңырауқұлақтарға қарсы антибиотиктердің әсер ету механизмін көрсетіңіз... Цитоплазмалық мембрананың өткізгіштігін бұзады
Фузидин натрийдің (фузидий қышқылының) микробтарға қарсы әсерінің спектрін көрсетіңіз... Тек грам оң бактерияларға әсер етеді
Ұйықтататын әсері бар тырысуға қарсы дәрілер... Фенобарбитал
Ретровирустарға қарсы дәрі – кері транскриптазаның тежегішін белгілеңіз... Зальцитабин
АИТВ-ға қатысты белсенді. Аурудың дамуын баяулатады. Жанама әсерлері: лейкопения және агранулоцитоз, бас ауруы, ұйқысыздық, бүйрек қызметінің тежелуі, миалгия. Препаратты анықтаңыз... Азитимидин
Вирулоцидтік әсер көрсетеді. Көз және терінің вирустық ауруларында, тұмаудың алдын алу және вирустық ринит емдеу үшін тиімді. Жергілікті қолданылады. Препаратты анықтаңыз... Оксолин
ГАМҚ инактивациясына кедергі жасайтын эпилепсияға қарсы дәріні белгілеңіз... Вигабатрин
Әсері ұзақ фибринолитикті көрсетіңіз…Стрептодеказа
Тікелей емес әсерлі антикоагулянттардың антагонистін белгілеңіз…Викасол
Тікелей емес әсерлі фибринолитикті көрсетіңіз…Фибринолизин
Доксициклинді қалай дұрыс қабылдау қажет екенін көрсетіңіз... Таблетканы тұтасымен жұтып, сумен ішу керек
Аминогликозидтер тобы антибиотиктерінің микробарға қарсы негізгі әсер ету механизмін көрсетіңіз... Микроб клеткасының рибосома деңгейінде белок синтезін бұзады
Гентамицин сульфатының микробтарға қарсы негізгі әсер ету механизмін көрсетіңіз... Микроб клеткасының рибосома деңгейінде белок синтезін бұзады
Тамақтың құрамында кальций, темір және алюминий иондары болғанда тетрациклиндер асқазан-ішек жолдарынан сіңуінің өзгерісін белгілеңіз... Абсорбцияланбайтын хелаттық қосылыстар түзуіне байланысты жоғары деңгейде бұзылады
Антибиотиктердің химиотерапиялық әсермен байланысты дамитын жағымсыз әсерін көрсетіңіз... Дисбактериоз
Цефалоспориндердің І-ші ұрпағынан парентеральды енгізуге қолданылатын антибиотикті белгілеңіз... Цефазолин
Цефалоспориндердің ІІ-ші ұрпағынан энтеральды енгізуге қолданылатын антибиотикті белгілеңіз... Цефаклор
Бета-лактамды антибиотиктердің антимикробты әсер ету механизмін көрсетіңіз... Бактерия клетка қабырғасының синтезін бұзады
Бензилпенициллиндер тобының антибиотиктеріне тән негізгі жағымсыз әсерлерді белгілеңіз... Аллергиялық реакциялар