Гимназия Модератор: Джумартова Ж. М



Дата31.12.2019
өлшемі308 Kb.
#54584
Гимназия

Модератор:Джумартова Ж.М.

Армысыздар, құрметті ата-аналар! Армысыздар, әріптестер!

«Өзін-өзі тану» адамға өзін-өзі анықтауға, жақсы қасиеттерін ашуға, өзіне адалдыққа, өзінің абыройын сақтай отырып үнемі Адам, осы сөздің толық мағынасында, болып қалуға көмектеседі. Негізінде, адамзаттың барлық тарихы өзіндік адамгершілікті үнемі және үздіксіз жетілдіру процесі».

Сара Алпысқызы Назарбаева

Қазақстан Республикасы Президенті  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жолдауында «Біз әрбір адамның ар-намысын, жағымды қасиеттері мен беделін, жоғары адамгершілік, этикалық стандарттары және рухани құндылықтарын бағалайтын қоғам құруымыз керек» деп атап көрсетті.


Осы талаппен «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының, өскелең ұрпаққа адамгершілік-рухани білім беру және тәрбиелеу басымдылығының мәнін күшейтуге бағытталған, жалпы мақсаттары ұштасады.


Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2001 жылғы 12 шілдедегі №566 бұйрығымен бекітілген «Өзін-өзі тану» курсы  жобасын әзірлеу және апробациялау бойынша эксперимент табысты іске асырылуда.
Жеті жылдық эксперименттік апробациядан кейін «Өзін-өзі тану» бағдарламасы республиканың барлық өңірлерінде педагогикалық және ата-аналар жұршылығының белсенді қолдауына ие болды.

Өскелең ұрпаққа адамгершілік-рухани білім беру және тәрбиелеу қазақстандық қоғамда жалпыадамдық, жалпыұлттық, этномәдениеттік жеке тұлғалық құндылықтарын үйлесімді бірігуінің бағдарланған, олар адамға қоғамға қызмет етуде өзін толық пайдалану, өзінің мәнін және өмірдегі тағдырын білуге мүмкіндік береді.


Өзін-өзі тану, білім мағынасының құндылығын күшейтуге отырып, жеке тұлғаның риясыз сүю, өзіне және өз күшіне  сену, жақсылық жасау, көп білу және өзін-өзі жетілдіру, дене, психологиялық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық дамуда үйлесімділікке жету қабілетін ашады және дамытады.

Каждый из нас рано или поздно задумывается о том, зачем мы появились на свет, как строить свою жизнь и взаимоотношения с окружающим миром, чтобы каждый новый день дарил радость и счастье Бытия. Потребность человека в самопознании, самосовершенствовании — из разряда вечных истин, и это вполне объяснимо. Ведь внутренний мир каждого из нас — бесконечная Вселенная. Но многие, увы, живут, так и не заглянув в ее потаенные уголки. Иногда желание познать себя приходит к нам слишком поздно, когда уже трудно что-либо исправить, встать на путь Истины, и остается только сожалеть о бесполезно прожитых годах. Нередко повседневная суета, забота о материальных благах затмевают духовные потребности, и обделенными в таких семьях остаются дети. Да и в современных школах и вузах внутренний мир человека, его высшее Я остается порой за рамками сложных программ. Человек же, не имеющий нравственного, духовного стержня, быстро ломается, теряет волю, жизненные ориентиры, становится игрушкой в руках судьбы или жертвой преступного мира. И все это не может не волновать людей неравнодушных, богатых душою, чувствующих ответственность за все, что происходит вокруг.

В Послании народу Казахстана Президент Нурсултан Назарбаев сказал: «Мы должны построить общество, где ценятся честь, достоинство и репутация каждого, где присутствует высокая мораль, этические стандарты и духовные ценности».

Практическим решением этой задачи стала реализация проекта нравственно-духовного образования «Самопознание», автором которого является первая леди Сара Алпыскызы. Это уникальная, уже апробированная в ходе эксперимента в детских садах, школах и вузах республики модель личностно-ориентированного, развивающего обучения, которая возвращает нас к духовным истокам, гуманности, человечности. На уроках самопознания дети приобщаются к истинным ценностям и нравственным идеалам человечества, у них появляется уверенность в себе, стремление делать добро.

Проект «Самопознание» получил широкую поддержку учителей, воспитателей, преподавателей вузов, педагогической общественности страны. Потому что это педагогика творческого сотрудничества учителя и ученика, основанная на равенстве, взаимопонимании и взаимоуважении, на доверительных отношениях взрослого и ребенка. Автор проекта Сара Алпыскызы считает, что главная цель курса «Самопознание» в том, чтобы помочь молодому человеку найти себя, раскрыть лучшие свои качества, не изменять себе, сохранять свое достоинство и всегда оставаться человеком в полном смысле этого слова.

Сонымен, өзін-өзі тану әлеміне қош келіпсіздер!

1.Кіріспе презентация (екі тілде)


  • 1-слайд. Любовь родителей безгранична... Ата-ананың махаббаты шексіз...

  • 2-слайд. Ата-ана махаббаты әрқашан шынайы... Любовь родителей всегда искренна...

  • 3-слайд. Любовь-это светлая улыбка Ваших Благодарных детей... Бала махаббаты деген-сіздердің баларыңыздың ақ алғыстары, күміс күлкілері...

  • 4-слайд. Ата-ана әрқашан “ұстамды”.., “сабырлы”.., “салиқалы”..., “кешірімді”.., “жан-жақты” болуы тиіс, АТА-АНАНЫҢ МАХАББАТЫ шексіз екенін ұмытпайық! Родители должны уметь “ждать”..,
    “терпеть”.., “учить” “прощать”.., “ценить”..., ”воспитывать”, “познать”
    и “ЛЮБИТЬ”!


  • 5-слайд. Ойланыңыз!
    Сіздің бойыңызда осы асыл қасиеттер бар ма?
    Подумайте...
    Есть ли У Вас, все эти качества?


2. Сонымен, кріспе презентацияда айтылғандай, сіздердің бойларыңызда адамгершіліктің құнды қасиеттері бар ма? Рухани құндылықтарға қаншалықты бай екенімізді бүгінгі пікірталас сағатында білетін боламыз.

Сіздерді бүгінгі конференцияның буклетімен таныстырып өтсек:



  1. Модуль. Өзін-өзі тану деген не?

  2. Модуль. Тренингтер.

Буклетте көрсетілгендей, енді «Өзін-өзі тану» туралы сөз қозғайық. С.А. Назарбаева айтқандай: Өзін-өзі тану –рухани өркендеудің түп тамыры және адамгершілік құндылықтардың негізі. Өзін-өзі тану пәні «Бөбек» ұлттық қорының басшысы Сара Алпысқызы Назарбаеваның авторлық туындысы. “Бөбек” Ұлттық қоры 1997 жылы құрылған. Авторы: Сара Алпысовна Назарбаева. Жетекшісі:Тілек Уәлиевич Қарымсақов. Жалпы орта білім беретін мектептерге арналған өзін-өзі тану бойынша бағдарламалар жинағы жарық көрді.(Алматы, «Бөбек» ҰҒПББСО, Адамның үйлесімді дамуы институты, 2010 ж.) Өзін-өзі тану пәні С.А.Назарбаеваның авторлығымен рухани-адамгершілік тәрбие жобасы аясында жас ұрпақтың бойында жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастырып, ұлттық бай мұраларымызды игеруге бағытталып жеке тұлғаның үйлесімді дамуына жағдай жасауды көздеген. 2010 жылғы 18 ақпандағы

Жалпы білім беру ұйымдарындағы 1-11-сыныптарға арналған «Өзін-өзі тану»пәнінің типтік оқу бағдарламаларын бекіту туралы № 71 бұйрық шықты. 2010-2011 оқу жылы өзін-өзі тану пәнін енгізу жылы. Өзін-өзі тану – оқушыны ізгілікке, адамгершілік құндылықтарға, жас ұрпақты сапалы білім алуға бағдарлайтын пән.

Оқушылар нені үйренеді?

  • Қарым-қатынас психологиясын

  • Әдеп әліппесін

  • Әдет-қылықтар пәлсәпасын

  • Адам болмысын тануды

  • Дидактикалық ойындарды

  • Топтық жаттығуларды

1.Бастауыш мектептерге арналған өзін-өзі тану бойынша бағдарлама авторлары: М.Ж. Жадрина, А.С. Сейтақов, Ғ.З. Байжасарова, Р.О. Ізғұттынова, Ұ.М. Әбдіғапбарова, Ж.Ж. Әкімбаева.

2. Негізге орта мектепке арналған өзін-өзі тану бойынша бағарлама авторлары: М.Ж. Жадрина, Ғ.З. Байжасарова, Б.А. Әрінова, Ж.Ж. Әкімбаева, Ж.Б. Қажығалиева, Р.О. Ізғұттынова, А.С. Сейтақов, Ұ.М. Әбдіғапбарова.

3. Мектептің жоғары сатысына арналған өзін-өзі тану бойынша бағдарлама авторлары: М.Ж. Жадрина, Ғ.З.Байжасарова, Ж.Б. Қажығалиева, Б.А. Әрінова, Р.О. Ізғұттынова, Ж.Ж. Әкімбаева, А.С. Сейтақов.

«Өзін-өзі тану» пәнінің басты мақсаты:

Әрбір оқушының өзінің жан дүниесін сезінуіне және өзінің дербестігін түсінуіне ықпал ету арқылы жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуына өмірлік-маңызы бар түйінді құзіреттерді мақсатты түрде дамыту.

1.Білім берудің бастапқы сатысы (1-4-сыныптар). Өзін-өзі тану пәнінің базалық білім беру мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, 1-4 сыныптарда төрт негізгі бөлімді қамтиды:



  • Өзін-өзі тану бақыты

  • Адами қарым-қатынасқа үйренейік

  • Адам болам десеңіз...

  • Әсемдік әлемінде.

I «Радость познания»;

II «Учимся общению»;

III « Быть человеком»;

IV «Как прекрасен этот мир!».

  • Кіші жастағы оқушылардың рухани-адамгершілік білімінің тиімділігі көбінесе мұғалім мен отбасының ынтымақтастығына байланысты болады. Мұғалімнің қандай адамгершілік ережелерді ұсынып отырғанын, балалардың мінез-құлықтарына қандай талаптар қойылатынын, адамгершілік категориясы бойынша олардың әрекеттері қалай бағаланатынын, сынып ұжымындағы қоғамдық пікір қандай екенін ата-аналардың білуі шарт.

  1. Мектептің негізгі сатысында (5-9-сыныптар) оқушылардың өзіндік қабілеттерін, адамгершілік қасиеттерін анықтауына және дамытуына, өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктеріне ықпал ету осы кезеңнің негізгі идеясы болып табылады.

Бұл тараулардың мазмұнында оқушылардың өзін-өзі тануы тек жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыту арқылы ғана емес, сонымен бірге олардың сезімдерін дамыту, құндылықтық қасиеттерді дарыту, жағымды қарым-қатынасқа тәрбиелеу арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеруі және тұлғалық қалыптасуы қамтылады.

  • 1.Таным қуанышы

  • 2.Қарым-қатынас жарастығы

  • 3.Адам болам десеңіз...

  • 4.Әсемдік әлемінде

  • 5.Қарым-қатынас мәдениеті

  • 6. Таным жолында

  • 7. Адам мен әлем тұтастығы

  • 8. Жасампаздық жарасымы.

  • 9. Адам және қоғам

  • 10. Әлем және адам

  • 11. Адамзаттың рухани тағылымы

  • 12. Адам мен әлем тұтастығы

3. Мектептің жоғары сатысы (10-11 - сыныптар) бағдарлама жалпы орта білім беретін мектептің 10-11 -сыныптарында міндетті түрде меңгертілетін «Өзін-өзі тану» пәні бойынша берілетін білім мазмұнын анықтайды. Ол өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаттарына жетудің құралы болып табылады және жалпы орта білім беретін жүйенің сегізінші (қорытынды) деңгейінде оқушылардың оқу жетістіктері бойынша күтілетін нәтижелермен сәйкес келеді.

Мектептің жоғары сатысындағы 10-11 сыныптардың базалық мазмұнында негізгі төрт тарауды қамтиды:

  • 1.Таным тағылымдары.

  • 2.Адам болам десеңіз...

  • 3.Жарасымды өмір салтанаты.

  • 4.Кең дүние келбеті.

Мектеп бітіруші бозбалалар мен бойжеткендер өзінің алдағы өмірін таңдап, жауапкершілік, дербестік, мақсатқа талпынушылық сияқты құндылық бағдарға ерекше мән берілетін үлкендер қауымына белсенді түрде әлеуметтену үдерісіне түседі. Жастардың өмірдің қандай кезеңдерінде болмасын белсенді әрекет етіп, оң шешім қабылдай білуге даяр болуы мен табысқа жетудің шешуші шарты жоғарғы адамгершілік құндылықтарды негізге алуында болып табылады.

Оқушыға «сынақ/сынақ емес» деген баға қойыларда оның «Өзін-өзі тану» пәні бойынша шығармашылық-жобалау жұмыстарын көрсететін портфолиосы назарға алынады. Портфолио сапасын сараптауда оқушының ұжымдық және топтық шығармашылық жұмыстарға қатысу белсенділігіне, сонымен қатар өзінің жеке шығармашылық іс-әрекетінде қойылған мәселені терең түсінуіне, оның мақсаты мен мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтар басымдылығына бағдарлануына, сабақ барысында адамға және қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік негізінде қойылған мәселелерді шешудің жолдарын іздеуіне назар аударылады.Оқушыға тек “сынақ”қойылады.

В нравственно-духовном образовании важна не количественная, а качественная оценка учебных достижений учащихся. Для оценивания учебных достижений учащихся по самопознанию:

- создается «портфолио» ученика, где накапливаются его текущие достижения;

- отслеживаются промежуточные, итоговыерезультаты обучения и выставляется оценка «зачет».

Биылғы оқу жылында қала мектептерінде тамаша өзін-өзі тану кабинеттері, тамаша оқу базалары жабыдықталып отыр.

Өзін-өзі тану пәнінің өзіндік қайталанбас әдіс-тәсілдері бар. Осы әдіс-тәсілдер арқылы ұстаз баланың бойына бар ізгі қасиеттерді құяды, өзіндік «Менің» қалыптастыруға жол ашады.



Тренингтер.

    1. Шаттық шеңбері. Ортаға шығып, дөңгеленіп тұрып шаттық шеңберін құрайық. Өзімізді таныстырып, шаттық шеңберін құрайық. Бір-бірімізге тек жақсы тілектер айталық.

    2. Армандайық. Көзімізді жұмып өзімізді отбасында, ошақ қасында, аяулы да, аялы балаларымыздың қасындамыз деп елестетейік. Сәл ойланайықшы, осы бізге баламызды кей кезде түсінуге не жетпей жатады? Әрине, ТӨЗІМ, ШЫДАМДЫЛЫҚ, УАҚЫТ, МЕЙІРІМ, ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ. Енді аялы алақанымызды күн анаға созып, жылытайық. Енді сол жылумен жүрегімізді нұрландырайық. Енді жүрек жылуымен бөлісейік. Бір-бірімздің алақанымызды қысып, жүрек жылуын сыйлайық.

3.Әңгімелесейік. Ал енді түс таңдайық. Сол түстерді таңдау арқылы топтарға бөлініп отырайық.

Қызыл түс-сенімділік, ұшқырлық, өжеттілік.

Көк түс-жарқындық, дархандық.

Сары түс-сабырлылық, ұстамдылық.

1.Ата-ана махаббаты деген не?

2.Балаңызға сезіміңізді қалай білдіресіз?

3. Отанға деген махаббат отбасынан басталады. Осы пікірмен келісесіз бе?

4.Баланы жазалауға бола ма?

5. Неліктен? Қалай?

6. Қатыгездік, айуандық, зұлымдық дегенді қалай түсінеміз?

4.Видео-фильм «Өмір сүргім келеді»

Ресейдің Беслан қаласында болған қанды оқиға осы адами-зұлымдықтың нәтижесі екенін ұмытпайық. Сара Алпысқызы Назарбаева мен Елбасымыз Н. Ә.Назарбаевтың бастамасымен Бесланда мектеп салынып, осы мектеп қалпына келтірілген болатын.Сол Бесландағы оқиғадан аман қалаған балалр, қазір ержетіп отыр. Елбасымызға, қазақ халқына деген ақ алғыстарын мына журнал беттерінен оқуға болады. Сара Алпысқызы өзінің еңбегі үшін «Алтын жүрек» медалімен марапатталды.

В октябре 2003 года Президиум Всемирного комитета по присуждению Золотой медали имени Чингиза Айтматова принял решение о награждении первой леди Казахстана, президента фонда «Бобек» Сары Алпыскызы этим знаком отличия «за великий вклад в философию самопознания и культуры чтения». Международную награду вручал сам народный писатель Кыргызстана Чингиз Айтматов. 23 представителя мировой интеллектуальной элиты, 11 из которых лауреаты Нобелевской премии, являются учредителями этого комитета. Лауреатами Золотой медали имени Чингиза Айтматова уже стали 12 выдающихся современников, в числе которых генеральный директор ЮНЕСКО Федерико Майор, академик Дмитрий Лихачев, Папа Римский Иоанн Павел второй, финансист и общественный деятель Джордж Сорос, генеральный секретарь ООН Кофи Аннан, писатель Морис Дрюон и другие. Сара Алпыскызы стала первой женщиной — лауреатом этой престижной в мире награды.



Тренинг “Отбасы қалқаны”

  • Өзіңізді неге, кімге теңейсіз?

  • Сіздің өмірлік ұстанымыңыз?

  • Сіздің сүйікті ісіңіз?

  • Сіздердің ақ армандарыңыз?

Жауаптарын сурет түрінде береді. Оны мына мәуелі ағашқа іледі.

Видео фильм «Өзін-өзі тану әлемі және ата-аналар»

Тренинг «Жүректен жүрекке» шеңбер құрып тұрып, бір-біріне ақ тілектер айту.

Рахмет.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет