Географиялық карта



Дата01.03.2023
өлшемі19,62 Kb.
#170652
Байланысты:
КАРТОГРАФИЯ ЭССЕ


Географиялық карта — Жер бетінің кішірейтіліп, жинақы түрде жазықтықта шартты белгілермен бейнеленуі. Бұлайша көрсетілген географиялық карта Жердің географилялық қабығындағы табиғат және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың арасындағы әр түрлі жағдайдағы байланыстардың бір-бірімен ұштасуы мен олардың қандай мақсатқа арналатыны ескеріліп, осы тұрғыдан іріктелініп алынғанын көрсетеді. Географиялық карта Жердің геогр. қабығының кеңістіктегі ерекше модельдік бейнесі ретінде көруге болады.
Картаны аумақты қамтуына қарай:

    • дүниежүзілік,

    • құрлықтық,

    • жеке елдер карталары, т.б.

  • Мазмұнына қарай:

    • жалпы географиялық

    • тақырыптық

    • техникалық

    • құжат, т.б.

  • Масштабына қарай:

    • ірі масштабы — 1:200 000 және одан ірі,

    • орта масштабты — 1:200 000-нан 1:1 000 000-ға дейін

    • кіші масштабы — 1:1 000 000-нан кіші, т.б. белгілеріне қарай бөледі.

Географиялық Картаны жасаудың ерекше матем. заңы болады. Оны картографиялық проекция деп атайды. Картаның көмегімен жер бетіндегі объектілердің орны, пландағы мөлшері және пішіні туралы дәл деректер алуға болады. Картогр. белгілерді картаның ерекше тілі ретінде пайдаланады. Географиялық Картада көрсетілген құбылыстарды іріктеудің және қорытындылаудың, яғни картогр. генерализациялаудың зор маңызы қойылады.


Картада меридиандардың шетіне - бойлық, параллельдердің шетіне ендік жазылып қойылады. Жарты шарлар картасында бойлық меридиандардың экватормен қиылысқан жерінде жазылады. Глобустың жəне карталардың өн бойында меридиандар мен параллельдер тұрақты түрде белгілі бір градус сайын жүргізіледі. Сондықтан меридиандар мен параллель сызықтарының қиылысуынан пайда болған тор «градус торы» деп аталады.
Географиялық картаның құндылығы – олардың толықтығына, дәлділігінде, пайдаланылған деректердің жаңалығында, сонымен қатар географиялық карта жасаудың негізіне алынған ғылыми принциптер мен идеяларда. Ал бұл принциптер мен идеялар жаңа не ескі, дұрыс не бұрыс болуы мүмкін.
Географиялық карта планетамыздың және оның жеке бөліктері – құрлықтар мен мұхиттар олардың географиялық жағдайы, табиғат байлықтары, халқы, экономикасы, мәденитеі және тарихи дамуы туралы жаңа деректерді алуда, таратуда, сақтауда аса бағалы құрал болып табылады.
Картографиялық проекция (картографиялық кескін) – Жер эллипсоидының (шардың) немесе планетаның бетін математикалық тәсілдер арқылы жазықтықта бейнелеу.
Географиялық объектілерді жазықтыққа көшіру үшін пайдаланылатын көмекші геометриялық беттердің түріне және картографиялық тордың ерекшелігіне қарай проекциялар: цилиндрлікконустық және азиммуттық деп бөлінеді.
Азимуттық проекцияда параллельдер тұйық шеңбер жасап, ал меридиандар бір нүктеден жан-жаққа бойлық бұрыштарының көрсеткішіне сәйкес бөлінген түзу сызықтар түрінде таралады. Азимуттық проекциялар жекелеген материктер мен полюстік аймақтардың картасын жасауда кенінен қолданылады.
Цилиндрлік проекцияда параллельдер мен меридиандар көп жағзайда бір- біріне тікбұрыш жасап орналасады. Цилиндрлік проекциялар дүниежүзілік карталардың барлық түрін жасауда кеңінен пайдаланылады.
Конустық проекциялар қоңыржай ендіктерде орнасқан аумақтар үшін өте қолайлы, бұрмалану аз байқалады. Сондықтан РФ, ҚР және ТМД елдерінің карталары көбінесе осы проекциялар негізінде жасалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет