«Иқан» жалпы орта мектебі
«Өрт қауіпсіздігі » оқу пәнінің үлгілік күнтізбелік-тақырыптық жоспары
Мұғалім: Гайратова Нодира
1-сыныпқа арналған «Өрт қауіпсіздігі » оқу пәнінің үлгілік күнтізбелік-тақырыптық жоспары
1 «Д» сынып
№
р/с
|
Тақырыптың атауы
|
Сағаты
|
Мерзімі
|
1.
|
Өрт адамның досы және дұшпаны
|
1
|
|
2.
|
Не себептен өрт шығады?
|
1
|
|
3.
|
Мектепте өрт қауіпсіздігі
|
1
|
|
4.
|
Тұрғын жерлерде өрттен сақтану
|
1
|
|
5.
|
Бірлемші өрт өшіру
|
1
|
|
6.
|
Автоматтандырылған өрт өшіру
|
1
|
|
7
|
Өрт шыққанда не істеу керек?
|
1
|
|
8
|
Өрт өшіру автомобилі және өртке қарсы құралдар
|
1
|
|
9
|
Қорытынды сабақ
|
1
|
|
Күні:
Тақырыбы: Өрт адамның досы және дұшпаны
Мақсаты: оттың адам өміріндегі маңызын,пайдасын, пайда болу жолдарын ұғындыру. Сонымен қатар оттың тілсіз жау екендігін ұқтыру.
Өрттің зияны мен қауіпсіздігі туралы толық мағлұмат беру. Оқушыларға оттан сақтанудың жолдарын, өрттің табиғатқа, адамға әкелетін зардабын түсіндіре отырып, сіріңке, оттық т.б. қатерлі нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ауызша журнал, сюжетті суреттер, плакаттар, тірек –сызба, макет.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану.
Барысы.
Оттың шығу тарихы.
Мұғалім: Құрметті оқушылар, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «От – досымыз, от –жауымыз». Жалпы «от» деген сөзді қалай түсінесіздер? От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От –өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса тамақ піспейді, үй жылымайды.От қалай пайда болды?
Ерте заманда алғашқы адамдар отты пайдалануды найзағайдан түскен оттан үйренді. Сол найзағайдан түскен отты сөндірмей пайдаланды. Барлығы аң аулауға кеткенде, бір адам от басында қалатын болған. Тамақты пісіріп жеуді де найзағай отының астында қалған еттен байқаған.От астында қалған ет шикі еттен дәмдірек екенін байқап, асты пісіріп жеуді үйренген. Сол заманнан –ақ оттың өте маңызды екенін аңғарамыз.
От –өрісі кең түбір. Енді осы «от» түбіріне байланысты сөздерді терсек: отағасы, отау,отарба. Яғни мұннан шығатын нәрсе –«от» сөзі жылылықтың белгісі іспеттес. Оттың пайдасымен қатар зиянды жағы да жоқ емес. Қандай зияны бар, оқушылар?
Оқушылар: Өртену, күю, жану, жарақат алу.
Мұғалім: «Отпен ойнама, күйесің» дегендей оттың зиянды жақтарына тоқталсақ:
Оттың зиянды жақтары: отты дұрыс пайдаланбаса, адам күйіп қалады. Өртенген дала. Күйген ас.
« Өрт –тілсіз жау» атты бөлімімізде өрттің шығу себептері туралы айтамыз. Бұл тарауда сіріңке, темекі, үтік, газ суреттеріне не айта аласыңдар? (сурет көрсетіледі)
Өрттің шығу себептері:1.Шылымның тұқылын сөндірмей тастаса;
2.Шырпымен ойнаса;
3.Үтікті қосып кетіп қалса;
4.Газды ашық қалдырып кетсе;
Ойыннан от шығады» атты бұл бетте Дидар баланың шырпымен ойнаймын деп, ойынның арты өртке айналғанын, өзі кеш түсініп бармағын тістейтіні туралы сөз етеміз.
1-оқушы: Ойын түбі –от.
Дидар бала бір күні
Көріп қалды кірпіні.
Қолына алды шырпыны.
Дидар: Кірпішекті шырпымен
Өртейін мен, жағайын.Лап етіп кірпі жанғанда,
Қызыққа мен батайын.
2-оқушы:Сөйтті дағы
Кірпінің жанына барып
Шырпыны лезде алып
Тұтатқанда кірпіні,
Бара жатты жанып.
3-оқушы:Жанталасты байғұс кірпі,
Ауладағы мая шөптің
Арасына барып кірді.
Шөп тұтанып лаулап жанып
Жұрттың бәрін дүрліктірді.
4-оқушы:Қатты састы Дидар бала
Өртке оранып мая кетті.
Көрші үйдегі құрбысына
Болған жайды баян етті.
Дидар:Кірпіменен ойнағанмын,
Не боларын ойламадым.
Өкінгеннен қандай пайда
Енді қайттім қиналамын?!
5-оқушы:От жақпа күйерсің,
Өртеніп жүрерсің.
Сіріңкені ұстасаң,
Бәлеге сен түсерсің.
Кірпіменен ойнасаң да,
Шырпыменен ойнамашы.
Өрт қауіпсіздігін білу- әр оқушының міндеті. «Сақтықта қорлық жоқ» деп аталатын бұл бетте оқушылар өрт қауіпсіздігін айтып береді және өрт қауіпсіздігіне керек құралдардың суреттерімен жұмыс жүргізеді.
Жағдаяттық сұрақтар.
Қалташалардың ішіндегі сұрақтарға жауап береміз.
1.Сен үйде жалғыз қалдың.Ата –анаң қонаққа кетті. Кенет электр тоғының пышырлап жана бастағанын байқадың. Не істер едің?
2.Екі досыңмен (үшеуің) демалыс күні бірігіп ойнап жүрсіңдер.Қарындарың ашып, күлге картоп көміп жегілерің келді. Сөйтіп сіріңке әкеліп, аулаға от жаға бастадыңдар. Бір кезде жаққан оттарың желмен ұшып ауладағы үйілген шөпке тиіп, шөп жана бастады.Не істейсің?
3. Үйге көп қонақ келді. Қонақтар шай ішіп болған соң үлкен кісілер шылым шегуге сыртқа шықты.Сөйтті де бір кісінің шеккен шылымының сөнбей қалған тұқылынан жердегі қураған шөп жана бастады.Мұндай жағдайда не істейсің?
4.Үйге анаң от жағып, өзі далаға шығып кетті.Жанып жатқан пештің есігі ашылып кетіп, ішінен жанған от түсіп кетті.Сен не істер едің?
5.Сен сабаққа келгенде сыныптасың оттық ұстап жүргенін көрдің.Мұндай жағдайда не істер едің?
.Мұғалім:От туралы мақал –мәтелдер айтайық.
6-оқушы:1.Отпен ойнама,күйерсің.
2.Ойын түбі –от.
7-оқушы:1.Отын деген шөп болар,
Жинай берсең көп болар.
2.От жақпа-пісерсің,
Ор қазба –түсерсің.
8-оқушы:1.Сумен ойнама –батарсың,
Отпен ойнама –күйерсің.
9-оқушы: От пен су –тілсіз жау.
10-оқушы:Өзі саққа құдай жақ.
11-оқушы:Сақ жүрсең сау жүрерсің.
12-оқушы:Сақтықты сұңқырдан үйрен.
13-оқушы: Жау жоқ деме –жар астында.
Бөрі жоқ деме –бөрік астында.
Қорытынды:
Міне, балалар бүгін біз «От –досымыз, от -жауымыз» деген тақырта тәрбие сағатын өткіздік. Жоғарыда айтылғандарды естеріңде сақтап, әдепті оқушы болып жүріңдер.
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Не себептен өрт шығады?
Сабақтың мақсаты мен міндеті:
Білімділік: Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру болып табылады.
Дамытушылық: ой - өрісін, дүниетанымын дамыту;
Тәрбиелік: еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақты жүргізу әдісі: түсіндіру, презентация түрінде көрсету.
Сабақтың өтілу формасы: ұжымдық.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылардың сабаққа дайындығын пысықтау.
ә) оқушыларды түгендеу
ІІ. Өткенді пысықтау, жаңа сабаққа дайындық кезеңі.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Өрт қауіпсіздігі.
Өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы. Өрт уақытымен және кеңістікте көбейетін, жанудан бөлек масса және жылу ауысуын қосатын, ауыр физико - химимялық процесс. Өрт оқиғалары негізінен тұрғын секторда туындап отыр. Яғни, өрт басқа орындарға қарағанда азаматтардың үйлерінде жиі орын алады. Оның себептері де әр түрлі. Оның ішінде басты 4 себепті айтуға болады: 1. Отты абайсыз қолдану; 2. Пештің ақаулығы; 3. Электр желілері мен құралдарын пайдалануда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау; 4. Балаларды қараусыз қалдыру болып табылады.
Ең бастысы, үйде от жағылып, қыс бойы пайдаланылатын пеш ақаулы болса, онда ол өрттің баспанада орын алуына бірден - бір себепші. Үйдегі пешке аса үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Пеш жаздың күні міндетті түрде жөндеуден өткізілуі тиіс. Балаларға пешті қарауға және жағуға тиым салынады.
Өрт оқиғаларына басты себепшілердің бірі газ баллондарды пайдаланудағы өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау болып отыр. Газ баллоны өртке қауіптілігімен бірге, үйде жарылысқа себепші болып, үлкен апатқа да соқтыруы мүмкін. Газ баллоны газ плитасына дұрыс орнатылуы қажет. Газ баллоны газдың шығып жатқанын, тек сабын көпіршіктері арқылы тексеруге болады. Газдың иісін ауадан сезген уақытта сіріңке жағуға, темекі шегуге, басқа да электр қондырғыларын іске қосуға болмайды.
Газ шыққанын байқасаңыз, тез арада есік пен терезені ашып бөлмені желдетіп, баллонды далаға шығарып, апаттан құтқару қызметіне хабарласыңыз. Баллонды қыздыруға, егер баллон бұзылған болса, оны өзіңіз жөндеуге тиым салынады.
Өрт оқиғаларына басты себепші электр желісі және өрт қауіпсіздік ережелерін бұзуы болып табылады. Үйге жарық тартқан кезде, көбінесе, оның дұрыс орнатылуы ескеріле бермейді. Ескірген сымдарды қолдану да кездеседі. Осы жәйттардың барлығы аяғында өртке әкеп соқтырады. Электр желісі бұзыла қалған жағдайда, кәсіби біліміңіз болмаса, оны өзіңіз жөндеу - өте қауіпті.
Сондықтан, үйдегі электр желілеріне салмақ түсіретіндей 2 - 3 электр затын бір мезетте электр қуатына қоспау керек.
Өртке келгенде баланың да шалалығы бар. Қолынасіріңкеұстапойнағанжасөспірімдердіңабайсыздығынанболғанөртоқиғалары аз емес.
Өрт қауіпсіздігі – бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады.
Өрттерді сөндірудің негізгі құралдары:
Су — өртті сөндірудің негізгі құралы. Су электр өткізгіш, сондықтан оны тоқта тұрған жүйелер мен жабдықтарды сөндіруге пайдалануға болмайды. Электр сымдарға судың түсуінен қысқа тұйықталуы болуы мүмкін.
Құм — өрттің шағын ошақтарын сөндіру құралдарының ең қарапайымы болып табылады. Оның отты сөндірудегі әрекеті — ол жанғыш затты салқындатады
Химиялық көбіктің құндылығы оның төзімділігінде, тұтқырлығында, жеңілдігінде болып табылады, ол жанған затты толығымен тығыз жауады және оған ауа жібермейді.
Көмір қышқылды өрт сөндіргіштер химиялықтармен қатар айтарлықтай таралған. Олар химиялық зертханаларда, кітапханаларда, мұражайларда және басқа да жайларда кеңінен қолданылады. Бұл өрт сөндіргішті қуаттандыру үшін үлкен қысымда тұрған сұйытылған көмір қышқылы (көміртек диоксиді) қолданылады.
Өрт сөндіргішпен жұмыс істеу барысында баллонды көлденең жағдайға бұруға болмайды, өйткені бұл кезде сифонды құбыр арқылы көмір қышқылдың шығуы бұзылады.
Қазіргі уақытта құрғақ ұнтақтармен толтырылған ұнтақты өрт сөндіргіштер көп таралған, олар өрт аумағына түсіп, отты сөндіретін зат бөледі.
Ұнтақты өрт сөндіргіштер тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтардың, газдардың, ағаш өнімдерінің, тоқ қысымында тұрған электр сымдардың, сілтілі металлдар мен өздігінен жану қасиеті бар басқа да заттардың жануын сөндіру үшін қолданылады.
Өрт қауіпсіздігі ережесі
ҮЙДЕГІ ӨРТ
Егер өрт қатты жанып тұрса, онда сіздің негізгі мақсатыңыз тез үйден кету. 101 - ге хабарласып өрт сөндірушілерді шақырту. Егер өрт қатты жанып тұрмаса да, бірақ үйдің іші қатты түтін болса, үйден тез кету керек. Түтін өрттен де қауіпті болады.
Сіздің әрекетіңіз:
1. Түтіннің исін сезгеннен кейін үйден тез кетіңіз. Кез келген шүберекті сулап ауызыңыз бен мұрынды жабыңыз сосын еңкейіп (өйткені түтін жоғарыға ұмтылады) бөлмеден кетіңіз.
2. Егер өрт кішкентай бөлмеде болса, онда есіктер мен терезелерді ашпаңыз, ауа өртті күшейтіп жібереді.
3. Жанып жатқан үйден лифтпен түспеңіз, өйткені ол қатты өрт болып жатқан қабатта тоқтап ашылу мүмкін және содан бәрі жарақат алады. Ток кез келген уақытта сөніп қалу мүмкін және лифт этаждардың арасында қалу мүмкін.
4. Егер коридор және площадка өртте және түтінде (төмен түсуге жол жабық) болса, онда шатырға көтеріліңіз.
5. Егер өрт коридорда болса, есікті қатты жауып, сұйық шүберектермен ашық жерлерді жауып, есікке көрпе не пальто іліңіз. Терезені ашып қатты дауыс беріп көмекке шақырыңыз.
6. Егер сізге біреуді өрттен құтқару керек болса, онда өзіңді арқанмен орап бір шетін далада тұрған адамға беріңіз. Егер сіз есіңізді жоғалсаңыз, онда сізді арқаннан тартып өрттен алып шыға алады. Ауызымен мұрынды ылғал шүберекпен жабыңыз.
7. Егер құтқарған адам түтінмен демалып есін жоғалтса, онда оған жасанды дем беріңіз.
Түтінмен уланудың алғашқы белгілері: бастың айналуы, бас ауыруы, жиі демалу, жүрек айнуы, сананы жоғалту.
ЕГЕР ӨРТ ҚАТТЫ ЖАНЫП ТҰРМАСА.
Сіздің әрекетіңіз:
1. Өртті бір затпен (көрпе, пальтомен) үстінен жаба салыңыз. Содан кейін үстінен су кұйыңыз.
2. Түтінмен демалмауға тырысыңыз. Мұрынды және ауызды ылғал шүберекпен орап қойыңыз.
3. Өрттен жанып тұрған заттарды алмаңыз, өйткені ол өрттің таралудың себепкері болады.
4. Өртті шетінен бастап ортаға қарай сөндіру керек.
АДАМ ҮСТІНДЕГІ КИІМНІҢ ЖАНЫП КЕТУІ
Сіздің әрекетіңіз:
Адамды тез ғана жерге жатқызыңыз (бұл өрттің адамның басына баруына жол жабады), үстіне су кұйып немесе курткамен, пальтомен жабыңыз.
Өрттің алдын алу шараларын мыналар кіреді:
- құрылыстық - жобалау;
- техникалық;
- ұйымдастырушылық;
Құрылыстық - жобалау шаралары ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділігімен анықталады.
Техникалық шараларына мыналар кіреді:
- өмірге қажетті жүйелерді (жылу, жарықтандыру, вентиляция т. б.) орнатқан кездерде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау;
- құрал - жабдықтар жұмысының тәртібі мен технологиялық процестер парамертлерін сақтау;
- әртүрлі қорғану жүйелерін пайдалану.
Ұйымдастырушылық шаралар құрамына өрт қауіпсіздігі бойынша оқу өткізу, өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуын тексеру кіреді.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Сұрақтарға жауап беру.
1. Өрт дегеніміз не?
2. Өрт қауіпсіздігі дегеніміз не?
3. Өрттің алдын алу шаралары.
4. Өрт сөндіру құралдары.
Күні: 15.11.2019
Тақырыбы: Мектепте өрт қауіпсіздігі режимі
Мақсаты: Оттың тілсіз жау екенін ұқтыру. Өрттен, оттан сақтану жолдарын үйрету.
Өрт өшіретін құралды пайдалануды үйрету
Көрнекілігі: Өрт сөндіретін құралдар.
Білу: Адам өміріне өрттің зиянды екенін біле отырып сіріңкені, тұрмыстық техникалық заттарды пайдалану қауіпсіздік ережелерін білу.
Шаттық шеңбері:
Жазда келді сағынта ------------/ балалар іс әрекеттерімен көрсете отырып, қайталайды /
Жер жаһанды қаңсыта -------- / Өрт сөндіргіш болып көрсетеді /
Іші пысқан балалар
От жақты шөпті бықсыта
Бықсып жанған от енді
Алып - ұшып жөнелді
Өшірем деп ұмтылған
Балаларға көнбеді.
Негізгі бөлім:
Тәрбиеші: балалар біз бүгін қауіпсіздік ережелерінің бірі өрттің қаншалықты қауіпті екенін білейік.
От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От - өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса, тамағымызда піспейді, үйімізде жылымайды. Ал тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді. Бойымызда қуат болмаса өмірге деген қызығушылығымыз жоғалады. Біздің ата - бабаларымыз шөбі көп жерді отты жер деп бекер айтпаған.
Отты жер - қуатты жер. Мал біткенге күш - қуат беретін жер. Үйді қазақ халқы отпен теңестіріп отырған.
Тұратын үйін отау, үй иесін – отағасы деп атаған.
Отсыз тоңып, жаураған адам ешқандай еңбек те істей алмайды.
Сонымен от - өміріміз десек те, оның әлемі жайлаған алапаттың бірі - өрт қаупін шығаратынын да естен шығармағанымыз жөн. Өзіміздің ұқыпсыздығымыздан немесе байқампаздығымыздан кейде өрттің қалай күш алып кеткенін де байқамай қаламыз.
Оқушы:
Тақпақтар үйрету
От жақпа күйерсің
Өртеніп жүрерсің
Сіріңкені ұстасаң
Бәлеге сен түсерсің
Оттың ісі қуырмақ
Желдің ісі суырмақ
Қазір жанған жалынды
Алып ұшып қуалмақ
Тұрмысқа қажетті заттарды пайдалану, ережесімен таныстыру
Газ – плитасын пайдалану
Ас үйге сән беретін газ плитасы. Көгілдір от тұрмыс - тіршілігімізді көп орын атқарады.
Десек те, оны ұқыпты ұстап, жаға білуіміз керек. Егер газ плитасынан бір кемшіліктер байқалса ата - анаңа айтып ескерт. Өйткені ата - анаң газ бөлімшесінің арнаулы мамандарын шақыртады Тұрмысымызда тағы бір көп қолданатынымыз – Электр. Электр - жарық көзі. Бір күн үйімізге электр қуаты келмей қалса, дүниені қараңғы түнек басады. Дегенмен, оны да ұқыпты пайдаланбасақ, одан да өрт шығуы мүмкін
1. Электр приборларын уақтылы өшіру, электр жүйесінен ажыратуды ұмытпау
2. Рұқсат етілмеген жерге электр жүйесін жүргізбеу
Өрттің алдын - алу, қауіпсіздікті сақта
Өртті сөндіруге арнайы заттарды даярлап қойған жөн. Оларға құм, су, күрек, киіз, т. б.
- Өрт жаңадан басталғанда, сумен, құм сеуіп өшіреді.
- Адамның киімі өртенсе, суға түскені дұрыс. Су жоқ болса, топыраққа аунап, үстіне құм себуіміз керек. Я болмаса адамды қалың матамен орап өшіреді,
Газ плитасы тұрған бөлмені жиі - жиі желдету керек. Егер газдың күлімсіген иесін сезсең сіріңке жағуға, электр жүйесіндегі лампаны жағуға болмайды.
Тек үйдің есік - терезелерін ашып, желдету керек.
Достарыңызбен бөлісу: |