«Физика» пәні бойынша 3 тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары



бет1/2
Дата18.05.2023
өлшемі235 Kb.
#177075
  1   2
Байланысты:
«Ôèçèêà» ï?í³ áîéûíøà 3 òî?ñàí?à àðíàë?àí æèûíòû? áà?àëàóäû? òàï


«Физика» пәні бойынша 3 тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

  1. Қос дөңес линзаның шыныдан жасалған материалының сыну көрсеткіші n = 1,5. Қос дөңес линзаның беттерінің қисықтық радиустары R1 = R2 = 0,2 м. Линзаның D оптикалық күшін табыңыздар. [2]




  1. сурет.
2. 1-суретте жарықтың сыну құбылысы көрсетілген. Гюйгенс принципін қолдана отырып, жарықтың А нүктесінде сынуын түсіндіріңіз. [1]
3. 2-суретте ойыс сфералық айна көмегімен пайда болған АВ нәрсенің A1B1 кескіні көрсетілген.

2- сурет.




(i) Суретте ойыс сфералық айнаны және айнадағы сәуле жүрістерің көрсетіңдер. [2]
(ii) Нәрседен ойыс айнаға дейінгі арақашықтық 1,6 м. Егер алынған кескін айнадан 0,4 м қашықтықта болса, айнаның фокустық қашықтығы неге тең? [1]
4 (а). Электромагниттік сәулеленудің шкаласында алты түрлі толқын ұзындығының диапазонын ажырату болады.
(i) Электромагниттік толқындарды ұзындықтарының кему ретімен жазыңыздар. [1]
(ii) Электромагниттік толқындардың әр түрлі ұзындықтағы сәулеленуінің болу себебі неде? [1]
(iii) Әр түрлі диапазондағы электромагниттік толқындардың заттармен өзара әрекеттесуіндегі (жұту және шағылу) айтарлықтай айырмашылықтың себебі неде?
4 (в). Монохроматтық жарық мырыш тақтасына түсіп, фотоэффект тудырады.
(i) Фотоэффект деп не аталады? [1]
(ii) Шығу жұмысы деп не аталады? [1]
(iii) Мырыш үшін шығу жұмысы Aш= 4 эВ. Фотоэлектрондардың максималды жылдамдығы 760 км / с. Монохроматтық жарықтың толқын ұзындығын табыңыздар. [2]
4 (c). 3-суретте фотоэффектке тән вольт - ампер графигі көрсетілген.
(i) Тежеу кернеуі деп не аталады? [1]
(ii) Монохроматтық сәулеленудің әсерінен мырыш бетінен шыққан фотоэлектрондардың тежегіш кернеуін анықтаңыз (4 (в) тапсырманың шарттары бойынша). [3]

3-сурет.


5 (а). Элементар бөлшектердің үдеткішінде, тыныштықтағы массасы m0 = 9,1 ⋅ 10-31 кг-ға тең, электрон релятивистік жылдамдықпен қозғалады.



  1. Үдеткіште қозғалғанда электронның m массасы, тыныштықтағы массасы m0-мен салыстырғанда, қандай болады? [1]

  2. 0,9 жарық жылдамдығымен қозғалатын электронның массасын есептеңдер. [1]

5 (в) Жарықтың 0,9 есе жылдамдығымен қозғалатын электронның де-Бройль толқынының ұзындығын табыңыздар. Планк тұрақтысы h = 6,626 ⋅ 10–34 Дж ⋅ с. [2]
5 (с). Электромагниттік сәулеленудің толқындық және корпускулалық сипаттамаларын қандай екі құбылыстар дәлелдейді ? [1]
6. Радиоактивті радон газының жартылай ыдырау периоды 4 тәулікке тең. Ғимарат ішіндегі ауа сынамасында 6 мг радон бар.
(i) Радиоактивті заттың жартылай ыдырау периоды дегеніміз не? [1]
(ii). 8 тәуліктен кейін сынамада қалған радонның массасы қанша? [1]
7. Кез-келген ядролық реакцияда масса саны мен заряд санының сақталу заңдары орындалады.
(i) Ядролық реакцияларды жазу кезінде масса мен заряд сандарының сақталу заңдарын тұжырымдаңыздар. [1]
(ii) Ядролық реакцияның жетіспейтін элементін көрсетіңіздер: 94Be + 42 a 126? +10 n. [1]
8. Зарядталған бөлшектер үдеткіштерінде, термоядролық реакцияларды жүзеге асыратын тәжірибелік қондырғыларда зарядталған бөлшектер магнит өрісінде қозғалады.
(i) Магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектерге қандай күш әсер етеді? [1]
(ii) Магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің қозғалу сипатын түсіндіріңіздер. [1]
9. Наноматериалдарда физикалық қасиеттердің өзгеруі байқалады: магниттік, жылу өткізгіш және электрөткізгіш.
(i) Наноматериалдардың физикалық қасиеттерінің ерекшеліктері немен түсіндіріледі? [1]
(ii) Наноматериалдарды алудың қандай әдістері қолданылады? [1]



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет