Физикадан 8-сыныпқа



бет1/8
Дата07.02.2022
өлшемі300,5 Kb.
#88086
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8

Физикадан 8-сыныпқа
арналған тест жұмыстары


Жылу құбылыстары. Тест А-1


1.Мыс сымды отта қыздырды.Сымның ішкі құрылысында қандай өзгеріс болды?
а) молекулалардың арақашықтығы артты; б) молекулалардың арақашықтығы кеміді;
в) молекулалардың өлшемі өзгерді; г) молекулалардың құрамы өзгерді;
д) ешқандай өзгеріс болмады.
2. Мұз кесегі алақанда еріп кетті.Дұрыс ұйғарымды көрсет.
а) мұзды құрайтын молекулалардың өлшемдері артты; б) мұзды құрайтын молекулалардың өлшемдері өзгермеді; в) мұзды құрайтын молекулалардың өлшемдері азайды; г) мұзды құрайтын молекулалардың орналасуы өзгерді; д) дұрыс жауап жоқ.
3.Ішінде картофель қайнап жатқан суы бар кастрюльге бір қасық тұз салады.Төмендегі жауаптар ішінен дұрысын таңда.
а) тұз картофель ішіне тек су қайнаған кезде ғана енеді;б) судың температурасы төмен болса, тұз тез сіңеді; в) тұз картофель ішіне диффузия нәтижесінде енеді;
г) судың және тұздың молекулаларының өлшемдері өзгереді; д) дұрыс жауап жоқ.
4. Қатты күйдегі заттың молекулаларының (немесе атомдарының) қандай қозғалысы жылулық деп аталады?
а) әртүрлі жылдамдықтағы молекулалар (немесе атомдардың) барлық бағыттағы ретсіз қозғалысы;б) бірдей температурада бірдей жылдамдықпен барлық бағыттағы молекулалар (немесе атомдардың) ретсіз қозғалысы;в) белгілі бір тепе-теңдік маңайындағы бөлшектердің тербелмелі қозғалысы;г) қатты күйде заттың молекулалары (немесе атомдары жылулық қозғалыста болмайды; д) дұрыс жауап жоқ.
5. Темір білеушенің температурасы 41ºС, ал ағаш білеушенің температурасы 285К.
Қай білеушенің температурасы жоғары?
а) ағаш; б) темір; в) білеушелердің температуралары бірдей; г) білеушелердің температураларын салыстыруға болмайды, себебі олар әртүрлі бірлікте өрнектелген;
д) дұрыс жауап жоқ.
6. Дененің ішкі энергиясы неге тәуелді?
а) дененің ішкі энергиясы тәуелсіз шама; б) дененің ілгерілемелі қозғалысының жылдамдығына; в) денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясына; г) денені құрайтын бөлшектердің өзара әсерлесу энергиясына; д) бөлшектердің ретсіз қозғалысының энергиясы мен өзара әсерлесу энергиясына .
7.100 ºC ретінде қандай температура алынған?
а) мұздың температурасы; б) қалыпты атмосфералық қысымдағы мұздың еру температурасы; в) қайнап жатқан судың температурасы; г) қалыпты атмосфералық қысымдағы судың қайнау температурасы; д) тұз араласқан мұздың еру температурасы.
8.Спиртті термометрдің жұмыс істеуі қандай физикалық құбылысқа негізделген?
а) қыздыру кезінде сұйықтың булануы; б) қыздыру кезінде сұйықтың ұлғаюы; в) қыздыру кезінде қатты дененің балқуы; г) қыздыру кезінде сәуле шығару; д) қыздырған кездегі сұйықтағы конвекция .
9. Бірдей пішіндегі мыстан, ағаштан және шыныдан жасалған стакандарға толтыра ыстық су құйылды.Қай стакан тез қызады?
а) ағаш; б) мыс; в) шыны; г) үшеуі де бірдей; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
10. Бөлмедегі ауа орталық жылу жүйесінің радиаторы арқылы қалай жылынады?
а) радиатордан жылу бөлінеді де, бөлмеге түгел таралады; б) бөлменің жылынуы тек жылу өткізгіштік арқылы жүзеге асады; в) бөлменің жылынуы тек конвекция арқылы жүзеге асады; г) энергия батареядан жылу өткізгіштік арқылы бөлмедегі ауаға беріліп, содан кейін конвекция арқылы бөлмеге таралады; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет