Физика дегенді көз алдарыңа не елестейді?



Дата08.02.2023
өлшемі10,42 Mb.
#167902
Байланысты:
ФИЗИКА КІРІСПЕ ЮТУБ


-НАРГИЗА ДАРХАНҚЫЗЫ
-ФИЗ-71 БІЛІМ БАҚЫЛАУШЫСЫ
-ОРАЛ ҚАЛАСЫ, IQanat high school of Burabay
-АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚазҰПУ
-ФИЗИКА,ИНФОРМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ
-ҰБТ БАЛЛЫМ:113
-ФИЗИКА БАЛЛЫМ:35
СІЗДІҢ ОЙЫҢЫЗША ФИЗИКА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Физика-табиғаттағы құбылыстарды зерттейтін ғылым
Материя
Әлемде не бар,соның барлығы материяға жатады
Материялық нүкте
Материялық нүкте деп қарастырылып отырған жағдайда өлшемі мен пішіні ескермеуге болатын денені атайды.
ФИЗИКА БӨЛІМДЕРІ
МЕХАНИКА
МОЛЕКУЛАЛЫҚ ФИЗИКА
ТЕРМОДИНАМИКА
ЭЛЕКТР ЖӘНЕ МАГНИТИЗМ
ОПТИКА
КВАНТТЫҚ ФИЗИКА
Кинематика
МЕХАНИКА
Динамика
Статика
МЕХАНИКА — физиканың материя қозғалысының түрін, механикалық қозғалысты, яғни денелердің кеңістіктегі уақыт бойынша өтетін қозғалысын зерттейтін бөлімі.
Кинематика— механиканың, дене қозғалысының геометриялық қасиеттерін, олардың массасы мен әсер етуші күштерді ескермей зерттейтін бөлімі.
Динамика – механиканың түсірілген күш әсерінен материалдық денелердің қозғалысын зерттейтін бөлімі. Динамиканың негізі – механиканың Ньютон заңдары.
Статика– механиканың күш әсеріндегі материялық денелердің тепе-теңдік шарттарын зерттейтін саласы
Траектория
Қозғалыс кезіндегі дененің артына қалдырған ізі
Траектория ұзындығы=Жол
Жол және орын ауыстыру
Жол-дене қозғалып өткен траекторияның ұзындығы (скаляр шама)
Белгіленуі:
Орын ауыстыру-дененің бастапқы орны мен соңғы орнын қосатын кесінді (векторлық шама)
Белгіленуі:
Жол және орын ауыстыру
Жол және орын ауыстыру
Жол және орын ауыстыру
Жол және орын ауыстыру
Орын ауыстыру нөлге тең бола алады,егер дене бастапқы орнына қайтып келсе
Футболшыны материалдық нүкте деп санауға болатын жағдай. 1. Ол алаңның ортасынан қарсыластарының қақпасына қарай жүгіріп бара жатыр. 2. Ол төрешімен таласуда. 3. Дәрігер оған көмек көрсетуде.
A. 1,2
B. 1,2,3
C. 2,3
D. тек 1
E. 1,3
Жаяу адам алдымен оңтүстікке қарай 3 км, содан соң шығысқа қарай тағы да 4 км жүрді. Оның жасаған орын ауыстыруының модулін тап.
A. 8 км
B. 7 км
C. 5 км
D. 6 км
E. 12 км
Доп 3 м биіктіктен еденге түсіп, одан ыршып 1 м биіктікке көтерілгенде оны ұстап алды. Доптың жолы және орын ауыстыруын тап.
A. (3 м; 1 м)
B. (6 м; 2 м)
C. (6 м; 3 м)
D. (8 м; 4 м)
E. (4 м; 2 м)
Футболшы футбол алаңында солтүстікке қарай 40 м, шығысқа қарай 10 м, оңтүстікке 10 м, тағы шығысқа 30 м жүріп өтті. Оның орын ауыстыру модулін анықта.
A. 70 м
B. 50 м
C. 80 м
D. 90 м
E. 60 м
Дененің (материялық нүктенің) орын ауыстыруы дегеніміз, оның
А) екі нүкте арасында жүріп өткен жолы.
В) бастапқы орны мен соңғы орнын қосатын қисық сызық.
С) қозғалыс траекториясының ұзындығы.
D) кеңістіктегі бастапқы орны мен соңғы орнын қосатын бағытталған кесінді.
Е) жүрген жолының ұзындығы.
Материалдық нүкте радиусы 2 м шеңбердің бойымен қозғалады. Айналманың 1/4 бөлігіндегі жол мен орын ауыстыру модулі қандай болатынын көрсет.
A. 2π, 2
B. π,
C. π, 2
D. π/2, 2
E. π, 2.8
Бала үйден шығып, алдымен түзу көшелердің бойымен 2 квартал шығысқа, ал содан соң 2 квартал солтүстікке қарай жүреді. Егер кварталдың ұзындығы 150 м болса, онда баланың жүрген жолы және орын ауыстыру модулін тап.
A. 600 м, 424 м.
B. 300 м, 424 м.
C. 600 м, 324 м.
D. 600 м, 524 м.
E. 500 м, 424 м.
Автобус маршрутқа шығып, кешке қайтып келді.Осы уақытта есептегішінің көрсеткіші 500 км-ге артты. Автобустың жүрген жолы мен орын ауыстыру модулі
A) 500 км; 500 км.
B) 0; 0.
C) 500 км; 0.
D) 0; 500 км.
E) 500 км; 250 км.
БІРҚАЛЫПТЫ ҚОЗҒАЛЫС
Бірқалыпты қозғалыс —дененің кез келген тең уақыт аралығында тең қашықтықтарды өтетiн қозғалыс. Нүктенің бірқалыпты қозғалыс кезіндегі t уақыт аралығында жүріп өткен жолы (s) жылдамдық пен уақыттың көбейтіндісіне тең болады, яғни
s= υ t
υ-дененің жылдамдығы (м)
t-уақыт (с)
Түзусызықты бірқалыпты қозғалыс дегеніміз
A) Дене бірдей уақыт аралығында бірдей орын ауыстырулар жасайтын қозғалыс.
B) Жылдамдығы модулі бойынша кемитін қозғалыс.
C) Жылдамдығы кез-келген тең уақыт аралықтарында бірдей өзгеретін қозғалыс.
D) Бірдей уақыт аралығында әр түрлі орын ауыстырулар жасайтын қозғалыс.
E) Жылдамдығы модулі бойынша артатын қозғалыс.
Бірқалыпты қозғалыс болатыны
1) автомобильдің тежелген кездегі қозғалысы.
2) сағаттағы маятник қозғалысы.
3) метродағы эскалатор қозғалысы.
A) 1,2,3.
B) 1,2.
C) 1.
D) 2.
E) 3.
0,5 с уақытта 250 м арақашықтықты ұшып өткен ұшақтың жылдамдығы
A) 500 м/с.
B) 13,89 м/с.
C) 5 м/с
D) 125 м/с
E) 1,389 м/с.
32000 м жолды 160 м/с жылдамдықпен жүріп өткен дененің қозғалыс уақыты
A) 200 с.
B) 1800 с.
C) 2000 с.
D) 3000 с.
E) 1500 с.
10 м/с тұрақты жылдамдықпен қозғалған дененің 2 сағатта жүретін жолы
А) 36 км.
В) 200 км.
С) 108 км.
D) 72 км.
Е) 100 км.
Автомобиль Жерге қатысты 15 м/с жылдамдықпен жүріп келеді. Автомобильдің 10 мин ішінде Жерге қатысты жүрген жолы
А) 6 км.
В) 7 км.
С) 8 км.
D) 5 км.
Е) 9 км.
АЛДАҒЫ УАҚЫТТАРЫҢЫЗҒА СӘТТІЛІК🫶🏻

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет