Химиялық реактивтер дегеніміз не және оларды не үшін қолданады?



Дата07.02.2022
өлшемі40,19 Kb.
#97758
Байланысты:
лаб 9


Бақылау сұрақтары:

  1. Химиялық реактивтер дегеніміз не және оларды не үшін қолданады?

  2. Химиялық реактивтер ветеринария саласында қандай мақсаттарда пайдаланылады?

  3. Аналитикалық химиялық реактивтердің қандай типтік топтарын білесіз?

  4. Химиялық реактивтердің барлық жіктелуін айтып беріңіз.

  5. Химиялық реактивтерде белгіленген изотоптар не үшін пайдаланылады?

  6. Лабораторияда жұмыс істейтін адамдар нені білулері керек?

  7. Химиялық реактивтер қандай класс-топтарына бөлінеді?

  8. Көбірек, аз және сирек пайдаланылатын реактивтер деген ұғымды қалай түсінесіз?

  9. Реактивтерді үнемдеу не үшін керек және қалай іске асырылады?

  10. Реактивтермен жұмыс істеу және оларды пайдалану ретін айтып беріңіз?

  11. Молярлық және миллимоль дегеніміз не?

  12. Ертінділердің қалыптылығы дегенді қалай түсінесіз?

  13. Заттың грамм-эквивалентіне сипаттама беріңіз.

  14. Ертінділердің титрі және молярлығының негізі неде?

  15. Жуықтап дайындалған ертінді дегеніміз қандай ертінді?

  16. Дәлдікпен дайындалған ертінді дегеніміз қандай ертінді және оны қалай дайындайды?

  17. Эмпирийлік ертінділерге түсініктеме беріңіз.

  18. Фиксаналдар және олардың қолданылуы.

  19. Титрлеудің қандай ерекшеліктерін білесіз?

  20. Индикаторлар дегеніміз не және олар не үшін қолданылады?

Мазмұнды бейінлейтін негізгі кестелер, формулалар және т.б өзін-өзі текеру үшін және зертханалық жұмыстарын қорғау сұрақтары.
1 Ерітіндінің буферлік сыйымдылығына қандай факторлар әсер етеді?
Гидрокарбонатты және ацетатты буфердің буферлік сыйымдылығы максимальды болатын рН мәнін көрсетіңіз.
2. Буферлік ерітінділердің биологиялық маңызы.
3. Ерітінділердің жалпы және активті қышқылдығы дегеніміз не?
4. Қышқылдық және негіздік буферлік ерітінділердің сутек және гидроксид иондарының концентрацияларын есептеу формулалары қандай?

1.Химиялық реактивтер дегеніміз лабораториялық тәжірибеде әртүрлі химиялық реакцияларды іске асыру үшін қолданылатын заттар.


Химиялық реактивтер дегеніміз лабораториялық тәжірибеде әртүрлі химиялық реакцияларды іске асыру үшін қолданылатын заттар.Малдәрігерлік тәжірибеде химиялық реактивтер клиникалық, ветеринариялық, санитарлық, гигиеналық, экспертиздік, биохимиялық және басқа да лабораториялық зерттеулерде аналитикалық және диагностикалық мақсатта қолданылады. Әртүрлі өндірістерде ветеринариялық-санитарлық бақылаулар жүргізу үшін; санды және сапалы органикалық және бейорганикалық анализдерді анықтау үшін; азықтарды, суды, ауаны ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық анализдерден өткізу үшін өте жоғарғы тазалықтағы әртүрлі химиялық реактивтер қажет етіледі.

2. Химиялық реактивтер ветеринария саласында қандай мақсаттарда пайдаланылады?


.Малдәрігерлік тәжірибеде химиялық реактивтер клиникалық, ветеринариялық, санитарлық, гигиеналық, экспертиздік, биохимиялық және басқа да лабораториялық зерттеулерде аналитикалық және диагностикалық мақсатта қолданылады. Мұндай зерттеулердің барлық талаптарын қанағаттандыру үшін химиялық реактивтердің көп ассортиментері қажет етіледі.
Мысалы үшін, тек ферменттерге клиникалық және биохимиялық зерттеулерді ғана жүргізу үшін жоғарғы тазалықтағы субстраттар, ферменттердің өздері, олардың реагенттері қажет. Әртүрлі өндірістерде ветеринариялық-санитарлық бақылаулар жүргізу үшін; санды және сапалы органикалық және бейорганикалық анализдерді анықтау үшін; азықтарды, суды, ауаны ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық анализдерден өткізу үшін өте жоғарғы тазалықтағы әртүрлі химиялық реактивтер қажет етіледі.
Химиялық реактивтер көптеген жағдайларда жеке заттар болып келгенімен, олардың құрылыстарының күрделі болып келуі де жиі кездеседі.
Химиялық реактивтердің жалпылай қабылданған жіктелуі жоқ. Оларды аналитикалық химиялық реактивтер деп және басқа қасиеттеріне қарай жіктейді.
3.Аналитикалық химиялық реактивтерді типті топтарға бөледі:


  1. Еріткіштер – қышқылдар және олардың коспалары, сілтілер, кешенді заттар түзетін қосылыстар, органикалық еріткіштер және т.б.;



  1. Бөлгіштер – топты немесе арнайы тұнба түзушілер; экстракция, кешенді заттарды түзетін химиялық реактивтер;

  2. Диагноз қою үшін қолданылатын химиялық реактивтер – тұнба беретін немесе зерттелетін заттар мен иондарды бояйтын заттар және титрлік ертінділерді дайындауға қолданылатын химиялық реактивтер;

  3. Көмекші әсер ететін, керекті химиялық реакцияларды жүргізуге қолайлы жағдай тудыратын химиялық реактивтер. Оларға: индикаторлар, тотықтырғыштар, қайтадан қалпына келтірушілер, буферлік қоспаларды дайындауға қажетті реактивтер жатады.

4. Химиялық реактивтердің барлық жіктелуін айтып беріңіз.


Бұл химиялық реактивтердің бағалылығы мен тәжірибелік маңыздылығы негізінен олардың ерекшеліктері мен сезімталдықтарына байланысты. Химиялық реактивтердің сезімталдығын анықтайтын заттың ең аз мөлшерін немесе концентрациясын белгілі бір реактив арқылы аналитикалық реакция жүргізу арқылы анықтайды. Ал басқа заттардың ішінен керекті затты анықтау үшін қолданылатын химиялық реактивтер арнайы немесе спецификалық реактивтер деп аталады. Таза спецификалық реактивтер өте аз. Себебі олар көп жағдайда тек бір ионмен ғана емес бірнеше иондармен реакцияға түседі.
Химиялық реактивтерге қойылатын негізгі талаптың бірі олардың тазалығы. Оларда бөгде қоспалардың болу мөлшері ГОСТ-пен немесе Техникалық Нұсқауме қатаң шектеледі.
Құрамында негізгі заттар мен жіберуге болатын қоспаның мөлшеріне байланысты химиялық реактивтердің жіктелуі:
• «таза» - ХТ, онда негізгі заттың мөлшері 99 % - дан жоғары, ал қоспаның мөлшері 0,001 – 0,00001 % болуы керек:

• «анализ үшін таза» - АҮТ, негізгі заттың мөлшері 99 % - дан кем болмауы керек;

• «таза» - Т, негізгі заттың мөлшері 98 % - дан кем емес;

• «эталонды таза – ЭТ;

• «ерекше таза» - ЕТ.

Жіктелудің соңғы екі түрі ғылым мен техниканың қазіргі дәуірдегі жетістіктеріне орай радиоэлектронника, жартылай өткізгізтік өндіру, микроэлементтерді анализдеу салаларына байланысты туындаған.


Жоғарғы тазалықтағы заттарға тиісті маркалар тағайындалады. Онда заттың құрамында жіберілуге болатын қоспаның мөлшері, лимит саны және барлық қоспаның жиыны символ және сан арқылы беріледі. Сонымен қатар тазалықты қажет ететін және белгілі бір салада қолдануға болатын жинақты химиялық реактивтер (наборлар) бар. Оларға жататындар: индикаторлар; ультрафильтрацияға, электрофорезге, хромотографияға қажетті наборлар; иондардың алмасуын тудыратын қара майлар; әртүрлі полимерлер және т.б.


