Физикалық шамалар мен өлшеулер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары
7.1.2.1 Физикалық шамаларды олардың ХБЖ-дегі өлшем бірліктерімен сәйкестендіру.
7.1.2.3 Үлкен және кіші сандарды жазған кезде еселік және үлестік қосымшаларды білу және қолдану: микро (μ), милли (m), санти (c), деци (d), кило (k) және мега (M).
7.1.3.1 Аспаптардың қателіктерін есепке ала отырып, дененің ұзындығын, көлемін өлшеу.
Ойлау дағдыларының
Деңгейлері
Білу және түсіну
Қолдану
Бағалау критерийі
• Физикалық шамалардың өлшем бірліктерін ХБЖ-де жазады.
• Үлкен және кіші сандарды жазғанда үлестік және еселік қосымшаларды қолданады.
• Аспаптардың қателіктерін есепке ала отырып, дененің көлемін және ауданын анықтайды
Орындау уақыты
20минут
Тапсырма 1
1. Бес сөздің қайсысы физикалық денені білдіреді?
А) дыбыс Б) машина В) метр Г) қайнау Д) жылдамдық
2.Бес сөздің қайсысы физикалық шаманы білдіреді?
А) жылдамдық Б) алюминий В) килограмм Г) сағат Д) жер
Тапсырма 2
Физикалық шамалардың өлшем бірліктерін ХБЖ-не келтіріп, сәйкестігін
көрсетіңіз.
2,5 сағ= 3,5 тәул=
100г= 100 =
Тапсырма 3
Төменде көрсетілген суреттегі қай мензурка арқылы сұйықтың көлемін дәл анықтауға болады? Неліктен? Аспаптың қателігін ескере отырып сұйықтың көлемін анықтаңдар.
Тапсырма 4
Сандарды стандарт түрде жаз
0,0035=
53700=
458700 =
0,00043=
Тапсырма5
Бөлменің ұзындығы 5,1·102 см, ені 3,2· 102см, биіктігі 25·102см. Бөлменің көлемін есепте