Апталық челлендж: Сенің жаңа қырың
Мақсаты: Қазақстан тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Нұрсұлтан Назарбаев “Сенің жаңа қырың” атты республикалық спорт шарасына қолдау көрсетіп, осы акцияның қатысушыларына бейнеүндеу жолдаған болатын.
Орындалуы: Динамикалық музыканың сүйемелдеуімен оқушылардың спорттық жаттығулар жасап, оны видеоклип қылып мектептің әлеуметтік желісіне #CеніңЖаңаҚырың хештегімен салу.
Апталық жоба: “Кітап апталығы”
Мақсаты: Балалардың шығармашылық іс-әрекеттері арқылы кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру. Кітап күтіп ұстауға тәрбиелеу. Сөздік қорларын дамыту. Рухани қажеттілікке баулу.
Орындалуы: Ата -аналармен бірге ертегілердің сүйікті кейіпкерлерін салу; Балаларға арналған ертегілерді, әңгімелерді, өлеңдерді оқу; Ата- аналарға балалармен бірге сайысқа арнап өз таңдаулары бойынша өлең жаттау.
Отбасы мүшелерімен бірігіп ойнайтын ойын: Тиын тастау.
Мақсаты: Балалардың өзіне деген сенімділіктерін арттыру.
Ойын ережесі: 1. Әр қатысушы 5 тиыннан алады.
2. Стақанды столдың немесе орындықтың үстіне қойыңыз. 3. Балаңыз неше жаста болса, стақан тұрған жерден артқа қарай сонша рет қадам жасасын. Үлкендер баладан бес қадам алыстаса болады. 4. Бала қолындағы тиындарды стақанға лақтыруы керек. 5. Кім көбірек тиын салса, сол жеңіске жетеді.
Қорытынды: Ойыншыларды топпен жұмыс жасауға дағдыландыру, бір-бірін тыңдап, сыйластықтарын арттырады.
Апталық отбасылық тәрбие сағаты: Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты. Cәбит Мұқанов Денсаулық жайы
Күн сылбыраң, жердің жүзі іріп тұр,
Қарлы жаңбыр бетке аралас ұрып тұр.
Ауыл үйлер шошалада, күн суық
Жел де азнап аш қасқырдай ұлып тұр.
Шымнан салған бір жаман үй - кім үйі?
Кетіктеніп құлауға тұр бүйірі,
Осы үйдің төбесінде түтін бар,
Бұл не екен?- Бұл ма,- бақсы жиыны!..
Бір қара ешкі әлдеқашан сойылды,
Балта жалап бақсы салды ойынды,
Шоқпыт сорлы «өкпе» менен ұрылған.
Сорпа-суын ішіп өзге тойынды.
Ел кедейі тымауратпай жүре ме?
Басы ауырса «бақсы!»- өзгені біле ме?
Осы күнде бақсылардың пышағы
Май үстінде, бұлар тыю көре ме?..
Бақсы емі одан жаман ауыртты,
Ауырудан Шоқпыт әлі қауіпті.
Бар бәйек боп жаны ашыған тілші еді,
Жазбай қойды, қайтсін жазып жалықты...
Горздрав, ел ішіне ем керек!
Бақсы, саған, емдеу емес, жем керек,
Жалыққанмен кедей керек, ел керек!..