  1. Химиялық реактивтерде белгіленген изотоптар не үшін пайдаланылады?

Зерттеу және клиникалық лабораторияларда изотоппен белгіленген химиялық реактивтер кеңінен қолданылады. Мысалы: С14, Н3, Р 32 және т.б.
Қазірде көптген өндірістерде мал организміндегі биологиялық сұйықтың құрамын автоматты түрде анықтау үшін химиялық реактивтердің жиынтық наборлары шығарылады. Олардың ішінде автоанализаторлар да бар.
Көптеген химиялық реактивтер тотығу, ылғалдану, бұзылу салдарынан өз қасиеттерін өзгертуі мүмкін. Сондықтан оларды сақтауға белгілі бір жағдай жасау керек: төменгі температура, жақсы жабылатын қара шыны, ылғал сорғышы бар эксикаторлар және т.б. Мысалы, изотоппен белгіленген химиялық реактивтерді төменгі температурада сақтайды (-20ºС). Оларды қолданғанда белгілі радиоизотоптардың әрқайсысының жартылай бөлшектену уақытын есепке алып отыру керек. Күшті әсерлі, жарылуы қауіпті немесе тез от алғыш химиялық реакткивтерді сақтауға ерекше жағдайлар жасау қажет.
Химиялық реактивтерді дайындау және оларды қолдану әдістерін зерттеп, жетілдіріп отыратын арнайы ғылыми зерттеу институттары бар. ТМД елдері үшін ондай институт Москвада орналасқан.

6.Лабораторияларда жұмыс істейтін қызметкерлер қолданылатын реактивтердің улылық деңгейін, жарылғыштық және жанғыштық қасиеттерін жақсы білулері керек.


