«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектебі» ММ
Ұшқыр ойлай білемін бе?
(4- 5 сыныптарға арналған танымдық-зияткерлік ойыны)
Ергалиева М.А.
Қостанай қаласы,2015 жыл
І тур. Түрлі- түсті конверттерді таңдайды
Қызыл түсті – оңай тапсырмалар (1 ұпай)
1.Ай мен ыдысқа ортақ атау (қазан)
2.Мамандығы инженер - металлург, "Ғасыр адамы"атанған қайраткер кім? (Н.Назарбаев)
3.Алматы қаласында ең бірінші ашылған аяқ киім фабрикасы қалай аталады? (Жетісу)
4.Бұл ағылшын тілінен аударғанда «табан доп» немесе «аяқ доп» дегенді білдіреді.Бұл қандай сөз? (футбол)
5.Сөзді және басқа дыбыстарды жеткізу үшін американдық профессор оны 1876 жылы ойлап тапты.Бұл қандай зат? (телефон)
6.Чукчалардың пайдаланатын көлігі қалай аталады? (бұғы)
Жасыл түсті – қиын тапсырмалар (5 ұпай)
1.Бұл «желаяқ» деген ұғымды білдіреді.Автомобильдің жүк салғышына сыйып кететін шағын немесе жиналмалы түрлері бар.Бұл жолаушыларға таптырмас көлік. (велосипед)
2.Латын тілінен қазақшаға аударғанда «бейнелі сөз» деген ұғымды білдіреді.Бұл ең алғаш Францияда ХУ ғасырда пайда болған. (ребус)
3.Шыңғысханның шын аты (Тимучин)
4.Екі қыз саябаққа бара жатты.Оларға бес құрбылары кездесті.Саябаққа барлығы неше қыз бара жатты ? (2)
5.Үш ағайынды баланың әрқайсысының 2 қарындасы бар.Бұл жанұяда барлығы неше бала бар? Дұрыс жауаптың астын сыз : (5 )
6.1 кг етті пісіру үшін 1 сағат қажет.Осындай еттің жарты килограмын пісіру үшін қанша уақыт қажет? (1 сағат)
Сары түсті- өте қиын тапсырмалар (10 ұпай)
1.Әр қатардағы заңдылықты тап.Сандар қатарын жалғастыр:
1
|
5
|
25
|
125
|
625
|
3125
|
15625
|
254
|
250
|
246
|
242
|
238
|
234
|
230
|
128
|
2
|
132
|
4
|
136
|
6
|
140
|
45
|
46
|
48
|
51
|
55
|
60
|
66
|
2.Әли әкесімен тирге барды.Олар былай келісті: Әли 5 рет тир атады,
нысанаға дәл тигізгені үшін тағы екі рет ату құқығына ие болады.Әли барлығы 17 рет атты.Ол нысанаға неше рет дәл тигізді?
( 6рет)
3.Аулада тауықтар жүр.Олардың 22 аяғы бар.Тауықтарға 3 балапан мен
2 мысықтың баласы қосылды.Аулада барлығы неше аяқ серуендеп жүр?
(3 балапанда 6 аяқ, ал мысықтың баласында 8 аяқ. 22+6+8=34 аяқ).
4.Қорапқа 8 қоңыз бен өрмекші салынған,оларда барлығы 54 аяқ бар.Қоңызда 6 аяқ,өрмекшіде 8 аяқ бар,сонда қорапта неше қоңыз,неше өрмекші бар?
(8 өрмекші,5 қоңыз)
5.Айна мен әжесі орманда жүргенде жаңбыр жауып кетті.Олар жаңбыр жауып болғанша ағаштың қалқасына тығылып тұрды.Олар қандай ағаштың қалқасына тығылды? (су ағаштың)
6.Анам бәліш пісірді.Ол Серікке барлық бәліштің бестен бір бөлігін және тағы 2 бәліш берді.Сонда Серік барлығы 7 бәліш алды.Анам неше бәліш пісірді? (7-2=5.-1/5 бөлігі. 5х5=25-анамның пісіргені)
ІІтур. Әр түрлі саладағы сұрақтар
Елімнің тарихы – менің тарихым
1.Тәуке ханның тұсында үш жүзге билік жасаған билерді ата.
Ұлы жүз-Төле би
Орта жүз-Қазыбек би
Кіші жүз-Әйтеке би
2.Қазақ хандығын құрған кімдер? (Керей,Жәнібек)
3.Қазақ мемлекетінің пайда болуы мен сыртқы саясаттағы жеңістер оның есімімен аталады.Оның шын аты Әбілмансұр. (Абылай хан)
4. 1841 жылы бүкіл қазақ халқының мақұлдауымен қазақ хандығының соңғы ханы.Абылай ханның немересі,мемлекет қайраткері,қолбасшы. (Кенесары)
5. «Билер кеңесі» бекіткен заңдар жүйесі,яғни әдеп-құқықтық құжат қалай аталады? (Жеті жарғы)
6.Биылғы 2015 жылы Республика бойынша «Қазақ хандығына 550 жыл»
мерекесі қай қалада тойланды? (Тараз)
Математика – қызықты да қиын пән
1.Кірпіштің салмағы 4 кг.Кірпіштің үстіне жарты кірпіш және оған қоса жартысының жыртысындай кіорпіш қойылған.Кірпіштің салмағы қанша? (кірпіштің салмағы 4 кг)
2.Екі таяқтың 4 ұшы бар.Екі жарым таяқтың қанша ұшы бар? (6 ұшы бар)
3.Үлкен қаланың әр қиылысындағы бағдаршамдар мен «көлік тығынынан» шаршаған жүргізуші жұмысына 80 минутта келді.Қайтар жолда 1 сағат 20 минут жүріп үйінде болды.Неге?
(Барар жол мен қайтар жол бірдей,екеуі де 80 минут)
4. Орманның үстінен екі қолтырауын ұшып жарысып келеді.Біреуі көк,екіншісі қызыл.Қайсысы белгіленген жерге тез жетеді? (Қолтырауындар ұшпайды)
5.Қоян түс көрді. Түсінде орманда 2 қасқыр,3 балық,1 инелік,маса,4 түлкі,жылан,жолбарыс жүр екен. Орманда неше аң жүр? (4 аң)
6.Айдар мен Қайрат балық аулады.Айдар аулаған балықтарын бірінші бастап, 1 балықтан шелекке салып отырды, ал Қайрат 2 балықтан шелекке салып отырды.Екеуінің балығын қосқанда шелектерінде 21 балық болды.Айдар неше балық,Қайрат неше балық аулады? (Айдар-7,Қайрат-14)
Дүниені тану – әлемді тану
1.Цунами дегеніміз не? (Жер асты сілкіністерінен пайда болатын орасан зор қиратушы толқындар )
2.Жердегі ең биік тау (Гималай тау жүйесіндегі ЭВЕРЕСТ – 8863 метр)
3.Әлемдегі ең терең көл (Ресейдегі Байкал көлі - 1637 метр)
4.Жерде неше құрлық бар? (7;Африка,Антарктида,Азия,Европа,
Австралия,Солтүстік Америка,Оңтүстік Америка)
5. Дүние жүзіндегі ең биік ағаш. (эвкалипт)
6.Дүниедегі ең кішкентай құс (калибри)
ІІІ тур. Шырпымен жұмыс
1.Үшбұрыштар саны: а)32 ә)35
2.Дөңгелектер саны 54
3.Шаршылар саны 225
ІУ тур. Агент болу қиын ба?
1.Алдымызда жел
2.Оңай ғой Ватсон.
3.Терезеде отыз үш үтік тұрса келуге болмайды деген белгі
●
А)Бастапқы қалыптан 4 таяқшаның орындарын ауыстыру арқылы артына қарап,құйрығы жоғары көтеріліп тұрған бұзауды көрсету қажет.
Ә)Қалақшаның ішіндегі қоқыс қалақшаның сыртында қалатындай етіп 2 таяқшаның орнын ауыстырыңыз.
Б)Теңдік 6-4=10 түрінде қате екендігі көрініп тұр.Бір таяқшаның орнын ауыстыру арқылы дұрыс теңдік жаса.
Сабақты талдау сараптамасы
Өткізілген пән атауы.
Сабақтың тақырыбы:
|
Сабақта қолданылған технологияның атауы және ол қай тапсырмада қолданылады
|
Функционал -
ды сауаттылықты анықтауға берілген тапсырмалар
|
Сабақтың мақсатына жету үшін қандай жұмыстар атқарылды
|
Сабақтың мақсатына жету себебіңіз
|
4- 5 сыныптарға арналған танымдық-зияткерлік ойыны
Ұшқыр ойлай білемін бе?
|
Ойын технологиясы
3-4 тур тапсырмалары
|
Барлық тур тапсырмалары
|
Шырпымен жұмыс
Сөзді белгімен көрсету
викторина
|
1.Топпен жұмыс
2.Логикалық-танымдық тапсырмалардың бала деңгейіне сәйкестігі,
3.Бала дамуына көмектесетін ізденіс тапсырмалар арқылы
4.баланың өз бетімен білім алуына жағдай жасау
|
Достарыңызбен бөлісу: |