Физика және астрономиядан тақырыптық және қорытынды бақылау тестік тапсырмалар жинағы



Дата11.09.2017
өлшемі427,83 Kb.
#32040
Ақмола облысы

Степногорск қаласының әкімдігі

«Степногорск қаласының білім бөлімі»

мемлекеттік мекемесі



Физика және астрономиядан

тақырыптық және қорытынды бақылау тестік тапсырмалар жинағы

7 - сынып


Степногорск, 2014 жыл

Аты-жөні: Калеева Үміт Ахметқызы

Білімі: жоғары, 1979 жылы Целиноград қаласының педогогикалық


институты, мамандығы физика және еңбек пәнінің оқытушысы .

Жұмыс орны: №2 Ақсу орта мектебі


Бірінші санатты мұғалім

Жұмыс тел: Тел.8(71645)4-65-05


Мазмұны беттер

1. Кіріспе 3

2. Тестік тапсырмалар: 6 - 24


2.1. І –ІІ тарау. Физика және астрономия-табиғат туралы ғылымдар
Заттың құрылысы 5 - 8

2.2. ІІІ тарау. Қозғалыc 9 - 12


2.3. IV тарау. Масса және күш 13 -16
2.4. V тарау. Қысым 17 –20

2.5. VI тарау. Жұмыс. Қуат. Энергия. 21 - 24

3. I – жарты жылдыққа арналған қорытынды тестік тапсырмалар 25 – 28

4. ІІ – жарты жылдыққа арналған қорытынды тестік тапсырмалар 29 - 32


5. Жетістіктерін бағалау 33

6. Дұрыс жауап кілттері 34

Аннотация

Бұл тестік тапсырмалар жинағында 7 сыныпта физика пәніндегі «Физика және астрономия- табиғат туралы ғылымдар», «Заттың құрылысы», «Қозғалыс», «Масса және күш», «Қысым», «Жұмыс. Қуат. Энергия» тараулары бойынша ағымдағы және І-ІІ жарты жылдықтарға арналған тестік тапсырмалар жүйесі келтірілген.

Құрал тақырыптарды өткеннен кейін оқушылардың білімін, сонымен бірге І-ІІ жарты жылдықтарда әр оқушының дайындығын тексеруге мүмкіндік береді.


І. Кіріспе
Бұл тестік тапсырмалар жинағында 7 сыныпта физика пәніндегі «Физика және астрономия- табиғат туралы ғылымдар», «Заттың құрылысы», «Қозғалыс», «Масса және күш», «Қысым», «Жұмыс. Қуат. Энергия» тараулары бойынша ағымдағы және І-ІІ жарты жылдықтарға арналған тестік тапсырмалар жүйесі келтірілген.

Құрал тақырыптарды өткеннен кейін оқушылардың білімін, сонымен бірге І-ІІ жарты жылдықтарда әр оқушының дайындығын тексеруге мүмкіндік береді.

Ұсынылған тестерді пайдалана отырып, оқушы 7 сынып физика курсын өз бетінше қайталай алады.

Сапалы дайындық үшін мұғалім бұл тест жинағын сабақта да, үй тапсырмасын құрастырғанда да қолдана алады. Әсіресе әр бір оқушыда жинақтың жеке данасының болуы жағдайында бұны жақсы іске асыруға болады.



Тестерге енгізілген сұрақтар жаңа бағдарламаға,7 сыныптың авторолары: Р. Башарұлы, У. Тоқбергенова, Д. Қазақбаева Алматы: Атамұра, 2012 ж. «Физика және астрономия» оқулығына сай, ҚР білім стандартымен қарастырылған міндетті білім деңгейі ескерілді.

Тестік тапсырмалар жинағын қолдану.


  • Жинақтағы тақырыптық тест тапсырмалары арқылы оқушылардың тараулар бойынша алған білім деңгейлерін тексеруге болады.




  • Тестік тапсырмалар тақырыптары әр парақтың басында көрсетілген.




  • Тестік тапсырмаларына анықтамалар, формулалар және есептер енгізілген.




  • Тақырыптық тестік тапсырмалар 3 жауабы бар 15 сұрақтан тұрады.




  • І-ІІ жарты жылдықтың тест тапсырмалары 3 жауабы бар 15 сұрақтан тұрады және жауабтары ашық қалдырылған


2.Тестік тапсырмалар
2.1. Физика және астрономия-табиғат туралы ғылымдар.
Заттың құрылысы.


І нұсқа
1. Табиғатта барлық физикалық денелер ... тұрады.
а) тек протоннан
ә) тек электроннан
б) тек молекулалар, атомдар және басқа бөлшектерден
2. Физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың мағынасын терең ашып беретін арнайы териндер -
а) физикалық ұғымдар
ә) физикалық аспап
б) физикалық шама
3.Халықаралық бірліктер жүйесінде ұзындықтың негізгі өлшем бірлігі
а) километр
ә) сантиметр
б) метр
4.Дұрыс тұжырымдаманы таңдаңыз
а) әртүрлі күйдегі бір заттың молекулалары әртүрлі болады
ә) әртүрлі күйдегі бір заттың молекулалары бірдей болады
б) дұрыс жауабы жоқ
5. Ғылыми деректермен негізделген жорамал-
а) физикалық шама
ә) тәжірбие
б) гипотеза
6. Жылдамдықты өлшейтін аспап қалай аталады?
а) сағат
ә) спидометр
б) секундометр
7. «Атом» ұғымын ғылымға енгізген
а) Галилей
ә) Демокрит
б) Аристотель
8.Литрмен өлшенетін физикалық шама
а) уақыт
ә) масса
б) көлем
9.Мына құбылыстардың қайсысы зат бөлшектерінің арасында тартылыс күші бар екенін дәлелдейді?
а) мұз жылы жерде ериді
ә) су қыстыгүні қатады
б) жақсы тазаланған қорғасын цилиндрлерді беттестіргенде, олар бір-біріне жабысып қалады.
10. Аққыштық, көлемін сақтау және пішінін оңай өзерту заттың қандай күйіне тән қасиет?
а) сұйық
ә) газ тәрізді
б) газ тәрізді және қатты
11. Юпитердің қазақша атауы
а) қызыл жұлдыз
ә) темірқазық
б) есекқырған
12. Берілген сөздердің қайсысы физикалық дене болып табылады?
а) су
ә) дыбыс
б) жаңбырдың тамшысы
13. Дененің көлемі 2800см3 тең. Осы көлемді литрмен өрнектеңіз.
а) 0,0028л
ә) 2,8л
б) 0,28л
14. Мына сандарды ықшам түрінде жазыңыз
8300, 0,00154
а) 8,3 . 103; 0,154 . 10-5
ә) 83 . 103; 0,154 . 10-3
б) 83. 103; 154 . 10-5
15. Мына амалдарды орындаңыз:
108. 10-6; 2. 103 . 15 . 103
а) 102 ; 3. 106
ә) 10-2 ; 3. 103
б) 1014; 3. 109

ІІ нұсқа
1.Астрономия пайда болды:
а) қызығушылықтан
ә) физикадан
б) уақытты өлшеу үшін және аспан денелерінің қозғалысын бақылау үшін
2.Ғарыш кеңістігіндегі жекелеген денелерде немесе денелер жүйесіндегі болып жатқан құбылыстарды зерттейтін ғылымды қалай атайды?
а) физика
ә) астрономия
б) космонавтика
3.Температураны өлшейтін аспап қалай аталады?
а) термометр
ә) градус
б) сағат
4. Марстың қазақша аталуы
а) Үлкен аю
ә) Қызыл жұлдыз
б) Торпақ
5. Берілген сөздердің қайсысы зат болып табылады?
а) күміс
ә) қасық
б) доп
6. Халықаралық бірліктер жүйесінде ұзындықтың өлшем бірлігі не?
а) милиметр
ә) километр
б) метр
7. Берілген сөздердің қайсысы физикалық шама болып табылады?
а) термометр
ә) уақыт
б) сағат
8. Секундпен өлшенетін шама
а) ұзындық
ә) көлем
б) уақыт
9. Броундық қозғалыстың пайда болуы не себептен?
а) ұсақ бөлшектердің (шаң-тозаңның) ауа мен сұйықтардағы ретсіз әрі үздіксіз қозғалуынан
ә) броуындық бөлшектердің қозғалуы ғылыми түрде түсіндірілмеген
б) броуындық бөлшектердің арасында тартылыс және тербелу күштері әрекетінен
10. Тұрақты көлемі мен нақты пішіні болмайтын, берілген көлемді түгел қамтитын заттың күйін қалай атайды?
а) қатты
ә) газ
б) сұйық

11. Тұңғыш рет аспан денелерін үлкейткіш оптикалық түтіктің жәрдемімен зерттеген итальян оқымыстысы


а) Галелей
ә) ньтон
б) Коперник
12. Молекулалық – кинетикалық теорияның негізгі қағидалары;
а) барлық денелер молекулалардан (атомдардан) тұрады; молекулалар (атомдар) үздіксіз бей-берекет қозғалыста болады; молекулалардың (атомдардың) арасында тартылыс күші және тебілу күші әрекет етеді.
ә) барлық денелер ұсақ бөлшектерден тұрады; ұсақ бөлшектер үздіксіз бей-берекет қозғалыста болады;
б) барлық денелер заттардан тұрады; заттар арасында тартылыс күші әрекет етеді.
13. Жылдамдықтың 54км/сағ- пен берілген мәнін м/с- пен өрнекте.
а) 5400м/с
ә) 150м/с
б)15м/с
14. 24000; 0,00015 сандарын ықшам түрінде жазыңдар:
а) 24 . 103 ; 15 . 10-5
ә) 2,4 . 103 ; 15 . 10-5
б) 24 . 103 ; 15 . 10-3
15. Мына амалдарды орындаңыз:
1014 . 10-6; 3 . 10-6 . 15 . 103
а) 108; 45 . 10-5
ә) 108; 45 . 10-3
б) 103; 45 . 103


2.2. Қозғалыс.
І нұсқа
1. Дененің уақыт өтуіне қарай басқа денелермен салыстырғандағы орнының өзгеруін қандай қозғалыс деп атайды?
а) механикалық
ә) броундық қозғалыс
б) жылулық
2. Қозғалып тұрған экскалатордағы адам Жермен салыстырғанда тыныштықта болуы мүмкін бе?
а) жоқ
ә) иә, егер ол экскалатордың жылдамдығымен, бірақ қарама-қарсы бағытта қозғалса
б) иә, егер ол экскалатордың жылдамдығымен, қозғалыс бағытымен қозғалса
3. Күннен санағанда үшінші планета-
а) Шолпан
ә) Марс
б) Жер
4. Ең ұзақ күн – жазғы Күн тоқырауы болатын мерзім-
a) 22 маусым
ә) 22 тамыз
б) 22 наурыз
5. Күннің аспан сферасы бойынша жылдық жолы-
а) эклиптика
ә) айдың траекториясы
б) зодиак белдеуі
6. Орбиталары Жер орбитасының ішкі жағында орналасқан планеталарды қалай атайды?
а) жоғары планеталар
ә) төменгі планеталар
б) Күн маңындағы планеталар
7. Қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені қалай атайды?
а) физикалық дене
ә) материялық нүкте
б) санақ жүйесі
8. Мектеп пен үйдің арасы 200м. Оқушы мектепке барып, үйге қайта келгенде барлығы қанша жол жүреді? Орын ауыстыру неге тең?
а) 200м; 200м.
ә) 400м ;.0.
б) 300м;0 .
9. Бір қалыпты қозғалыс деп ...
а) дене кез келген әртүрлі уақыт аралығында бірдей жол жүрген қозғалысты айтады
ә) дене кез келген тең уақыт аралықтарында ұзындығы бірдей жол жүрген қозғалысты айтады
б) дене кез келген тең уақыт аралығында әртүрлі жол жүрген қозғалысты айтады
10. А пунктен автобус В пунктіне 54 км/сағ жылдамдықпепн жүрді, ал кері қайтқанда 15 м/с жылдамдықпен жүреді. Осы жылдамдықтардың қайсысы көп?
а) бұл жылдамдықтар өзара тең
ә) оларды салыстыруға болмайды
б) дұрыс жауабы жоқ
11. Көлік 2 сағат ішінде 120 км жол жүрді. Көліктің жылдамдығы неге тең?
а) 240км/сағ
ә) 144км/сағ
б) 60км/сағ
12. Мотоцикл жүргізуші 72км/сағ жылдамдықпен 144км жол жүрді. Осы аралықты ол қанша уақытта жүріп өтеді?
а)2 сағ
ә)3 сағ
б)1 сағ

13. 4156м жүрілген жол сәйкес...


а) 41,56км
ә) 41560см
б) 4,156км
14. Денеге басқа денелер әсер етпегенде өзінің жылдамдығын сақтау құбылысы... деп аталады.
а) инерция
ә) диффузия
б) тартылыс
15. Бағананы не ағашты тез және кілт оралып өту үшін жүгірген кісі оны қаусыра құшақтайды. Оны қандай құбылыс түсіндіреді?
а) үйкеліс
ә) механикалық қозғалыс
б) инерция


ІІ нұсқа


1. Берілген құбылыстардың қайсысы механикалық құбылысқа жатады?
а) доптың ұшуы.
ә) жапырақтың сарғайуы
б) аспанда қалықтаған бұлт.
2. Жүріп келе жатқан жолаушы поездың үстелінің үстінде жатқан кітапты үстелмен салыстырғанда ...
а) қозғалады
ә) тыныштықта
б) дұрыс жаубы жоқ
3. Күннен санағанда төртінші планета
а) Юпитер
ә) Жер
б) Марс
4. Ең қысқа күн- қысқы Күн тоқырауы болатын мерзім-
а) 22 қараша
ә) 22 желтоқсан
б) 22 қаңтар
5. Саны бір жыл ішіндегі айлар санына сәйкес келетін шоқжұлдыздардың жиыны қалай аталды?
а) эклиптика
ә) зодиак белдеуі
б) планетаның белдеуі
6. Алып планеталарды атаңыз
а) Юпитер, Марс, Уран,Сатурн
ә) Марс, Юпитер, Сатурн, Шолпан
б) Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун
7. Дененің немесе материялық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізін қалай атайды?
а) жол
ә) орын ауыстыру
б) траектория
8. Жолаушылап қайтқан автомобиль жүргізуші есептеуіштің көрсетуі 300 км-ге арқанын көрді. Автомобильдің жүрген жолы және орын ауыстыруы неге тең?
а) 300м;0
ә) 0,300
б) 150,150
9. Пойыз орнынан қозғала бастағанда өзара тең уақыт аралықтарында оның жүрген жолының ұзындығы барған сайын артып отырады. Онда пойздың қозғалысы қандаы қозғалысқа жатады?
а) бірқалыпты қозғалыс
ә) бірқалыпты емес қозғалыс
б) қисықсызықты қозғалыс
10. Дене 9м/с жылдамдықпен бірқалыпты қозғалады. 3 c-тан кейін ол қандай аралықты жүріп өтеді?
а) 36 м
ә) 27 м
б) 3 м
11. Ұзындығы 200м пойыз бірқалыпты қозғалып, көпірден 2 мин ішінде өтті. Егер көпірдің ұзындығы 300м болса, пойыздың жылдамдығы қандай болады?
а) 20 м/с
ә) 6м/с
б) 5м/с
12. Автомобиль 108км аралақты 15м/с жылдамдықпен жүріп өтті. Осы аралыққа кеткен уақыт неге тең?
а) 2мин
ә) 5мин
б) 3мин
13. Инерция құбылысын кім бірінші түсіндірді?
а) Аристотель
ә) Ньютон
б) Галилей
14. Егер бір денеге басқа бір дене әсер етсе, онда оның жылдамдығы ...
а) өзгермейді
ә) артады
б) артады немесе кемиді
15. Ордан жүгіріп барып секіру оңай. Мұнда қандай қбылыс қолданылады?
а) үйкеліс
ә) диффузия
б) инерция


2.3. Масса және күш
І нұсқа
1. Әр түрлі денелердің инерттілігін салыстыратын физикалық шама-
а) масса
ә) көлем
б) ұзындық
2. Екі конькиші соқтығысып, қарама-қарсы жаққа сырғып кетті. Соқтығысқаннан кейін біріншісінің жылдамдығының өзгерісі 8м/c , ал екіншісінің жылдамдығының өзгерісі 4м/c. Қай конькишінің массасы көп және неше есе?
а) біріншісінің 2 есе үлкен
ә) екіншісінің 2 есе үлкен.
б) массалары бірдей
3. ХБЖ-де масса бірлігі...
а) кг
ә) мм
б) т
4. Дене 100г; 50г; 10г; 1г жүктер жиынтығымен теңестірілген. Дененің массасы қандай?
а) 160 г
ә) 161 г
б) 16 г
5. Формулада тығыздықты ... әрпімен, массаны ... әрпімен, көлемді ... әрпімен белгілейді.
а) p,v,m
ә) p,m,v
б) P,F,S
6.Заттың тығыздығы 7100 кг/м3 – пен берілген, оны г/см3 –пен өрнекте.
а) 710 г/см3
ә) 0,71см3
б) 7,1 см3
7. Зат тығыздығының формуласын көрсетіңіз:
а) p=m
v
ә) p=m . V
б) p= V
. m
8. Денелердің өзара әрекеттесуін анықтайтын шама-
а) жылдамдық
ә) масса
б) күш
9. Халықаралық бірліктер жүйесінде күштің өлшем бірлігін көрсетіңіз;
а) килограм
ә) Паскаль
б) Ньютон
10. Деформация-
а) дене пішінінің өзгеруі
ә) дене өлшемдерінің өзгеруі
б) дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі
11.Дене деформациялануы кезінде пайда болатын және деформациялану кезінде ол дене бөлшектерінің ығысы бағытына қарама- қарсы жаққа қарай бағытталған күш қалай аталады?
а) серпімділік күші
ә)ауырлық күші
б) Архимед күші
12. Күшті өлшейтін аспап
а) барометр
ә) динамометр
б) дұрыс жауабы жоқ

13. Салмағы 0,98 кН дененің массасын анықтаңыз


а) 9,8 кг ә) 98 кг б) 100 кг

14. Массасы 461,5 г, ал көлемі 65 см3 металдың тығыздығы қандай?


а) 161,5 г/см3
ә) 7,1 г/см3
б) 7,01 г/см3
15. Болат шардың 125 м3 мөлшеріндегі массасы 800 г болатын шар тұтас па, қуыс па?
p=7800 кг/м3
а) шар қуыс.
ә) шар тұтас
б) дұрыс жауабы жоқ



ІІ нұсқа

1. Масса -
а) денелердің инерттілігінің өлшемі
ә) денелердің ұзындығының өлшемі
б) уақыттың өлшемі
2. Массалары 10 және 20кг екі дене соқтығысты. Соқтығысу нәтижесінде қай дененің жылдамдығы көп өзгеріске ұшырайды?
а) біріншісінікі 2 есе.
ә) екіншісінікі 2 есе
б) бірдей
3. 45т- ны кг –мен өрнектеңіз
а) 450 кг
ә) 45 кг
б)45000 кг
4. Дене 105т ; 50г ; 15г; жүктер жиынтығымен теңестірілген. Дененің массасы қандай?
а) 150г
ә) 170г
б) 160г
5. Дене массасының оның көлеміне қатынасына тең физикалық шама ... деп аталады.
а) жылдамдық
ә) тығыздық
б) күш
6. Заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шаманы қалай атайды?
а) жылдамдық
ә) тығыздық
б) күш
7. Заттың тығыздығы және дененің көлемі белгілі болса, заттың массасын анықтайтын формуланы көрсетіңіз.
а) m=p/V
ә) m= p . V
б) m= V/p
8. Күш-
а) веторлық шама
ә) скаляр шама
б) дұрыс жауабы жоқ
9. Күш бірлігі қай ғалымның құрметіне аталған?
а) Галилей
ә) Паскаль
б) Ньютон

10. Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін, дене өзінің бастапқы пішіні мен өлшемі өзгеретін болса, онда мұндай деформация қалай аталады?


а) пластикалық
ә) серпімді
б) бұралу

11. Гук заңының формуласы болатын өрнекті көрсетіңіз:


а) F=mg
ә) F=µN
б) F=kx
12. Автомобиль жол жүрген кезде оның бензинінің массасы 20кг-ға кеміді. Автомобильдің жалпы салмағы қанша кеміді?
а) 19,6Н
ә) 1,96Н
б) 196Н.
13. Дененің массасы 20кг. Оған қандай ауырлық күші әрекет етеді?
а) 19,6Н
ә) 0,49Н
б) 196Н.
14. 500Н ауырлық күші әсер ететін ыдыста қандай көлем су бар? Судың тығыздығы
p=1000кг/м3
а) 0,0512 м3
ә) 0,051 м3.
б) 5102 м3
15. Жіппен байланған массасы 5кг шар ілулі тұр. Оның салмағы қандай?
а) 49Н.
ә) 4,9Н
б) 490Н

2. 4. Қысым

І -нұсқа

1. Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама

а) қысым

ә) күш


б) салмақ

2. Қысымның өлшем бірлігін көрсетіңіз

а) Ньютон

ә) Паскаль

б) килограмм

3. Гидроаэростатиканың негізгі заңы – Паскаль заңы

а) сұйыққа немесе газға түсірілген қысым барлық бағыт бойынша өзгеріссіз беріледі

ә) сұйық ішіндегі қысым белгілі деңгейде барлық бағытта бірдей болады

б) сұйықтың, газдың ыдыс ішіне түсіретін қысымы тығыздығына және баған биіктігіне тура пропорционал болады

4. Гидравликалық престің ауданы 10см2 поршеніне әсер ететін күш 100Н болса, ауданы 1м2 поршеніне әсер ететін күш

а) 10Н

ә) 102 Н

б) 105 Н

5. Ауданы 5м2 ыдыстың түбіне керосиннің түсіретін қысымын есептеңіз. Ыдыстағы керосиннің массасы 500 кг.

а) 100Н

ә) 100Па


б) 980Па

6. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал:
а) динамометр

ә) барометр

б) манометр
7. Столда сіріңке қорабы жатыр.Оны аударып қырынан қойды.Осы кезде қораптың беттескен ауданы 2,2 есе кемиді.Оның столға түсіретін қысымы өзгерді ме? Өзгерсе,қалай? 
а) Өзгермейді. 
ә) 2,2 есе кемиді. 
б) 2,2 есе артады. 

8. Атмосфералық қысым 750 мм.сын.бағ. тең. Торричелли түтікшесіндегі сынап бағанының биіктігі... 


а) 500 мм. 
ә) 1000 мм. 
б) 750 мм. 

9. Мына жағдайда ауа шарына әсер ететін кері итеруші күш үлкен: 


1) Жердің бетінде ; 2) 100 м биіктікте; 3) 200 м биіктікте. 
а) 1.  ә) 2.  б) 3. 
10. Сұйық қабаты неғұрлым төмен(тереңде) орналасқан болса, ондағы ауырлық күші әрекетінен болатын қысым соғұрлым ...

а) үлкен ә) аз  б) бірдей 

11. Қатынас ыдыстардағы әртекті сұйық бағандарының биіктігі олардың тығыздықтарына кері пропоционал болатынын көрсететін формула:

а) h1/h2 = ρ2/ ρ1

ә) h2 /h1 = ρ1/ ρ2

б) h1/ ρ1 = h2/ ρ2

12. Алматыда алғашқы су құбыры қай жылы салынды?

а) 1804ж. ә) 1933ж. б) 1845ж.

13. Егер дене сұйыққа толық батып, оның ішінде жүзіп жүрсе

а) онда денеге әрекет ететін ауырлық күші архимед күшіне тең

ә) онда денеге әрекет ететін ауырлық күші архимед күшінен артық

б) онда денеге әрекет ететін ауырлық күші архимед күшінен кем


14. Рұқсат етілетін шөгім кеменің корпусында қызыл сызық –

а) деңгейлік сызық

ә) тереңдікті көрсететін сызық

б) ватерсызық

15. Сұйық бетін ықшамдауға және оған шар тәрізді пішін беруге тырысатын,

сұйық бетіндегі молекулаларға әрекет ететін теңәрекетті күш

а) ауырлық күші

ә) беттік керілу күші

б) серпімділік күші
ІІ –нұсқа

1.Бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің, осы беттің ауданына қатынасымен анықталатын шаманы қалай атайды?



а) үйкеліс күші

ә)серпімділік күші

б)қысым

2. Қысымның формуласы:
а) F=pS ә) p=F/S б) P=mg
3. Ауданы 50 см2 цилиндр пішінді 2 л су құйылған ыдыстың түбіне түсіретін судың қысымын анықта. Судың тығыздығы 1000 кг/м3. 
а) 4•103 Па.  

ә) 5•103 Па. 


б) 4•102 Па. 
4. Бөлменің еденіне түсетін атмосфералық қысым 400 кПа.Бөлменің төбесі мен қабырғасына түсіретін атмосфералық қысым.... 
а) 400 кПа қабырға мен төбеге. 
ә) 400 кПа қабырғаға, 0 кПа төбеге. 
б) 0 кПа қабырғаға, 400 кПа төбеге. 
5. Қалыпты атмосфералық қысым неге тең?

а) 100500 Па

ә) 101325 Па

б) 102333 Па



6.Жердің бетін қоршап тұрған ауа қабығы қалай аталады?
а) атмосфера

ә) литосфера

б) стратосфера

7. Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым барлық бағыт бойынша өзгеріссіз беріледі. Кімнің заңы?

а) Паскаль заңы

ә) Гук заңы

б) Торричелли заңы

8. Атмосфералық қысым 750мм.сын.бағ-на тең. Торричелли түтікшесіндегі сынап бағанының биіктігі

а) 500мм


ә) 750мм

б) 650мм


9. Гидравликалық машинадағы қысым 400кПа. Кіші поршеньге 200Н күш әсер етеді. Кіші поршеннің ауданы

а) 5 ·10-4м2

ә) 5 ·10-2м2

б) 5 м2

10. Платформадағы барометр 863 мм.сын.бағ. көрсетіп тұрса,метро бекетінің орналасу тереңдігі.... Метроға кіре берістегі қысым 760 мм.сын.бағ. 
а) 1000 м. 
ә) 760 м. 
б) 1236 м. 

11. Гидравликалық машинада күштен ұтыс алу мынаған тәуелді… 


а) Машинаны толтыратын сұйықтың тегіне. 
ә) Поршеньге түсірілген күшке. 
б) Үлкен және кіші поршеннің аудандарының қатынасына
12. Атмосфералық қысымның бар екенін анықтаған итальян ғалымы

а) Паскаль

ә) Архимед

б) Торричелли

13. Медициналық щприцтің инесі суға малынған. Неліктен щприц поршенін кері қарай тартқан кезде, су жоғары көтеріледі?

а) цилиндр ішіндегі қысым кемиді де, атмосфералық қысым әсерінен

ә) судың молкулалары поршеннің молекулаларымен тартылады

б) поршеннің қозғалысынана су көтеріледі

14. кеменің суға бататын тереңдігі

а) шөгім


ә) ватерсызық

б) деңгей

15. Қылтүтіктер бойымен сұйықтың көтерілуі немесе төмен түсуі кезінде байқалатын құбылыс

а) броундық

ә) жылулық

б) қылтүтіктік



2.5. Жұмыс. Қуат. Энергия.

І –нұсқа

1. Дене орын ауыстырғанда күштің атқарған жұмысы ... деп аталады.


а) кинетикалық энергия

ә) потенциалдық энергия

б) механикалық жұмыс

2. Қуаттың формуласы:


а) N=A*t ә) N=A/t б) p=F/S

3. Жұмыстың өлшем бірлігі

а) Паскаль

ә) Джоуль

б) Ньютон

4. 0,25 мДж –ны ХБЖ келтір:

а) 25*10-5 Дж

ә) 2,5*10-5 Дж

б) 25*10-5 Дж

5. Көлемі 0,5 м3 гранит тасын 20м биіктікке көтергенде істелетін жұмысты есептеңіз. Граниттің тығыздығы 2500кг/м3

а) 245*10-5 Дж

ә) 250 кДж

б) 225 МДж

6. 1 сағат ішінде қозғалтқыш 18000 кДж жұмыс істейді. Оның қуаты қандай?

а) 18 МДж

ә) 50кВт

б) 5 кВт

7. Массасы 10 т көмірді шахтадан көтергенде 6200кДж жұмыс істеледі. Шахтаның тереңдігі қандай?

а) 6,2 м

ә) 620 м

б) 62 м

8. Потенциалдық энергияның формуласы:
а) Eп=mgh

ә) Ek=mυ2/2

б) W= Eп + Ek

9. Серпімділік күшінің істеген А жұмысы серіппенің ... тең.

а) потенциалдық энергиясының өзгерісіне

ә) кинетикалық энергияның өзгерісіне

б) дененің потенциалдық және кинетикалық энергияларының қосындысына

10. Тістеуіштердің көмегімен шегелерді жұлуға болады. Тістеуіштердің айналу осінен шегеге дейінгі ара қашықтық 2 см; ал қол күшінің берілу нүктесіне дейінгі қашықтық 16см. Тістеуішті 200Н күшпен қысатын болсақ, онда шегеге әрекет ететін күшті анықтаңыз.

а) 1,6 Н

ә) 16 000 Н

б) 1 600 Н

11. Қуаты 30Вт желдеткіш 10 мин-та қанша жұмыс істейді?

а) 1000Дж

ә) 18000 Дж

б) 15000 Дж

12. Айналатын денеге түсірілген күштің күш иініне көбейтіндісі



а) күш моменті

ә) қысым күші

б) жұмыс

13. Мыналардың ішінен жай механизмді көрсетіңіз



а) динамометр

ә) блок

б) серіппе
14. Механиканың «алтын ережесі»

а) күштен қанша есе ұтсақ, орын ауыстырудан сонша есе ұтыламыз

ә) жұмысшы күшінің иіні ауырлық күшінің иінінен неше есе үлкен болса, жұмысшы күштен сонша есе ұтады

б) жұмысшы күшінің иіні ауырлық күшінің иінінен неше есе кіші болса, жұмысшы күштен сонша есе ұтылады

15. Жай механизмдер дегеніміз...



а) күшті түрлендіруге қолданылатын құрал

ә) күштен ұтыс беру үшін қолданылатын құрал

б) күшті түрлендіріп, қозғалыс бағытын өзгерту үшін қолданылатын құрал
ІІ -нұсқа

1.Қандай физикалық шама күштің жолға көбейтіндісіне тең?



а) қуат

ә) жұмыс

б) энергия

2. Қандай екі физикалық шамалардың өлшем бірліктері бірдей?



а) күш және энергия

ә) жұмыс және қуат

б) жұмыс және энергия

3. 2м биіктітен түсіп келе жатқан массасы 20мг жаңбыр тамшысына әсер ететін ауырлық күшінің жұмысы (g=10м/с2)



а) 0,1 кДж

ә) 40 Дж

б) 0,4Дж

4. Массасы 3кг еркін құлаған дененің Жер бетінен 4м қашықтықтағы потенциалдық энергиясы (g=10м/с2)



а) 60 кДж

ә) 120Дж

б) 90Дж

5. Қуаттың өлшем бірлігі



а) Джоуль

ә) Ватт

б) Ньютон
6. 5 мВт –ны ХБЖ келтір:

а) 0,005Вт

ә) 5000Вт

б) 0,00005Вт

7. Серіппелі тапаншадағы серіппенің қатаңдығы 4000Н/м. Оқтың массасы 5г. Серіппені 2 см-ге сығып қысады. Оқ пистолеттен қандай жылдамдықпен ұшып шығады? (Ауаның кедергі күші және үйкеліс ескерілмейді)

а) 25м/с

ә) 23м/с

б) 24м/с

8. Дененің потенциалдық және кинетикалық энергияларының қосындысы ... деп аталады

а) механикалық энергия

ә) электр энергиясы

б) жылулық энегия

9. Механикалық энергияның сақталу заңы:

а) тұйық жүйені құрайтын денелер арасында тек қана ауырлық күші мен серпімділік күші әрекет ететін болса, онда тұйық жүйенің механикалық энергиясы өзгеріссіз сақталады

ә) тұйық жүйені құрайтын денелер арасында тек қана ауырлық күші мен серпімділік күші әрекет ететін болса, онда тұйық жүйенің механикалық энергиясы өзгереді

б) тұйық жүйені құрайтын денелер арасында тек қана ауырлық күші мен серпімділік күші әрекет ететін болса, онда тұйық жүйенің механикалық энергиясы сақталынбайды

10. Трактор қозғалтқышының тарту күші 40кН. Трактор 5м/с жылдамдықпен қозғалады. Оның қуаты қандай?

а) 2 ·105 Вт

ә) 2 ·103 Вт

б) 0,00005Вт

11. күүштен 2 есе ұтыс беретін көлбеу жазықтық берілген. Үйкеліс күшті ескермеген кезде жұмыстан ұтыс қанша болады?



а) 2 есе ұтыс береді

ә) 4 есе ұтыс береді

б) ұтыс та, ұтылыс та бермейді

12. Иіні 0,3м иіндікке 9 Н күш әсер етеді. Күш моментін анықтаңыз.

а) 27 Н·м

ә) 2,7 Н·м

б) 0,27 Н·м

13. Мыналардың ішінен жай механизм болмайтын құралды көрсетіңіз

а) көлбеу жазықтық

ә) блок

б) серіппе

14. Жүк көтергенде айналу осі не жоғары, не төмен қозғалмайтын жай механизм

а) жылжыйтын блок

ә) жылжымайтын блок

б) шығыр

15. Механизмнің немесе машинаның пайдалы әрекет коэффициентінің(ПӘК) формуласыа)

η = Апт100% ә) η =А Тп 100% б) η =  100%

3. 7 сыныпқа арналған І – жарты жылдықтың тестік тапсырмалары.
І нұсқа
1. Қандай заттарда/қатты, сұйық немесе газ/ диффузия құбылысы болады.
а) диффузия құбылысы тек газда болады
ә) диффузия құбылысы тек сұйықта болады
б) диффузия құбылысы тек газ, сұйық және қатты заттарда болады
в) диффузия құбылысы тек газ, сұйық және қатты заттарда болады
2. Велосипедші 250м жолды 5м/с жылдамдықпен қанша уақытта жүріп өтеді?
а) 1250с
ә) 20с
б) 50с
в) 30с
3. 75т қанша кг бар?
а) 0,75кг
ә)7,5кг
б)75кг
в)7500кг
4. Формулада тығыздықты ... әрпімен, массаны ... әрпімен, көлемдә ... әрпімен белгілейді.
а) p, m, V
ә) p, V, m
б) V, p, m
в) m, p, m
5. ... кг 2000г бар.
а) 3кг
ә) 1кг
б) 2кг
в) 9кг
6. Жердің денені өзіне тарту күші ... деп аталады.
а) үйкеліс күші
ә) бүкіл әлемдік тартылыс күші
б) инерция
в) ауырлық күші
7. Мыналардың сәйкестігін табыңыз.
1. Жылдамдық а) м3
2. Масса ә) м/с
3. Көлем б) кг/м3
4. Тығыздық г) кг
8. Қандай қозғалыс бірқалыпты қозғалыс деп аталады?
а) кез-келген –өзара тең уақыт аралықтарында бірдей жол жүрілсе
ә) кез уақыт аралықтарында бірдей жол жүрілсе
б) дене қозғалысының траекториясы түзу сызықты болса
9. Мыналардың сәйкестігін табыңыз.
1. Жылдамдықтың формуласы а) p=m/V
2. Тығыздықтың формуласы ә) v=s/t
3. Жолдың формуласы б) s=vt
10. Мыналардың сәйкестігін табыңыз.
1. Көлем а) динамометр
2. Масса ә) мензурка
3. Температура б) таразы
4. Күш в)температура
11. Көптеген заттар құралатын өте ұсақ бөлшектер ...
а) молекулалар
ә) атомдар
б) шарлар
в) ұсақ денелер

12. Денеге басқа денелер әсер етпегенде өзінің жылдамдығын сақтау құбылысы қалай аталады?


а) үйкеліс күші
ә) бүкіл әлемдік тартылыс күші
б) инерция
в) ауырлық күші
13. Көліктің кез келген түрінде кетіп бара жатқан жолаушы алға қарай еңкейді. Неліктен?
а) себебі көлік орнынан кенет қозғалады
ә) себебі көлік оңға бұрылды
б) себебі көлік кенет тоқтады
в) себебі көлік кенет солға бұрылды
14. Керосиннің тығыздығы 800 кг/м3 , ал бұл ...
а) 1 м3 көлемде 800кг керосин болады дегенді білдіреді
ә) 1кг керосиннің көлемі 800м3 дегенді білдіреді
б) 800кг керосиннің көлемі 800м3 дегенді білдіреді
в) дұрыс жауабы жоқ
15. Лақтырған тас ...
а) ауырлық күшінің әсерінен жерге түседі
ә) серпімділік күшінің әсерінен жерге түрге түседі
б) инерция әсерінен жерге түрге түседі
в) массаға байланысты жерге түседі.

ІІ нұсқа
1. Диффузия дегеніміз не?
а) бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулаларының аралығындағы бос орындарға өтіп таралу құбылысы
ә) дене массасының оның көлеміне қатынасына тең физикалық шама
б) Жердің денені өзіне тарту күші
в) массаға байланысты физикалық шама
2. 3 сағатта автомобиль 50км/сағ жылдамдықпен қанша жол жүреді?
а)17км
ә)17,5км
б) 150км
в) 120км
3. 2,5т қанша килограмм ба?
а) 25кг
ә) 0,25кг
б) 2500кг
в) 120кг
4. Формулада жылдамдықты... әрпімен, жолды... әрпімен,уақытты... әрпімен белгілейді.
а)р,v,m
ә)F,V,t
б)P,F,S
в)v,s,t
5. ...кг 4000г бар
а) 9
ә) 4
б) 5
в) 10
6. Бір дене екінші дененің бетімен қозғалғанда пайда болатын және қозғалысқа қарама-қарсы бағытталған күшті қалай атайды?
а) үйкеліс күші
ә) бүкіләлемдік тартылыс күші
б) инерция
в) ауырлық күші
7. Температураны өлшейтін құралды атаңыз:
а) таразы
ә) мензурка
б) секундаметр
в) термометр
8. Мыналардың сәйкестігін табыңыз:
1. жол а) кг
2. күш ә) Н
3. уақыт б) км
4. масса в) с
9. Төмендегі қозғалыстардың қайсысы бірқалыпты қозғалыс?
а) автомобильдың қозғалысы
ә) конькишінің қозғалысы
б)Жердің өз осінен айналу қозғалысы
в) сағат тілінің қозғалысы
10. Мыналардың сәйкестігін табыңыз
1.уақыт а) m=pV
2.көлемнің формуласы ә) F=mg
3.массаның формуласы б) V=m/ p
11. Мыналардың сәйкестігің табыңыз
1.уақыт а) мензурка
2.көлем ә)таразы
3.масса б)секундомер
4жылдамдық. в)спидометр
12. Физикалық шамалардың өлшем бірліктерін анықтаңыз
1.уақыт а) 0C
2.жол ә)m
3.күш б)H
4.температура в)c
13. Заттың тығыздығын анықтау үшін...
а) оның массасын көлемге көбейту керек
ә) оның массасын көлемге бөлу керек
б) оның көлемін массаға бөлу керек
в) оның көлемін массаға қосу керек
14.Қозғалыс теңдеуі...
а) х=х0+ vt
ә) x=x0- vt
б) x=x0+t
в) x=x0+v
15. Үйкеліс күшінің формуласын анықтаңыз
а) F=mg
ә) F=kx
б) P=mg
в) F= N

.

4. 7 сыныпқа арналған ІІ –жарты жылдықтың тестік тапсырмалары.



І –нұсқа.

1. Атмосфера грекше қандай мағынаны білдіреді?

а) атмос-бу,сфера-шар                 

ә)  атмос-сұйықсыз,   сфера-өлшеймін                   

б)атмос- жер,сфера-ауа                

2. Альтиметр нені өлшейді?

а)қысымның аласа жерлерін          

ә) қысымның биікке байланыстылығын           

 б) қысымның орта жерлерін              

 Сұйыққа батырылған денені ығыстыратын күш не деп аталады? 

а)ауырлық күші          

ә) үйкеліс күші         

б) архимед күші         

Қалыпты атмосфералық қысым неге тең?

а)760 мм.сын.бағ.      

ә) 756 мм.сын.бағ.     

б)766 мм.сын.бағ.   

3. Атмосфералық қысымды өлшеудің тәсілдерін қай ғалым ұсынды?

а) Паскаль   

ә)Франклин 

б)Торричелли

4. Күй табаққа ине 0,27 Н күшпен әрекет етеді. Егер иненің ұшының ауданы 0,0003см2 болса, оның күй табаққа түсіретін қысымы қандай?

а) Паскаль   

ә)Франклин 

б)Торричелли

5. Кейбір мұнай резервауларында қабырғаның төменгі жақтарын қалың етіп жасайды, себебі-

а) сұйықтың қысымы төменнен бастап артады  

ә)кез келген ыдыстың түбін қалың етіп жасайды

б)түбі жұқа болғанда мұнай оңай сорылады

6. Неліктен жанып тұрған керосинді сумен сөндіруге болмайды?

а) керосиннің тығыздығы су тығыздығынан аз 

ә)су керосиннің жану процесін күшейтеді 

б)су керосиннен жану өнімдерін алып, қоршаған ортаны ластайды

7. Қысымды ... үшін, ауыл шаруашылық машиналарының шынжыр табанының ауданын үлкен етіп жасайды, неғұрлым ауданы... болса, соғұрлым қысым ... түседі.

а) азайту...кіші ... аз 

ә)азайту ... үлкен ... аз

б)азайту ... үлкен ...көп

8. Физикалық шамалардың өлшем бірліктерін анықтаңыздар

1. қысым а) Дж

2. күш ә)Вт

3. қуат б) Па

4. жұмыс в) Н

5. энергия

9. Есептеу формулаларын анықтаңыздар

1. қуат а) А=F·S

2. жылдамдық ә) υ= S/t     

3. тығыздық б) P= F/S

4. қысым в) ρ= m/v

5. жұмыс г)N= A/t

10. Мұнайға батырылған жездің көлемі 250 см3 ,жезге әсер ететін Архимед күші қандай?

ρ= 800кг/м3

а) 0,002Н    ә)18Н б)2Н

11. Қандай сұйықта ағаш кесегі /емен/ батады?

а) суда   ә) керосинде б)спиртте


12. Иінге 3 Н күш әсер етеді. Егер күштің иіні 15см болса, осы күш моменті неге тең?

а) 45Н·м 

ә)20 Н·м

б)0,45 Н·м

13. Жер бетінен жоғары көтерген білеушенің потенциалдық энергиясын қандай тәсілмен азайтуға болады?

а) тығыздығын арттыру арқылы 

ә) атмосфералық қысымды азайту арқылы 

б)білеушенің массасын азайту арқылы

14. Рычаг О нүктесі арқылы өтетін оське бекітілген. Рычагқа 10Н –ға тең F1 Н күш әсер етеді. Рычаг тепе –теңдікте болу үшін В нүктесіне қандай F2 күш түсіру керек? ОА кесіндінің ұзындығы 1м, ОВ кесіндінікі- 2м.

а) 10Н  

ә)10Н, екі бағытта

б)5 Н, бір бағытта

15. Машинаның көмегімен А1 пайдалы жұмыс жасаған, толық жұмыс А2 –ге тең. Төменде көрсетілген өрнектің қайсысы машинаның П.Ә.К. көрсетеді?

а) А12  

ә)А1 ·А2

б)А12


ІІ –нұсқа

1. Барометр қай тілден енген сөз?

а) грек 

ә) латын

б) ағылшын 

2. Қан қысымын өлшеуге арналған құрал?

а) Бурдонмонометр 

ә)Барометр       

б) сфигмоманометр

3. Қар үстіндегі тұрған шаңғышының массасы 78кг.Оның әр шаңғысының ұзындығы 1,95м, ал ені 8см. Шаңғышының қар бетіне түсіретін қысымын анықтаңыз. 


а) 1,25кПа 
ә) 2,5кПа  ә
б) 5кПа 

4. 760 мм.сын. бағ. Паскальмен өрнектеңдер

а) 100 кПа 
ә) 1000кПа 
б) 0,01кПа 

5. Биіктігі 0,5 м керосин қабатының ыдыс түбіне түсіретін қысымы(ρ= 800кг/м3, g= 10 Н/кг).

а) 4кПа 
ә) 3кПа 
б) 5кПа 

6. Торричелли түтігінің ішндегі сынап деңгейі көтерілген кезде атмосфералық қысым қалай өзгереді?

а) азаяды 
ә) артады

б) бастапқыда төмендейді, содан кейін кенет артады

7. Қысымды ... үшін кесу құралдарын ұштау қажет, неғұрлым ауданы ... болса, соғұрлым қысым ... түседі.

а) азайту... кіші ...аз 


ә) азайту... үлкен .. аз
б) арттыру ... кіші ... көп

8. Физикалық шамалардың өлшем бірліктерін анықтаңыздар

1. қысым а) Дж

2. күш моменті ә)Вт

3. қуат б) Па

4. жұмыс в) Н

5. Архимед күші г) Н·м

9. Есептеу формулаларын анықтаңыздар

1. қуат а) А=F·S

2. күш моменті ә) ρ= m/v

3. тығыздық б) P= F/S

4. қысым в) F·ℓ

5. жұмыс г)N= A/t

10. Биіктігі 8 см судың ыдыс түбіне түсіретін қысымын анықтаңыздар. Егер ауданын 2 есе өсірсе, оның қысымы қалай өзгереді?

а) 800П; өзгермейді а
ә) 800Па;2 есе азаяды

б) 1800Па; 2 есе артады

11. Қандай сұйықта парафин кесегі батады?

а) суда  

ә) керосинде

б)спиртте

12. Жұмысшы рычагты пайдаланып, массасы 240 кг плитаны көтерді. Егер рычагтың қысқа иіні 0,6м –ге тең болса, жұмысшының 2,4м-ге тең ұзын иінге түсіретін күші

а) 700Н


ә) 650Н

б)600 Н б

13. Қозғалып келе жатқан дененің жылдамдығын 2 есе арттырса, онда оның кинетикалық энергиясы

а) 2 есе артады 

ә) 4 есе кемиді 

б)4 есе артады

14. Рычаг иіндері ℓ1=60см, ℓ2= 240см. Осы рычагтың көмегімен массасы 240кг тасты көтеру үшін үлкен иіндікке түсірілге күш(g=10Н/кг)

а) 0,6 кН а 

ә) 0,2 кН

б)0,8 кН


15. Пайдалы жұмыстың толық жұмысқа қатынасы механизмнің ... деп аталады.

а) күштің иіні


ә) пропорционалдық коэффициент

б) пайдалы әсер коэффициенті



5. Жетістіктерін бағалау

Тақырып бойынша тестілеуді өткізу—оқушының оқушының тақырыпты қаншалықты білетіндігін бағалау.

Мына тақырыптық тестік тапсырмалардағы 15 сұраққа жауаптарын былай бағалауға болады:



Қанағаттанарлық 9 - 11
Жақсы 10 - 12
Үздік 13 - 15

6. Дұрыс жауаптар кілттері
Физика және астрономия – табиғат туралы ғылымдар. Заттың құрылысы.





1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1
нұсқа


б

а

б

ә

б

ә

ә

б

б

а

б

б

ә

а

а

2
нұсқа


б

ә

а

ә

а

б

ә

б

а

і

а

а

б

а

а


Қозғалыс.





1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1 нұсқа

а

ә

а

ә

а

б

а

ә

б

б

а

ә

б

ә

а

2 нұсқа

А,б

ә

б

ә

ә

ә

ә

а

б

а

б

б

б

ә

а


Масса және күш





1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1 нұсқа

а

ә

а

ә

а

б

а

ә

б

б

а

ә

б

ә

а

2 нұсқа

а

а

б

ә

ә

ә

ә

а

б

а

б

б

б

ә

а


Қысым





1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

нұсқа

а

ә

а

б

б

ә

б

б

а

а

а

ә

а

б

ә

2 нұсқа

б

ә

а

а

ә

а

а

ә

ә

б

б

б

а

а

б


Жұмыс. Қуат. Энергия.





1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

нұсқа

б

ә

ә

б

ә

б

ә

а

а

б

ә

а

ә

а

б

2 нұсқа

ә

б

б

ә

ә

а

ә

а

а

а

б

ә

б

ә

ә




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет