І курс Бактрия Бактрия — бүгінгі Тәжікстан мен Ауғаныстан жерінде ірге көтерген ежелгі мемлекет. Бактриялықтардың негізгі кәсібі егіншілік болды.
Әмударияның жоғары ағысы бойындағы және оның Сухандария, Кафирниган, Вахш сияқты салаларын-дағы жазықтарда егін егіліп, бау-бакша өсірілді. Ал таулы-үстіртті, далалы аймақтарда мал бақты. Бүл туралы ежелгі дәуірде бір тарихшы былай деп жа-зыпты: «Бактрия табиғаты әр түрлі: ондағы жүзім сабақтары ірі, әрі тәтті жеміс береді; суы мол өзен-дер ылғалсыз топырақты суғарады; өте қүнарлы жерлер астық себу үшін өңделеді, қалғандары ірі малдардың жайылымына айналдырылған, бірақ жердің көп бөлігі — күнарсыз жазықтық».
Б. з. б. I мыңжылдықтың орта кезінде-ақ ірі елді мекендер мен қалалар болды. Оларда қолөнер жақ-сы дамыды. Қала түрғындары тоқымашылықпен, қыш қүмыра жасаумен, үсталықпен айналысты. Әсіресе, зергерлік өнері, сәнді бүйымдар жасау ісі жоғары дәрежеге жетті.
Орта Азия жерлері үзаққа созылған қарсылық-тан кейін ғана Парсы мемлекетінің қүрамына енді. Бактрия жері жеке бір сатраптық болып, алым-са-лық төлеп түрды. Сөйтіп, жалпы парсылық даму жо-лына қосылды. Парсы мемлекетіндегі сауда қаты-настарының дамуы Бактрияға да әсер етті. Тауар өндірісі мен сауда одан әрі дами түсті. Ел ішіндегі тыныштық отырықшы-егіншілер шаруашылығын қайта жандандыруға мүмкіндік берді. Ойпаттар мен жазық жерлерде, озен аңғарларында арықтар мен каналдар казылды. Бидай, арпа сияқты дәнді дақыл-дармен қатар, бау-бақшаларда қауын-қарбыз, көкөністер, жүзім мен жеміс ағаштары өсірілді. Кей-бір қалалар мықты қолөнер және мәдениет ошағы болды. Кірпіштен жасалған бекіністі қорғандармен қоршалды.
Бактрия жерінің көптеген елдерге танылуына қымбат көктастың (лазурит) өте ерте кезден табыл-ған бірден-бір орталығы болуы да әсер етті. Б. з. б. I мыңжылдықтың озінде-ақ көктас сонау Египетке де белгілі болған. Ал ежелгі шумерлік Урук қала-сының билеушісі Элам шығысындағы елге көктас алып келу үшін адам жіберген екен. Ол туралы шумерлік бір дастанда баяндалады. Ал парсылар өктемдік еткен кезде көктас бүкіл шығыс елдеріне тарайды. Ол Бактриядағы Бадахшан жерінен көптеп өндіріле бастайды. Парсы патшалығының құрамын-да бола отырып бактриялықтар езіндік ерекше-ліктерін сақтап қалды. Олар бүрынғыдай кеудесіне жейде киіп, белдік тақты. Бастарына тақия тәрізді, кішірек дөңгелек қалпақша киді. Кезіндегі сақтар сияқты, бактриялықтар да парсы әскерінің қуатты күші ретінде көрінді. Кептеген шешуші шайқастар-да ерлікпен көзге түсті.
Мың қала елінде. Б. з. б. IV—III ғасырларда Бактрия жерінде үлкен қоныстар мен қалалар болды. Сондықтан да ол кездегі Бактрия патшаларын бак-триялықтар «мыңқаланыңбилеушілері» деп атаган. Бактрияда дамыған қалалық өмір болды. Қолөнер кәсібі жетіле түсті. Сауда дамыды. Қала көшелерінде қолөнер шеберханалары қатарласа орналасты. Ше-берлер алтын мен күмістен, әр түрлі металдардан, көктастан (лазурит) сәндік бұйымдар, еңбек құрал-дары мен қару-жарақтар жасады. Қыш құмыра жа-саушылар, тоқымашылар, аспаздар, шарап және гүл сатушылар еңбек етті. Оздерінің жасаған затта-рын сол жерде сатты. Сырттан қараған адамға қолөнершілер көшелері әрі үлкен шеберхана, әрі базар сияқты болып көрінетін.
Қалалардың сыртын биік дуалды қамал қоршап тұрды. Қамалдарда мұнаралар жиі орналастырыл-ды. Ол мұнаралардан сырттан келген жауды қада-ғалап, оларға тойтарыс беріп отыратын.
Сарайлар мен үйлер кірпіштен, тастан жасалды. Бактр қаласы елдің астанасы ретінде әлемге әйгілі еді. Онда үлкен базар болды. Ол базарда елдің әр түкпірінен келген сауда керуендері өз та-уарларын сататын. Саудагерлер сонау Грекиядан, Египеттен, Үндістан мен Қытайдан, сақтар жерінен келіп жататын.
Александр Македонскийдің Орта Азиядағы жау-лап алулары баянсыз болды. Ол қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай Орта Азияда дербес мемлекеттер пайда бола бастады