Гүлзардың ауданы



Дата28.02.2023
өлшемі126,05 Kb.
#170483
Байланысты:
1513916914 (копия)


  1. Гүлзардың ауданы

Мектеп ауласына тік бұрышты үшбұрыш тәріздес гүл егетін гүлзардың орны дайындалды. Гүлзардың периметрі 48 см, ал үлкен қабырғасының (гипотенузасы) 20 см-ге тең.
Сұрақ 1: Гүлзардың ауданы
Суретті пайдаланып, үшбұрышты гүлзардың кіші қабырғаларын (катеттерін) табыңыз.
Үшбұрыштың катеттері: 12 см, 16 см.
Тапсырма құрылымы: еркін жауаптармен құрылымдалған
Құзыреттілік: елестету
Аймағы: сандар:
Жағдаят: оқыту
Деңгейі: 2
Сұрақ 2: Гүлзардың ауданы
Үшбұрышты гүлзардың катеттері арқылы үшбұрыштың ауданын есептеңіздер.
Үшбұрыштың ауданы 96 см2
Тапсырма құрылымы: еркін жауаптармен құрылымдалған
Құзыреттілік: Байланыс орнату
Аймағы: сандар:
Жағдаят: оқыту
Деңгейі: 2
S= 96 (см2) Жауабы: 96 см2
Жауабы: 12 см, 16 см

  1. Балабақшаның ойын бөлмесінің еденіне толық паркет төсеу үшін неше

Үшбұрыш паркет қажет?










































































Жауап: Паркет саны: _____дана (штук)
Құзыреттілік: талдау
Аймағы: сандар:
Жағдаят: жеке
Деңгейі: 2

  1. Балабақша едені

Қалада балабақша салынып жатыр. Салынып жатқан балабақшаның ойын бөлмесінің еденіне паркет төсеу керек.
Паркет плитканың түрі: тікбұрышты үшбұрыш
Сұрақ №1: Балабақша едені.
Ойын бөлмесінің ауданын тап.
Бөлме өлшемі: 5,75 х 8 м.
Құзыреттілігі: байланыс орнату
Аймағы: сандар:
Жағдаят: жеке
Деңгейі: 1
Жауап: 5,75•8=46м²

  1. Пароход өзен ағысымен 3 сағатта жүріп өткен жолын қайтар жолында 5 сағатта жүріп өткен. Өзен ағысының жылдамдығы 5 км/сағ. Пароходтың тынық судағы жыдамдығын табыңыз. 

1- тәсіл:




Жылдамдық

Уақыт

Жол

Өзен ағысымен




3 сағ

(х+5)3

Ағысқа қарсы




5 сағ

(х-5)5

Тынық суда

Х км/сағ







Өзен ағысы

5 км/сағ







Арықарай теңдеу құрып есептеулер жүргізу арқылы шығарамыз
2 - тәсіл:
Қозғалыс есептерінде мына жағдайларды есте ұстаған жөн:
-Егер катер өзен ағысымен жүзсе, онда катердің жылдамдығына ағыстың жылдамдығы қосылады: v1+v2
-Егер катер ағысқа қарсы жүзсе, онда катердің жылдамдығынан ағыстың жылдамдығы азайтылып тасталынады: v1-v2
-Егер катер тынық суда жүзсе, өз жылдамдығы ғана алынады: v1


  1. Алма сатып алу

Мамасы балаларына алма сатып алды. Оның екеуін өзіне алды, ал қалғанын үш баласына былай бөліп берді: үлкен баласына - барлық алманың жартысын және жарты алма, ортаншы баласына – қалған алманың жартысын және тағы жарты алма, кіші баласына – жаңа қалған алманың жартысын және алманың жартысын бөліп берді.



Ескерту: Бірақ ешқандай алма бөлінген жоқ.

Сұрақ 1: Алма сатып алу


Мамасы қанша алма сатып алды?
Құзіреттілігі: елестету
Математикалық аймағы: кеңістік және форма
Деңгейі: орташа
Жағдаят: жеке
Шешу жолы : Барлық алма – х, өзіне 2 алма алды.
қалғаны: (х – 2)
Үлкен баласы: (х-2)/2+1/2
Ортаншы баласы: (1/2( х/2 – 3/2) +1/2)
Кіші баласы: ( ½(х/4 – 5/4)+ 1/2)
Осы балалардың алмаларын қосып, (х -2) –ге теңестіргенде 9 шығады.
Сұрақ 2: Алма сатып алу
Балалары қанша алмадан алды?
Құзіреттілігі: байланыс орнату
Математикалық аймағы: кеңістік және форма
Деңгейі: орташа
Жағдаят: өмірмен байланысты
Шешу жолы :
Үлкен баласы: (х-2)/2+1/2
Ортаншы баласы: (1/2( х/2 – 3/2) +1/2)
Кіші баласы: ( ½(х/4 – 5/4)+ 1/2)
Х –тің орнына 9санын қойғанда үлкен баласы -4, ортаншы баласы -2, кіші баласы -1 алмадан алады.



  1. Үшбұрыш

Айнұр мен Гүлнұр тең қабырғалы үшбұрыш тәрізді гүл алаңына гүл екпекші болды. Гүл аланының қабырғасы 7 м. Әр шаршы метрге 9 тал гүл егу керек. Барлығы неше гүл көшетіне тапсырыс бере аламыз?

7 7
7


_________________________________________________________________
Ескерту: түбір астынан шығатын санды бүтінге дейін дөңгелектеу керек.
Сұрақ 1: Үшбұрыш
Барлығы неше гүл көшетіне тапсырыс бере аламыз?
Құзіреттілігі: байланыс орнату.
Математикалық аймағы: кеңістік және форма.
Деңгейі: орташа.
Шешу жолы: Үшбұрыштың ауданын табамыз, ол S=21м2.
21*9=189
Код1: дұрыс жауабы 189

  1. Үшбұрыш.

Осы жер учаскесін Айнұр менГүлнұр тең 2 бөлікке бөліп алды. Айнұр мен Гүлнұрдың гүл еккен учаскесінің ауданы қандай?
7 7

7
Құзіреттілігі: сандар


Математикалық аймағы: кеңістік және форма.
Деңгейі: орташа.
Шешу жолы: S=21/2=10,5

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет