Ги дот 22-1к студенті Исакаев М. А. Оңтүстік Американың гидроклиматтық жағдайы. Климаты



Дата14.10.2023
өлшемі13,1 Kb.
#185466
Байланысты:
Он Америка


ГИ ДОТ 22-1к студенті Исакаев М.А.
Оңтүстік Американың гидроклиматтық жағдайы.
Климаты
Оңтүстік Америка дүние жүзіндегі ең ылғалды құрлық, әрі жерінің басым бөлігі төменгі ендіктерде орналасқандықтан күн сәулесін де мол алады. Оңтүстік Америка 6 климаттық белдеу деңгейінде орналасқан. Климаттағы өзгерістер әсіресе жауын-шашынның маусымдылығына тікелей тәуелді. Сол себепті құрлық үстінде қысым жыл бойы көршілес мұхит айдындарынан төмен болады да, ауа массалары оның ішінде экваторлық және муссонды-пассаттық циркуляция басым түрде құрлыққа қарай бағытталған. Оңтүстік Американың орографиялық ерекшелігі, яғни батыстағы Анд тау жүйесі құрлықта меридиан бағытында ауа қозғалысының қалыптасуына әсер етеді. Атлант мұхитына қарай жазық жер бедері басым болғандықтан мұхиттың климатқа әсер ету дәрежесі күшейеді. Қаңтар айында құрлықтың басым бөлігі қатты қызады. Ең қатты ыситын жер – Гран-Чако жазығы, ондағы абстракциялық максимум температура 49°С. Суық Перу ағысы шайып өтетін құрлықтың батыс жағалаулық бөлігі шығыспен салыстырғанда әлдеқайда салқын әрі құрғақ болады, бұл Атакама шөлінің қалыптасуына себепші болды. Жауын-шашынның мөлшері мен оның таралуы құрлық бойынша біркелкі емес. Ылғалдың ең көп түсетін жері Колумбияның батысы мен Чилидің оңтүстігі (5000 – 8000 мм), Амазонияның батысы мен оған жалғас жатқан Анд етегі, Гвиана таулы үстіртінің батысы, Бразилия таулы үстіртінің шығыс беткейінде 2000 – 3000 мм және одан да мол, ал құрлықтың қалған бөліктері 1000 – 2000 мм-ге дейін ылғал алады.
Ішкі сулары
Оңтүстік Америка-көптеген өзендермен су жолдарының отаны, өйткені Оңтүстік Америка дүние жүзіндегі ең суы мол құрлық, басқа құрлықтармен салыстырғанда онда екі есе артық жауын-шашын түседі. Жер бетіндегі құрлықтың 12%-ын құрайтын оның аумағына дүние жүзіндегі өзендер ағынының 27%-ы тиесілі. Құрлық пішіні, оның климаттық жағдайы мен орографиялық құрылымы, жер бедері ірі өзен жүйелерінің қалыптасуына мүмкіндік береді. Ірі өзендердің көпшілігі Атлант мұхитына құяды. Дүние жүзіндегі суы ең мол өзен – Амазонка осы Оңтүстік Америкада орналасқан. Мұндағы өзендердің гидроэнергетикалық әлуеті өте жоғары. "Амазон өзенінің тармақтары" деген жалпы атауымен белгілі бұл су көздеріне Аргентине өзендері,Боливия өзендері,Бразилия өзендері,Чили өзендері,Колумбия өзендері,Эквадор өзендері,Флокленд аралдары өзендері,Француз Гвинеясы өзендері,Гайана өзендері,Парагвай өзендері,Перу өзендері,Суринам өзендері,Уругвай өзендері және Венесуэлла өзендері жатады. Төрт маңызды суландыру жүйесі-Амазон,Рио де ла Плата( Парагвай,Парана және Уругвай өзендері),Ориноко және Сан-Франциско құрлықтың төрттен үш бөлігін алып жатыр.
Оңтүстік Америкадағы Амазон өзені-(Рио Амозонас) әлемдегі ең ұзын екі өзеннің бірі.Екіншісі -Африкадағы Ніл өзені.Амазон өзенінің су қоры деңгейі Миссисипи, Ніл және Янцзы өзендерінің су қорын қосқаннан да асып түседі.Амазон суымен суландырылатын жер аумағы да басқа өзен жүйелерімен суландырылатын аймақтардан әлде қайда үлкен. Рио де да плата-негізінде өзен емес,Парана мен Уругвай өзендерінің қосылған жерінде пайда болған саға. [3] О. А. жеріндегі көл қазаншұңқырлары қалыптасу жолына қарай тектоникалық, мұздық, жанартаулық және лагуналық болып бөлінеді. Маракайбо, Титикака тектоникалық көлдерге, Буэнос-Айрес, Аргентина, Сан-Мартин мұздық көлдерге, Патус, Лагоа-Мирин лагуналық көлдерге жатады. Жалпы атпен “саларес” деп аталатын батпақты көлдерге Уюни, Салинас-Грандес жатса, Поопо қалдық көлге жатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет