ГЛОССАРИЙ:ЗӘР ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІ
Адамның Зәр шығару жүйесі зәрді өндіретін бүйректен, зәрді шығаратын бүйрек
тостағаншалары мен бүйрек астауларынан, несеп (зәр) ағардан, қуықтан, несеп түтігінен
тұрады.
Бүйрек
экскреторлық орган
ретінде организмнен []
азоттық зат алмасу
өнімдерін
–
мочевинаны
,
креатинді
, мочевина қышқылын, артық тұздар мен суларды, т.б. бөтен
заттарды шығарады. Бүйректің басты қызметі – организмдегі су-электролиттік алмасуды
реттеу.
Несеп ағар
– трубка тәрізді орган, оның бас жағының диам. 2 – 4 мм, ұзындығы 30 см-дей.
Несеп ағар төмен қарай, кіші жамбасқа түсіп, одан әрі қуыққа кірігеді. Бұл тұста несеп ағар
жақсы дамыған бұлшық ет талшықтарымен (сфинктер) қапталған.
Қуық
– дөңгелек пішінді қуысты орган, сыйымд. 400 мл,
кіші жамбаста
орналасқан. Оның
түбі, денесі және төбесі болады. Қуықтың қабырғалары жақсы дамыған
бұлшық
ет
қабатынан тұрады.
Зәр шығарушы канал – несеп түтігі арқылы қуықтағы зәр сыртқа шығарылады.
[1]
Ер
адамдардың несеп түтігінің тағы бір қызметі – шәуҺетті шығару және
жыныстық
қозу
кезінде үрпінің алдыңғы бөлімінің бездерінен арнайы сөл бөлу. Дені сау адам
тәулігіне 4 – 6 рет дәрет сындырады (шамамен 1,5 л-дей). Зәр шығару жүйесінің көп
таралған аурулары:
нефрит
,
пиелонефрит
(бүйректің қабынуы),
цистит
(қуықтың
қабынуы),
уретрит
(несеп түтігінің қабынуы), т.б. Ер адамдарда, көбінесе, несеп түтігінің
қабынуы, әйелдерде қуық пен бүйрек қабынуы жиі кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |