«Физика» пәнінен 1-тоқсанға арналған тақырыптық тес тапсырмалары
Сыныбы:11Ә
Оқушының аты-жөні:
Тест
1.Трансформатор деген не? А) Айнымалы токты түрлендіру үшін қолданылатын құрал. В) Зарядталған бөлшектерді үдету үшін қолданылатын құрал С) Изотоптарды бөлу үшін қолданылатын құрал D) Радиоактивтік сәуле шығаруды анықтау үшін қолданылатын құрал Е) Жауаптар арасында дұрысы жоқ
2.Айнымалы ток генераторының жұмысы кезінде энергияның түрленуі А)Химиялық энергия электр энергиясына айналады В)Механикалық энергия ішкі энергияға айналады С)Механикалық энергия электр энергиясына айналады D)Ішкі энергия электр энергиясына айналады Е)Кинетикалық энергия потенциалдық энергияға айналады.
3. Кернеу максимал мәні Um=310 В болса, әсерлік мәні неге тең? А) 437 В В) 110 В С) 220 В D) 353 В Е) 246 В
4. Гармониялық электромагниттік тербелістер кезіндегі кернеудің амплитудасы?
А) В) С) D) Е)
4.Материялық нүктенің тербеліс теңдеуі х=7 cos (πt+π/3)см.
Анықтаңдар:
a)Тербеліс амплитудасын
b)бастапқы фазаны
c)Тербеліс периодын
Материалдық нүктенің t=2 с уақыт мезетіндегі
d) жылдамдықты табыңдар
e)үдеуді табыңдар
5.Сыйымдылығы 1 мкФ конденсатордың астарларындағы кернеу U =100 cos 500t заңы бойынша өзгереді. Табыңыз:
а) конденсатордағы кернеудің максимал мәнін; b) тізбектегі тербеліс периодын, с) тізбектегі тербеліс жиілігін d) тізбектегі тербелістің циклдік жиілігін; e) конденсатордың максималды заряды; f) тізбектің индуктивтілігі; g) тізбектегі максималды ток: h) конденсатор зарядының уақытқа тәуелділігінің теңдеуін жазыңдар; i) ток күшінің уақытқа тәуелділігінің теңдеуіін жазыңдар.
6.Тербелмелі контурдағы конденсатор сыйымдылығы С,катушканың индуктивтілігі L,конденсатордағы кернеу амплитудасы Um.
Табыңдар
1)Im ток күшінің амплитудасын
2)W толық энергияны
С, Ф
|
L,Гн
|
Um,В
|
Im
|
W
|
3,2·10-5
|
0,52
|
210
|
|
|
1,8·10-11
|
2,2·10-5
|
508
|
|
|
[4]
7.Тізбекте кедергісі 6 Ом резистор,индуктивтігі 0,5 Гн катушка және сыйымдыығы 20мкФ конденсатордың барлығы тізбектей қосылған.
а)Токтың қандай дөңгелектік жиілігінде резонанс туады?Дөңгелектік жиілікті ω табыңдар
b)Индуктивті кедергіні XL табыңдар.
c)Сыйымдылық кедергіні XC табыңдар.
d)Толық кедергіні Z табыңдар
е)Егер кернеу амплитудасы 144 В болса осы жиіліктегі ток күшінің амплитудасын Im тап.
8.Трансформатордың бірінші орамасындағы ток күші 2 А,ондағы кернеу 120 В.Екінші орамадағы кернеу 30 В.
Табыңдар
a)Екінші орамадағы ток күшін
b)Трансформация коэффициентін
c)Бұл трансформатор төмендеткіш бола ала ма?
Достарыңызбен бөлісу: |