Жиі және көп мөлшерде қолданылатын реактивтерді үлкен көлемді ыдыстарда, банка немесе үлкен бөтелкелерде, алған жөн. Ал аз мөлшерде, сирек қолданылатын реактивтерді, керісінше, кішкене көлемді ыдыстарда, 1-10 г мөлшерінде алады. Қымбат және сирек кездесетін реактивтерді жеке, ерекше жағдайда, оларды сақтау және қолдану нұсқауларын қатаң сақтай отырып ұстайды.
Ертінділерді, әсіресе олар қымбат және сирек кездесетін реактивтерден дайындалатын болса, шығынды көп шығармай, тек керекті мөлшерде ғана дайындауға дағдылану керек. Көп уақыт сақталған реактивтер бұзылады және оларды сақтайтын үлкен ыдыстар лабораторияда орын алады. Кейде көп уақыт сақталған қатты реактивтер кесекке айналып, оларды банкалардан алудың өзі қиынға соғады. Ол кесектерді ұсақтау керек бола қалған жағдайда темір таяқшаны қолдануға болмайды, фарфор шпателін немесе шыны таяқшаны қолданады.
Реактивті банкадан аларда оның ауыз жағында шаң-тозаң, май, парафин және т.б. бөгде заттардың болмауын қадағалау керек. Оларды фарфор қасығымен, шпателімен алып, воронка арқылы ауыстырған жөн. Ұнтақ реактивтер үшін қолданылатын воронкалар әртүрлі размерлі болады. Көбінесе кең басының диаметрі 50-200 мм, аяқ жағынікі 20-38 мм, ал биіктігі 55-150 мм болатын воронкалар пайдаланылады.
Төгілген ұнтақты қайта банкаға салуға болмайды. Банкада аз мөлшерде реактив қалғанда оны көлемі аз ыдысқа ауыстыру керек.
Реактиві бар барлық банкаларда этикет болуы қажет. Ондай белгіні шыны ыдыстың сыртына шыныға жазатын қарандашпен де жазып қоюға болады. Ондай қарандашпен жазатын шынының тұсын аздап жылтса, жазу оңай жазылады. Этикеті немесе белгісі жоқ ыдыстардағы реактивтерді қолдануға болмайды. Улы заттары бар ыдыстармен өте сақ болу керек.
Улы және күшті әсерлі заттарды сақтаудың, оларды есепке алудың, қолданудың арнайы бекітілген нұсқауларын қатаң сақтау керек. Лаборатория жұмысшыларының ішінен жауапты бір адам тағайындалады. Ол адам барлық жұмысшыларды улы заттармен қалай жұмыс істеу керектігіне үйретуі қажет. Улы заттардың буының да ауаны ластайтынын естен шығармаған жөн. Улы заттар сақталған ыдыстарды жеке, арнайы кісі тазалап жуады. Оларды сақтайтын ыдыстар ерекше таза болуы шарт. Өлшегенде де арнайы ыдыстарға салып өлшейді.
Ылғалды бойына сіңіретін гигроскопиялық заттар жабық ыдыстарда сақталады, олардың тығынын парафинмен құйып тастайды немесе ол үшін менделеевтің сылағын, сургучты пайдалануға болады. Үлкен ыдыстағы реактивтермен сақтықпен айналысу керек. Себебі оларды оңай сындырып алуға болады.
Кейбір реактивтер дәнекерленген ампулаларда сақталады. Оны ашу үшін егеуді пайдаланады. Ампуланың ұшынан бір сантиметр қашықтықта егеумен сызат түсіреді. Ол жерді сулап алғанда сызат оңай түседі. Сол ұшынан саусақпен мақта арқылы ұстап, сызат түскен жерден сындырады.
Ампулаларды жұмсақ материалмен орап қағаз қорабта сақтаған дұрыс. Жарықтың әсерінен өзгеретін реактивтерді сары және қара түсті шыны ыдыстарда, қағаз қорабтарда сақтау керек. Мысалы, сутегінің фторлы қышқылын ертіндісін парафиннен, церезиннен, эбоиттан немесе полиэтиленнен дайындалған ыдыстарда сақтайды.
Кейде шыны ыдыстардың ішкі беттерін парафинмен қабаттайды. Мысалы, пергидрольді (сутегі тотығының 30 %-ды ертіндісі) және сілті ертінділерін тек осындай ыдыстарда ғана сақтаған қолайлы.
Кейбір реактивтер көп сақтағанда бұзылады да, түрлерін өзгертеді. Мысалы, анилин көп сақтағанда бүлініп сарғыш түске айналады. Ондай өзгерістер болатынын үнемі есте сақтау керек.
Басқа бір реактивтер өздігінен жанады. Оларға ақ және сары фосфор, пирофорлы металлдар, металлорганикалық қосылыстар жатады. Отқа қауіпті реактивтердің қатарына эфирлер, спирттер, көмірсутектері, ароматты қосылыстар, күкіртті көміртегі, ацетон және т.б. жатады.
Өзара реакцияласқанда жанатын немесе көп жылу бөлетін реактивтерді бірге сақтауға болмайды. Концентратты тотықтырғыштарды қайта қалпына келтіретін – көмір, күкірт, крахмал, фосфорлармен бірге сақтауға болмайды.
Өздігінен жанатын, отқа қауіпті реактивтерді арнайы ыдыстарда сақтайды. Бертолет тұзын, калий марганец қышқылын, натрий тотығын және басқа да тотықтырғыш заттарды органикалық заттармен араластыруға болмайды. Хлор қышқылымен жұмыс істегенде өте сақ болу керек. Ол органикалық заттармен біріккенде жарылыс береді. Тіпті хлор қышқылының тұздары ешбір себепсіз де жарылуы мүмкін. Лабораторияда мұндай заттардың көп қорының болмағаны дұрыс.
7.Химиялық реактивтер, химиялық реагенттер — зертханаларда анализ жасауда, ғылыми-зерттеу жұмыстарында түрлі қосылыстардың химиялық өзгерісін, қасиеттерін, алыну әдістерін анықтау, т.б. мақсаттар үшін қолданылатын химиялық препараттар. Химиялық реактивтер көбіне жеке заттар болғанымен кейбір заттардың қоспасы да (мысалы, петролейн эфирі) реактивтерге жатады. Тазалығына қарай Химиялық реактивтер ерекше тазартылған, химиялық таза, анализ үшін таза, аса тазартылған, техникалық өнім деп бөлінеді. Реактивтердің тазалығы Мемлекеттік стандартқа сәйкес болуы керек. Химиялық реактивтердің аты жазылған қағазда атауы, формуласы, қоспасының мөлшері көрсетіледі. Химиялық реактивтер құрамына қарай анорганикалық, органикалық, құрамында радиоактивті изотоптары бар реактивтер, ал қолданылуына қарай аналитикалық реактивтер, сондай-ақ химиялық индикаторлар, органикалық еріткіштер болып бөлінеді. Органикалық функционалды анализ үшін қолданылатын Химиялық реактивтер белгілі, мысалы, 2,4-динитрофенилгидразин, фенилгидразин, семикарбазид альдегидтер мен кетондардың саны мен сапасын анықтауда қолданылады. Улы, тез тұтанатын, қопарылуы қауіпті Химиялық реактивтерде бар, сондықтан оларды қолданғанда белгілі ережелерді бұзбау керек. Ауа әсерінен оңай бұзылатын реактивтерді жабық шыны ыдыстарда сақтайды.

8. Көбірек, аз және сирек пайдаланылатын реактивтер деген ұғымды қалай түсінесіз?


Жиі және көп мөлшерде қолданылатын реактивтерді үлкен көлемді ыдыстарда, банка немесе үлкен бөтелкелерде, алған жөн. Ал аз мөлшерде, сирек қолданылатын реактивтерді, керісінше, кішкене көлемді ыдыстарда, 1-10 г мөлшерінде алады. Қымбат және сирек кездесетін реактивтерді жеке, ерекше жағдайда, оларды сақтау және қолдану нұсқауларын қатаң сақтай отырып ұстайды.
Ертінділерді, әсіресе олар қымбат және сирек кездесетін реактивтерден дайындалатын болса, шығынды көп шығармай, тек керекті мөлшерде ғана дайындауға дағдылану керек. Көп уақыт сақталған реактивтер бұзылады және оларды сақтайтын үлкен ыдыстар лабораторияда орын алады.
10.Улы, тез тұтанатын, қопарылуы қауіпті Химиялық реактивтерде бар, сондықтан оларды қолданғанда белгілі ережелерді бұзбау керек. Ауа әсерінен оңай бұзылатын реактивтерді жабық шыны ыдыстарда сақтайды.
11. Молярлық және миллимоль дегеніміз не?
Моляр (M) - бұл SI жүйесіне кірмейтін, зертханалық практикада жиі қолданылатынерітіндінің молярлық концентрациясыныңбірлігі. Мысалы, 2 молярлық (2М) ерітіндіде бірлитр сұйық немесе газ тәрізді ерітіндіде 2 моль нақты зат бар.
Литрдегі миллимол (кмоль / л) - бұл молярлықкөлем концентрациясын өлшеуге арналғанжүйелік емес бірлік. Онда бір литр ерітіндіденемесе газдар қоспасында ерітілген белгілі бірзаттың миллимол саны көрсетіледі.
12 Ертінділердің қалыптылығы дегенді қалай түсінесіз?
13. Заттың грамм-эквивалентіне сипаттама беріңіз.
Грамм-эквивалент – заттың эквивалентіне теңграмм мөлшері. Кез-келген химиялық элементтіңнақтылы косынды құрамындағы грамм-эквивалент мөлшері оның атомдық салмағын валенттілігінебөлгенде шығатын мөлшерге тең болмақ. Мәселен, атомдык салмағы 55,85-ке тең екі валенттіктемірдің грамм-эквиваленті 27,92-ге, ал үшвалентті темірдің бұл көрсеткіші 18,62-ге тең.
14. Ертінділердің титрі және молярлығының негізі неде?
15. Жуықтап дайындалған ертінді дегеніміз қандайертінді?
Ерітінді — бір заттың екінші бір заттық ортадабіркелкі таралуы аркылы әзірленген гомогендікжүйе кем дегенде екі компоненттерден, бірі еріткіш, екіншісі еритін зат болатын айнымалықұрамның химиялық тепе-теңдiк күйі болатынжүйе. Ерітінділер газ тәрізді, сұйық және қатты болуымүмкін. Олардың ішінде жан-жақты зерттелгеніжәне жиі қолданылатыны сұйық, әсіресе, сулы ерітінділер. Сондықтан тұрмыстаерітінділер деп, көбінесе, сұйық күйдегі молекула-дисперстік жүйелерді айтады.
16. Дәлдікпен дайындалған ертіндідегеніміз қандай ертінді және оны қалайдайындайды?
17. Эмпирийлік ертінділерге түсініктемеберіңіз.?


18 . Фиксаналдар және олардың қолданылуы.?
Фиксаналдар – заттардың тура өлшенген көлемі не қатты күйіндегі мөлшері шыны ампулада сақталған заттар, сосын ол мөлшерді 1л көлемде ерітіп, стандартты ерітінді дайындайды.
19. Титрлеудің қандай ерекшеліктерін білесіз?
Тұндыру әдісімен титрлеу нашар еритін қосылыстар түзетін реакцияларға негізделген. Бұл реакциялар бөлме температурасында жеткілікті тез және іс жүзінде қайтымсыз өтеді. Тұндыру реакцияларының көптігіне қарамастан, тұндырып титрлеу кең таралмады. Тұндыру тәсілімен титрлеу әдістерінің ең кең тарағаны аргентометрия және меркуриметрия, сондай-ақ роданидометрия және цианометрияны атап көрсетуге болады. Тұндырып титрлеудің басқа әдістері сирегірек қолданылады, себебі олар үшін эквиваленнтік нүктесін белгілеп алатын сенімді индикаторлар табылған жоқ.
Тұнбалық әдісімен титрлеудің кең тараған түрі меркуриметрия. Мөлшерлік анализдің бұл әдістері сынаптың (I) галогендермен және басқа да аниондармен нашар еритін қосылыс түзу реакцияларына негізделген
20. Индикаторлар дегеніміз не және олар не үшін қолданылады?
Индикатор деген – қышқылдар мен сілтілерде түсін өзгертетін зат. Химияның ерте кезеңдерінде лакмус секілді өсімдік түстері (қынаның бір түрінен жасалады) индикатор ретінде қолданылған. Лакмус қышқылдарда қызыл, ал сілтілерде көк түсті. Қызыл орамжапырақ та жақсы индикатор бола алады, бірақ өсімдік түстерінің бір кемшілігі, олар ауа мен Күннің әсерінен бұзылуы мүмкін. Кейіннен фенолфталеин мен метилоранж секілді күштірек жасанды индикаторлар ойлап табылды. Әмбебап индикатор – бояғыштардың қоспасы, ол әртүрлі түстер қатарын көрсетіп, күшті қышқылдық ерітінділерді әлсіз қышқылдық ерітінділерден
немесе күшті сілтілік ерітінділерді әлсіз сілтілік ерітінділерден айыруға көмектеседі.
1.​Ерітіндінің буферлік сыйымдылығына қандай факторлар әсер етеді?
Гидрокарбонатты және ацетатты буфердің буферлік сыйымдылығы максимальды болатын рН мәнін көрсетіңіз.Кез келген буферлік қоспа буферлік сыйымдылықпен сипатталады. Буферлік сыйымдылық деп – 1л буфердің рН-ын 1 бірлікке өзгертуге қажетті күшті қышқылдың немесе сілтінің эквивалент санын айтады. Тәжірибе жүзінде буферлік сыйымдылықты ерітіндінің рН-ының қосылған қышқыл немесе сілті көлеміне тәуелділігі арасында графикті тұрғызып, анықтайды. Буферлік сыйымдылық буфер қоспасындағы компоненттер концентрациясына тәуелді. Әлсіз электролит және оның тұзының концентрациясы жоғары болған сайын, буферлік сыйымдылық та жоғары болады

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет